КӘСІПТІК ЛИЦЕЙ БАЗАСЫНДАҒЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КУРСТАРДА НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ДЕҢГЕЙЛЕП-САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Таласбаева Шынар Койшыбаевна
№8 кәсіптік лицейдің арнаулы пән оқытушысы
«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім».
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауынан
«Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту – жаһандану мен ақпараттық технологиялардың барынша өткір ықпал етуші білімдер экономикасына көшуі мен ішкі және сыртқы еңбек нарығындағы бәсекелестіктің артуы жағдайларында Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму міндеттері ауқымының өсуі мен күрделенуіне байланысты техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлауда сапалы ұмтылыстың қажеттігінен туындады. Техникалық және кәсіптік білім берудің тиімділігі жоғары ұлттық жүйесін жасау ел экономикасының тұрақты өсуін, қазақстандық қоғамдастықтың әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі, жастардың тұрақты түрде жұмыспен қамтылып отырылуын қолдаудың тетігі болып табылады» – делінген Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2009 жылғы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауындағы «Жол картасы» бағдарламасының бір бағыты – мамандарды қайта даярлау және қайта оқыту. Осы бағдарлама аясында елімізде бірнеше мыңдаған адам қысқа мерзімді курстарда білім алып, қосымша мамандық игеруде. Кәсіптік лицейлер базасындағы жоғарыда айтылғандай қысқа мерзімді курстарда білім алушылардың жас ерекшеліктеріндегі айырмашылық өте үлкен болатыны белгілі. Мысалы, «Ветеринарлық санитария» тобында білім алушылардың жас ерекшеліктерін қарастырып көрелік: № Жас айырмашылықтары Саны 1 55-35 жас 5 2 34-25 жас 6 3 24-18 жас 14 Сондықтан топтағы білім алушылардың ойлау қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан нарықтық экономика сабағында білім алушылардың жас ерекшелігіне қарай және білім деңгейіне сай сабақтың түрлерін тауып, сол тақырыптарды игертуді мақсат ету керек. Мен нарықтық экономика сабақтарында оқушылардың білім деңгейлеріне қарай деңгейлеп-саралап оқыту әдісін қолданғанды жөн көремін. Өйткені оқушы өзін қызықтыратын нәрселерге ғана көңіл аударады. Экономика бұл география, құқық, әсіресе математика пәндерімен тығыз байланысты. Сондықтан өзіндік күрделілігі бар пән деп есептеймін. Оқушылардың әр тақырыпты меңгеруі әр түрлі деңгейде болады. Сабақта есепті шешудің әр түрлі тәсілдерін пайдаланғанда жақсы нәтижеге қол жеткізуге, оқушының пәнге деген қызығушылығын артыруға болады. Осындай жұмысты бағалағанда тек нәтижеге емес, оқушының ынтасына да көңіл аударылады. «Деңгей» сөзі термин ретінде алғаш математика ғылымында пайда болған. Математикада бұл термин өлшеу құралына «шаманы» белгілейді. Деңгейлік идеясы шет елдерде педагогика ғылымына 1920 жылдың басында енген. Ал, кеңістік педагогикада деңгейлік оқыту мәселесін О. Б. Лошкова (деңгейлік саралап оқыту), В. В. Фирсов (міндетті нәтижеге негіздеп деңгейлеп оқыту), В. П. Беспалько (тапсырмалар қиыншылығын еске алу әрекетінің төрт деңгейі) т.б ғалымдар қарастырған. Педагог ғалым В. П. Беспалько зерттеу еңбектерінде деңгейлеп саралап оқытуға кеңірек тоқталып, оның ең тиімді әдістерін, тың жолдарын, озық үлгілерін жаңашылдықпен дәлелдеп береді. Ғалым оқу материалдарын меңгерудің төрт деңгейін ұсынады. Білімді меңгеру деңгейіне қойылатын талапты жоғарыдағы сызбадан көруге болады. І. Бірінші оқушылық деңгейде бала мұғалім көмегімен амал-әрекет жасайды. Алдындағы мақсатты шешуге ұмтылады, бұрынғы білімдерін пайдаланады. Тапсырма жаттап алуға лайықталған болуы керек. Мұнда білімнің берілуі, деңгейлік тапсырмалардың іске асырылуы бағдарлама талабына сәйкес қарастырылған. ІІ. Алгоритмдік деңгейде мақсатпен шешілуге тиісті ситуация анық, оқушы бұрынғы жинақталған білімін пайдалана отырып, мақсатқа жету үшін өз бетімен жұмыс істейді. Оқушының ойлау қабілетін жетілдіру үшін логикалық есептер, ребустар мен сөз жұмбақтар беру керек. Алгоритмдік деңгейде оқу материалдарының түсініктілігі, мазмұны деңгейлік тапсырмалардың күрделене түсуінен аңғарылады. ІІІ. Эвристикалық деңгейде: мақсат анық, ситуация түсініксіз, оны оқушының өзі толықтырады, табады, шешеді. Бұнда да бұрынғы білім көмекке келеді. Оқушы жаңа хабар, білімді өз ізденісімен ала алады. Бұл деңгей – өнімді деңгей. Эвристикалық (ізденушілік) деңгейде білімнің берілуі, жүйелігі, сабақтастығы, ізденушілік ерекшелігі басым болып, деңгейлік тапсырмалардың танымдық жағынан жетілуіне, тереңдетілуіне айрықша назар аударылады. IV. Шығармашылық деңгей – мақсат жалпылама, анық емес. Оқушыны оны анықтайды, жаңа нәрсені табады, өз бетімен жаңа дүние әкеледі. Шығармашылық деңгейде баланың дарындылығы, таланты, тапсырмала
