Жергілікті өкілді және атқарушы органдар

        Б.М.Омар
Магистр оқытушы
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ–түрік университеті


Алғы  сөз

Қазақстан Республикасының егемендікке ие болуы, мемлекеттік реттеудің нарықтық механизміне негізделген жаңа демократиялық қатынастардың даму жолын таңдауы, құқықтық саланы және мемлекеттік органдарды реформалаудың қажеттілігін шарт етіп қойды.
Бүгінгі жас мемлекетіміздің алдында тұрған проблемаларға баға бере келе, біздің саяси-құқықтық өмірімізде мемлекет пен қоғамның, азаматтардың құқықтары мен бостандықтанының негізін қалайтын демократиялық даму негіздерінің мықты орныққаны туралы батыл айтуға болады. Осы  бағытта біраз жұмыстар жасалған болатын. Мысалы, мемлекеттік басқару саласын (жоғарғы және жергілікті), экономика, ішкі саясат,  мәдениет,  әлеуметтік-саяси  өмір, сыртқы саясат, құқықтық  тәртіпті  сақтау саласын,  мемлекетіміздің қауіпсіздігі сияқты салаларды реттейтін көптеген заңдар мен жарлықтар қабылданып, жүзеге асырылуда. Сол заңдар  мен жарлықтардың  қатарына  мыналарды жатқызуға болады: 1993 жылы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы Заңы, Қазақстан Республикасының өкілді және атқарушы органдар туралы Қазақстан Республикасының 10.12.1993 ж., 02.05.1995 ж., 20.11.1998 ж., 05.04.1999 ж., 20.07.1999 ж., 16.11.1999 ж. Заңдарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулары, 1995 жылы 2 мамырдағы Республика Президентінің жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы қабылданған Жарлығы, 1995 жылы 28 қыркүйектегі Республика Президентінің Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы қабылданған Конституциялық заң күші бар Жарлығы, 2001 жылы 23 қаңтардағы 148- Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңы,  2001 жылғы  25 сәуірдегі  179-,  2001 жылғы    24 желтоқсандағы  276-, 2002 жылғы  21 мамырдағы  324-, 2004 жылғы 11 мамырдағы  552-, 2004 жылғы  20 желтоқсандағы 13-, 2004 жылғы 21 желтоқсандағы 15- Заңдарымен енгізілген  өзгерістер мен толықтырулар, 2002 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік  қызмет туралы Заңы, Қазақстан  Республикасындағы  сайлау  туралы Қазақстан  Республикасының  Конституциялық  заңына  енгізілген өзгерістер  мен  толықтырулар  туралы  Қазақстан  Республикасының  2005 жылы  15 сәуірдегі  44-  Конституциялық  заңын   айтуға  болады. Осы заңдар жергілікті  өкілді  және  атқарушы  органдардың құрылуын, құзіретін, қызметінің ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.  Осы  заңдар  мен жарлықтардың  көптеп  қабылдануы мен өзгерістерге үшырауының себебі: жергілікті жерлердегі өкілді және  атқарушы органдарды реформалау болып табылады. Мысалы, айталық: Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы Заңы  жергілікті  мемлекеттік басқару органдарының атауына және құрылымына елеулі өзгерістер енгізді.
Біріншіден, ауылдық, кенттік, селолық, аудандық, қалалық және облыстық деңгейлердегі Халық депутаттары кеңестері мен атқарушы комитет атаулары толықтай жойылды. Бұл атаулар тарихқа енді.
Екіншіден, жергілікті өкілді органдар–мәслихаттар, ал жергілікті  атқарушы  органдар–әкім басқаратын  жерігілікті  әкімшілік  деп,  атала  бастады.
Үшіншіден, мәслихаттар  мен  әкімшілік  жергілікті  мемлекеттік  басқару  органдары  деген  жалпы  атаумен  біріктірілді: Кеңес  мемлекетінде  кеңестер, өкілді  органдар  ретінде  мемлекеттік билік  болып  саналатын.
Төртіншіден, жергілікті  мәслихаттар  мен  әкімшілікті  жергілікті  мемлекеттік  басқару  органдары  деген  жалпы  атаумен  біріктіру  мүлдем  оның  екеуі  де  мемлекеттік  басқарудың  бірдей  мәселелерімен  айналысады  дегенді  білдірмейді, бұл  туралы  төменде сөз  болады.
Бесіншіден, жергілікті  мәслихаттар  мен  әкімшіліктер  ұйымдық  тұрғыдан  бір-бірінен  бөлінген.
Алтыншыдан, мәслихаттар  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдары  емес, өкілді  органдар  болып  саналса  да  таза  мемлекеттік  органдар  болып  табылады. Ал, енді  бұл  органдарға  жеке-жеке  тоқтала  кетейік. Қазақстан Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік басқару жергілікті  өкілді органдар мен  жергілікті атқарушы органдардан  тұрады. Ол мемлекеттің құрамдас  бір бөлігі болып  табылады және Республика үшін  біртұтас мемлекеттік  қызмет қағидаларын басшылыққа  алады. Демек, жергілікті  мемлекеттік  басқару мемлекеттік биліктің  туындысы. Бұл  жергілікті мемлекеттік басқару жалпы  жергілікті ерекшеліктерді  есепке алмайды  және  жергілікті проблемаларды шешпейді, дегенді  білдірмейді. Қазақстан  Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік  басқару   мемлекет  тетігінің  ерекше бөлшегі  болып  табылады  және  белгілі  бір дербестікке  ие  болады.  Бірақ  дербестік  жергілікті  өкілді  органдар  мен  жергілікті  атқарушы  органдар  ұйымдық және  құзіреттілік тұрғысынан  өзіндік ерекшелікпен  көрінеді. Жергілікті  өкілді  органдар–мәслихаттар Республиканың өкілді  органдар  жүйесінің  бір  бөлігі  болып табылмайды. Қазақстан Республикасының     Парламенті  жергілікті  өкілді  органдар–мәслихаттармен ұйымдық тұрғыдан да  байланыспаған. Тек  Конституция  көздеген  екі  жағдайда  ғана  мәслихаттар мен Парламент  өзара байланысқа кіреді: Мәслихаттар  сенаторларды сайлайды,  ал  Парламент   Сенаты  мәслихатты тарата алады. Сондықтан өкілді органдар  ретінде мәслихаттар Республика  Парламентінен  тәуелсіз. Жергілікті  атқарушы  органдар– әкімшіліктер, керісінше, біртұтас атқарушы органдар  жүйесінің құрамдас  бір  бөлігі  болып  табылады  және  олардың ұйымдығы  мен қызметі жоғары  тұрған атқарушы  органдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентімен байланысты және  оларға  тәуелді. Бұл, бірақ, жергілікті  атқарушы органдардың белгілі  бір  дербестігін  жоққа  шығармайды. Қазақстан  Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, жергілікті атқарушы  органдар тиісті аумақтың  мүдделері  мен  даму  қажеттіліктеріне  тіркестікке атқарушы органдар үкіметтің жалпы  мемлекеттік саясатын жүгізді қамтамасыз  етеді. Жергілікті  өкілді  органдардың тағы бір ерекшелігі  олардың  Конституцияға  және  заңдарға  сәйкестікте жұмыс істеуі  болып  табылады.  Ал  жергілікті  атқарушы  органдар өзінің қызметін тек Конституция  мен заңдардың  негізінде ғана емес, сонымен қатар Президенттің, Үкіметтің және жоғары  тұрған  атқарушы  органдардың  актілерін орындау  жолында  жүзеге  асырады. Барлық  жергілікті  мемлекеттік  басқару  органдары үшін  ортақ тағы  бір  ерекшелікті атап  өткен  жөн: олар  өз-өздеріне  құзірет  белгілей  алмайды. Конституцияда  аталғандай, мәслихаттар  мен  жергілікті  атқарушы  органдардың құзіретін,  олардың ұйымдық  және қызмет  тәртібін заң  белгілейді.
Жергілікті  мемлекеттік  басқару  мен өзін-өзі  басқару ұғымдарының ара қатынасына байланысты мәселені қарастырған  жөн. Қазақстан Республикасында  мемлекеттік биліктен  жергілікті  өзін-өзі басқаруды  ажыратуға  негізделген  өзіндік жергілікті басқару үлгісі пайда  болды. 1993 жылға  дейін  Қазақстанда  билікті   бөлу  принцпін  жоққа  шығарған  және  тиісті  аумақтағы  өкілді органдардың (кеңестердің) толық билігіне  негіздеген кеңестік үлгі орын  алды. Жергілікті  Кеңестер біртұтас  КСРО  Кеңестер  жүйесінің  бір  бөлігі  болып  табылатын. Кеңестер төменнен жоғарыға  дейін кеңестер  алдында  есеп  беретін және  жауап  беретін  өзінің  атқарушы  органдарын құрды. Атқарушы органдар қос  бағыныштылық: тиісті  кеңеске  (аудандық, қалалық,  облыстық, республикалық,  одақтық) және  жоғары  тұрған  басқару органына (аудандық,  қалалық,  облыстық атқару  комитеттері, республика  үкіметі, одақтық  үкімет) бағыныштылық  қағидасы бойынша  әрекет  етті. Кеңестер өздерінің сессияларына жылына бірнеше мәрте   жиналып жұмыс  істеп, атқарушы  органдар  коммунистік  партия үйымдарының  басшылығымен  дайындалған  мәселелерге шешімдер  шығаратын.  Партия  үйымдарының  аудандық  деңгейден бастап, тура  кеңес пен атқарушы органдар сияқты құрылымы  болды, және  олар мемлекеттік органдарға тұрақты  басшылық  етті.
Жергілікті  өкілді  және  атқарушы  органдардың  қоғамда  алатын  орны  ерекше  болып  табылады. Себебі: жергілікті  мәслихаттар  халық  үшін  өмірлік  зор  маңызы  бар  мәселелерді  шешеді. Ол  аумақты  дамытудың  жоспарларын, экономикалық  және  әлеуметтік, саяси  бағдарламаларды  бекітеді. Мәслихаттар  әкімдердің, жергілікті  атқарушы  органдардың  басқа  да  басшыларының  есептерін  қарайды, жергілікті  заемдар  мен  облигацияларды  шығару  және  тарату  туралы  шешімдер  қабылдайды. Жергілікті  атқарушы  органның  ұсынысы  бойынша  кәмелетке  толмаған  балалардың  істері  жөніндегі  т.б.  комиссиялардың  құрамын  жасақтап, бекітеді. Қаралған  мәселелер  бойынша  шешімдер  қабылданып, баспасөзде  жарияланады; оларды  жергілікті  органдардың, ұйымдар  мен  азаматтардың  барлығы  бірдей  орындауға  тиіс. Мәслихаттың  шығырғын шешімдері Конституцияға, Президент  жарлықтарына, Үкіметтің  қаулыларына  және  өзінен  жоғары  тұрған  мәслихаттардың  шешімдеріне  қайшы  келмеуі  керек. Егер  қайшы  келген жағдайда, ол  сот  тәртібімен  ішінара  не  толық  тоқтатылады. Мәслихаттар  әр  түрлі  ережелер  белгілеп, оларды  бұзғандар  үшін  әкімшілік  жауапкершілік  тағайындауы  мүмкін. Мәслихатта  белгіленген  осы  және  басқа  да  ережелер  мемлекетке, жергілікті  халыққа, азаматтарға, жергілікті  органдарға  арналады; ондағы  көзделетін мақсат – жергілікті  байлықты (орман, су  көздері, жануарлар)  сақтау, әр  түрлі  аурулардың, жұқпалы індеттердің  таралуына, адамдардың  құқықтары  мен  бостандықтарының  бұзылуына  жол  бермеу, жұрттың  тыныш  өмір  сүруіне, оқуына, жұмыс  істеуіне  мүмкіндік  туғызу. Ал  әкімшіліктер  болса  азаматтар  мен  ұйымдардың  Конституцияны, заңдарды, басқа  да  нормативтік  құқықтық  актілердің  орындалуын  қамтамасыз  етеді, азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарын қорғайды, қоғамдық  тәртіпті  қамтамасыз  ету  жөнінде  шаралар  қабылдайды, халыққа  заңдарды  түсіндіру  жөнінде  көмек  көрсетеді, әлеуметтік-мәдени  қызметтер  көрсететін  объектілер  (мектептер, ауруханалар  т.б.)  құрылысы  туралы  қамқорлық  жасауға, жолдардың  жөнделуіне, көшелердің  күтіп  ұсталуына  ықпал  етуге, тұрғын  үйлерді  бөледі, және  сонымен  қатар әкімшілік  мемлекеттік  білім  беру, денсаулық  сақтау, мәдениет  мекемелерін  басқарғанда  олардың  базаларының  нығайтылуына  қол  жеткізуге; азаматтарды  еңбекке  орналастыру  мәселелерін  шешуге; мүгедектерді, жұмыссыздарды, әл-ауқаты  төмен  отбасыларын  әлеуметтік  жағынан  қорғауға; халықтың  ұлттық  дәстүрлері  мен  салттарының  дамуына  көмек  көрсету  сияқты  қызметтерді  атқарады. Қазақстанда  әр  түрлі  ұлттың  азаматтары  өмір  сүреді, олар  өздерінің  ұлттық  салттары мен дәстүрлері  бойынша  өмір  сүруге  құқылы. Әкімшіліктер  осы  ұлттардың  салттары  мен  дәстүрлеріне  нұқсан  келтірмеудің  шараларын  қолданып  отыруға  тиіс.
Қазақстан  Республикасының  1995  жылғы  Конституциясы  жергілікті  мемлекет  органдарының  аталған  үлгісін  қабыл  алды. Конституцияның  осы  органдарға  арналған  бөлімі  Жергілікті  мемлекеттік  басқару  және  өзін-өзі  басқару  деп, аталады. Бұл  бөлімде  жергілікті  мемлекеттік  басқару  органдары  туралы  жалпы  айтылады. 2001 жылғы  23 қаңтардағы  Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  туралы  Заңы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  саласындағы  қоғамдық  қатынастарды  реттейді, жергілікті  өкілді  және  атқарушы  органдардың  құзіретін, қызметінің  ұйымдастырылуын, тіртібін, сондай-ақ  мәслихаттар  депутаттарының  құқықтық  жағдайын  белгілейді. Бұл  заңда  Қазақстан  Республикасында  бірінші  рет  жергілікті  мемлекеттік  басқаруға  белгілену  берілген. Жергілікті  мемлекеттік  басқару  жергілікті  өкілді  және  атқарушы  органдар  тиісті  аумақта  мемлекеттік  саясатты  жүргізу, оны  аталған  заң  мен  басқа  да  нормативтік-құқықтық  актілер  белгілеген  құзіреттер  шегінде  дамыту  мақсатында  жүзеге  асыратын  қызмет  болып  табылады. Заңда  жергілікті  мемлекеттік  басқару  туралы  заңдар  Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  негізделеді  және  осы  Заң  мен  Қазақстан  Республикасының  өзге  де  нормативтік  құқықтық  актілерінен  тұрады. Шын  мәнінде  Қазақстан  Республикасының  Жергілікті  мемлекеттік  басқару  туралы  Заң  Конституцияға  негізделеді  және  сәйкестендіріледі. Сонымен  бірге  аталмыш  заң  жергілікті  мемлекеттік  басқару  туралы  негізгі  арнайы  заң  болып  табылады. Арнайы  болып  табылатын  себебі, ол  жергілікті  мемлекеттік  басқару  органдарына  арнайы  шығарылған, басқа  мұндай  заң  жоқ. Бірақ  бұл  жергілікті  органдарға  қатысты  басқа  ешқандай заңдар  болмайды  және  осы  заңды  өзгертіп, толықтыратын  басқа  заңдар  қабылданбайды  дегенді  білдірмейді. Ерте  ме, кеш  пе, қажет  болған  кезде  тиісті  заңдар  қабылданып  отырады. Осындай  заңдар  қарастырылатын  заңның  құрамдас  бір  бөлігі  болып  табылады. Сонымен  қатар  Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқарудың  жекелеген  бағыттары  мен  қамтамасыз  ету  тетіктерін  регламенттейтін  нормативтік  құқықтық  актілер  де  қабылдануы  мүмкін. Олар  заңдар  және  қосалқы  заңдық  актілер: Президенттің  жарлықтары, Үкіметтің  қаулылары  болуы  мүмкін. Осындай  нормативтік  құқықтық  актілер  үшін  Жергілікті  мемлекеттік  басқару  туралы  Заңның  қағидалары  негіз  болып  табылады, яғни, қосалқы  заңдық  актілер  аталмыш  заңның  негізінде  және  нақтылануымен  қабылданады. Жинақтағанда  олардың  барлығы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  туралы  заңдарды  құрайды. Бұл  заңдар  Қазақстан  Республикасындағы  барлық  жергілікті  мемлекеттік  басқару  органдарына  қолданылады.
