Батыс Қазақстан облысы,
Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы
М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін
мектеп- балабақшаның бастауыш класс мұғалімі
Бакаева Гүлсім Каримовна
І санатты мұғалім
Көрнекілігі: Бастауышым бастамам, білім жолын бастаған.
1) Білім шыңы биікте, беліңді бу жас данам.
Мектеп-кеме, білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз,
Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім қолда .
3)Өнер білім бәрәде оқуменен табылған.
Шарлар,гүлдер. Ы.Алтынсарин.
Кіріспе сөз.
Құрметті ата-аналар,әріптестер,оқушылар!Бүгінгі біздің “Бакстауышым бастамам білім жолын бастаған”атты бастауыш сыныппен қошасу кешімізге қош келдіңіздер!Төрт жыл бойы білімге жол ашқан менің оқушыларым бастауыш сыныбымен қоштасқалы отыр.Енді міне,бойлары да,ойлары да өскен.Олар бастауыш сыныбымен қоштасып жоғары сыпыпқа аттанғалы отыр.Енді той иесі шәкірттеріме сіздердің,өзімнің атымнан құтты болсын айтып,сөзді өздеріне бермекпін.
1-жүргізуші Жангелді.
Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар!Бүгінгі біздің“Бакстауышым бастамам білім жолын бастаған”атты бастауышсыныбымен қоштасу кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші Айсұлу.
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Біліміздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.
1-жүргізуші Жангелді.
Қош келіпсіз құрметті ата-аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңа жауқазындай құлпырған,
Біз бақытты балғын шақты балалар.
2-жүргізуші Айсұлу
Төрт жыл бойы оқыған,
Ойға білім тоқыған.
Құрметті біздің балалар,
Орындалды ойыңыз.
Құтты болсын тойыңыз!
1-жүргізуші Жангелді.
Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,
Ұстаз-ғалым талстатпас мәңгіісін.
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттерің алғысын.
Әдемі киініп,шар,гүл ұстаған балалар алға шығады.
2-жүргізуші Айсұлу.
Бүгін біз сауатымызды ашып,білім негізін қалаған бастауыш сыныбымызбен,алғаш қолымызға қалам ұстап,оңымызбен солымызды танытқан алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
Малика.
Арманым болып аңсаған,
Мәңгілік қалдың мекендеп.
Өзіңе арнап ән салам,
Ардақтап Сізді өтем деп.
Жангелді.
“Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға”- деп Абай атамыз айтқандай,ұстазымыз 4 жыл бойы білім нәрімен сусындатып,көп нәрсені үйретті.Сондықтан да алғашқы ұстазымызға мың алғыс айтамыз.
“Мұғалім – ол біздің” хор.
Ербақыт.
Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достасып,
Бастауышпен қоштасып.
Мөлдір.
Өз аузына қаратқан,
Ұстаз ойын ұғамыз.
Сөйтіп әр бір сабақтан,
Сәл есейіп қалаламыз.
Мағжан.
Жүзің жылы,құшағың кең.
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген білімің мен,
Биіктерге шығамын мен.
Азат.
Ақылшым,асыл ұстазым,
Жолымды айқын нұсқадың.
Қасыма кеп қанша сен,
Қамқор боп қалам ұштадың
Аяулым.
Әліппемен аштым өмір есігін,
Тербетемін білім бөбек бесіген.
Өмір деген өрлі өзенге шомылып,
Жаттап өттігім ұзтазымның есімін.
Ән: Ұстазым Айсұлу.
Ернат.
Төрт жыл бойы білім беріп,ойсанамызды дамытқан адалдыққа,адамдыққа,тәрбиелеп,білімнің,ғылымның арнасына жол ашқан бастауыш сыныбызбен қоштаспақпыз.
Ернияз.
Алғаш рет өзіңнен
Білім алды балалар!
Оқу сырын өзіңнен,
Білім алды балалар!
Ерданат.
Жастың өсті санасы,
Елжірейді жүрегі.
Бастауышқа бар бала,
Алғыс айтып жүреді.
Бекнұр.
Әріптерді танып.
Білімге еркін қанып.
Қадіріңді ұқтық,
Тәліміңді алып.
Би: Қыздар тобының орындауында Қазақ биі.
Арбек.
Әлем сырын ашқан.
Шежірең жыр дастан.
Шәкіртіңбіз балғын,
Бауырыңа басқан.
