«Ағаштар неге ашуланды?»
Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, № 16 жалпы білім беру мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі А.Б. Жексембекова
Ана тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Ағаштар неге ашуланды?»
Сабақтың мақсаты: оқушылар әңгіме мазмұнымен танасып, әр бөлімге ат қояды.
Мазмұнға байланысты міндеттері: әңгімені аялдамамен оқи отырып, не туралы оқығанын, ондағы мағынасы түсініксіз сөздерін анықтайды,атқарылған игілікті шараға оқушылардың қалай қатысқанына сипаттама береді.
Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты міндеттері: INSERT кестесі арқылы мақсатты жұмыс жүргізіп белгілеулер жасайды. Болжау іс-әрекеті оқушыны өз бетімен ізденуге үйретіп, тілін дамытады.
Семантикалық картаны толтыру барысында бұрынғы алған білімдерін толықтырады. Текше әдісі арқылы әңгіме мазмұнын өмірімен байланыстыра айтуға үйренеді.
Топтық жұмыс процесіне байланысты міндет:
– жұппен, топпен жұмыс кезінде оқушылар бір-бірін тыңдайды, талдайды;
– топтастарының жауабын толықтырады;
– қорытынды шығарады.
Типі: дамытпалы аралас сабақ.
Қолданылған технологиясы: сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың әдістері: аялдамамен оқу, ой шығару, ассоцияция әдісі, топтық , жұптық жұмыс, INSERT кестесі, ой болжау, текше әдісі, семантикалық кесте, көрнекілік әдісі.
Көрнекілігі: ағаш суреттері, семантикалық кесте, INSERT кестесі, текше, «Ағаш – ауылымыздың көркі», «Бәйтерек» суреттері.
Ағаш суреттері: бәйтерек, емен, қайың.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық
– бүгінгі ана тілі сабағына ұсынатын ережелерің қандай? (жұп бойынша ақылдасып өз ережелерін ұсынады)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Ә.Табылдиев. «Жылдардың біл қасиетін!»
1. Өлеңдегі жыл атауларын мәнерлеп оқу.
2. Жыл аттарын жатқа айту.
3. Сұраққа жауап беру.
– биылғы келген жылымыз қай жыл? (Қоян жылы)
– Қоян жылы қандай жыл болады деп ойлайсыңдар? (оқушылар жауабын толықтырамын).
Қоян жылы сәтті, құтты, бақытты жыл болатындығына сенімді болайық.
Негізгі бөлім.
ІІІ. Қызығушылықты ояту.
- 1. Сыныпты топқа бөлу.
- 2. Ой шақыру.
– Көктем мезгілі кезіндегі атқарылатын ең бір жақсы, игілікті шара не?
а) наурыз көже пісіру
ә) ағаш отырғызу
б) ән айтып, би билеу
ІV. Жаңа сабақты меңгертуге дайындық.
– Балалар, бүгінгі оқитын әңгімеміз ағаш отырғызуға байланысты. «Ағаш неге ашуланды?»
- 1. Автор туралы қысқаша түсінік. Әңгімені жазған балалар жазушы – Бердібек Соқпақбаев.
Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданында дүниеге келген. 1949 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітіреді. «Жұлдыз», «Балдырған» журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағының аппаратында қызмет атқарады. Б.Соқпақбаев – балалар жазушысы. 1951 жылы ең алғашқы «Он алты жасар чемпион» деген кітабы шығады. Оның «Менің атым Қожа», «Жексен», «Жекпе – жек» кітаптарын балалар сүйіп оқиды.
1963 жылы «Менің атым Қожа» кітабы бойынша фильм түсіріледі. Ол халықаралық фестивальде арнаулы сыйлыққа ие болды.
– Әңгімені оқымас бұрын, сендер ағаш туралы не білесіңдер? («Ағаш» сөзіне ассоцияция құрату)
таза ауа
|
Ағаш |
сая қорғаныш
оқу құралы көрік
дәрі – дәрмек
жиһаз
оттегі тірі табиғат
- 2. Ассоцияция әдісі. (Ағаш деген сөзді естігінде ойларыңа не келеді, соның бәрін жазыңдар)
Әр топтан бір оқушы орындаған жұмыстарымен таныстырады. Кейбір сөздердің неге жазылғаны сұралады. Оқушылар жауабын толықтырып, қорытындылау.