Менің  бұл  тақырыпты  магистрлік  диссертацияма  тақырып  етіп  таңдап  алуымның  себебі: Бірішіден,  бұл тақырыптың  аз  зерттелгендігі толғандырды. Бірақ, менің  бұл  сөзім  осы  тақырыпқа қатысты  ғалымдардың  ешқандай еңбектері  жоқ  дегенді  білдірмейді. Бұл  тақырыпқа қатысты  ғалымдардың  еңбектері  бар. Мысалы,
Ғ. Сапарғалиев  ағамыздың  Қазақстан  мемлекеті  мен  құқығының  негіздері 2003 жылы  шыққан, С.А. Табановтың Салыстырмалы  құқықтану  негіздері 2003 жылы  шыққан, М.А. Қызылов, А.В. Карпекиннің Қазақстан  Республикасының  әкімшілік  құқығы 2002 жылы  шыққан, Профессор, Т. Ағдарбеков ағамыздың Мемлекет  және  құқық  теориясы 2003 жылы  шыққан, Ғ. Сапарғалиевтың Қазақстан мемлекеті  мен  құқығының  негіздері 1998 жылы  шыққан, Е. Баяновтың  Мемлекет  және  құқық  негіздері 2001 жылы  шыққан, Н. Дулатбеков, С. Амандықова, А. Турлаевтардың  Мемлекет  және  құқық  негіздері 2001 жылы  шыққан, А.С. Ибраева, Ғ. Сапарғалиевтардың Мемлекет және  құқық  теориясы 1997 жылы  шыққан, З.О. Ашитов, Б.З. Ашитовтардың   Қазақстан  Республикасының  құқық  негіздері 2003 жылы  шыққан, Қ.Д. Жоламан, А.Қ. Мұхтарова, А.Н. Тәукеевтердің Мемлекет  және  құқық  теориясы 1999 жылы  шыққан  және  тағы  басқаларды  айтуға  болады. Ғалымдар  өз  еңбектерінде  аталмыш  тақырыпқа  жалпы  тоқтала  кеткен  сияқты. Сол  себептен, мен  бұл  тақырыпты  бүге-шүгесіне  дейін  жеке-жеке  тоқталып, зерттегенді  жөн  санадым. Екіншіден, Қазақстанның демократиялық  жолмен  дамуына, ғылымға  және  дәл  қаізргі  сәтте  жергілікті  мемлекеттік  басқару  органдарын  реформалауға  өз  үлесімді  қоссам  деп  ойлаймын. Егерде, менің бұл еңбегімде авторлардың еңбегіне ұқсас жайыттар кездесіп жатса, оны жәй сәйкестік деп қабылдаңыздар.

-тарау
Жергілікті өкілді органдар

§1. Жергілікті өкілді органдар сипаттамасы, жүйесі,
құрылу тәртібі және құрамы

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқаруды жергілікті өкілді органдар жүзеге асырады. 1995 жылғы Қазақстан  Республикасы Конституциясының Жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару деген  бөлімінде жергілікті өкілді  органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты  жалпы ережелер белгіленген [1].
Аталған мәселелер 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан  Республикасының Конституциясымен, 2001 жылғы  23 қаңтардағы 148-  Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  туралы  Заңымен, 2001 жылғы 25 сәуірдегі  179-, 2001 жылғы 24 желтоқсандағы 276-, 2002 жылғы 21 мамырдағы 324-, 2004 жылғы 11 мамырдағы 552-, 2004 жылғы  20 желтоқсандағы  13-, 2004 жылғы  21 желтоқсандағы  15- Заңдарымен  енгізілген  өзгерістермен және толықтыруларымен, Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан  Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 15 сәуірдегі  44- Конституциялық Заңдарымен реттеліп, жүзеге асырылады.
Осы Заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына  сәйкес  жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті өкілді және атқарушы  органдардың құзіретін, қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын  белгілейді. Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің  жайы үшін жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдардың  жүзеге асыратыны Конституцияда баянды етілген. Жергілікті өкілді  орган (мәслихат) халықтың өкілдік бірыңғай жүйелерінің ажырамас  бөлігі бола отырып, осы жүйеге тән белгілерін өз бойына сіңірген. Айталық, Жергілікті  өкілді орган (мәслихат) – бұл облыстың (республикалық маңызы бар  қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан  Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және жүзеге асырылуын бақылайтын  сайланбалы орган. Мұның өзі бұл орган халықтың өкілді  органы екендігін және мемлекеттің өкілді органдарының жүйесіне  кірмегендіктен, одан оқшауланып тұрғандығын аңғарудың  қиындығы жоқ сияқты. Солай бола тұрса да, бұл органның жалпы  мемлекеттік мүдделерді ескеретініне күмән келтірмеуіміз керек. Сондықтан да  болар  жергілікті  өкілді  органдардың (мәслихаттардың) өзіндік  ерекшеліктерімен  оқшауланатындығы. Еніді түсінікті болу үшін мемлекетіміздің жергілікті өкілді органдарын басқа мемлекеттердің жергілікті өкілді органдарымен салыстырып көрсек.
Әлемнің көптеген елдерінде жергілікті мемлекеттік басқару сайлау органдары мен атқарушы аппараттар арқылы жүзеге асырылады. Әдетте, жергілікті өкілді органдарын сайлау реттері заңмен белгіленеді. Әрине, мұндай жағдайда әрбір елде кандидаттарды ұсыну мен оларды сайлаудың өзіне тән ерекшеліктері болады. Сонымен қатар, атауларында да өзгешеліктер бар. Мысалы, АҚШ-та Муниципальдық кеңес, Ұлыбританияда Графтар кеңесі, Беларуссияда Жергілікті кеңес, Францияда Департамент кеңестері, Өзбекстанда Халық депутаттары Кеңесі, ал Италияда Жергілікті басқару кеңесі деп аталады. Ал, біздің мемлекетімізде Мәслихаттар деп аталады. Ал, енді бұл мемлекеттердің жергілікті өкілді органдары мүшелерінің сайлану тәртібіне тоқтала кетейік. Мысалы, АҚШ-та муниципальдық кеңеске сайлау өткізуде бірмандатты және көпмандатты округтер құрылады. Кеңес мүшелері осы округтер бойынша сайланады. Ұлыбританияда графтар кеңесі мүшелері бірмандатты сайлау округтері бойынша сайланады. Францияда департамент кеңестері мүшелері екі турда өтетін сайлау арқылы сайланады. Италияда жергілікті басқару кеңестерінің мүшелері көпмандатты сайлау округтері бойынша сайланады. Ал, біздің мемлекетімізде мәслихаттарға депутаттар жергілікті округтер арқылы сайланады.
Бұл мемлекеттердің жергілікті өкілді органдарының өкілеттік мерзімдері де әр түрлі болып келеді. Мысалы, Ұлыбританияда–төрт жылға, Францияда–алты жылға, Италияда–бес жылға, Жапонияда–төрт жылға, Түркіменстанда–бес жылға, Беларуссияда–төрт жылға сайланады. Қазақстан Республикасында мәслихат депутаттары–төрт жылға сайланады. Сонымен қатар, бұл органдар саны жағынан әр елде әр түрлі болып келеді. Мысалы, АҚШ-та–5-тен 50-ге дейін, Францияда–9-дан 165-ке дейін, Италияда–15-тен 80-ге дейін, Жапонияда–12-ден 120-ға дейін, Ұлыбританияда–30-дан 70-ке дейін мүшесі болады. Бұл жерде мүшесі деп отырғаным ол–депутаттар. Қазақстан Республикасында–25-тен 50-ге дейін болады.
Бұл аты аталған органдардың негізгі жұмыс түрі отырыс болып табылады. Бұл отырыстар сессиялық тәртіппен өткізіледі. Мысалы, Франция мен Жапонияда сессиялар жылына 4 реттен кем өткізілмейді. Ал, АҚШ-та бір айда 4 ретке дейін өткізіледі. Қазақстан Республикасында кезекті сессия жылына кем дегенде 4 рет шақырылады.  Ал, мәслихаттың кезектен тыс сессиясын өткізу мәслихатқа сайланған депутаттардың көпшілік дауысымен шешіледі. Бұл сессияда көкейкесті мәселелер шешіледі [2].
Енді бір сәт Кеңес одағы кезеңіндегі жергілікті халық депутаттар Кеңесіне тоқтала кетейік. КСРО Конституциясына сәйкес, мемлекеттік биліктің өлкедегі, облыстардағы, автономиялық облыстардағы, автономиялық округтер, аудандар, қалалар, поселкелер мен ауылдық елді мекендердегі органдары болып халық депутаттар Кеңесі табылады (КСРО Конституциясының 145-бабы). Кеңес үкіметінде жергілікті жерлердегі билік органдарының жүйесінің өмір сүруі елдің әрбір бөлігіндегі негізгі мемлекеттік қызметті орындауды қамтамасыз ету қажеттілігінен келіп шықты және мемлекеттік аппаратты еңбекшілер қауымына жақындату, халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге белсенді түрде тікелей қатысуы үшін жағдай жасау, азаматтардың мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатысудағы конституциялық құқығын жүзеге асыруға жағдай жасау болып табылады. Сондықтан да, жергілікті билік органдарының қызметі мен ұйымдастырылу формалары мен принциптері кеңес үкіметінің терең демократияшылдығын білдірді. 1977 жылғы КСРО Конституциясы және соның негізінде қабылданған 1978 жылғы одақтас республикалар мен автономиялық республикалар конституциясы жергілікті билік органдары мен басқарудың мемлекеттік-құқықтық мәртебесін бекітіп, олардың қызметін кеңейтіп, халықпен байланысының демократиялық формаларын күшейте түсті. Жергілікті билік органдарына сайлау туралы заңдар жалпы принципті белгілейді, соған сәйкес жергілікті кеңес депутаттарының саны, сол кеңес территориясындағы халықтың санымен байланысты болады. Сонымен бірге, кеңестің ішінен тұрақты комиссия құру үшін депутаттар санының жеткілікті болуы, сондай-ақ  атқару комитеті депутаттарының сайлау округтерінде жұмыс жүргізу үшін мүмкіншіліктердің сақталуы көзделеді. Атап айтқанда, өлкелік кеңеске-360 депутат, облыстық кеңеске-238 депутат, автономиялық облысқа-227 депутат, автономиялық округ кеңесіне-109 депутат, аудандық кеңеске-82 депутат, қалалық кеңеске-137 депутат, қаладағы аудандық кеңестерге-216 депутат, поселкелік кеңеске-57 депутат, ауылдық кеңеске-33 депутат сайлануы тиіс болған [3].
Жергілікті халық депутаттар кеңесінің өкілеттіктеріне мына төмендегі қызмет аясы жатады: 1) өзінің бүкіл территориясында мемлекттік, шаруашылық және әлеуметтік-мәдени құрылысқа басшылық жасау; 2) экономикалық және әлеуметтік даму мен жергілікті бюджеттің жоспарларын бекіту; 3) өздеріне бағынышты мемлекеттік органдарға басшылық жасау; 4) заңдардың қадағалануын, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету жатады. Жергілікті кеңестердің өкілеттілігі жергілікті кеңестер туралы заңдармен белгіленеді. Олар: жоспарлау, есеп және есеп беру, бюджеттік қаржылық жұмыстар, ауылшаруашылық өнеркәсібі, құрылыс, жоспарлау, құрылыстар, жерді және суды пайдалану, тұрғын үй, коммуналды шаруашылық пен көгалдандыру; көлік және байланыс, сауда мен қоғамдық тамақтану; тұрмыстық қызмет көрсету; білім беру, мәдени-ағартушылық жұмыстар мен ғылым; денсаулық сақтау, денешынықтыру мен спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, халықтық бақылау жүргізу, социолистік заңдылықтарды қамтамасыз ету, мемлекеттік, қоғамдық тәртіп және азаматтардың құқығын қорғау, қорғаныс жұмыстары жатады. Заң актілерінде бекітілген жергілікті кеңестердің қызмет аясының әр түрлі өзіндік ерекшеліктері болады. Ауылдық және поселкелік кеңестер – биліктің ең көп және бұхаралық органы болып табылады. Ауылдық кеңестің қызмет аясының ерекшелігіне оның ауылшаруашылығы, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету саласындағы міндеттері мен құқықтары табылады. Бұл органдар (колхоз, совхоздар) ұжымдар мен кеңшарлар қызметіне бақылау жасайды, олардың жоспарларды орындауын, жерді пайдалану туралы, социолистік меншіктің қорғалу жағдайын бақылайды. Ауылдық кеңестер ұжымдар мен кеңшарларға қоғамдық шаруашылықты дамыту, олардың экономикасын нығайтуға жан жақты көмек көрсететін болған. Поселкелік кеңестер мен қала типтес поселкелік кеңестердің қызмет аясы – коммуналды, әлеуметтік-мәдени және сауда қызметін дамыту бойынша міндеттер тән сипат болып келеді. Аудандық кеңестердің қызмет аясы өте кең, және жан жақты болып келеді. Ауылшаруашылығы – барлық аудандар үшін экономиканың жетекші саласы болып табылады. Аудандық кеңес аудандағы ауылшаруашылық пен агроөнеркәсіп кешендеріне басшылық жасайды. Аудандық кеңестер сондай-ақ жергілікті өнеркәсіп пен халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, мемлекеттің және кооперативті сауда мен қоғамдық тамақтануға басшылық жасайды. Қалалық кеңестер қала тұрғындарына коммуналдық — тұрмыстық, сауда және әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетеді, қала шаруашылығы, жергілікті өнеркәсіп саласындағы міндеттер мен құқықтар қызметіне басшылық жасайды. Аудандық кеңестерге қарағанда қалалық кеңестер қызметінің аясы кең, ол тұрғын үй, коммуналдық және әлеуметтік-мәдени құрылыс жұмыстарын үйлестіреді [4].
Халық депутаттарының қоғамдық кеңестері жергілікті өнеркәсіп, қалалық коммуналдық-тұрмыстық мекемелер мен сауда кәсіпорындарының жұмысына басшылық жасайды. Облыстық, өлкелік кеңестер өздерінің қолдарына өз ведмоствосына қарасты барлық шаруашылық және әлеуметтік-мәдени құрылысқа басшылық жасайды. Сондай-ақ, облыстық, өлкелік кеңестер ауылшаруашылығы мен агроөнеркәсіп кешенінің басқа да салаларына басшылықты жүзеге асырады. Облыстық, өлкелік кеңестер ауылшаруашылығының даму жоспарларын құрайды, ұжымдар мен кеңшарлардың мамандануы бойынша іс-шараларды жүзеге асырады, материалдық-техникалық жабдықтау ісімен айналысады, ауылшаруашылығы өнімдерін сатып алу, суландыру, өндірістік процестерді механикаландыру, еңбекке ақы төлеуді ұйымдастыру жұмысын жүзеге асырады [5].