рды орындаудағы ізденіппаздығы, танымдық рухани интеллектуалдық шеберлікке ұштасады. Мысалы, «Кәсіпкерлік іс» тақырыбында төмендегідей деңгейлік тапсырмаларды орындауға болады: І дейгей Есепте: Атауы Бағасы Саны Жалпы бағасы Көйлек 2000 100 Кітап 800 12 Сөмке 1250 23 Аяқ киім 950 18 ІІ деңгей. Атауы Бағасы Саны Жалпы бағасы Шикізат бағасы Жалпы шикізат бағасы Еңбекақы Жалпы еңбекақы Таза пайда Заттың атауы Х Y = x * y Z =z*y R = r * y = x * y – z * y –r * y Көйлек 2000 100 1000 500 Кітап 800 12 350 110 Сөмке 1250 23 480 130 Аяқ киім 950 18 370 200 ІІІ деңгей. Тапсырма: Сіз «А» банктен 2011 жылы 12 желтоқсанда 13,2℅ жылдық пайызбен 5 жылға 1200000 теңге көлемінде несие алдыңыз. Банкке барлығы қанша теңге көлемінде қайтаруыңыз керек және айына қанша теңгеден төлейсіз? Алған несиені кәсіптің қай түріне қолдануды тиімді деп ойлайсың? ІҮ деңгей. Тапсырма: Сіздің бизнесіңіз үшін қажет болатын бастапқы капиталды есептеп шығыңыз. Яғни, бизнес-жоспар жасау жолдары. Ай, теңге *12 ай, теңге Ұзақмерзімді қажетсінулер ИНВЕСТИЦИЯЛАР Құрылыс салу немесе Жер телімін сатып алу Дүкен салу немесе сатып алу Кеңсе салу немесе сатып алу Панажайларды қайта жасау Өнімді шығаруға арналған жабдықты сатып алу Дүкенге арналған жабдықты сатып алу Кеңсеге арналған жабдықты сатып алу Көлік түрлерін сатып алу Барлығы: Қысқа мерзімді қажетсінулер АЙНАЛЫМДЫҚ КАПИТАЛ Шикізат пен материалдардың қоры Еңбекақы Панажайларды жалға алу Сақтандыру Несие бойынша пайыздар Ілгері жылжыту жөніндегі шаралар Барлығы: Қажет ақшаның барлық сомасы: Сонымен қатар пысықтау сабақтарында деңгейге бөлінген тест жұмыстарын да алуға болады. Ол үшін арнайы бағдарламамен жасалған «Ақылды ойын» атты тесттік жүйені пайдаланамын. Деңгейлік тапсырмаларды дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол деңгейді игергенге сәйкес ұпай алады: 1 деңгей –5 ұпай, 2- деңгей –10 ұпай, 3- деңгей –15 ұпай. Әр жаңа тақырып бойынша жасалған деңгейлік жұмыстардың үш деңгейге бөлінуі үй жұмысын жақсы ұйымдастыруға және реттеуге мүмкіндік береді. Себебі, тақырыпты меңгерудегі 4 деңгейлік тапсырмалар үлгерімі өте жақсы оқушыға есептеліп, соған сәйкес құрылғандықтан, бұл жұмыстарды толық сабақ үстінде орындап бітіруге барлық оқушылардың мүмкіндігі жете бермейді. Сондықтан, олар үйде өз бетімен немесе сабақтан тыс уақытта мұғалімнің көмегімен аяқтауға беріледі. Ең жоғарғы деңгейдегі шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларды, әрине, дарынды да, еңбекқор оқушы орындай алады. Нәтижесінде, оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына жағдай жасалады. Енді жиналған ұпай – рейтинг жүйесін береді. Мысалы: 1 деңгей- 5 х 4ұпай = 20 ұпай 2 деңгей–3 х 5 ұпай =15 ұпай 3 деңгей 2 х 6 ұпай = 12 ұпай 4 деңгей 1х10 ұпай = 10 ұпай Аталған жаңа бағалау әдісі әр оқушының дамуын қадағалайтын мониторинг құруға мүмкіндік береді. Қорыта келгенде, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының өзіндік дүниетанымы қалыптасады, әр алуан тапсырмалар оқушының сабаққа деген ынтасын және жауапкершілігін арттырады, оқушылардың білімі әділ бағалануына, өз білімін өзі бағалай білуіне мүмкіндік туды, өз қабілетіне, болашағына сенуіне, танымдық әрекеттерінің қалыптасып, одан әрі шығармашылықпен айналысуына, пәнге қызығушылығының артуына мүмкіндік береді. Сабақты түрлі әдістер қолдана отырып өткізу өз кезегінде білім сапасына да оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын. Сондықтан кәсіптік білім беру мекемесіне білім алуды, сонымен қатар білікті маман болуды мақсат етіп келетінін оқушылар үшін әрбір ұстаз – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекөқор, кез-келген ортаның ұйытқысы болуы керек.