Ағаш – өмір. Ағаш – байлық. Ағаш – тіршілік.
V. Мағынаны тану кезеңі.
- 1. Топтық жұмыс.
– ағаштар ашулана ма? (топта пікірлеседі, айтады)
– ағаштарды орынсыз кессе, шапса, бұтағын сындырса, күтпесе ашуланады.
Дәлірек. «Ағаштардың неге ашуланғанын» білу үшін не істейміз? (Әңгімені оқимыз)
– Оқимыз, түсінеміз, талдаймыз, білеміз, үйренеміз!
- 2. Оқулықпен жұмыс.
Аялдамамен оқу. Кесетні ілу.
І-1, 2, 3, 4; ІІ– 5, 6, 7, 8, 9; ІІІ-10, 11, 12, 13; ІV -14, 15.
Әр аялдаманы оқи отырып, жаңа сөз, не туралы оқығанын, негізгі ойды анықтайды.
І аялдама. Ағаш отырғызу апталығы. (қауырт) (1, 2, 3, 4)
ІІ аялдама. Алмабектің ағашы. (шала-жансар, халі мүшкіл) (5, 6, 7, 8, 9)
ІІІ аялдама. 10, 11 азатжолды оқиды. (10, 11, 12, 13)
ІV аялдама. Адам айтқысыз ғажап оқиғаны болжау (14, 15)
- 3. Жұптық жұмыс. (Жұпта пікірлеседі, айтады)
- 4. INSERT кестесімен жұмыс.
Енді әңгімедегі ғажап оқиғаны өз бетімен іштен оқиды. Өзінің ой болжауымен салыстырады. «Мені таң қалдырды» белгісі бойынша жұмыс жасайды.
– Сені не таңқалдырды? (Оқушылардың жауабы)
(Ағаштардың Алмабекке ашулануы. Ағаштарға жан бітіп сөйлеуі. Ағаштардың орнынан адамша қозғалып жүгіруі).
– Кімнің ой болжамы, болған оқиғаға сәйкес келді? (оқушылар айтып, салыстырады).
Көркем сөздер: түйе беліндей – жуан бәйтерек, орман атасы – кәрі емен, ми қайнатқан – ыстық. (мағынасы түсіндіріледі)
Алмабектің ағаштарға жылап айтқан сөзін дауысымен келтіріп оқыту.
– «Сендерге мен не жаздым?» Алмабек осы сөзді түсінгенінен айтты ма, әлде қорыққанынан айтты ма?
– Емен ағашының айтқан сөзіне, ағаш туралы ой топтастыруыңнан не сәкес келді? (астын сыз)
– Осы аялдамаға не деп ат қоямыз?
ІІІ. Ғажап оқиға.
14 азат жолды рөлмен оқыту. Кітаптарын жабады. Ой болжау.
- 5. Топтық жұмыс.
– Ары қарай не болады деп ойлайсыңдар? (Топта ақылдасады, не болатындығы жөнінде ойларын ортаға салады, айтады).
15 азат жолды дауыстап оқып беремін.
– Қай топтың ой болжамы сәйкес келді? (Оқушылар айтады)
– Оның өз қатесін түсінуіне себеп болған не деп ойлайсыңдар? (Қарт еменнің сөзі)
– Ендеше осы аялдамадағы негізгі ой не? Алмабектің өз қатесін түсінуі.
Алмабектің түсінуі.
VІ. Бой сергіту.
Көркем табиғаттың аясында тұрмыз.
Биік-биік жартасқа өрмелеп шығайық,
Көк аспанның таза ауасын жұтып дем алайық.
Ағаштар боп тербелейік,
Мөлдір бұлақ боп ағайық,
Құс болып қалықтап ұшайық,
Орнымызға ақырын ғана қонайық.
Балалар әңгімені оқу барысында қандай көңіл күйде болғанын анықтау.
- 1. Өте разы болдық, қуандық!
- 2. Ренжідік!
- 3. Таңқалдық!
- 4. Өте қуандық!
