«Бақ – беркем, құт – мерекем – әз Наурыз!»
( мерекелік іс –шараның сценарийі)
Музыка ойналып, ортаға жүргізушілер шығады:
Сымбат:
-Ақыл, Айдын қайдасыңдар?
Ақыл, Айдын
-Біз мұндамыз.
Cымбат:
— Неге кешігіп жатырсыңдар, болсаңдаршы енді.
Айдын:
— Сымбат біз кешіккен жоқпыз, сен өзің ғой, сахнаға ерте шығып кеткен.
Сымбат:
Қарасаңдаршы, қонақтардың барлығы бізді ғана күтіп отыр ғой.
Ақыл:
— Ендеше Әсел қайда?
Айдын:
— Шынымен де Әсел қайда?
Сымбат:
— Мен білсем Әсел Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындаламын деп, кешігіп жатыр.
Ақыл:
— Мүмкін, биыл ол мектеп бітіруші түлегіміз ғой.
Әсел:
— Сендер мені жоғалтып тұрған жоқсыңдар ма?
— Иә, жоғалтып тұрмыз.
— Достар, қонақтардың барлығы жиналып қалыпты ғой, Ақыл баста мерекені.
Ақыл:
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған мұнда біз бар!
Наурыз тойы басталды! Бір орында тұрмаңыздар!
Сымбат:
Естімегендер естіңіздер!
Тыңдамағандар тыңдаңыздар!
Наурыз тойы басталды!
Айдын:
Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямай өнерпаздар ән мен жырын!
Тойлайық халық тойын Наурызымның,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін!
Әсел:
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа, халайық!
Ақыл:
Уа, халайық, құтты болсын мерекең,
Құтты болсын, құтты болсын берекең.
Наурыз тойы тойланады мектепте,
Қош келдіңдер мерекені көруге.
Сымбат:
Ендеше, Наурыз мейрамына арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
Айдын:
Той кезінде жас құрбым,
Жалтақтама, тайынба,
Тартқан күйің тамылжып,
Тіл бітірсін қайыңға,
Ән кезегі келеді,
Әндеріңді дайында
Әсел:
Сіздердің алдарыңызда мектебіміздің Үшқоңыр ән-күй домбырашылар ансамблі. «Балбырауын» күйі
Күй ойналады.
Сымбат:
— Әсел болсаңдаршы енді, қонақтар келе жатыр, қрнақтарды қарсы алайық!
Әсел:
Армысыз әлемнің алтын шырағы,
Күн Ана! Төрлетіңіз!
Атар таңға, батар күнге тәу-тәу!
Күн Ана. (Аяулым)
-О, қасиетті Жер Ана! Алла –тағаланың әмірін қалт жібермей орындап, адамзат үшін саған бас иемін. Мен сен үшін табиғат байлығына енген тау – тасыңнан, жан-жануарыңнан бастап адам затына дейін қуаныш нұрын себу үшін, өзіңнің гүл көктеміңді, Ару көктемімді шықырғалы отырмын.
Ақыл:
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тіршілікке,
Құтты болсын қуанышың Ару көктем,
Шақыратын бәрімізді бірлікке.
Көктем Ару. (Талшын)
-Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық,
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылда қарсы алайық.
Өшкен шырақ жағылсын,
Көктемнің әрбір ақ таңы,
Қуанышпен, жақсылықпен ашылсын.
Айдын:
— Бүгін ұлыстың ұлы күні! Ата бабаларымыздың сөзімен айтсақ
«Ақ түйенің қарны жарылған күн». Ендеше, Наурыз мейрамының салтанаты Наурызды шақырайық.
Әсел:
— Наурыз келсе құт келгені халайық,
Есік ашып шын жүректен,
Ел болып қарсы алайық!
Күн Ана.
— Зарыға күткен жаңа жылым да,
Наурызым келді – ау!
Жаңа жылым жарылқа, ескі жылым есірке.
Ұрпақтарым аман ет.
Жамандық әрі кет, әрі кет.
Наурыз батырым төрлет!
Наурыз батыр.
Сәлем Анам алтын күн,
Нұр шуағы халқымның.