Жергілікті халық депутаттар кеңесінің сессиялары – заң жүзінде белгіленген тәртіппен шақырылатын кеңестердің мерзімді мәжілістері. Сессияда мәселелерді қарау және шешу кеңестің басқарушы органы ретінде өзіне қарасты шаруашылық, әлеуметтік-мәдени құрылыс саласына ықпалын тигізуді қамтамасыз етеді. Конституцияға сәйкес, жергілікті кеңес сессияларын олардың атқарушы комитеті шақырады. Сонымен бірге сессияны тек атқарушы комитеттің бастамасы бойынша ғана емес, сондай-ақ сол кеңес депутаттарының 1/3 –нің талабы бойынша шақырылады. Сессияға дайындықты атқарушы комитет тұрақты комиссиямен, депутаттармен, қоғам мүшелерімен жүзеге асырады. Сессия жұмысына қаралатын мәселенің сипатына қарай атқарушы комитеттің басқармасы мен бөлімдері де қатысады. Одақтас және автономиялық республикалардың Конституциялары жергілікті кеңестердің сессияда кез келген мәселелелерді қарап, шешім шығаруына жол береді. Сессияда қаралатын мәселелердің тізімі жергілікті кеңестер туралы заңмен белгіленеді. Мұндай мәселелерді үш топқа бөлуге болады: 1) Депутаттық мандат туралы мәселелерді шешу бойынша өкілеттілік: мандаттық комиссияны сайлау, депутаттардың өкілеттігін мойындау, заң жүзінде қарастырылған жағдайларды депутаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселелерді шешу; сессияның төрағасы мен хатшысын сайлау; депутаттардың өздерінің міндеттерін орындағаны туралы хабарламасын тыңдау т.б. 2) Кеңес органын құру бойынша өкілеттілік, олардың қызметін бақылау; атқарушы комитетті сайлау (атқару комитетінің төрағасын, оның орынбасарларын, хатшысын және мүшелерін сайлау) және оның құрамын өзгерту; тұрақты комиссияны сайлау және оның құрамын өзгерту; атқару комитеті мен тұрақты комиссияның жұмысының есебін тыңдау; бөлімдерді құру; халықтық бақылау комитетін құру; атқару комитетіның құрылымы мен штатын бекіту; әкімшілік және қадағалау комиссиясын құру; кәмелетке толмағандардың ісі бойынша  комиссия құру; аудандық халық сотының төрағасын бекіту, облыстық, өлкелік, автономиялық облыс соттарының, ұлттық округ соттарын сайлауды өткізеді және оған бақылау жасайды.
3) Басшылықтың шаруашылық және әлеуметтік-мәдени құрылыстың маңызды мәселелерін шешу бойынша өкілеттігі: экономикалық және әлеуметтік дамудың перспективалық және жылдық жоспарларын бекіту; сайлаушылар талабының орындалуы бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту; бюджеттік орындалуы кезінде алынған қосымша табысты бағыттау шешімдер қабылдау; ұжымдар мен кеңшарларға бөлінген қаржыларды бағыттау туралы шешімдер қабылдау жатады. Жергілікті кеңестердің актісіне шешімдер жатады. Ол шешім кеңес депутаттарының басым көпшілігінің ашық дауыс беруімен қабылданады. Барлық жергілікті кеңестер шешім қабылдауға құқылы.
Жергілікті халық депутаттар кеңесінің  тұрақты комиссиялары – бұл халық депутаттарының жергілікті кеңесінің органы болып табылады. Бұл орган конституциялық нормаларда бекітілген. Жергілікті кеңестер өздерінің тұрақты комиссияларын сайлаудан кейінгі бірінші сессиясында сайлайды. Комиссияның қанша адамнан тұратындығын кеңестің өзі белгілейді. Бірақта, кейбір тұрақты комиссия заңға сәйкес міндетті түрде құрылады. Ол – мандаттық, жоспарлы-бюджеттік, социолистік заңдылық және қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша комиссия болып табылады. Басқа барлық тұрақты комиссиялар шаруашылық және әлеуметтік-мәдени құрылыс; өнеркәсіп, құрылыс, көлік және байланыс, сауда және қоғамдық тамақтану, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, табиғатты қорғау, денешынықтыру, спорт комиссиялары болып құрылады. Жергілікті кеңес комиссияның төрағасын және барлық оның құрамын сайлайды. Ал, төраға мен хатшы сол комиссияның мәжілісінде сайланады. Комиссия міндетіне: кеңесте құрылатын мәселелерді қарау үшін ұсыныстар дайындау, кеңес шешімдерінің орындалуына бақылау жасайды [6].
Жергілікті кеңестердің атқару комитеті. Атқару комитеті әрбір шақырылған кеңестің бірінші сессиясында сайланады. Ол төраға, орынбасар, хатшы және комитет мүшелерінен тұрады. Атқару комитетінің мүшелері 5-7 адамнан 15-25 адамға дейін болады. Атқару комитеті бүкіл ағымдағы жұмысын өзіне қарасты шаруашылық мекемелерді, ұйымдарды басқаруға бағыттайды. Атқару комитеті өзіне тиесілі мәселенің бәрін шешуге міндетті болып табылады. Олардың қызметі жергілікті кеңеске жүктелген міндеттердің бүкіл кешенін жүзеге асыруға тікелей байланысты болып келеді. Сондай-ақ атқару комитеттері кеңес аппаратының жетекші кадрларын таңдап, орналастырады. Жоғары тұрған атқарушы органның маңызды басты қызметіне, өзінен төмен тұрған атқару комитетінің қызметіне басшылық жасап, бақылау жүргізеді.
Жергілікті өкілді органдардың жүйесін облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттар қамтиды.
Мәслихаттарға заңда мынандай міндеттер жүктеледі:
— тиісті аумақтың әлеуметтік және экономикалық даму  бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету;
— жергілікті жерлерде Қазақстан Республикасы  Конституциясының, заңдарының, Парламенттің қаулыларының, Қазақстан  Республикасы  Президенті  мен  Үкіметі  құжаттарының, жоғары тұрған мәслихаттар мен әкімдердің өз құзіреттері шегінде  қабылданған шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;
— Республикалық және жергілікті өкімет органдары арасындағы  байланысты қамтамасыз ету;
— Халықты жергілікті істерді басқаруға қатыстыруды қамтамасыз  ету жүктелген.
Мәслихаттардың құрылу тәртібі және құрамы. Мәслихаттарды құру тәртібі  жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңның 5-бабында  көзделген:
Мәслихаттарды тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің халықы  жалпыға бірдей, тең және төте  сайлау құқықғы негізінде жасырын  дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайлайды. Мәслитхаттың  өкілеттігін заңда көзделген негіздер бойынша Сенат мерзімінен  бұрын тоқтатуды немесе ол өзін-өзі   тарату негізінде тоқтатылуы  мүмкін. Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы  депутат болып тек бір мәслихатқа ғана сайлана алады. Сот әрекетке  қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ соттың үкімі бойынша бас  бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар сайлауға  қатыспайды [7].
Мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсынуды белгіленген тәртіп бойынша тіркелген республикалық немесе жегілікті қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері және өзін-өзі ұсыну жолымен азаматтар жүзеге асырады. Республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлісшелерінің мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуын, әрбір кандидат дауысқа түсетін сайлау округін көрсете отырып, олардың жоғарғы органдары жүргізеді. Қоғамдық бірлестіктердің осы қоғамдық бірлестіктің мүшесі болып табылмайтын адамдарды депутаттыққа кандидат етіп ұсынуға құқығы жоқ. Қоғамдық бірлестік не оның құрылымдық бөлімшесі әрбір сайлау округінде мәслихат депутаттығына бір ғана кандидат ұсына алады. Мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы шешім республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктің, оның құрылымдық бөлімшесінің жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және хаттамадан үзінді көшірмемен ресімделеді. Республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестік жоғарғы органның шешімі: ұсынылған кандидаттың назарына жеткізіледі. Кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге тиісті округтік сайлау комиссиясына жіберіледі. Азаматтардың мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуы өзін-өзі ұсыну тәртібімен тиісті округтік сайлау комиссиясына осы аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш беру жолымен жүргізіледі; Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсыныла алмайды. Сайлау тағайындалған кезде өзгеше белгіленбесе, депутаттыққа кандидаттар ұсыну, сайлау күнінен екі ай бұрын басталып, сайлау күніне бір ай қалғанда аяқталады. Егер кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған күні тиісті сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына екіден кем кандидат тіркелген жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы тиісті округтік сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша кандидаттар ұсынуы мерзімінен жиырма күннен аспайтын мерзімге ұзартады. Округтік сайлау комиссиясы үш күн ішінде кандидаттың Конституция мен осы Коституциялық заңда өзіне қойылған талаптарға сәйкестігін анықтайды.
Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу. Депутаттыққа кандидаттарды тіркеуді округтік сайлау комиссиялары жүзеге асырады. Қоғамдық бірлестіктен ұсынылған кандидатты тіркеу мынадай құжаттар: 1) қоғамдық бірлестіктің жоғары органының, осы қоғамдық бірлестіктің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі тіркеле отырып, тиісті сайлау округі бойынша кандидат ұсыну жөніндегі отырысы хаттамасының үзіндісі; 2) азаматтың өзін ұсынған қоғамдық бірлестіктен осы сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат болып дауысқа тұсуге келісімі туралы өтініш; 3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер бар болған ретте жүргізіледі.
Өзін-өзі ұсынған жағдайда кандидатты тіркеу мынандай құжаттар: 1) осы сайлау округі бойынша кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш; 2) кандидат туралы өмірбаяндық деректер. Тіркеуге мәслихат депуттағына кандидаттардың кез келген саны ұсынылады.Мәслихат депутаттығына кандидаттар тіркеу туралы округтік сайлау комиссиясы хаттама жасайды, ол бес күн мерзім ішінде тиісті аумақтық сайлау комиссиясына табыс етіледі [8].
Округтік сайлау комиссиясы: Кандидаттарды тіркегеннен кейін жеті күннен кешіктірілмей жергілікті баспасөз құралдарына әр кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, атқаратын қызметін (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін, сондай-ақ кандидаттың өз қалауына қарай оның қоғамдық бірлестікке қатыстылығы мен ұлты туралы мәліметтерді көрсете отырып тіркеу туралы хабар жариялайды. Тіркеген кезде кандидаттарға тиісті куәліктер береді.
Мынандай жағдайларда:
— Кандидат ұсыну ережелерін бұзған, тіркеу үшін қажетті құжаттарды табыс еспеген;
— Кандидат Конституцияда және осы Коституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;
— Кандидат өзінің сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;
— Кандидат сайлау алдындағы үгітті өзін тіркегенге дейін, сайлау күні не соның алдындағы күні жүргізген;
— Кандидаттың немесе оның сенім білдірілген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірілген, оның іскерлік беделін түсіретін жалған мәліметтерді таратқан фактісін сот анықтаған;
— Сот кандидат пен оның сенім білдірілген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін анықтаған;
— Осы Конституциялық заңда белгілеген өзге де жағдайларда кандидатты тіркеуден бас тартады немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына сәйкес кандидаттың немесе оның жұбайының декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыс еместігі анықталғанда кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды. Тіркеуден бас тартуға немесе тіркеудің күшін жоюға қатысты кандидаттар тиісті сотқа шағым жасай алады. Дауыс беретін күнге екі күн қалғанда кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жойуға немесе бұған дейін тіркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейді. Кандидатты тіркеуден бас тартуға немесе тіркеу туралы шешімнің жойылуына қоғамдық бірлестік немесе кандидаттың өзі аумақтық сайлау комиссиясына немесе сотқа жеті күн мерзім ішініде шағым бере алады. Бұл ретте аумақтық сайлау комиссиясы немесе сот шағым берілген  күннен бастап  жеті күн мерзім ішінде шешім шығарады. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу, егер сайлау тағайындалған  кезде өзгеше белгіленбесе, сайлау күнінен екі ай бұрын басталып, сайлау күніне жиырма бес күн қалғанда аяқталады.
Кандидатурасын алып тастау, мәслихат депутаттығына кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күшін жою. Мәслихат депутаттығына кандидат тіркеу дейінгі және одан кейінгі уақытта бұл туралы округтік сайлау комиссиясына жазбаша өтініш бере отырып, өз кандидатурасын қайтып ала алады. Республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктің, қоғамдық бірлестіктің құрылымдық бөлімшесінің жоғары органы тіркеуге дейінгі және одан кейінгі уақытта округтік сайлау комиссиясына тиісті ұсыныс беріп, мәслихат депутаттығына кандидат ұсыну туралы шешімнің күшін жоя алады. Мұндай жағдайларда округтік сайлау комиссиясы кандидатты тіркемейді немесе кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды. Егер кандидатурасын алып тастау немесе кандидатты ұсыну туралы шешімнің күшін жою осыған мәжбүр ететін себептерсіз жүргізілген болса, онда округтік сайлау комиссиясы сайлау науқанын өткізуге республикалық бюджеттен жұмсалатын қаражаттың бір бөлігін кандидаттың немесе оны ұсынған тиісті қоғамдық бірлестіктің есебіне жатқызуға хақылы.
Тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну. Тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін кандидаттардың шығып қалуы нәтижесінде тиісті сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына екіден кем кандидат қалған жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы тиісті округтік сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша өз шешімімен сйлау мерзімін ұзартады, бірақ ол екі айдан аспауға тиіс. Мұндай жағдайда мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну осы Конституциялық заңда белгіленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Мәслихаттар депутаттарының қайта сайлауы мен шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауын өткізу. Мәслихаттар депутаттарының қайта сайлауы мен шығып қалғандарының орнына депутаттар сайлауы осы Конституциялық заңда мәслмихаттар депутаттарының кезекті сайлауы үшін белгіленген ережелерге сәйкес өткізіліледі. Бұл реттте сайлау шараларын өткізу мерзімін тиісті аумақтық сайлау комиссиясы белгілейді. Мәслихат өкілеттігінің конституциялық мерзімінің аяқталуына бір жыл қалғанда шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткізілмейді.
Мәслихаттар депутаттарын қайта сайлау. Егер сайлау жарамсыз деп танылса аумақтық сайлау комиссиясы қайта сайлау өткізу жөнінде шешім қабылдайды. Дауыс беру сол сайлау учаскелерінде бастапқы сайлауды өткізу үшін жасалған сайлаушылар тізімдері бойынша өткізіледі. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейін екі ай мерзімнен кешіктірілмей өткізіледі. Қайта сайлауда жүзеге асыру көзделген сайлау шаралары осы Конституциялық заңда белгіленген  ережелерге  сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте сайлау шараларының қысқартылған мерзімін аумақтық сайлау комиссиясы белгілейді [9].
Мәслихаттар депутаттары сайлауының қорытындыларын анықтау және жариялау. Мәслихаттар депутаттары сайлауының қорытындыларын тиісті аумақтық сайлау комиссиялары сайлау өткізілген күннен бастып бес күн мерзімнен кешіктірмей анықтайды. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар басқа кандидаттарға қарағанда көп дауыс берген кандидат мәслихаттың сайланған депутаты болып есептеледі. Мәслихат депутаттары сайлауы қорытындыларын анықтау мен жариялауға байланысты басқа мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлімінде белгіленген ережелерге  сәйкес шешіледі.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     Мәслихаттар  депутаттары  сайлауын  тағайындау.
Мыналар:
— мәслихаттар  өкілеттігінің конституциялық мерзімінің аяқталуы заңда  белгіленген жағдайларды қоспағанда кезекті сайлауды;
— мәслихаттар өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқталуы кезектен тыс сайлауды;
— депутат өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқталуы, оны мандатынан айыру не оның қайтыс болуы шығып қалғандардың орнына депутат сайлауын тағайындау үшін негіз болып табылады.
Мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттардың өкілеттік мерзімінің аяқталуынан кемінде үш ай бұрын тағайындайды және ол мәслихаттар өкілеттігінің конституциялық мерзімінің аяқталуына кемінде бір ай қалғанда өткізілуге тиіс. Өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын Орталық сайлау комиссиясы мәслихат өкілеттігін  мерзімінен бұрын тоқтату туралы Сенат шешімінің негізінде тағайындайды және ол мәслихаттар өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен  бастап екі айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар және республика астанасының) сайлау комиссиясы депутаттың мандаты мерзімінен бұрын тоқтатылған және одан айырылған  не ол қайтыс болған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей тағайындалады. Барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауы бір мезгілде өткізіледі және мерзімі жөнінен Президент сайлауына, Парламент Сенаты сайлауына тұспа-тұс келмеуге тиіс [10].
Сайлау күні туралы хабар бұхаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Сайлау  туралы  Жарлықтың  9-бабының  2-тармағына  сәйкес  мәслихаттардың  депутаттарын  сайлау  кезінде  дауыстарды  есептеудің  мынандай  жүйесі  қолданылады:
— егер  дауыс  беруге  сайлаушылардың  50 пайызынан  астамы  қатысса, сайлау  болып  өтті  деп  есептеледі;
— егер  дауыс  беруге  қатысқан  сайлаушылардың  50 пайызынан  астамы  кандидатурасын    жақтап  дауыс  берсе, ал  қайталап  дауыс  берген  жағдайда – басқа  кандидатпен  салыстырғанда  дауыс  беруге  қатысқан  сайлаушылар  дауысының  көпшілік  санын  алса, кандидат  сайланды  деп  есептелінеді;
— сайлауда  бір  кандидат  дауысқа  түскен  жағдайда, егер  дауыс  беруге  қатысқан  сайлаушылардың  кемінде  50 пайызы  кандидатураны  жақтап  дауыс  берсе, ол  сайланды  деп  есептеледі;
— мәслихат  депутаттарының  санын  Қазақстан  Республикасының  Орталық  сайлау  комиссиясы  мынандай  шектерде  белгілейді:  14 облыстық  мәслихаттардың, Астана  және  Алматы  қалалық  мәслихаттарының  әрқайсысында – 50-ге  дейін; әр  қалалық  мәслихаттарда – 30-ға  дейін; әр  аудандық  мәслихаттарда – 25 депутатқа  дейін  болады.
Мәслихаттар депутаттарын тіркеу. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы округтік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайланған мәслихаттар депутаттарын тіркейді. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы округтік сайлау комиссиясының ұсынысы немесе азаматтардың арыздары бойынша, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не сайлау нәтижелерін анықтау кезінде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, мәслихат депутаты сайлауын жарамсыз деп тануы және мәслихат депутатын тіркеуден бас тартуы мүмкін. Бұл орайда мәслихат депутаттығына кандидаттар аумақтық сайлау комиссиясының осы шешіміне оның қабылданған күннен бастап он күн ішінде сотқа шағым бере алады, ол он күн ішінде шешім қабылдайды. Мәслихат  депутаттарын  сайлау  Қазақстан  Республикасның  сайлау  туралы  заңдарымен  регламенттеледі [11].
Мәслихаттың  өкілеттігі  бірінші  сессия  ашылған  кезден  басталады  және  жаңадан  сайланған  мәслихаттың  бірінші  сессиясының  жұмысы  басталғанда  аяқталады. Әкімшілік-аумақтық  бөлініс  қайта  ұйымдастырылған  (біріккен, қосылған, қайта  құрылған, бөлініп  шығарылған  немесе  бөлінген)  жағдайда  жаңадан  сайланған  мәслихат  сессиясының  жұмысы  басталғанға  дейін  мәслихат  депутаттары  өз  өкілеттігін  сақтайды  және  құрамына  өз  сайлаушыларының  басым  бөлігі  кірген, қайта  ұйымдастырылған  мәслихаттардың  депутаттары  болып  табылады. Әкімшілік-аумақтық  бөлініс  таратылған  жағдайда  тиісті  мәслихат  таратылады. Мәслихаттың  заңды  тұлғаға  құқығы  болмайды.    Мәслихат өзінің қызметтік сипаты жағынан жергілікті  тұрғындардың мұң-мұқтажына байланысты көптеген мәселелерді  шешуге бел байлайтын халықтың кең тараған өкілді органы, сондықтан да болар бір табан болса да халыққа жақын  тұратындығы. Мәслихаттар күнделікті қызметінде шаруашылық, тұрмыстық, мәдени, меншікті, қоғамдық тәртіпті, заңдылықты, азаматтардың  заңды құқықтарын қорғау, еліміздің қауіпсіздігін күшейту  мәселелерімен айналысады. Сөйтіп Қазақстан Республикасының  мемлекеттік функциясын іс жүзіне асыруға халықты кеңінен  қатыстырушы әкімшілік-аумақтық бөліністердегі өкілді  орган болып  табылады. Жергілікті өкілді органдар өз міндеттерін жүзеге атқару үшін аппарат құрады, оның құрылымы мен сан құрамы өкілді орган  буынының деңгейіне, оның орындайтын жұмысының сипаты мен  көлеміне, сондай-ақ өндірістің инфрақұрылымы мен әр түрлі  салаларының жәй-күйі мен дамуына байланысты болады. Әрине,  осындай қыруар жұмысты мәслихат өз аппараттарымен жүзеге  асырады.
Мәслихат аппараты дегеніміз, бұл тиісті  мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін  қамтамасыз ететін, әрі жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мекеме. Ол мәслихат пен оның органдарын  ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техниклық және  өзгеде қамтамасыз етуді жүзеге асырады, депутаттарға өздерінің  өкілеттігін жүзеге асыруға көмектеседі. Мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Мәслихаттың өкілеттік мерзімінің аяқталуымен, мәслихат өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің қызметі тоқтатылмайды.
Мәселен, мәслихаттардың аппараты әдетте мыналардан тұрады:
— хатшы;
— тексеру  комиссиясының  төрағасы;
— ұымдастыру  бөлімі;
— кеңесшілер  (консультанттар);
— консультант-ұйымдастырушы;
— референттер.
Мәслихаттар аппаратының құрылымында хатшы өзекті тұлға  болып табылады, өйткені ол мәслихаттың қызметін ұйымдастыру  мен қамтамасыз ету жөніндегі бүкіл ағымды жұмысты орындап  отырады.
Мәслихаттың  хатшысы – мәслихатта тұрақты негізде жұмыс  істейтін және оған есеп беріп отыратын лауазымды адам болып  табылады. Оны мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан  ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы  санының көпшілік дауысымен мәслихат сайлайды және қызметтен  босатады. Мәслихаттың хатшысы мәслихат өкілеттігі мерзіміне  сайланады. Мысалы, Түркістан қаласы мәслихатының хатшысы Таскүл Махмутова. Мәслихат хатшысын сайлау және оны қызметінен  босату  туралы ұсыныстарды енгізу тәртібі мәслихаттың регламентімен  белгіленеді. Мәслихат хатшысы лауазымына кандидатураларды  мәслихат депутаттары мәслихат сессиясында ұсынады. Мәслихат  хатшысының өз өкілеттігін өз еркімен доғаруы оның өтініші  бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Мәслихат хатшының жұмыстан  кетуін қабылдамаған жағдайда хатшы өз өкілеттігін өтініш берген  уақыттан кейін екі ай өткен соң доғаруға құқылы. Мәслихат  хатшысы болмаған жағдайда оның өкілеттігін мәслихат сессиясы  төрағасының өкімі бойынша сол мәслихаттың тұрақты  комиссиялары біреуінің төрағасы уақытша жүзеге асырады. Жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңының 19-бабының
3-тармағына сәйкес мәслихат хатшысына мынандай өкілеттік  берілген:
Мәслихат  хатшысы:
— мәслихат  сессиясынның  өткізілетін  уақыты  мен  орнын, сондай-ақ  оның  күн  тәртібінің  жобасын  депутаттарға, әкімшілік  басшысына  және  халыққа  жеткізіп  отырады;
— мәслихаттың  сессиясын  және  мәслихаттың  қарауына  енгізілетін  мәселелерді  дайындауды, сессияның  хаттамасын  жасауды  қамтамасыз  етеді  және  сессияның  төрағасымен  бірге  мәслихаттың  қаулысы  мен  сессияның  хаттамасына  қол  қояды;
— мәслихат  депутаттарына  лардың  өз  өкілеттігін  жүзеге  асыруына  көмек  көрсетеді, олардың  қажетті  ақпараттармен  қамтамасыз  етілуін  ұйымдастырады, депутаттарды  мәслихатта, оның  органдары  мен  сайлау  округтерінде  жұмыс  істеу  үшін  қызметтік  немесе  өндірістік  міндеттерін  орындаудан  босатуға  байланысты  мәселелерді  қарайды;
— сессияның  барысында  жергілікті  әкімшілік, оның  органдары,
кәсіпорындар, мекемелер  мен  ұйымдар  басшыларының  атына  келіп  түскен  депутаттық  сауалдары  мен  үндеулерінің  қаралуына  бақылау  жасайды;
— мәслихаттың  тұрақты  және  өзге  де  комиссияларының, депутаттықтоптардың  қызметін  үйлестіреді;
— мәслихат  аппаратының  құрылымын  мәслихаттың  бекітуіне  енгізеді, оның  жұмысына  басшылық  етеді, оның  қызметкерлерін  қызметке  қабылдап, қызметтен  босатады;
—  халық  пен  және  меншік  нысандарына  қарамастан  ңбек  ұжымдарымен, кәсіпорындармен, мекемелермен  және  ұйымдармен   мәслихат  атынан  байланыс  жасап  отырады;
— мәслихатқа  сайлаушылардан  түскен  ұсыныстар, тілектер  мен  хаттар  туралы  қорытылған  деректерді  үнемі  беріп  отырады;
— мәслихаттың шешімдеріне сәйкес азаматтардың аса маңызды  мәслихат шешімдерінің жобаларын, сондай-ақ жергілікті, республикалық маңызы бар мәселелерді талқылауын қамтамасыз  етеді, мәслихаттарда азаматтарды қабылдауды, олардың өтініштерін, арыздар мен шағымдарын қарауды ұйымдастырады;
—  заңдарға  сәйкес  сайлауды  ұйымдастыру  және  депутаттардың  өкілеттігін  мерзімінен  бұрын  тоқтату  мәселелерін  қарайды;
— заңдарда  көзделген  жағдайларда  сотқа  жіберілетін  талап  арыздарына  мәслихаттың  атынан  қол  қояды;
— мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды  белгілейді;
—  мәслихат  шешімі  бойынша  өзге    де міндеттерді  жүзеге  асырады. Мәслихат хатшысының мәслихаттың тұрақты комиссияларында  болуға құқығы жоқ. Жалпы алғанда мәслихатқа немесе оның  органдарына тиесілі құқықтарды, міндеттерді хатшыға беруге  болмайды [12].
Мәслихатты  ұйымдастыру  мен  оның  қызметінде  мәслихаттың  тексеру  комиссиясының  төрағасы  маңызды  рол  атқарады. Мәслихаттың  тексеру  комиссиясы. Мәслихат  жергілікті  бюджеттің  атқарылуын бақылау үшін өз өкілеттігі мерзімінетексеру  комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерінің санын  мәслихат белгілейді. Тексерулер мәслихаттың, тексеру  комиссиясының не мәслихат хатшысының шешімдерімен, мәслихаттың сайланған депутаттары санының кеміндеүштен бірінің  талап етуі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасның  заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда жүргізілуі мүмкін. Тексеру нәтижесі бойынша тексеру комиссиясы акт жасап, ол  туралы мәслихат пен әкімиятқа хабарлайды. Тексеру жылына  кемінде бір рет жүргізіледі. Тексеру комиссиясының өкілеттігі мен  жұмыс тәртібі мәслихат регламентімен белгіленеді.
Тексеру комиссиясы төрағасын мәслихат депутаттары арасынан  сайлайды және ол өз міндетін басқа жұмыстан босатылған негізде  атқарады. Ол жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау үшін  мәслихат құратын мәслихаттың тексеру комиссиясына басшылықты  жүзеге асырады. Комиссия мәслихаттың өкілеттік мерзіміне  құрылады. Мысалы, Түркістан қаласы мәслихатының тексеру комиссиясының төрағасы Құрманыов Әбілғазы. Сан құрамын мәслихат белгілейді. Тексеру  комиссиясының жұмысына мәслихат депутаты емес адамдар да  шарт  негізінде тартылуы мүмкін. Тексеру комиссиясы өз қалауы бойынша (бірақ  жылына  бір  реттен кем емес) кез келген уақытта тексеру жүргізіп отырады. Тексеру мәслихаттың не оның хатшысының шешімі бойынша, сондай-ақ, мәслихатқа сайланған депутаттардың жалпы санының  кемінде 13 бөлігінің талап етуімен жүргізілуі мүмкін. Тексеру  комиссиялары тексеруді мемлекеттік қаржылық бақылау  органдарымен бірлесіп те жүргізе алады. Тексерудің нәтижелері  туралы   мәслихатқа   және    әкімшіліктің  басшысына  хабарланады.
Мәслихаттың  шешімі  бойынша  тексеру  тексеру  комиссиясының  мүшелері  де  өз  міндеттерін  басқа  жұмыстан  босатылған  негізде  жүзеге  асыра  алады.
Мәслихат аппаратының құрылымында ұйымдастыру бөлімі  өзекті  орын  алады. Оның қызметіндегі негізгі бағыттар мыналар болып  табылады:
1) мәслихаттың, оның тұрақты комиссиялары  мен  депутаттарының  дәл және дұрыс жұмыс істеуін ұйымдық жағынан қамтамасыз ету, мәслихаттың бүкіл ұйымдық-бұхаралық жұмысының жай-күйін  жақсарту;
2)    белгілі бір мәслихатқа және төменгі мәслихаттар мен олардың  ұйымдастырушылық жұмыста көмек көрсету;
3)    мемлекеттік құрылыстың, ұйымдық-бұхаралық жұмыстың  озық тәжірибиесін зерделеу, жинақтау және қортыту, оны  насихаттау және тарату;
4)    қоғамдық өзін-өзі басқаруды дамытуға көмектесу;
5)    мәслихат пен парламент сайлауына дайындалуға,  әкімшілік-аумақтық бөлініс мәселелерін дайындауға қатысу,  кадрлардын  біліктігін зерделеуге,  оларды орналастыру мен жоғарылатуға  байланысты міндеттерді атқару.
Сонымен, мәслихат аппаратының құрылымдық бөлімшелердің  оның  жұмыс істеуіндегі ролі өте маңызды әрі елеулі. Оның құрылуы  мәслихаттар міндеттерінің көлемі мен сипатына байланысты. Бұл  аппараттың мынандай ерекшеліктері  бар: оның  жергілікті  өкілді  органдардың міндеттері мен өкілеттігін жүзеге асыруға қатысуы  функционалдық сипатта болады; ол ұйымдастырушылық-әдістемелік  және ұйымдық-бұхаралық жұмысқа, заңдылықты бақылау мен  қабылданған шешімдердің орындалуын тексеруге жәрдемдеседі; оған  мәслихаттарға заңдық, ұйымдық-техникалық, шаруашылық ықзмет  көрсету жүктелген; бұл аппараттың буындары мәслихат  органдарының, кәсіпорындардың, мекемелердің  және  азаматтардың  атына міндетті құқықтық актілер  шығару құқығын пайдаланбауды, оның қарамағында қандай да бір объектілер, банкте шоттары  болмайды; мұндай аппараттың қызметтік сипаты оның тек қана  көлбеу  бойынша – тиісті мәслихаттың хатшысына бағынуын  анықтайды.
Жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңның  4-бабында мәслихаттар мен әкімияттар үшін белгіленген негізгі  талаптар мен шектеулер тізімі көрсетілген:
Мәслихаттар  мен  әкімияттар  өз  қызметінде:
1)    жалпы мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатқа, қаржы және  инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтін шешімдердің  қабылдануына жол бермеуге;
2)    ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан  Республикасының мүдделерін сақтауға;
3)    қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларындағы белгіленген  жалпы мемлекеттік стандарттарды ұстануға;
4)    азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын  қамтамасыз етуге міндетті [13].
Мәслихаттар мен әкімияттарға Қазақстан Республикасының  шегінде бірыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны  қалыптастыруға, тауарлар мен қызмет көрсетуде еркін алмасуға  кедергі келтіретін шешімдер қабылдауға тиым салынады. Мәслихаттар мен әкімияттар қабылдайтын аумақты дамыту  жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық даму  жоспарларына сәйкес келуге тиіс.

§2. Жергілікті өкілді органдардың жұмысын ұйымдастыру

Мәслихат өз өкілеттігін сессияларда тұрақты комиссиялары мен  өзге де органдары, мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихаттың  депутаттары мен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының  заңдарында белгіленген тәртіпте жүзеге асырады. Мәслихат  қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады, онда  мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешіледі. Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісі  сессияға қатысса, мәслихат сессиясы заңды болып есептеледі.
Мәслихат:
1)    мәслихат сессиясының төрағасын, мәслихат хатшысын  сайлайды және қызметінен босатады, олардың есептерін тыңдайды;
2)    мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын  құрады, олардың төрағаларын сайлайды және  қызметінен босатады, олардың жұмысы туралы есептерді тыңдайды;
3)    мәслихаттың қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды  айқындайды, тексеру комссиясының актілерін бекітеді;
4)    заңдарда белгіленген адам саны мен қаражат лимиті шегінде  мәслихат аппаратының құрылымын бекітеді және оны ұстауға әрі  материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған  шығыстарды айқындайды. Мәслихат аппараты мемлекеттік  қызметшілерінің штат саны мен лимиті тиісті мәслихат  депутаттарының саны негізге алынып, бес депутатқа бір қызметкер  қатынасында, бірақ бес адамнан кем емес болып белгіленеді;
5)      мәслихаттың регламентін бекітеді;
6)    депутаттардың сауалдарын қарайды және олар бойынша  шешімдер қабылдайды;
7)    өз жұмысын ұйымдастыру жөнінде өзге де шешімдер  қабылдайды [14].
Мәслихаттар жұмысының осы нысанынан олардың өкілді  мемлекеттік өкімет органдары ретінде  сапасы толық көрінеді. Мәслихаттар – ұжымдық басшылық органдары. Сондықтан олар  өздерінің қарауына жатқызылған ең маңызды мәселелерді сессияға  үнемі жинала отырып қана қарап, шеше алады. Сессиялар  депутаттар мен олар өкіл болып отырған сайлаушылардың  тәжірибесі  мен пікірін жан-жақты ескеруге, халықтың мүдделеріне, қоғамның  әлеуметтік және экономикалық дамуының қоғамдық қажеттеріне  сай келетін шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Мәслихат  сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу, оларға  мәселелерді енгізу және қарау, мәслихат органдарын құру және  сайлау, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, депутаттардың  сауалдарын қарау тәртібі, сондай-ақ дауыс беру тәртібі, аппарат  жұмысын ұйымдастыру, басқа да рәсімдік және ұйымдастыру  мәселелері сессияда бекітілетін мәслихаттың регламентінде  белгіленеді.
Мәслихат  сессиясы – мәслихаттың өздері үшін ортақ бір күн  тәртібі бар, бірінен кейін бірі болатын отырыстар болып табылады. Мәслихат сессиясы – мәслихат қызметінің негізгі нысаны. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы қолданыстағы  заң сессиялар ұғымы мен практикасын байытты. Енді сессиялар  мәслихаттың жай ғана жиналыс немесе отырысы ретінде  емес, қайта, күн тәртібіндегі мәселелердің жан-жақты және іскерлікпен  талқыланып шешілуіне бағытталған шаралар кешенін қамтитын күрделі құбылыс ретінде қарастырылады. Аталған Заңның  13-бабында  мәслихаттың сессиясы тұрақты комиссиялардың  жалпы  күн тәртібімен біріктірілген жалпы отырыстары нысанында  өткізіледі  деп баянды етілген.
Мәслихат сессиясы – оның ұйымдастырушылық, құқықтық қызметінің ең басты және нысаны. Сессияда  мәслихаттың айрықша құзіретіне қатысты және жергілікті   шаруашылық,  әлеуметтік мәдени т.б. маңызды мәселелер қаралып шешіледі.  Шешімдер мәслихаттың атынан тек сессияда ғана қабылданады, ол үшін оның  депудаттарының жалпы санының  көпшілік саны  қажет.  Ал енді мәслихат сессиясы заңды болу үшін оған сайланған депудаттар санының кемінде үштен екісі  қатысса  жеткілікті.  Сессия жалпы отырыс нысанында өткізіледі. Оның  бірінші сессиясын тиісті сайлау комиссиясының төрағасы ашады.
Мәслихат  сессиясын  шақыру  тәртібі. Жаңадан  сайланған  бірінші  сессиясын  осы  мәслихат  үшін  белгіленген  депутаттар  санының  кемінде  төрттен  үші  болған  ретте, мәслихат  депутаттары  тіркелген  күннен  бастап  отыз  күн  мерзімінен  кешіктірілмей, тиісті  аумақтық  сайлау  комиссиясының  төрағасы  шақырады. Мәслихаттың  кезекті  сессиясы  кемінде  жылына  төрт  рет  шақырылады  және  мәслихат  сессиясының  төрағасы  жүргізеді. Мәслихаттың  кезектен  тыс  сессиясын  осы  мәслихатқа  сайланған  депутаттар  санының  кемінде  ұштен  бірінің, сондай-ақ  әкімнің  ұсынысы  бойынша  мәслихат  сессиясының  төрағасы  шақырады  және  жүргізеді. Кезектен  тыс  сессия  оны  өткізу  туралы  шешім  қабылданған  күннен  бастап  бес  күн  мерзімнен  кешіктірілмей  шақырылады. Кезектен  тыс  сессия  оны  шақыруға  негіз  болған  ерекше  мәселелер  қаралуы  мүмкін. Мәслихат  хатшысы  мәслихат  сессиясын  шақыру  уақыты  мен  өткізілетін  орны  туралы, сондай-ақ  сессияның  қарауына  енгізілетін  мәселелер  туралы  депутаттарға, халыққа  және  әкімге сессияға  кемінде  он  күн  қалғанда, ал  кезектен  тыс  сессия  шақырылған  жағдайда  кемінде  үш  күн  бұрын  хабарлайды. Мәслихат  хатшысы  сессияның  қарауына  енгізілетін  мәселелер  бойынша  қажетті  материалдарды  депутаттарға  және  әкімге сессияға  кемінде  бес  күн  қалғанда, ал  кезектен  тыс  сессия  шақырылған  жағдайда  кемінде  үш  күн  қалған  жағдайда  табыс  етеді.
Мәслихаттың  сессиясын  өткізу  тәртібі. Мәслихат  сессиясы  жалпы  отырыс  нысанында  өткізіледі. Мәслихаттың  бірінші  сессиясын  тиісті  сайлау  комиссиясының  төрағасы  ашады  және  мәслихат  сессиясының  төрағасы  сайланғанға  дейін  жүргізеді. Одан  әрі  мәслихат  сессиясын  мәслихат  сессиясының  төрағасы  жүргізеді. Егер  мәслихат  депутаттары  жалпы  санының  кемінде  үштен  екісі  мәслихат  сессиясына  қатысса,  ол  заңды  болады. Шешімдер  мәслихат  депутаттары  жалпы  санының  көпшілік  дауысымен  қабылданады. Сессия  жұмысында  мәслихат  шешімі  бойынша  мәслихат  белгіленген  он  бес  күнтізбелік  күннен  аспайтын  мерзімге  үзіліс  жасалуы  мүмкін. Сессияның  ұзақтығын  мәслихат  белгілейді. Мәслихат  сессиялары, әдетте, ашық  сипатта  болады. Мәслихат  сессиясы  төрағасының  немесе  мәслихат  сессиясына  қатысып  отырған  депутаттар  санының  үштен  бірінің  ұсынысы  бойынша  қабылданатын  мәслихат  шешімімен, егер  қатысып  отырған  депутаттардың  жалпы  санының  көпшілігі  осы  үшін  дауыс  берсе,    жабық  сессиялар  өткізуге  жол  беріледі. Мәслхат  сессиясы  төрағасының  шақыруы  бойынша  жергілікті  атқарушы  органдар  басшылары, тиісті  әкімшілік-аумақтық  бөлініс  аумағында  орналасқан  ұйымдарының  басшылары  мен  өзге  де  лауазымды  адамдарды  мәслихаттың  құзырына  жататын  мәселелер  бойынша  ақпараттар  беру  үшін  мәслихат  сессиясына  келуге  міндетті.
Мәслихат сессиясының төрағасы. Жергілікті мемлекеттік басқару  туралы заңының 1-бабының 5-тармағында мәслихат сессиясының  төрағасына былай анықтама берілген, мәслихат сессиясының  төрағасы – мәслихат депутаттарының арасынан сайланатын, оның  сессиясында ұйымдастырушылық-билік қызметін жүзеге асыратын, мәслихаттың лауазымды адамы- делінген. Мәслихат сессиясының  төрағасы ашық дауыс беру арқылы мәслихат депутаттары жалпы  санының көпшілік дауысымен сайланады. Мәслихат сессиясының  төрағасын сайлау тәртібі мәслихат регламентінде белгіленеді.
Мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы мәслихаттың алдыңғы  сессиясында сайланады. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда  оның өкілеттігін мәслихат хатшысы жүзеге асырады. Мәслихат  депутаты мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтізбелік жыл  ішінде екі реттен артық сайлана алмайды.
Мәслихаттың  сессияның  төрағасы:
1)    мәслихат  сессиясын шақыру  туралы шешім  қабылдайды  және  сессия  мен  оның  қарауына  енгізілген  мәселелердің  әзірленуіне  басшылықты  жүзеге  асырады;
2) мәслихат  сессиясын әзірлеуге  басшылық жасауды жүзеге  асырады, сессияның  күн  тәртібін  қалыптастырады;
3) мәслихат  сессиясының  отырысын жүргізеді, мәслихат  регламентінің  сақталуын  қамтамасыз етеді;
4) мәслихаттың  сессиясында  қабылданған немесе бекітілген  мәслихаттың  шешіміне, хаттамаларға, өзге де құжаттарға  қол қояды.
5) мәслихат  сессиясының төрағасы өз қызметін басқа  жұмыстан  босатылмаған негізде  жүзеге асырады. Мәслихат  сессиясында дауыс беру  кезінде  депудаттардың дауысы тең  бөлінген  жағдайда,  мәслихат сессиясының төрағасы  шешуші дауыс құқығын пайдаланады [15].
Сессия төрағасы өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады. Мәслихаттың сессиясын оның төрағасы шақырады. Кезекті  сессиялар жылына кем дегенде төрт рет шақырылады. Кезектен тыс  сессиялар тиісті мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде  13 бөлігінің, сондай-ақ жергілікті әкімшіліктің бастамасы бойынша  екі апта мерзімінен кешіктірілмей шақырылады. Сессияны шақыру  туралы ұсынысты талқылауға ұсынылатын мәселелер болуға тиіс. Сессияның күн тәртібіне ұсыныстарды сессияның төрағасына  төменгі мәслихаттар, жоғары тұрған өкімет және басқару  органдары, поселке, ауыл, село, ауылдық (селолық) округ азаматтары  өкілдерінің жиналыстары, қоғамдық бірлестіктер табыс ете алады. Сессияның күн тәртібі  оны талқылау кезінде толықтырылуы және  өзгертілуі мүмкін. Оның бекітілуі туралы мәслихат қаулы  қабылдайды. Мәслихаттың  сессиялары  мен  оның  органдарының  отырыстары  әдетте  жария  жүргізіледі  және  ашық  сипатта  болады. Бірақ мәслихат пен оның  органдары жабық отырыс өткізу  туралы көпшілік дауыспен шешім  қабылдауға құқылы. Жергілікті  әкім  немесе оның орнындағы адам мәслихатпен оның  органдарының кез келген, оның ішінде жабық жабық  отырыстарына  қатысуға құқылы. Сессия жұмысының барысы, онда қабылданған  шешімдер туралы халыққа жергілікті  бұхаралық ақпарат құралдары  жеті күн мерзімнен кешіктірмей хабарлайды. Мәслихаттардың  сессияларына кеңінен талдау жасау мемлекеттік өкімет органдары  жұмысының бұл нысанын жетілдіру үшін қосымша мүмкіндіктер  ашты. Оның шеңберінде істің жайын зерттеу үшін жергілікті  жерлерге ұжымдасып баруы жүзеге асырылады, баяндамашылар  болмайтын, көшпелі, бірлескен, техникалық ақпарат құралдары  пайдаланылатын сессиялар таралып отыр. Қазір депутаттар  мәселелерді талқылау мен шешу кезіндегі бірауыздылық  кешенінен  біртіндеп арылып келеді, ал бұрын мүлтіксіз жұмыс істеп келген  қолдаймыз және мақұлдаймыз ұраны қазір барлық уақытта бірдей  өте бермейді. Әрине, біржағынан бұл да дұрыс шығар. Мәслихаттардың құзіретін іске асыруда олардың  тұрақты комиссиялары маңызды рөл атқарады. Тұрақты  комиссиялардың қызметінің негіздері мен ұйымдастырылуы  жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы  Заңда баянды  етілген. Аталған заңдарға сәйкес мәслихаттар тұрақты  комиссияларды мәслихаттың қарауына жатқызылған мәселелерді  алдын ала қарау мен әзірлеу, оның шешімдерін, Қазақстан  Республикасының заң актілерін іске асыруға  жәрдемдесу, өз  құзіреті  шегінде бақылау қызметтерін жүзеге асыру үшін құрады.       Мәслихаттың  алдында  тұрған  міндеттерді  жүзеге  асыруда  депутаттарды  қатыстыруды  қамтамасыз  етуші  ұйымдастырушылық-құқықтық  әдістемеліктің  ең  маңыздысы, әрі  мәслихаттың  күнделікті  қызметін  жандандырушы  жұмысшы  корпарациясының тұрақты  комиссиялар  болып  табылады. Мәслихаттың  алдында  тұрған  міндеттерді  жүзеге  асыруда  депутаттарды  қатыстыруды  қамтамасыз  етуші  ұйымдастырушылық-құқықтық  әдістемелік  ең  маңыздысы, әрі  мәслихаттың  күнделікті  қызметін  жандандырушы  жұмысшы  корпарациясы тұрақты  комиссиялар  болып  табылады. Олардың  құрылымдық  саны  мәслихатта  жетіден  аспауы  тиіс. Қажет  болған  жағдайда, мәслихат  тұрақты  комиссияларды  қайтадан  құруға, өзгертуге, таратып  жіберуге  хақы  бар. Әрине, олардың  төрағалары  мен  мүшелерін  депутаттар  өздері  арасынан  сайлайдыТұрақты  комиссиялар  жаңадан  сайланған  мәслихаттың  бірінші  сессиясында  оның  өкілеттігі  мерзіміне  комиссиялардың  төрағалары  мен  мүшелері  құрамында  құрылады. Тұрақты  комиссиялардың тізбесін  сан  құрамын  тиісті  мәслихат  анықтайды. Өкілеттік  мерзімі  ішінде  мәслихат  олардың  құрамына  өзгеріс  енгізе  алады. Тұрақты  комиссия  комиссияның  төрағасын, орынбасары  мен  хатшысын  сайлайды. Тиісті  мәслихаттың  хатшысы, мәслихаттың  тексеру  комиссиясының  төрағасы  мен  мүшелері, тиісті  мәслихат  сессиясының  төрағасы  мәслихаттың  тұрақты  комиссиясының  құрамына  сайлана  алмайды.