VІІ. Дәптермен жұмыс.
Тәртіп алу жүйесі.
Аялдама аттарын, көркем сөздерді, жаңа сөздерді жазады.
VІІІ. Ой толғаныс.
- 1. Семантикалық кестемен жұмыс. «Ағаштар сыры»
| Ағаштар аттары | Қайың | Емен | Бәйтерек | Терек |
| – жарықты жақсы көретін, тез өсетін, гүл шоғы сырға тәрізді, қабығы ақ, көрікті ағаш. Оның діңін құрылысқа, үй жиһаздарын жасауға пайдаланады | ||||
| – 1000 жылдан астам өмір сүре алады. Ағашы өте мықты. Сондықтан оларды үйлер мен кемелер салу үшін пайдаланған. | ||||
| – Әделейіп адам қолымен отырғызғандай түп – түзу болып биікке бойлап өседі | ||||
| – Суды тамыры арқылы сіңіріп, бір өзі, бір жазда 2000 литрге жуық суды жапырағы арқылы буландырады |
Ағаштардың суретін көрсету: қайың ағашы, емен ағашы, бәйтерек ағашы.
Астана қаласының символы «Бәйтерек» суретін көрсету.
– Бұл ағаштар қандай жерде өседі? (Дүниетану пәнімен байланыстыру).
– Біздің қалада осы ағаштардың қайсысы өседі? (Қайың және терек)
- 2. Текше әдісі.
а) талда. Әңгімедегі оқиға қандай ретпен баяндалғанына қысқаша талдау жасап айту.
ә) салыстыр. Алмабектің ағашы мен басқа балалардың ағаштарының жағдайын салыстыра отырып әңгімелеу.
б) бағала. Алмабектің іс-әрекетіне қояр бағаң қандай? (Әңгіменің басында, соңында).
в) қолдан. Осы әңгімеден нені қолданар едің? (Ағаш отырғызу)
3. «Ағаш – қаламыздың көркі» суретімен жұмыс.
Ағаш отырғызудың пайдасы туралы.
Ағаш – қаламызғы, ауламызға көрік береді. Жұтатын ауамыз таза болады. «Қазақстан – 2030» бағдарламасында қоршаған ортаңы көгаландыру мәселесі туралы айтылған. Өскемен – өнеркәсіпті қала. Мұнда зауыттар өте көп. Зауыттардың шығатын улы газдар ауамызды ластайды. Осыған байланысты қаламыздың ішіне және сыртына ағаш отырғызу ісі қолға алынды. Ауаны тазалаудың ең тиімді жолы осы. Бұл – игі шара. Мұндай игі шараны біз де қолдап, атсалысуымыз керек. Қазақта «Қорада малың, аулаңда талың болсын». «Бір тал кессең, 10 тал ек» деген нақыл сөздер бар.
ІХ. Қортынды. Осы әңгіменің сен үшін пайдасы болды ма? Қортынды ой.
Х. Үйге тапсырма. Үйге тапсырма іріктеліп берілді.
1) Шығармашылық жұмыс. «Ағаш – қаламыздың көркі».
2) ІІ, ІV аялдамаға сурет салу.
3) Әңгіме мазмұнына байланысты сұрақтар дайындау.
4) Әңгіме оқу, мазмұнын айтуға дайындау.
ХІ. Бағалау.
Қарағанды облысы Шахтинск қаласы
№ 16 жалпы білім беру мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
А.Б. Жексембекова
Тәрбие сағаты
4 сынып
Тақырыбы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»
Мақсаты: мақал – мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету.
Тәрбиелік мәні: адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Ата–бабаларымыздың өсиетін қадір тұтуға, мақал- мәтел, жұмбақ, шешендік өнер арқылы өз елінің тарихи шежіресін білуге, әдет – ғұрып, салт-дәстүрін сыйлауға баулу.
Дамытушылық: Сөздік қорын дамыту, өз ойларын кең, мазмұнды жеткізе білуге үйрету.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты танымдық ойынға жиналып отырсыздар. Мақал – мәтел, жұмбақ, шешендік өнер ата – бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, мазмұны терең, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал – мәтел, шешендік сөздердің тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Ал, жұмбақтар ойлау қабілетін шыңдайды.