Азамат.
Өткен бізден ағаттық,
Байсалдықпен тағат қып.
Балалық болса кешірген,
Байыппен баурап өсірген.
Үлгілі,әр кез ұстамды.
Сабырлы,ізгі ұстазды.
Анадай көріп сыйлаймыз,
Айырылар кезде қимаймыз.
Аяулым.
Жарқын жүзді ұстазым,
Өтті бізбен қыс – жазың.
Үлкейгенде ер жетіп,
Келеді сізге ұқсағым.
2-жүргізуші Айсұлу.
Ақыл,сана,берген білім тереңін,
Алғысы көп мектебіне өреннің.
Ұлағатты ұстаздарға сол үшін,
Ұрпақтары көрсетеді өнерін.
Ән:“Аяулы анашым” Ерданат.
6.Орыс тілі пәні мұғаліміне!
Сөз сөйлесе жарқын ақ,
Күніміздей жарқылдап.
Қырық өтіп сабағы,
Өсіреді ой сананы.
Біздермен ойнап –күлді,
Сырымызды біледі.
Айжан анай қашанда,
Қамқор болып жүреді.
2-жүргізуші Айсұлу.
Біз ана тілімізді ғана емес,өзге тілдерді де үйрендікИә, сол тілдердің бірі,біз 3-сыныптан бері ана тілімізбен қатар оқып келе жатқан тіліміз,ол-орыс тілі.
А.Жүсуповнаға сөз беру.
Ербақыт.
Слышишь песенку ручья,
Это-Родина твоя.
Слышишь голос соловья,
Это-Родина твоя.
Школа6где твои друзья,
Это-Родина твоя.
Бекнұр.
Мы еще раз вспомним звонок вёселый,
Что прозвенел в первый раз,
Когда вошли с цветами в школу,
В Самой лучший класс.
Арбек.
Ты повела нас по дорогам знаний,
Отдав нам много знаний и труда.
А сколько приложила ты стараний,
Чтобы мы учились хорошо всегда.
Хор;Чему учат в школе.
1-жүргізуші Жангелді. Сынып жетекшісіне арнау.
Түзеттіріп шалалықты,
Есейттіңіз балалықты.
Ойлаймайтын ертеңін,
Ойсыз кейбір еркені.
Түзеп жөнге салдыңыз,
Ел алғысын алдыңыз.
Сабырлысың құрыштай
Жөн айттыңыз ұрыспай.
Үзедңіз тентекті,
Тұрғысбай – ақ бұрышқа.
Сізден ізгі кішілікті,
Үйренеміз кісілікті.
1-жүргізуші Жангелді.
Әкелерді құрметтеп,
Сүйеміз шын жүректен.
Әке-асқар тауымыз,
Көңілдерге гүл еккен.
Өсіреді сананы,
Тура жолға салады.
Әкелерге мың алғыс,
Әлпештеген баланы.
Ән:“Әкешім анашым”
2-жүргізуші Айсұлу.
Ойында мейірім ақ тілек,
Бойында ақ сүт, тәтті леп.
Анадай пейіл қайда бар?
Бәріне тұрған бақ тілеп.
Арадай балын жиятын,
Ақылы дария құятын.
Ана көңілі –кеңістік,
Бүкіл әлем сиятын,-деп ақын ағамыз жырлағандай келесі сөз аналарға беріледі.
Ән:“Асыл анам”
1-жүргізуші Жангелді.
Бізге шаттық әкеледі,
Басшы болып әр істе.
Ұстаз ана әкені,
Шақырамыз вальске.
Хор Қош бол бастауыш сынып.
Вальс.
1-Жүргізуші Жангелді.Жангелді
Бәрі хормен:Серт береміз шын жүректен!
2-жүргізуші Айсұлу.
Құрметті ата-аналар,қадірменді ұстаздар бүгінгі біздің ертеңгілігіміз де аяқталып келеді.
Мектебімізде дәстүрге айналып келе жатқан мерекелеріміздің бірі “Бастауыш мектебебімен қоштасу” ертеңгілігі.
-Міне,күні кеше мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндер. 4-классты бітіріп,орта буынға ауысқалы отыр.
Алдағы уақытта шәкірттерім жақсы оқып,Үлгілі тәртіппен алдыңғы қатарда болуға тілектеспін.
Ата-аналарыңды,ұстаздарыңды мені жақсы жақтарыңмен қуанта беріңдер.