Без рубрики

Дене тәрбиесі сабағындағы фронталды әдіс

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№ 70 мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
Сарбалаев Шаймерден

Сабақ  тығыздылығы   көп жағдайда  оқушылардың   оқу әрекеттерін  ұйымдастыруға  байланысты болады.   Педагогика теорияся мен тәжірибесінде  оқытуды  ұйымдастырудың    кеңінен  қолданылатын келесі  түрлері қалыптасқан:  фронтальды,  ағымдық,  топтық,  фронтальды-топтық, ( ауыспалы, жеке).

Фронтальды тәсіл:  сыныптың  оқушылары  бір уақытта  мұғалімнің жетекшілік  етуімен  бір тапсырманы орындайды.  Бұл әіс барлық сыныптарда, әсіресе 5-6 сыныптарда  көп қолданылады, себебі   бұл  топтағы жастард қимылды өз бетімен меңгеру бойынша жеткіліксіз дайындалған. Фронтальды әдіс бойынша  оқушыларды  жаңа материалмен,   сақтандыруды   қамтамасыз    және  жоғары және төмен стартты  орындау, тік жүгіру,  мәрені  аяқтау,  секіру  схемасы , допты лактыру техникасы,  сапқа тұру,  жадлпы дамытушылық  және акробатикалық  жаттығуларды,  канатпен тартылу,  баскетбол,  волейбол, қол добы, футболға  үйрету  және ойнау   барысында көмекті  қажет етпейтін қарапайым  қимылдарды  үйретуге өте қолайлы. Фронтальды  әдіс  жұмысқа оқушылардың барлығының  қатысуына мүмкіндік береді, бұл  зейінді  арттырып,  сабақтың  моторикалық  тығыздылығын  арттырады.  Бірақ  қиын тапсырмаларды  орындау барысыннда жетілдіруге  ықпалын тигізбейді.

Топтық әдіс:  әр түрлі тапсырмаларды бірнеше топ орындайды,  залдың   немесе   алаңның  әрбір жерінде.Көз алдында барлық тоты  байқап тұрып,  мұғалім бір топпен  ғана жұмыс жасайды.  Топтар кезекпен  орындарын  ауыстырып отырады. ( немесе өз орындарында қалады,  ал мұғалім бір топтан екінші топқа өзі ауысыпы отырады).Топтық әдіс  оқушылардың сабаққа  саналы  қарым-қатынасын,  жоғары ұйымдастырушылықты,  тәртіп пен  қимылды  өз бетімен  меңгере  алу  қабілетін қалыптастырады.  Егер мұғалім  осы жайттардың  барлығының сабақ барысында  сақталатынына   күдіктенсе,  онда  оқытудың топтық әдісінен  бас тарту керек,Оқытудың  топтық  әдісін  5-ші сыныптан  бастап  қолдану ,  бөлімшенің  құрылуы мен  ұйымдастырылуына   ерекше  көңіл аудару, 6-7 сыныптарда  топтық әдісті  жүйелі түрде  қолдану керек, себебі  осы кезде саралап оқытуды іске асыруға,  оқу үрдісіне  жұмыс түрінің өзіндік  түрлерін  енгізуге,   әрбір оқушыға  көңіл аудара отырып, қалғандарына зиян  келтірмеуге  мүмкіндік  береді.  Топқа бөлу кезінде   жастары  мен дайындықтары бірдей  оқушыларды бөлуге болады.  Егер топ  құрамы әр түрлі болса,  онда күштілер әлсіздерге  көмектеседі.  Оларға  оңды әсер етеді.

Сабаққа  дайындалу    кезінде  қиындығы   бойынша  әр түрлі,  бірақ  мақсаттары  бірдей   бірнеше  сабақ нұсқаларын  құруға болады. Мысалы:  бірінші  бөлу бойынша ( күшті оқушылар) қимылдық  әрекет тұтастай  беріледі, екінші бойынша – дайындық жаттығулары.  Келесі сабақта  екі топ та  әрекетті   тұтастай орындайды,  тек  бірінші топ  қиындатылған, екінші топ жеңілдетілген жағдайда орындайды. Топтық   әдістің  қарапайымдылығын  қысқарту мақсатында оқушыларға  қимыл қозғалыстарының сапасын  дамыту мен  ағды икемдерін жетілдіру үшін  қосымша тапсырмалар беріледі.