Комиссиялар  функционалдық  және  салалық  белгілер  бойынша  құрылады. Функционалдық  белгілерге: жоспар-бюджет, заңдылық  және  құқық тәртібі комиссиялары жатады. Жұмысы бірқатар  салаларға байланысты комиссиялар да болады. Олар өзіндік ерекшелігі бар әлеуметтік мүдделерді есепке алу мен қамтамасыз ету  үшін құрылған. Бұлар – жастар  ісі, спорт  және  туризм  жөніндегі, әйелдердің  еңбегі  мен  тұрмысы, ана  мен  баланы  қорғау  мәселелері  жөніндегі, табиғатты  қорғау  және  табиғи  ресурстарды  ұтымды  пайдалану  жөніндегі  комиссиялар. Заңдарда  мәслихаттардың ең маңызды мәселелер бойынша кейбір комиссиялар  құру  міндеті  тікелей  белгіленеді. Басқа  комиссияларды  мемлекеттің, шаруашылық  және  мәдени  құрылыстың  салалары  мен  аясы  бойынша  мәслихат  өз  қалауы  бойынша  құрады. Мәслихаттарда  заңдылық  және  құқық  тәртібі  жөніндегі, жастар  ісі  жөніндегі, табиғатты қорғау жөніндегі комиссиялар мен мандат  комиссиясы міндетті комиссиялар қатарына жатады. Ең көп тарағаны  салалық  және  салааралық  комиссиялар  қатарына  жататындар: табиғатты  қорғау  және  табиғи  ресурстарды  ұтымды  пайдалану, денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік  қамсыздандыру  жөніндегі, халыққа  білім  беру, ғылым  және  мәдениет  жөніндегі  комиссиялар. Мәслихаттың  түрі  мен  сан  құрамына  қарай  олар аудандық мәслихаттарда 5-6-дан, қалалық мәслихаттарда 8-12-ге  дейін  құрылады.
Тұрақты комиссиялар мәслихаттардың үздіксіз және тиімді жұмыс  істеуін, депутаттардың шешімдерін әзірлеуге, орындауды ұйымдастыру  мен бақылауға тікелей және кеңінен қатысуын қамтамасыз етеді. Олар  мынандай негізгі міндеттерді: дайындаушылық-кеңесшілік,  бақылаушылық, ұйымдастырушылық міндеттерді жүзеге асырады. Бұл  міндеттер барлық буындағы мәслихаттардың тұрақты  комиссияларына тән. Аталған міндеттерді орындау комиссияларға  қажетті өкілеттіктер беру арқылы қамтамасыз етіледі. Комиссиялардың міндеттерін жүзеге асырудың мынандай  ерекшеліктері бар: олар дербес  мелекеттік органдар ретінде әрекет  жасамаса да, бұл жағдайда комиссиялар алдында белгілі бір  міндеттер, мысалы, комиссияларға қажетті мәліметтерді хабарлау, олардың ұсыныстарын қарау және қараудың нәтижелерін белгілі бір  мерзімде  хабарлау, ұсыныстар бойынша қажетті шаралар қолдану міндеттерін  атқаратын әртүрлі мемлекеттік   және қоғамдық органдармен, мекемелермен және ұйымдармен тікелей қатынастар жасауы мүмкін.
Дайындаушылық-кеңесшілік міндеті мемлекеттік өкімет және басқару органдарының ұсыныстар әзірлеуімен, мәслихаттардың қарауына мәселелер дайындаумен байланысты. Ол комиссиялардың мәслихат пен оның органдарының мәселелері мен актілерінің жобаларын  дербес әзірлеу және оларды  әзірлеуге  қатысуы, олардың  қаралып  отырған  мәселелер  мен  жобалар  бойынша  ұсыныстар  енгізуі, олар  жөнінде  қорытындылар  беру  жолымен, сондай-ақ комиссиялардың  мәслихаттар  сессияларында  баяндамалар  мен  қосымша  баяндамалар  жасау  жолымен  іске  асырылады. Комиссиялардың  аталған  міндеттерді  жүзеге  асыру  мақсатында  пайдаланатын  аса  маңызды  құқықтары: ұсыныстар  енгізу  (мысалы, сессиялардың күн тәртібі жөніндегі, актілердің жобалары жөніндегі), мәселелер  мен  ұсыныстарды  әзірлеу  үшін  қажетті  ақпарат  алу; қаралып  жатқан  мәселелер  бойынша  қорытынды  беру  құқығы; мәслихаттың  сессияларында  баяндамалар  және  қосымша  баяндамалар жасауға өздерінің баяндамашылар мен қосымша  баяндамашыларын ұсыну құқығы.
Бақылаушылық міндеті мәслихаттар мен жоғары тұрған  органдардың актілерін орындауға, орындалуын тексеруге, сондай-ақ  заңдылық пен құқық тәртібін сақтауға жәрдемдесу болып табылады. Тұрақты комиссиялар мәслихатқа бағынышты органдарға, кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға, сондай-ақ оның  аумағында орналасқан, оған бағынбайтын, бірақ  бақылауындағы  ұйымдарға  қатысты  бақылауды  жүзеге  асырады. Бақылау  объектілері  мыналар: мәслихат пен жоғары тұрған өкімет және  басқару  органдарының  актілерін  ұйымдастыру, заңдарды, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін сақтау. Осы міндеттерді жүзеге асыруға байланысты аса маңызды өкілеттік: сессияда  сауалдар  салу  құқығы; комиссияның  отырысында  тиісті  басшылардың, лауазымды  адамдардың  баяндамалары  мен  хабарламаларын тыңдау құқығы; бақылаудың нәтижелері бойынша  мемлекеттік және қоғамдық органдарға, кәсіпорындарға, мекемелер  мен ұйымдарға жол берілген олқылықтарды жою туралы ұсыныстар  беру құықығы; лауазымды адамдарға жауаптылық қолдану туралы  мәселе қозғау құқығы; сессияларға тексеру жүргізу туралы  ұсыныстар  енгізу құқығы.
Ұйымдастырушылық міндет тұрақты комиссиялардың тәрбие  жұмыстарын, мәслихаттар  мен жоғары тұрған органдардың  шешімдерін орындау жөніндегі әр түрлі нақты шараларды хабарлау, нұсқау беру және үйлестіру, озық тәжірибені тарату әдістерінің  көмегімен ұйымдастыру жөніндегі алуан түрлі қызметі болып  табылады. Комиссиялардың  ұйымдастырушылық  қызметке  байланысты өкілеттігі: комиссияның жұмысына белсенді қоғамдық  жұмыс істеушілерді, мамандарды тарту құқығы; ұсыныс беру құқығы; мемлекеттік және қоғамдық органдардан, кәсіпорындар мен  мекемелердің басшыларынан жәрдем сұрау құқығы болып табылады. Тұрақты комиссиялардың міндеттерін іске асыруға қызмет ететін  актілері қорытындылар мен қаулылар болып табылады. Тұрақты  комиссияның қорытындылары мен қаулыларына комиссияның  төрағасы қол қояды. Қаулылардағы  ұсыныстарды  мемлекеттік  және  қоғамдық  органдар, кәсіпорындар  мен  мекемелер  міндетті  түрде  қарауға тиіс. Қараудың нәтижелері туралы немесе қолданылған  шаралар туралы комиссияларға олар белгіленген мерзімде хабарлануға  тиіс. Комиссиялар мәслихаттар актілерінің жобалары бойынша, тиіст  органдардың тапсырмалары мен өтініштері бойынша немесе өз  бастамасы бойынша қорытындылар береді. Қорытынды ерекше құжат ретінде ресімделуі немесе жобаға виза қоюдан көрінуі  мүмкін [16].
Мәслихаттың  тұрақты  комиссияларындағы  көпшілік тыңдаулар. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы бойынша немесе мәслихат  шешімі бойынша көпшілік тыңдаулар өткізе алады. Көпшілік  тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, өзін-өзі  басқару  органдары, ұйымдар, бұхаралық  ақпарат  құралдары  өкілдерінің, азаматтардың  қатысуымен  осы  комиссиялардың  кеңейтілген  отырыстары  түрінде  тұрақты  комиссияның  қарауына  жататын  мейлінше  маңызды    және  қоғамдық  мәні  бар  мәселелерді  талқылау мақсатында өткізіледі. Тұрақты комитеттерде көпшілік  тыңдаулар өткізу тәртібі мәслихат реглементінде белгіленеді.
Мәслихат тұрақты комиссияларның қызметі мен  өкілеттілігіне  жататындар:
Тұрақты  комиссиялар:
1) аталған  мәслихат сессияның күн тәртібі бойынша, сондай-ақ  онда қаралатын кез-келген мәселе бойынша мәслихатқа, оның  төрағасына, хатшысына ұсыныс енгізу;
2)    өздерінің құзырына жататын, әрімәслихат сессияның қарауына  енгізілген мәселелер бойынша қорытындылыр беру;
3)    өз құзіреті шегінде сессияда жергілікті атқарушы органдар  басшыларының есептерін тыңдау туралы мәслихатқа ұсыныс енгізу;
4)    комиссияның жұмысына өз депутаттарымен қатар мемлекеттік  органдар, ұйымдар, жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдары  өкілдерін  және  азаматтарды  тарту  құқықығы.
5)    өздерінің құзырына жататын мәселелер бойынша мәслихат  сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсынуға. Әкімият орталық  атқарушы  органдардың  жергілікті  бюджеттен  қаржыландырылатын  аумақтық  бөлімшелерінің, атқарушы  органдардың  лауазымды  адамдары, ұйымдар  белгіленген  тәртіпте  тұрақты  комиссияларға  олардың  құзіретіндегі  мәселелер  бойынша  қажетті  ақпараттар  беруге  міндетті.
Мәслихаттың тұрақты комиссиялары жұмысының және қаулылар  қабылдауының тәртібі. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз  құзіретіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды. Тұрақты  комиссиялардың отырысы қажеттілігіне қарай шақырылады. Олардың  құрамына кіретін депутаттар санының жартысынан астамы қатысса,  отырыс заңды болып есептеледі. Онда тұрақты комиссиялардың өз  бастамасы бойынша немесе мәслихат шешімі бойынша көпшілік  тыңдаулар өткізілуі мүмкін. Тұрақты комиссиялардың қаулысы  комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік дауысымен  қабылданады.  Тұрақты комиссияның қаулысы  мен  отырыстың  хаттамасына  оның  төрағасы  қол  қояды, ал  бірнеше  комиссияның  бірлескен  отырысы  өткізілген  жағдайда, тиісті  комиссиялардың  төрағалары  қол  қояды. Ол  депутаттардың, атқарушы  органдар, өзін-өзі  басқару  органдары, ұйымдар, бұхаралық  ақпарат  құралдары  өкілдерінің, азаматтардың  қатысуымен  өткізіледі. Әрине, онда  тұрақты  комиссияның  қарауына  жататын  мейлінше  маңызды  және  қоғамдық  мәні  бар  мәселелер  талқылануы  тиіс. Ол  заңды  болу  үшін  комиссия  мүшелелерінің  жалпы  санының  көпшілігі  дауыс  берсе  жеткілікті. Егер  дауыс  тең  болса,  онда  тұрақты  комиссияның  төрағасының  даусы  шешуші  болып  табылады. Дәлірек  айтсақ , оның  дауысы  екі  дауысқа  тең  деген  сөз.                 Тұрақты  комиссиялар өздерін  сайлаған  мәслихат  алдында  жауапты  және  жылына  бір  рет  өзі  туралы есеп береді. Мәслихат  өз  өкілеттігін  депутаттардың  алуан  қырлы  қызметінің  құралдары  бойынша  да  іске  асырады.
Мәслихаттың  уақытша  комиссиялары. Мәслихаттың  құзырына  жатқызылған  мәселелерді  сессияларда  қарауға  әзірлеу  мақсатында  мәслихат не мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға  құқылы. Уақытша  комиссиялардың  құрамын, міндеттерін, өкілеттік   мерзімдерін және құқықтарын мәслихат оларды құру кезінде  белгілейді. Мәслихаттың  уақытша  комиссиялары  өз  құзіретіндегі  мәселелер  бойынша  қорытындылар  қабылдайды. Уақытша  комиссияға  қатысқаны  үшін  ақы  төленбейді.
Мәслихат депутаты. Мәслихат депутаты жалпы мемлекеттік  мүдделерді ескере отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі  халықтың еркін білдіреді. Депутаттар сайлаушылардың өкілетті өкілдері болып табылады және мәслихатта олардың еркі мен  мүдделерін білдіреді. Депутаттардың мәртебесінің негіздері  Жергілікті  өкілді және атқарушы органдар туралы Заңында баянды етілген.      Мәслихат депутаттарының өкілеттігі тиісті аумақтық сайлау  комиссиясы оны депутат ретінде тіркеген кезден басталып, мәслихаттың өкілеттік мерзімі доғарылған кезде, не өкілеттік мерзімі  мерзімінен  бұрын доғарылған жағдайда аяқталады.
Жергілікті мемлекеттік басқару туралы  Заңның  20-бабының
3-тармағына  сәйес  мәслихат  депутаттарының  өкілеттігі  мынандай  жағдайларда  мерзімінен  бұрын  доғарылады:
1. депутат заңдарға   сәйкес депутаттық міндеттерді орындаумен  сыйымсыз лауазымға  сайланса немесе тағайындалса;
2. депутатты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімі заңды  күшіне енсе;
3. мәслихаттың өкілеттігі тоқтатылса;
4. депутат  қайтыс  болса;
5. ол  Қазақстан  Республикасының  азаматтығынан  айырылса;
6. соттың  депутатты  қатысты  айыптау  үкімі  заңды  күшіне енсе;
7. тиісті  әкімшілік-аумақтық  бөліністен  тысқары  жерге  тұрақты  тұруға  кетсе;
8.    депутаттың  орнынан  түсуі  туралы  жеке  өтінішіне  байланысты;
9.    депутат өз міндеттерін жүйелі түрде өз міндеттерін орындамаса, оның ішінде мәслихат сессиясының жалпы отырыстарына дәлелді  себептерсіз қатарынан үш реттен артық қатыспаса, мерзімінен бұрын  тоқтатылады. Депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату  туралы шешім аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік  дауысымен мәслихат сессиясында қабылданады. Депутаттың өкілеттігі  Парламент Сенатының шешіміі бойынша, сондай-ақ оны  сайлаушылардың кері шақырып алуы салдарынан мерзімінен бұрын  тоқтатылуы ықтимал. Өз қызметін мемлекеттік бюджет есебінен ақы  төленетін тұрақты немесе басқа жұмыстан босатылған негізде  жүзеге асыратын мәслихат депутаттарының кәсіпкерлік қызметті  жүзеге  асыруға, шаруашылық  субъектісін  басқаруға  дербес  қатысуы, педагогтік, ғылыми  және  өзге  де  шығармашылық  қызметті  қоспағанда, ақы  төленетін  басқа  қызметпен  айналысуға  құқығы  жоқ. Мәслихат  пен  ол  құратын  органдардың  қызметіне  депутаттың  белсенді  түрде  қатысуын  қамтамасыз  ететін  құқықтары  барынша  толық  болады, депутат  олардың  алдында  міндет  атқарады, олардың  тапсырмаларын  орындайды. Депутат  мәслихаттың  сессиясында  қаралатын  барлық  мәселелер  бойынша  шешуші  дауыс  құқығын  пайдаланады.
Депутаттың  өз  өілеттігін  жүзеге  асыруы  кезіндегі  құқықтары  жергілікті мемлекеттік басқару туралы  заңның  21-бабында көрсетілген.