Ашық болсын аспаным,
Аман болсын жас – кәрің.
Жыл иесі қояным,
Құт иесі қояным,
Бақыт әкел еліме
Құт – береке молшылық
Дари берсін жеріме.
Ақыл:
— Рахмет; Наурыз батыр, Күн Ана, Ару көктем, тойымызға келген қадамдарыңызға нұр жаусын!
Сымбат:
Бүгінгі тойымыздың сәні мен әні болыңыздар!
(Музыкалық номер Ән «Жаңа жыл» орындайтын 6 сынып оқушысы Амантұрды Ақдидар)
Қызыр ата: (Алмат)
— Уа, ағайын! Бүгінгі күн мен түн, жарлы мен бай, хан мен қара теңескен қасиетті Наурыз мерекесі баршаңызға құт әкелсін!
Беу, халайық! Жер Ананы мекен еткен күллі адамзаттың үштен бірі – барша мұсылмандардың қасиетті мейрамы – Әз Наурыз әр отбасына береке әкелсін!
Жыл, 12 ай, 365 күн асыға, аңсай күткен, жер жүзі мейірге, жылулыққа шомылған, қыз-бозбала құлпырған киелі Наурыз сендерді шаттыққа бөлесін!
Тазша бала мен Алдар көсе ортаға шығады.
Тазша бала: (Мадияр)
— Ассалаумағайлекум Қызыр ата!
— Уағалейкум ассалам.
Қызыр ата:
— Алдар көсе, Тазша балам, екеулеріңнің бастарың қосылып қалыпты ғой? Жақсылыққа болғай.
Тазша бала:
— Қызыр ата, біз жай қыдырып жүрген жоқпыз, ұлттық дәстүр, ән – жырды ел есіне түсіріп, жастарға таныстырып жүрміз.
Алдар көсе: (Жеңісхан)
— Қызыр ата, жақсы пейілді адамдарға көмек көрсетіп, қара ниетті адамдарды алдап жүрген жайым бар!
— Менің бір әнімді тыңдап көріңіздер!
Мен Алдармын, Алдармын,
Сайтанды да алдаймын.
Алдар көсе:
Уа, тоқтаңдар, жарандар,
Ана жаққа қараңдар.
Той қазанын көтерген,
Бұл не қылған адамдар?
Бұл кім десем апыр-ау,
Шығайбай ғой бәтір-ау.
Меңсұлу қызы қасында,
Шықбермес қой расында!
Алдар көсе:
(Шапанымен қазаңды жауып жатқан Шығайбайдың қасына келіп):
Не істеп отырсың, байеке?
Жұмыртқа басқан тауықтай.
Қазанға жапқан шапаның
Отқа жанса қауіп қой.
Шығайбай:
Қазан жоқ бұл жерде…
Алдар көсе:
Қуын қара байекенің
Наурыз тойында қазанын қорғамақ!
(Сол кезде дабыл қазылады)
Алдар көсе:
Аттан! Аттаныңдар!
Байеке, бол, тез аттан.
Қасқыр шапты қойыңа!
Шығайбай:
Ойпырмай, бұл қалай?!
(Алқына жүгіріп шығып кетеді)
Алдар көсе:
Бай асығыс кетті ғой қасқыр қуып,
Кәне, алыңдар, қалмасын тамақ суып.
Қызыр ата байқаған шығарсыз өнерімді?
Қызыр ата:
— Әй Алдарым- ай, мына тұрған мені де алдап кететін түрің бар-ау.
— Тазша балам сен қандай өнер көрсетесің?
Тазша бала:
— Мен бе Қызыр ата? Менің барғой, қолымнан келмейтіні жоқ. Мереке қонақтарын би билетіп, ойын ойнатып жіберем.
Қызыр ата:
— Жарайсың Тазша бала, ойыныңды да ойнатарсың, енді балалардың өнерін тамашалайық.
(Музыкалық номер Би «Қара жорға»)
Айдын:
Наурыз тойға жиналған халқым менің,
Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.
Бүгінгі той, ертеңгі ардақты ісің.
Ғажап болсын таппайтын тепе теңін.
