Без рубрики

Шынықсаң шымыр боласын!

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№ 70 мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
Сарбалаев Шаймерден
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” — деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.
Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай-ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан .Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстан — 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті.
Сондай-ақ Президентіміздің қолдауымен 2003 жыл – денсаулық жылы болып жарияланған. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.
 Осы бір тамаша сәттерде балалық шағың да еріксіз еске түсетіндей! Футбол, волейболдан командалар құрылып, қызу ойындар өткізіледі. Сондай-ақ, кермеге тартылу, шахмат, шашка, ұзындыққа секіруден өткізілетін жаттығулар өз алдына бір бөлек.
       Ондағы негізгі идея қызмеркерлерді салауаттылыққа ынталандыру, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға үгіттеу. Себебі елді күні ертең ілгері апаратын – сауатты, білімді, дені сау жастар. Біздер осы елдің жас толқындарымыз. Сондықтан біздің мақсатымыз уақытты тиімді пайдаланып, сапалы қызмет етіп,  өмірде өз орнымызды адаспай табуға барлық жағынан дайын болуымыз керек.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.