Депутат:
1.    сайлауға және мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихат  хатшысы, тексеру  комиссиясының  төрағасы, тұрақты  комиссияның  төрағасы  немесе  мүшесі  болып  сайлануға, мәслихаттың  өзге  де  органдарына  сайлануға;
2. мәслихат  сессиясы  мен  оның  тұрақты комиссияларында  және   өзге  де  органдарда  қарау  үшін  мәселелер  ұсынуға, оларды  қарауға  және  шешімдер  қабылдауға  қатысуға;
3. өз  округінің  сайлаушыларымен, сондай-ақ  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарымен  және ұйымдармен  кездесулер  мен  жиналыстар  өткізуге;
4. сессияда  тиісті  мәслихат  аумағында  орналасқан  жергілікті  атқарушы  орган  мен  ұйымдардың  лауазымды  адамдарының  мәслихаттың  құзіретіне  жатқызылған  мәселелер  бойынша  есептерді  тыңдау  туралы  ұсыныстар  енгізуге;
5.    тиісті  әкимият  отырыстарының  жұмыстарына  қатысуға;
6. мәслихат пен  оның  органдары  отырыстарының  стенограммаларымен  және  хаттамаларымен танысуға;
7.    белгіленген  заң  тәртібімен  тіркелген  саяси  партиалар мен  өзге  де қоғамдық бірлестіктердің депудаттық топтары түрінде депудаттық бірлестіктер құруға құқылы. Депудаттық топ мәслихаттың кемінде  бес  депудатын  біріктіруге  тиіс. Депудаттық топтарды  тіркеу  мәслихат сессиясында жүзеге асырылады. Депудаттық топтардың  өкілеттігі, қызметін  ұйымдастыру  мәслихаттың  регламентімен  белгіленеді.
8.    Заңдарда  және  мәслихат  регламентінде  көзделген  өзге  де  іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы.
Депутаттың  өз  өкілеттігін  жүзеге  асыруы  кезіндегі  міндеттері.
Депутат:
1.    мәслихаттың және өзі құрамына сайланған оның органдарының  жұмысына қатысуға;
2.    өз округі сайлаушыларымен тұрақты  байланыс жасауға, оларға  мәслихаттың  жұмысы, оның  тұрақты  комиссиялары  мен  өзге  де  органдарының  қызметі, мәслихат  шешімдерінің  орындалуы  туралы  ұдайы хабарлап отыруға, мәслихат шешімдерінің орындалуын  ұйымдастыруға  және бақылау жасауға қатысуға;
3.    сайлаушылардың  өзіне  келіп  түскен  өтініштерін  қарауға, азаматтарды  жеке  қабылдауды  ұдайы  жүргізуге,
4. тиісті  әкімшілік-аумақтық  бөліністе  тұруға міндетті [17].
Мәслихаттың әрбір депутатына оның құқықтарының, ар-намысы  мен абыройының қорғалуына кепілдік береді. Мәслихаттың  депутаты, қызметі мемлекеттік құпиялармен байланысты ұйымдарды  қоспағанда, депутаттық қызмет мәселелері бойынша тиісті мәслихат  аумағында орналасқан мемлекеттік органдарға, қоғамдық  бірлестіктер мен мемлекеттік ұйымдарға кедергісіз кіруге құқылы. Мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және  мемлекеттік ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды  адамдары мәслихат депутаттарын кідірссіз қабылдауға және оларға  жүктелген өкілеттіктерді жүзеге асыруда қажетті жәрдем беруге  міндетті.
Депутаттық  қызметті  жүзеге  асыруға  байланысты  шығыстарды  өтеу. Депутат регламентте белгіленген тәртіппен мәслихат сссияларын, тұрақты комиссияларының және өзге де  органдарының  отырыстарын  өткізу  кезеңінде, депутаттық өкілеттіктерді  жүзеге  асыру уақытында  оған  негізгі  жұмыс  орны  бойынша  жергілікті  бюджеттің  қаражаты  есебінен  орташа  жалақысы, бірақ  осы  қызметте  бір  жылға  дейінгі  жұмыс стажы бар тиісті  әкімшілік-аумақтық  бөлініс әкімі аппараты  басшысының  жалақысынан  аспайтын  мөлшерде  және  жол  жүру  уақыты  ескеріліп, сессиялар, мәслихаттың  тұрақты  комиссиялары  мен  өзге  де  органдарының  отырыстары  өтетін  мерзімдегі  іссапар  шығыстары  өтеле  отырып, қызметтік  міндеттерін  орындаудан  босатылады.
Депутаттық сауал – депутаттың мемлекеттік органға немесе  лауазымды адамға өкілді органның сессиясында сол органның немесе  лауазымды адамның құзіретіне кіретін мәселелер бойынша  негізделген түсіндірме беруді немесе айқындамасын баяндауды ресми  түрде жасаған талабы. Жергілікті  өкілді  және  атқарушы  органдар  туралы  Заңның 21-бабында депутаттардың сауал беру құқығын іске  асыру тәртібі былай регламенттелген: Мәслихат  депутаты  ресми  жазбаша  нысанда әкімге, тиісті сайлау комиссиясының төрағасына және мүшесіне, прокурорға және орталық атқарушы органдар  аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті  бюджеттен қаржыландырылатын  атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару  органдарының лауазымды адамдарына мәслихат құзіретіне  жатқызылған мәселелер бойынша депутаттық сауалдар беруге  құқылы. Депутаттық  сауалдың  жауабы  жазбаша  түрде, бір  айдан  кешіктірілмейтін  мерзімде  берілуге тиісті. Депутат сауалға берілген  жауап бойынша өз пікірін білдіруге құқылы. Прокурордың  атына  берілген сауалдар қылмыстық қудалауды жүзеге асырумен  байланысты болмауы тиіс. Жазбаша түрде енгізілген сауал жария  етілуге тиіс. Сауалға қайтарылған жауап бойынша жарыссөз  жүргізілуі  мүмкін. Оны талқылаудың нәтижелері бойынша мәслихат қаулы  қабылдайды. Депутаттар  үшін  сауал  салу  құқығын  іске  асыру  сессияда  мәлімделген  талап  арқылы  кемшіліктерді  жоюға, заңдар  мен  шешімдерді, тиісті  тәртіпті  және  істің  дұрыс  атқарылуын  сөзсіз  орындауға  қол  жеткізу  деген  сөз.   Депутаттың  сауал  салу  құқығын  оның  басқа  құқығымен  шатастырмаған  жөн. Олардың  арасынды  принципті  айырмашылық  бар. Депутаттық  сауал  салу  құқығы — өкілді  орган  сессиясының  барысында, ал  өтініш  жасау  құқығы  сессиялар  арасындағы  кезеңде  ғана жүзеге асырылады. Лауазымды адамға салынған сауалға жауап тек қана  сессияларда  қайтарылады, ал  өтінішке  жауапты  тиісті  басшылар  сессиядан  тыс  және тікелей депутатқа қайтаруға міндетті. Жергілікті өкілді  органдардың  тиімді  жұмыс  істеуінің  қажетті  шарты  депутаттардың  сайлау  округіндегі  халық  арасында  жүргізетін  қызметі  болып  табылады. Сайлау  округі сайлау  жүйесінің  аумақтық  бастауыш  ұясы, қоғам  мүшелерінің  мүдделері  мен  қажеттерінің  бірлігі  мен  алуан  түрлілігі  соның  шеңберінде  көрініс  табады. Депутаттың  округтегі  жұмысы  жеке  және  топтық  мүдделерді  үнемі  анықтап  отыруды, оларды  Қазақстан  Республикасы Конституциясының
86-бабында көзделгендегідей, неғұрлым жалпы сайып келгенде  жалпы  мемлекеттік мүдделермен салыстыруды және байланыстыруды талап  етеді. Депутаттардың өз сайлаушыларымен тұрақы, тығыз байланысы: біріншіден, халықтың  мүдделерін  зерделеу, оның пікірлері мен  қажеттерін ескеру мен білдіру үшін, депутаттың өкілдік міндеттерін  жүзеге асыру үшін қажет. Екіншіден, ол мәслихаттардың өздері  қабылдаған актілердің орындалуына бақылау жасалуын, оларды  орындауды ұйымдастыруға депутаттардың тікелей қатысуын  қамтамасыз етеді. Үшіншіден, депутаттардың сайлау округтерінде  жүргізілетін жұмысы халық таңдаулыларына халықтың үнемі бақылау  жасап отыруына, мәслихаттар жұмысының жариялылығын, олардың  қызметіне сайлаушылардың тікелей ықпал жасауын қамтамасыз етеді. Депутаттың өзінің сайлау округінде: сайлаушылардың  құқықтары  мен заңды мүдделерін қорғауға, жұртшылық пікірін, халықтың мұң-мұқтажы мен қажеттерін зерделеуге, олар жөнінде мәслихат пен оның  органдарына хабарлауға, оларды қанағаттандыру үшін ұсыныстар  енгізіп, шаралар қолдануға; Халықты тиісті мәслихаттың жұмысы  туралы, аумақтық экономикалық және әлеуметтік даму  бағдарламаларының, мәслихат шешімдерінің орындалуы, сайлаушылар аманаттарының іске асырылуы, сондай-ақ  өзінің  сайлау  алдындағы бағдарламасы туралы үнемі хабарлап отыруға; өзін-өзі  басқарудың әр түрлі нысандарына, азаматтарды мемлекеттік және  қоғамдық істерді басқаруға тарту ісіне жәрдемдесуге міндетті [18].
Сайлау округіндегі депутаттық қызметтің негізгі бағыттары  мыналар болып табылады: ақпараттық-түсіндіру қызметі. Ол округтің  ерекшелігіне, депутаттың  даярлығы  мен  тәжірибесне  қарай  әртүрлі  әдістермен  жүргізіледі. Депутаттар  халықтың  тұрғылықты  жері  бойынша  жиналыстарында, ал  сайлау  округтері  үлкен  болған  жағдайда – еңбек ұжымдарында, жергілікті өзін-өзі басқару  органдарының отырыстарында сайлаушылар алдында хабарлама  жасайды, азаматтармен үйлерінде әңгімелесіп, радио  мен  баспасөзде  пікір  айтады; заңдардың,  мәслихат пен оның органдары  шешімдерінің, орындалуын ұйымдастыру мен бақылауға қатысу. Бұл  бағыт  тиісті  басшыларға  өтініш  жасау  белгіленген шараларды  мемлекеттік және қоғамдық органдармен бірлесе отырып жоспарлау, кәсіпорындардың, мекемелер  мен  ұйымдардың  мәслихат  қарауына  жатқызылған және басқа  да  мәселелер  жөніндегі  жұмысын  тексеру  сияқты  алуан  түрлі  әдістер  мен  жүзеге  асырылады; келіп  түскен  шағымдар мен арыздарды қарау, азаматтардың өздерінің құқықтары  мен мүдделерін жүзеге асыру және қорғау жөнінде жәрдемдесу. Депутат өзіне келіп түскен ұсыныстарды, арыздар мен шағымдарды  қарайды, оларды дұрыс дер кезінде шешу жөнінде шаралар  қолданады, шағымдарды туғызатын себептерді зерттеп, тиісті  мәслихатқа, басқа да мемлекеттік органдарға, кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға өз ұсыныстарын  енгізеді. Бір жағдайларда  шағымдарды қанағаттандыру үшін мемлекеттік органның шешімі  қажет болады, басқа  бір  жағдайларда  депутаттың  кәсіпорын, мекеме  немесе ұйым  басшысына, өзге  де  лауазымды  адамға  өтініш  жасауы  жеткілікті. Депутат  әрқашанда заңдардың сақталуын қадағалап, құқық  бұзушылықпен күреске азаматтарды жоғары саналылық  азаматтық борышын орындау, заңдылықты  мүлтіксіз  сақтау  рухына тәрбиелеуге белсенді түрде қатысуға міндетті. Азаматтардың  құқықтары  мен  заңмен  қорғалатын  мүдделерінің  бұзылған  немесе  заңдылықтың өзге де бұзылуы  байқалған  жағдайда  депутат  мұндай  жолсыздықтардың  тоқтатылуын талап етуге, ал қажет болған  жағдайларда  мұндай  жолсыздықтарға тыйым салу жөнінде тиісті    органдар  мен  лауазымды  адамдарға  талап  қоюға  құқылы. Заңда  халық  қалаулыларының  жолсыздықтарды  тоқтатуды  талап  ету  құқығы  олардың  өкімет  өкілдері  жағдайымен  байланыстырылады. Жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңдарда депутаттардың  заңды  талаптары  бірнеше  рет  еленбеген  жағдайда кінәлі лауазымды адамдар тиісті мәслихат хатшысының  ұсынсымен заңдарда белгіленген тәртіппен тәртіптік жауапқа  тартылады. Депутаттардың өз құқықтары мен міндеттерін толық  жүзеге асыруын қамтамасыз ету мақсатында жоғарыда аталған  заңдарда материалдық, құқықтық, ұйымдық және  өзге де жағдайлар кеңінен белгіленген. Заңға сәйкес мәслихаттардың депутаттары  сессиялар, тұрақты  комиссиялардың  отырыстары  кезінде, сондай-ақ  өзге де жағдайларда депутаттың өкілеттігін жүзеге асыру үшін  өндірістік және қызметтік  міндеттерін  атқарудан босатылып, оларға  негізгі жұмыс орны бойынша орташа жалақысы және депутаттық  қызметке  байланысты  басқа да шығындарды тиісті жергілікті  бюджет қаражаты есебінен өтеледі. Депутат тиісті мәслихат аумағында  жолаушылар таситын көліктің барлық түрлерінде  (таксиден  басқа)  тегін  жүру  құқығын  пайдаланады. Депутаттық  құжат  мәселелері  бойынша депутат мәслихаттың аумағында орналасқан мемлекеттік  органдарға, қоғамдық  бірлестіктерге, кәсіпорындарға, мекемелер  мен  ұйымдарға  емін-еркін  бару  құқығын, сондай-ақ  олардың  басшылары  мен  басқа  да  лауазымды  адамдарының  міндетті  түрде  қабылдау  құқығын  пайдаланады.

§3. Жергілікті  өкілді  органдардың  құзіреті
және  қабылдайтын  актілері

Жергілікті өкілді органдардың құзіреті өзінің мәні жағынан мемлекеттік және  қоғамдық істерді басқару бойынша қоғамдық еңбек бөлінісінің  құқықтық құралы болып табылады. Мемлекеттік  органдарға  қоғам  өмірінің  саяси, экономикалық  және  әлеуметтік  жағдайларына, сондай-ақ  басқаруды  ғылыми  ұйымдастыру  талаптарына  сай  келетін  құзірет  берілуі – экономикалық  және  әлеуметтік  процестерге  басшылықта  мемлекеттіктің  барлық  мүмкіндіктерін  тиімді  пайдаланудың  маңызды  алғышарттарының  бірі. Органдардың  құзіреті  неғұрлым  дұрыс  белгіленсе, аппарат  соғұрлым  ынтымақты  жұмыс  істейді,  мемлекеттік, шаруашылық  және әлеуметтік-мәдени құрылыс міндеттерін шешу үшін  материалдық-қаржылық, құқықтық және өзге де  құралдар тиімдірек  пайдаланылады. Жергілікті  өкілді  органдардың  құзіреті  дегеніміз, оның заңмен және басқа да нормативтік-құқықтық актілермен  баянды  етілген  қарауына  жататын  мәселелер, құқықтары  мен  міндеттері. Ал, қарауына  жататын   мәселер  дегеніміз, мемлекеттік  органның заң жүзінде құзіреті  бар әрқашан  белгілі бір  нысанда  белгіленген, құқықтық  реттеу мәселесі  болып  табылатын  қоғамдық  қатынастар. Жергілікті  өкілді  органдардың  құзіреті  құрылымының  маңызды  компаненті  олардың  құқықтары  мен  міндеттері  болып  табылады. Мемлекеттің  өкілетті  органы мемлекеттің  белгілі  бір  құқығы  бар  уәкілетті  органы  ғана   емес, сонымен  қатар  белгілі  бір  билік  әрекеттерін  жасауға  да   міндетті орган. Мәслихаттар  өз  аумағында Конституцияға және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес  заңдардың сақталуы, мемлекеттік және қоғамдық тәртіптің, азаматтар  меншігінің, құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын  қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен бірге мәслихаттардың осы  саладағы нақты өкілеттігі оларға заңдылықты сақтап отыруға тиісті  арнаулы органдардың болуы ескеріліп берілген. Мәслихаттарға  мемлекеттің белгілі бір аумақта заңдылықтың сақталуын және  азаматтардың құқықтарын корғауды қамтамасыз етуіне көмектесетін  құқықтық құралдардың бәрін беруге болмайды. Міне, сондықтан  да  мәслихаттардың құзіреті құқықты ғана емес, сонымен қатар дербес  компанент ретінде міндетті де қамтиды. Міндеттерді  орнықтыру — қоғамдық  өмірдің  түрлі  салаларында  нысаналы  мемлекеттік  ықпал  жасауды  қамтамасыз  ету  әдістерінің  бірі.