Фронтальды-топтық ( ауыспалы)  әдіс  бірдей немесе  түрлі тапсырмаларды  кезекпен-кезек  бірнеше топ орындайды. Бұл әдіс барлық  сыныптарда қолданылады.  Ауысым саны  құрал-жабдықтар санына байланысты,  ауысымдар  қашықтыққа, биіктікке  секіру, акробатика,  жүгіруді  орындайды. Бір топ  тапсырманы  орындап жатқан уақытта,  келесі топ бақылап,  қимыл-әрекеттерді сараптап,  кемшіліктерін  анықтап,  оларды жоюға көмектеседі. Фронтальды-топтық әдістің тиімділігі  осында.

Ағымдық әдіс:  оқушылар  алдымен  кезекпен-кезек  бір жаттығуды орындап келесі  жаттығуға  көшеді.  Бұл әдіс барлық сыныптарда қолданылады. Үйрету үшін қолайлы  әдіс емес,  бірақ қимылдық сапаларын дамыту мен  дағды  мен икемдерін  жетілдіру және  бекіту  мақсатында  қайталау  үшін тиімді  болатын  әдіс түрі.  Бұл әдіс  бойынша жаттығудың   барлық түрлері орындалуы мүмкін. Бұл әдісті ұйымдастыру  кезінде  бір типті снарядтар  бір уақытта  қолданылады. ( бұл сабақтың тығыздылығын  арттырады). Осы кезде  әрбір жаттығудың  қайталану  реті мен санын  есептеп алу керек,  оқушылар  кезекте тұрып қалмас үшін.  Дегенмен  тапсырмаларды орындау барысында   оқушылар демалу үшін  үзілістер  болу керек. Бұл әдістің  ерекше  бір түрі  шеңбер бойынша  жаттығу жасау.

Аталған  әдіс арқылы  сабақ өткізу үшін  оқушыларға  таныс 8-10 қарпайым жаттығулар алыну қажет. Зал ортасында немесе алаңда  жаттығулар орындалатын  орындар белгіленеді:  сынып  станция  үлгісі бойынша  топтарға  бөлінеді.  Әрбір топ  өз станциясының  қатарына ретке тұрады, берілген  белгі бойынша  тапсырманы орындайды.  Бірінші сабақта  жүктеменің  жеке  нормасы  анықталады.  Одан әрі қарай  оқушылар  белгіленген  норманы сақтай отырып,  жаттығулар орындайды.Жеке тәсіл:  әрбір оқушы  қимыл  сапаларын  дамытуға арналған  арнайы  таңдалып алынған жаттығуларды  орындайды. Жеке тапсырмаларды сәтті орындау үшін  оқу карточкаларын   мақсатты  қолдану керек. Ұйымдастыру тәсілі сабаққа дайындалу кезінде ең алдымен  сабақ  міндеті мен  мазмұнына  сай  пайдаланылады.

Тәсілдерді ескере отырып  сыныптың  дайындығы  есепке алынады.  Мысалы,   арқанмен тартылу,  бұл тапсырманы   кезекпен кезек орындаған өте ыңғайлы. Егер  кейбір оқушылар  белгіленген жаттығуды жеткіліксіз меңгеріп  жатса,  онда бұл әдісті қолданбай-ақ  қойған жөн.  Бұл жағдайда   әлсіз оқушылар  жарақат алулары мүмкін.  Тәртіп бұзады.  Сондықтан   үлгермейтін оқушыларды  бір топқа  біріктіріп,  жеңілдетілген тапсырма  беруге болады.  Тәсілді таңдау  сабақ кезіндегі нақты  жағдайлармен  анықталады. ( зал көлемі, ауданы,  құрылғылардың  бар болуы). Үлкен зал немесе  алаңда балалар  төрт топқа бөлінеді. Олардың үшеуі өз бетімен жаттығулар жасайды,  біріншісі  бір орыннан  қашықтыққа  секіреді,  жұппен  доп  лақтырады, үшіншісі  секіртпемен секіреді,  төртіншісі  мұғаліммен  бірге жұмыс жасайды.  Біраз уақыттан  кейін  топтар  өз орындарын  ауыстырады.

Жоғарыда айтығандарға  сүйенсек,   ешбір әдіс керемет емес,  олардың әрқайсысының  күшті және әлсіз жақтары  бар.  Сондықтан сабақ мақсатына, міндетіне, оқыту кезеңіне,  балалардың  нақты  дайындығы  мен  жағдайына  қарай   таңдалып  алыну керек.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.