«Талаптарыңа нұр жаусын» деп оқушыларға сөз берейік.
Шерхан: Сауық кешке келіңдер,
Сөзден маржан терейік,
Мына бір әнге еріңдер,
Мақал айтып көрейік.
Гүлзат: Айтқан ата – бабам да
Арпа бидай ас екен,
Ас болмайтын адамға,
Алтын-күміс тас екен.
Шерхан: Сүйсіндірер қауымды,
Өлеңшінің сөзі алтын,
Өнерлі кісі қадірлі,
Өнерлінің қолы алтын.
Гүлзат: Қайтіп кірер есікті,
Қатты жаппа тегінді,
Екі елі қақпақ десіпті,
Елі толмас ерінге.
Шерхан:: Алғыс сөз көп халықта,
Іле жүрер құлаққа,
Ізденген жетер мұратқа,
Ізденуден жалықпа.
Ойынды бастамас бұрын, 4б сынып оқушылары өз өнерін сіздерге сыйға тартады. Күй «Тойбастар». Орындайтын: Барлыбаева Анель
«1001 мақал, 101 жұмбақ» ойынымызды бастаймыз. Ойынның шартымен таңыстырып кетейін. Ортаға үш мақалшы шығып, үйден дайындаған мақалдарды айтады.
1 айналым. 1-тапсырма.
Жүргізушінің мақалын жалғастырады. Ең аз ұпай алғандары ойыннан шығады.
- 1. Оқу білім бұлағы ….. (білім өмір шырағы)
- 2. Жаңбыр бір жауса, …. (терек екі жауады)
- 3. Өнерлінің қолы алтын, …. (өлеңшінің сөзі алтын)
- 4. Еңбек етсең ерінбей,… (тояды қарның тіленбей)
- 5. Отан – қуат … (Отбасы – шуақ)
- 6. Ұланы бар елдің … (ұраны бар)
- 7. Болат қайнауда шынығады… (батыр майданда шынығады)
- 8. Білген кісі тауып айтады, … (білмеген кісі қауып айтады)
- 9. Мың малын болғанша, … (бір балаң ғалым болсын)
2-тапсырма.
Екі мақалшы қалады. Бірінің мақалындағы сөзге екіншісі мақал айтады. Мысалы: Отан отбасынан басталады. Осындағы Отан, от, бас деген сөздерді қатыстырып, мақал айтады. Мысалы, Отан оттан да ыстық. Екі мақалшы төрт – төрттен айтады. Екінші тапсырмадан кейін қатесіз айтқан мақалшы жеңімпаз болады.
Көрермендер көрімдігі. Көрермендерге мақалдың бір жолын айтады, олар екінші жолын табады, көп тапқаны жеңімпаз атанып, сыйлықтар алады.
- 1. Ер жігіт елі үшін туады … (елі үшін өледі)
- 2. Әдепті бала – арлы бала, … (әдепсіз бала сорлы бала)
- 3. Білекті бірді жығады, … (білімді мыңды жығады)
- 4. Атаңның баласы болма,.. (адамның баласы бол)
- 5. Әдептілік белгісі … (иіліп сәлем бергені)
- 6. Қыз өссе елдің көркі,… (гүл өссе жердің көркі)
- 7. Жері байдың … (елі бай)
- 8. Жақсыдан үйрен, ….(жаманнан жирен)
- 9. Ердің атын … (еңбек шығарады)
Ендігі кезек 4 б сынып оқушыларының өнерпаздарына беріледі.
- 1. «Қосалқа» күйі – Анель
- 2. Би «Серпіл» – Гүлзат
- 3. Өзбек биі – Айзада
2 айналым. 1-тапсырма.
Ортаға үш жұмбақшы шығады.
- 1. Өздері даярлап келген жұмбақтарын бір —біріне жасырады.
- 2. Жүргізушінің жұмбағын шешу.
Ең аз ұпай жинаған бір оқушы ойыннан шығады.
- 1. Жерді көрдім қаласы бар
Үйлері жоқ мекендейтін,
Көлді көрдім, өзен көрдім
Сулары жоқ терең дейтін (карта)
- 2. Жұмбақ шешкіш кім екен?