Әсел:
Келді Наурыз бұла күш, тасқынменен,
Құлпырып, қайта өзгеріп жастығымен.
Жер иіп, тамыр тал бүршік жарып,
Табиғат ықыласына тас жібіген.
Ақыл:
Сымбат, ұлттық дәстүр, ұлттық ойындарды, ән – жырды ел есіне түсіріп, жастарға таныстырып жүрміз деген Алдар көсе мен Тазша бала келе жатыр.
Алдар көсе:
Күн күлімдеп, нұрын шашар шуағын,
Құтты болсын, наурыз айы қадамың,
Бүгін бізде салтанат, қызық ойын
Халқым-ау, құтты болсын жаңа жылың.
Тазша бала:
Ей, балалар, балалар,
Енді маған қараңдар!
Наурызды тойлайық,
Қызық ойын ойнайық
Ойындар ойнатылып, сыйлықтар таратылады.
«Бүркіт» деп аталатын ойын. Ойын шарты: ойнаушы жүресінен отырып, екі аяғының аралығынан екі қолын жерге тіреп, еңкейіп жердегі орамалды түйіншегінен аузымен іліп алуы керек. Бұл ойын екі білектің күшін сынауға арналған.
(Арқан тарту)
Сымбат:
Жүріңдер наурыз тойға басып аяқ,
Қалыс адам болмасын некен-саяқ.
Ән шырқап, би билейік қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.
(Музыкалық номер Ән «Наурыз думан» орындайтын Нұрлыбаева Аружан)
Әсел:
Наурыз келсе, барлығы жасарады.
Жасарады, табиғат жасалады,
Алпыс төлдің анасы ақ жүрекпен
Аластасын пәледен босағаны. – Алас! Алас!
Әже : Алас! Алас! Еліміздің елдігін тоздырғысы келетіндерден,
Ерімнің ерлігін жойғысы келетіндерден Алас!
Соғыстан, табиғат апатынан барша жамандықтан Алас!
Сымбат:
Аластаса әжеміз босағаны
Бар жаманның көңілден босағаны
Жеті шырақ жаңа өмір жаршысындай
Лаулап жанып жақсылықты тосады әлі.
Әсел:
— Айдын сен қазақ халқының салт-дәстүрлерін білесің бе?
Айдын:
— Әрине білемін.
Әсел:
— Ал, Наурыз мейрамы туралы не білесің?
Айдын:
— Наурыз мейрамы – өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Ол парсылардың «Нау-рыз» жаңа күн деген сөзінен шыққан.Бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынов біршама деректер жинаған. Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген,жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды екен.
Әсел:
Наурыз мейрамы бір ай тойланады. Қазақтар бұл күндері бір-бірін жаңа жылмен құттықтап, қонақ шақырады. Әр-түрлі ойын-сауықтар, бәйге, көкпар және жарыстар ұйымдастырылады. Наурызды неғұрлым жақсы қарсы алсаң, соғұрлым жаңа жыл жақсы болады деген салт бар. Әр үйде неше түрлі тамақ дайындалып, наурыз көже пісіріледі. Тамақтың алдында аруақтарға арнап молда міндетті түрде құран оқиды.
Ең соңында үйдегі ең үлкен кісі, жаңа жылды жақсылыққа жорып бата береді.
Айдын:
— Әсел, ендеше Қызыр атаны шақырып бата сұрайық!
Әсел:
— Ата, бүгінгі думанға сонау алыстын ат арытып келгеніңізге орай, ала келген ақ батаңызда бар болар?! Мына отырған халқыңызға ақ батаңызды беріңіз!
Айдын: — Әумин!
Қызыр ата:
Елдеріңнің іргесі берік болсын,
Жасқа құрмет, кәріге күтім болсын,
Сөздерің серттей берік болсын,
Ісің ілгері, ақылың серік болсын,
Еккендерің өнімді болсын,
өмірлерің көңілді болсын,
төрт түлік төлді болсын,
Баққандарың шелді болсын
Ақ көп болсын,
Қайғы жоқ болсын,
Пейілдерің кең болсын,
Сапарларың оң болсын,
Мына ұлыстың ұлы күні әр бір отбасына бақыт әкелсін!
