Бастауыш сынып

Қош бол, Әліппе!

Батыс  Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы
М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп- балабақшаның
бастауыш класс мұғалімі,  І санатты мұғалім, Бакаева Гүлсім Каримовна

Қош  бол, Әліппе!

Мұғалім: Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан,
Қандай кітап тіл ашқан?
Оқушылар: Әліппе!
Мұғалім: Ендеше құрметті ата-аналар,ұстаздар!Бүгін сіздер 1-сынып оқушыларының алғаш рет қолдарына ұстап, әріп таныған оқулығы
“Әліппемен қоштасуға” арналған ертеңгілікке келіп отырсыңдар.
“Қош келдіңіздер”-деп отырып мерекені бастайық.
Мұғалім: Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
Ислам   Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйреніп,не білдік.
Кәне,ортаға салайық!
Гүлназ:   Бүгінгі біздің қуанышымызда шек жоқ.Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан “Әліппені бітірдік”.
Диас.
Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,
Қызыға қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Ән: “Мұғалім ол біздің”.
Қасым
Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат.
Басқа оқулық достаспақ
Әліппемен қоштаспақ.
Елсияр
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға,басқа кітап аламыз.
Ата-ана!Қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне,балаңыз.
Дархан
Әліппе деген алтын жол,
Апарады сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырысып бақ  намысқа.
Мұғалім:Балалар,енді ортамызға менің де,сендердің де достарың Әліппені шақырайық.
Оқушылар:Келіңіз, “Әліппе келіңіз!”
Әліппе:      Құттықтаймын,саусыңдар ма.
Бүлдіршіндер,балдырғандар?
Менің атым Әліппе.
Мені анаңдай дәріпте.
Мені  оқып ер жеткен,
Бауыржан да,Мәлік те.
Аружан
Бар кітапқа бас болған.
Әліппе-ғылым ағасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Ән: “Әліппем”хор.
Әліппе:Балалар,сендер мені оқып тауыстыңдар,әріптерді жақсы меңгердіңдер.Енді сендер менімен қоштасып,ары қарай білім беретін мына“ана тілі” болады.Оны да жақсы оқыңдар.(Ортаға “Ана тілі”кітабының мұқабасы бейнеленген 1 оқушы шығады.)
Оқушылар,хормен: Сәлеметсіз бе? “Ана тілі”
Әліппе;Міне,сендерді де таныстырдым,енді сабақтарыңды жақсы оқыңдар.Ал мен кетейін.(1класс оқушылары кезектесіп,Әліппеге арнап тақпақ айтады.)

Досымжан: “Әліппем ”менің “Әліппем”,
Сені қолға алып мен,
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Гүлшынар:Қош бол,құтты “Әліппем!”
Көп нәрсені үйреттің,
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Аймира:  Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп,
Сауат аштық,тойладық.
Мұғалім:Қайсы күйші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек,кім тапқыр,
Талаптарын табайық.
Би :  Тұлпарым.
Ақбота.
Таңдандырған 42 әріппен.
Қош бол,менің қасиетті Әліппем.
Сенің арқаң оқи жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.
Бектас
Әліппе даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты.
Әліппе сырын ұқтырған,
Рахмет ұстаз алғашқы.
Дастан. Анам менен,әкем де,
Атам менен апам да.
Шопан, ұшқыш,ғалым да,
Небір мықты дарын да.
Ашқан алғаш әліппе.
Мұғалім:Балалар жаңа сендерге “Әліппе”оқулықтарың ана тілін оқитындарыңды айтып,таныстырып кеткен болатын.Енді сол оқитын оқулықтарыңыз бізге не айтпақ екен соларды тыңдайық.
Ана тілі:Балалар,енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.Мен сендерге көп қызықты ертегілер,әңгімелер арнаймын,тек сендер ынта қойып, мені таза ұқыпты оқысаңдар,көп нәрсе үйренесіңдер.
Ерданат Туған елдің тілімін,
Ақылы мен таңымын.
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі-пәнімін,
Ана тілім елдігім,
Ана тілім болмаса.
Бүтінделмес кемдігім.
Мұғалім:Ана тіліне не айтамыз?
Хормен:Рахмет,оқимыз,жазамыз.
Би:Сымбаттым:Көңілді қошеметпен кішкентай бишілерімізді шақырайық.
Мұғалім:Ата-аналар,ұстаздар,балаларыңыз тек әліппені ғана игеріп қойған жоқ,математикадан қарапайым түсінік,1-10-ға дейін  сан құрамы,салыстыру,өрнек,өрнектің мәні,қосынды,айырманы үйренді.Енді логикалық есептер шығарайық.
1) Мадина тығылған достарын іздеп жүр.Ол шымылдықтың артынан 10аяқты көрді.Сол жерге оның неше досы тығылған?
2) Аулада өсіп тұрған биік ағашқа 2 торғай және 4көбелек ұшып келіп қонды.Барлығы неше құс болды?
Ауызша есептеулер.
1)Аулада жүр төрт үйрек,              2) Шығармақ боп кеше есеп,
Қорада жүр бір үйрек,                     Жиналғанда бес есек.
Ал,кәнеки,саналық.                          Үшеуі ұйықтап отырды
Барлығы неше үйрек?                       Ынталысы неше есек?
Бес үйректің біреуін,                     3)Көлден үшты жеті қаз,
Қамап қойдым қораға.                      Қайтып қонды екі қаз.
Қалды сонда неше үйрек,                 Қонбады еді нешеуі,
Мынау тұрған далада?                       Қане,кім шешеді?

Жоқ санды тап:0,1…3,4…7,8.       Құрамын тап:

Мұғалім:Жарайсыңдар.Енді бәріміз жұмбақ шешіп көрейік.
1.Шөлге төзімді жануар,
Арқасында тауы бар.  (түйе).
2.Шешіндірсең жылатады.  (Пияз)
3.Суда өседі,судан шықса өледі. (балық)
4.Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады.  (қоян)
5.Жаза-жаза арықтаған.(бор)
6.Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.(кітап)
Балалар,бүгінгі таңда Қазақстанның өз алдына Тәуелсіз мемлекет болғанына неше жыл толып отыр?
-Еліміздің президенті кім?
-Қандай рәміздеріміз бар?-Еліміздің астанасы-қай қала?-Біздің отанымыз  қалай аталады?
Отан,ту елтаңба,әнұран жайында тақпақтарын айтады.

Хор.Ән: “Біздің ауыл”.
Мұғалім:Сендердің “Әліппені”жақсы меңгеріп,сауатты оқуларыңа ата-аналарың,әжелерің де қосқан үлесі мол.Қане,бәріміз рақмет айтайық.
Оқушылар хормен:Бақытты балалық шағымыз үшін рақмет,сіздерге,ата-аналар!
Мұғалім: Қымбатты балалар!
-Мектептегі алғашқы жеткен жемістеріңмен құттықтаймын. “Әліппе”сендерді бір-біріңмен достыққа,мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті.Білім баспалдағына өрлеген.Сапарларың сәтті болсын! “Қош бол,Әліппе!
Әліппе:Сыйлығын үлестіру.
Құттықтау сөз (ата-аналарға сөз беру.)

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.