Сыртқа шықсам түн екен
Моншақтарын шашып ап,
Бір сары қыз тұр екен (ай, жұлдыздар)
- 3. Қабат – қабат қаттама,
Ақылың болса аттама (Кітап)
- 4. Жезге ұқсас сабағы,
Дәні халық тағамы (Бидай)
- 5. Екі аяқты, бір басты,
Жүгіреді тым қатты (Велосипед)
- 6. Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді (Жұлдыздар)
- 7. Балалар суға салған жіп
Тереңнен іліп алар жүк (Қармақ)
- 8. Шөміші жоқ теңізді сапырады
Кебісі жоқ егінді жапырады. (Дауыл)
- 9. Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай (Әтеш)
2-тапсырма.
Екі адам бір – біріне жұмбақ жасырады. Ұпайы көп жеңімпаз атанады.
Көрермендер көрімдігі.
Ұйқасын тап.
- 1. Өзінше ноян, қорқақ (қоян)
- 2. Тұмсығымен шымшып, құрт тереді (шымшық)
- 3. Кезіп жүрген шаңдақты, көрдім жана (қаңбақты)
- 4. Алмастан тыным, шабады (құлын)
- 5. Ақ жібек асыл көрпедей,
Қыс болса жерді жабады,
Жазғытұрым болғанда
Су болып сайға ағады. (Қар)
- 6. Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады (Пияз)
- 7. Асты тас, үсті тас,
Ортасынды жанды бас (Тасбақа)
- 8. Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады. (Жұмыртқа)
- 9. Тал басынды түндіксіз отау (Ұя)
4 б сынып оқушыларының өнері
- 1. «Гүлдер» биі – Абдрахманова Аизада
- 2. «Атамекен» әні – Балмуханбет Аизада
3 айналым.
Жеңімпаз жұмбақшы мен мақалшы шығады.
Жүргізуші жұмбақ жасырады, оны жұмбақшы шешеді, соның жауабына мақалшы мақал айтады. Ұпайы азы жеңіледі.
- 1. Отыз екі батыр,
Екіге бөлініп жатыр (тіс)
Отыз екі тістен шыққан сөз,
Отыз рулы елге тарайды.
- 2. Бір беткейде екі көл. (көз)
Көзің ауырса – қолыңды тый,
Ішің ауырса – ауызыңды тый.
- 3. Еш тесікке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды. (су)
Тау мен тасты су бұзар,
Адамзатты сөз бұзар.
- 4. Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді (ұстаз)
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.
- 5. Аспаннан домалап,
Көп моншақ төгілді.
Бусанып жон алап,
Терледі керілді. (жаңбыр)
Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады.
- 6. Ұзын тұртты сарылар,
Қойнында толған наны бар (бидай)
Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен.
4 айналым.
Ұпайы көп алған қалады. Егер ол ойынды ары қарай жалғастырғысы келсе, шешендік сөздерге қатысады. Жалғастырғысы келмесе сыйлықты алады. Ойын аяқталады.
Шешендік сөздер.
– Өмірде не жетім?
– Өмірде ата – анасы жоқ бала жетім.
Тоғыз жетім бар. Халқына сенімсіз болса – хан жетім.
Хан ақылсыз болса – халқы жетім.
Кеңесшісі ақылсыз болса – әкім жетім.
Суы жоқ – құдық жетім,
Ұлы жоқ – әке жетім.
Қызы жетесіз болса – ана жетім,
Досы жоқ – жігіт жетім,
Шәкіртсіз – ұстаз жетім,
-Үйде кім, елде кім қадірлі?
-Үйде қонақ, бала қадірлі,
Елде хан, ұстаз қадірлі
Қонақты қадірлеуді бәрі біледі.
Бала үйдің патшасы
Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар
Осылайша өрбіген ойын қорытындысының жеңімпазы марапатталады.
Ойынымызды 4 б сынып оқушыларының өнерімен аяқтаймыз.
- 1. «Сарыжайлау» әні – Есенбекова Ұлжан
- 2. Түрік биі – Барлыбаева Анель, Аманжолова Гүлзат