Ұлыс оң болсын! Әумин!
Әсел:
Қызыр атамның ақ батасына мың да бір алғыс!
Айдын:
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерлейік, қадіріңді білдік пе!
Құтты болсын Ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!
(Музыкалық номер Би «Қазақ биі»)
Ақыл:
Мың бұрала би билеген қырмызы,
Қызғалдақтай, алма мойын қыр қызы.
Он саусақтан өнер тамған, бал тамған,
Беу, қазақтың дара біткен бір қызы
Сымбат:
Бұл сөздерің тап біздің биші қыздардың құрметіне арналғандай!
— Ақыл, әжеміз бізді дастарханға шақырып келе жатыр ғой деймін.
Әженің әуені:
Ау, аталар, аналар!
Айналайын, балалар!
Тоя ішсін деп, тамсанып,
Тоғыз түрлі дәм салып,
Наурыз көже пісірдім.
Оттан қазан түсірдім,
Бал көжеден татыңдар,
Бар қызыққа батыңдар!
Көктем – Наурыз тойында!
Құмар болып ойынға,
Іске үлес қоспаған
Ішер бір-ақ тостаған.
Еңбекқорға талапты,
Қоямын қос табақты.
Асқа кәрі – жасыңды.
Шақырып, ием басымды!
Ақыл:
Шапағатын аямай бұл жақта аспан,
Жадырайды әр адам мұң шақпастан.
Ой ағайын, келіңдер! Бүгін бізде –
Наурыз көже құрт – қатық, тары қосқан.
(Музыкалық номер Ән «Қазақтай ел қайда» орындайтын Амиракинов Әсет)
Айдын:
Көктем жетті көл-көсір шуақ құрып,
Қыс барады қиылып, жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз жүр,
Мұз пердесін ақпанның лақтырып.
Сымбат:
Жаңғырар дәстүр салтымның
Көзделсін бұлақ жалғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке Наурыз ― жыл басы!
(Музыкалық номер Ән «Бұлқынды жүрек» орындайтын А. Джумашева)
Ақыл:
Көргенде қуанасың таза ауаны,
Құлаққа естілгендей жаз әуені.
Жыл сайын тойланатын мәңгі – бақи,
Наурызың құтты болсын, қазақ елі.
Әсел:
Той дегенде қазақтың жаны кірер,
Бағаңды жас білмесе, кәрі білер.
Наурызың құтты болсын, нар ағалар,
Наурызың құтты болсын, бар інілер.
Айдын:
Жақсылық жүрегіне жыр еселер,
Биікке шарықтатар киелі өнер,
Наурызың құтты болсын, апа – әкелер,
Наурызың құтты болсын, ата – әжелер.
Сымбат:
Желпіген аққу құстың қанатындай,
Бақ келіп ақ үйлерге қонатындай.
Қасиетті наурыз тойы пәктігіңнің,
Тойы деп айтуға да болатындай.
Ақыл:
Көңілдің құлпыларын ашайық та,
Қиялмен қияларға асайық та.
Қасиетті наурыз тойы елдігіңнің,
Ерке бір қуанышы десе айып па?
Айдын:
— Уа, халайық!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын,
Әсел:
Ұлыс оң болсын,
Қайда барсаң жол болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін.
Ақыл:
Ән қосылсын әніңе,
Сән қосылсын сәніңе.
Ырысты боп Жаңа жыл!
Бақ дарысын бәріңе!
Айдын:
Наурыз мерекесі әр қайсыңызға көтеріңкі көңіл күй, қажымас қайрат, өшпен үміт пен шексіз махаббат әкелсін! Өмірлеріңіз қуаныш пен шаттыққа шомсын!
Әсел: Бұл жыл – баршаңыздың естеріңізде қаларлықтай қымбат естеліктерге толы болсын! Көңілдеріңізге береке, ынтымақ, достық пен күлкі ұяласын! Ұлыс оң болсын!
Сымбат:
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман-есен жетейік,
Келесі Наурыз тойына!
Бірге:
Қош сау болыңыздар!