Қазақстан  Республикасының  Конституциясында  мәслихаттардың  қарауына жататын жалпы мәселелер келтірілген, ал олардың  өкілеттігінің егжей-тегжейлі шеңбері Жергілікті өкілді және  атқарушы органдар туралы Заң мен басқа да нормативтік  құқықтық-құқықтық  актілерде  айтылған.
Конституцияның 86-бабының 4-тармағына сәйкес  мәслихаттардың  қарауына  мыналар  жатады:
— аумақты  дамыту  жоспарларын, экономикалық  және  әлеуметтік  бағдарламаларын, жергілікті  бюджетті  және олардың  атқарылуы  туралы  есептерді  бекіту;
— өздерінің  қарауына  жатқызылған  жергілікті  әкімшілік-аумақтық  құрылыс  мәселелерін  шешу;
— заңмен  мәслихат  құзіретіне  жатқызылған  мәселелер  бойынша  жергілікті  атқарушы  органдар басшыларының  есептерін  қарау;
— мәслихаттардың  тұрақты  комиссияларын  және  өзге  де  жұмыс  орындарын  құру, олардың  қызметі  туралы  есептерді  тыңдау, мәслихат  жұмысын  ұйымдастыруға  байланысты  өзге де  мәселелерді  шешу;
— Республика  заңдарына  сәйкес  азаматтардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  қамтамасыз  ету  жөніндегі  өзге  де  өкілеттіктерді  жүзеге  асыру  жатқызылатыны  айтылған [19].
Жергілікті  өкілді  органдардың  құзіреті  Жергілікті мемлекеттік басқару туралы  Заңның  6-бабында  көзделген.
Мәслихаттардың  құзіретіне:
— тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және  әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың  атқарылуы туралы есептерді бекіту, сонының ішіндегі қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл  (село), ауылдық  (селолық)  округ әкімдері іске асыратын (әрбір қаладағы аудан, аудандық маңызы  бар  қала, кент, ауыл (село), ауылдық  (селолық) округ бойынша  жеке-жеке)  бюджеттік бағдарламаларды бекіту;
— тиісті аумақтарда қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты  пайдалану жөніндегі бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөніндегі шығыстарды бекіту, сондай-ақ қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  заңдарға  сәйкес  өзге  де  мәселерді  шешу;
— Қазақстан Республикасының Үкіметі жергілікті мемлекеттік  басқарудың үлгі құрылымдары негізінде қалыптасқан әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын әкімнің ұсынысы бойынша  бекіту;
— өздерінің қарауына жатқызылған әкімшілік-аумақтық құрылыс  және жергілікті қауымдастық ұйымының шекараларын айқындау  мәселерін  шешу;
— әкімнің  ұсынысы  бойынша  мәслихаттың  сессиясының  шешімімен  тиісті  әкімияттың  дербес  құрамымен  келісу;
— атқарушы  органдар  басшыларының  есептерін  қарау  және  тиісті  органдарға  мәслихат  шешімдерін  орындамағаны  үшін  мемлекеттік  органдардың  лауазымды  адамдарын, сондай-ақ  ұйымдарды  жауапқа  тарту  туралы  ұсыныстар  енгізу;
— Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сәйкес  азаматтардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  қамтамасыз  ету  жөніндегі  өкілеттіктерді  жүзеге  асыру;
— Қазақстан  Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы кодексіне сәйкес, бұзғаны  үшін әкімшілік  жауаптылық  белгіленетін  ережелерді  бекіту;
— тиісті  әкімшілік-аумақтық  бөліністі  дамыту  жоспарларының, экономикалық  және  әлеуметтік  бағдарламаларының, жергілікті  бюджеттің  атқарылуына  бақылау  жасау;
— мәслихаттың  тұрақты комиссиялары  мен  өзге   де  органдарын  құру, олардың  қызметі  туралы  есептерді  тыңдау, мәслихаттың  жұмысын  ұйымдастыруға  байланысты  өзге  де  мәселерді  шешу;
— халықтың  жұмыспен  қамтылуына  жәрдемдесу  мен  кедейлікті  азайту  бағдарламаларын  бекіту;
— әкімнің  ұсынуы  бойынша  ведмоствоаралық  сипаттағы  мәселер  бойынша  әкімият  жанындағы  консультациялық-кеңесші  органдардың  дербес құрамын  бекіту;
— әкімнің  ұсынысы  бойынша  Облыстық  (қаланың, ауданның)  құрметті  азаматы  атағын  беру;
— Қазақстан  Республикасының  жер  заңдрына  сәйкес  жер  қатынастарын  реттеуді  жүзеге  асыру;
— азаматтар  мен  ұйымдардың  Қазақстан  Республикасы  Конституцичсының, заңдарының, Қазақстан  Республикасы  президенті  мен  үкіметі  актілерінің, орталық  және  жергілікті  мемлекеттік  органдардың  нормативтік  құқықтық  актілерінің  нормаларының  орындауына  жәрдемдесу;
— осы  Заңда  және  Қазақстан  республикасының  өзге  де  заң  актілерінде  белгіленген  басқа  да  өкілеттіктерді  жүзеге  асырады. Ендеше, бұл құзіреттерді рет ретімен топтастыруға болады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           Облыстық  мәслихаттың  өкілеттігіне  мыналар  жатады:
1)    Републиканың  Үкіметіне  облыс  орталығының  бас  жоспарының  жобасын, облыстық, аудандық  жоспарлау  схемаларын  бекіту  туралы  ұсыныс  енгізу;
2)    Республика  Президентіне  мемлекеттік  марапаттар  мен  марапаттау  және  құрметті  атақтар  беру  туралы  ұсыныс  жасау;
3)    Әділет  басқармасының  нотариат, азаматтық  хал  актілерін  жазу, адвакатура  органдары, сондай-ақ  халыққа  заң  жөнінде  білім  беру  жұмысының  жай-күйі  туралы ақпаратын тыңдау;
4) облыс  аумағындағы  аумақтық  қоғамдық  өзін-өзі  басқару  органдары  туралы  Ережені  бекіту  және  оған  згерістер  енгізу.
5) Республика  Президентіне  мемлекеттік  марапаттармен  марапаттау  және  құрметті  атақтар  беру  туралы  ұсыныстар  жасау;
6) Республиканың  Үкіметіне  қаланың  бас  жоспарының  жобасын  бекіту  туралы  ұсыныстар жасау;
7) Аумақтық  қоғамдық  өзін-өзі  басқару органдары  туралы  Ережені  бекіту  және  оған  өзгерістер  енгізу [20].
Аудандық, қалалық  мәслихаттардың құзіретіне  мыналар  жатады:
1) селолық  елді  мекендерді  қалаларды  салу  ережелерін, селолық  елді  мекендердің  бас  жоспарларын  бекіту, олардың  шекараларына өзгерістерді  белгілеу;
2)    жер  заңдарына  сәйкес  жер  үшін  ақы  алу  жөніндегі  жеңілдіктер  белгілеу жатады.
Облыстық, аудандық, қалалық  мәслихаттар  мынандай  мәселелер  бойынша:
— Елді  мекендер  аумағында  құрылыс  салу;
— Жерді, ормандарды, су  ресурстарын, бірегей  табиғат  объектілерін, сондай-ақ  тариф  және  мәдениет  ескерткіштерін  қорғау  мен  ұстау;
— қоғамдық  тәртіп, өрт  және  жол  қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік;
— індеттер  мен  эпизоотияларды  болғызбау  жөніндегі  шаралар;
— инженерлік  коммуникацияларды  қорғау;
— аумақтық  санитарлық  тазалау;
— жарнамаларлы, маңдайшадағы  жазуларды, хабарландыруларды  және  басқа  да  ақпараттық  материалдарды  пайдалану;
— қоғамдық  көлікті  пайдалану; аумақты  көркейту, жасыл  екпелерді  күтіп  ұстау  мен  қорғау; үй  жануарларын  ұстау;
— дүлей  зілзалалар  жағдайларындағы  немесе  басқа  да  төтенше  жағдайлардағы  қоғамдық  тәртіп, олардың  зардаптарын  болғызбау  және  жою  жөніндегі  шаралар  бойынша  бұзылғаны  үшін  әкімшілік  жауапкершлік  көзделген  міндетті  ережелер  қабылдауға  құқылы. Мәслихаттар  қабылдайтын  міндетті  ережелер  республиканың  заңдарына  қайшы  келмеуге  тиіс.
Астана қаласы мәслихатының ерекше өкілеттігі: Қазақстан  Республикасының 1998 жылғы 20 мамырдағы Қазақстан  Республикасы астанасының мәртебесі туралы Заңы астананың  құқықтық мәртебесін, қызмет етуінің ұйымдық-саяси және  экономикалық негіздерін белгіледі. Бұл мәселе заңды жолмен  шешіледі. Заңда астанадағы жергілікті мемлекеттік  басқаруды заңдар  белгіленген тәртіпте жергілікті өкілді және атқарушы органдар  жүзеге асырады делінген. Осындай тәртіпті 2001 жылғы 23 қаңтардағы Жергілікті мемлекеттік басқару  туралы  Заң белгілеген. Астананың мәртебесі туралы Заң да сондай-ақ өкілді орган (Астана  мәслихаты) үшін облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттарға берілмеген ерекше өкілеттіктер белгіледі.
Жергілікті  мемлекеттік  басқару  туралы  Заң  белгілеген  өкілеттіктермен  қатар, астаналық  мәслихат:
1)    қаланың  Қазақстан  Республикасының  астанасы  міндеттерін  жүзеге  асыруын  ескере  отырып, астананың  бюджетін, оның  атқарылуы  туралы  есептерді  аумақты  дамыту  жоспарларын  экономикалық  және  әлеуметтік  бағдарламаларын  бекітеді;
2)    Қазақстан  Республикасының  астанасын  басқару  схемасын  бекітеді [21].
Алматы  қаласының  ерекше  мәртебесі  туралы  заңының
3-бабында  Алматы  қаласының  өкілді  органының  өкілеттігі  деп  аталады. Жергілікті  мемлекттік  басқару  туралы  жаңа  заңда  мәслихаттардың  құзіреті  туралы  сөз  болады. Сондықтан  аталған  бапты  Алматы  қаласы  мәслихатының  құзіреті  деп  атаған  дұрыс. 3-бап  тек  бір  тармақ  барлық  облыстық  мәслихаттарға  қатысы  бар  жалпы  сипаттағы  норма  болып  табылады. Қалған  жеті  қағида  Алматы  қаласы  мәслихатының  құзіретінің  ерекшліктерін  бейнелейді. Оларды  атап  өтейік, өйткені облыстық мәслихаттарға ондай өкілеттіктер  берілмеген. Алматы   қаласы мәслихатының дәл осы өкілеттіктері  Алматы  қаласының  бұдан  әрі  дамуына  кепілдік  жасайтын  құралдардың  бірі  болып  табылады. Оларға  төмендегі  өкілеттіктер  жатады:
1)    Алматы  қаласының  мәслихаты  Алматы  қаласының  аумағында  жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін айыппұл мөлшерін  және  өндіру  тәртібін  белгілейді;
2) Алматы  қаласының  мәслихаты  заңды  және  жеке  тұлғалардың  олардың  өз  фирмалық  атауларында, қызмет  көрсету  белгілерінде, тауарлық таңбаларында Алматы қаласының рәміздесін   пайдаланғаны  үшін  алынатын  алымның  тәртібін  және мөлшерін белгілейді;
3)    Алматы  қаласының  мәслихаты  аумақтық  мемлекеттік  және  қоғамдық  ескерткіштерді  қорғау  органдарының  Қазақстан  республикасының  тарихи-мәдени  мұраны  қорғау  мен пайдалану  жөніндегі мемлекеттік органмен келісілген ұсынысы бойынша  жергілікті маңызы бар трихи және мәдени ескерткіштерінің тізімін  жасайды;
4) Алматы  қаласының  мәслихаты  басқа  мемлекеттердің  жергілікті  атқарушы  органдарымен  Республиканың  заңдарында  белгіленген  шек пен тәртіп бойынша халықаралық байланыстар орнатуға құқылы;
5) Алматы  қаласының  мәслихаты  лотереялар  шығару, оның  орналастыру  және  шарттары  мен  сату  туралы, сондай-ақ  қаржылық  жыл  шектерінде уақытша  кассалық  алшақтықты  өтеу  үшін  қарыз  шарттары  түрінде  және  тиісті  қарыздың  негізгі  сомасы  мен  ол  бойынша  сыйақыны өтеуге  арналған  қаражаттар  барда  жоғары  тұрған  бюджеттен  немесе  екінші  деңгейдің  банктерінен  қарыз  қаражаттарын  алу  туралы  шешімдер  қабылдауға  құқылы;
6) Алматы  қаласының  мәслихаты  Алматы   қаласының  әкімінің  ұсыныс  бойынша  қаланы  басқару  схемасын  бекітеді;
7) Алматы  қаласының  мәслихаты  Алматы  қаласының  аумағындағы  көші-қон  процестерін  реттеу  тәртібін  бекітеді.
8) осы заңда  көзделген  өзге  де  өкілеттіктерді  жүзеге  асырады  делінген. Бұл, біріншіден, Алматы  қаласының  мәслихаты  Жергілікті  мемлекеттік  басқару  туралы  заңға  сәйкес  барлық  облыстық  мәслихаттарға  берілген  өкілеттіктерді  жүзеге  асыратынын, екіншіден, заңдар  Алматы  қаласының  мәслихатына  тағы  да  басқа  өкілеттіктер  бере  алатынын  көрсетеді [22].
Мәслихаттың  актілері. Мәслихаттың  өз  құзіреті  шегінде  мәселелер  бойынша  қабылдайтын  шешімдері  оның  актілері  болып  табылады. Оның  кейбір  шешімдерінің  жобалары  (жергілікті  бюджет  кірістерін  қысқартуды  немесе  жергілікті  бюджет  шығыстарын  ұлғайтуды  көздейтін)  әкімнің  оң  қорытындысы  болған  жағдайда  ғана  қарауға  енгізілуі  мүмкін. Оның  құзіреті  шегінде  және  азаматтардың  бостандықтарына  құықтары  мен  міндеттеріне  қатысты  қабылданған  шешімдері  заңға  сәйкес  ресми  жариялануға  тиіс  және  ол  тиісті  аумақта  орындалуға  міндетті.  Мәслихаттың  жалпыға  бірдей  міндетті  маңызы  бар, ведмоствоаралық  сипаттағы  немесе  азаматтардың  құқықтарына, бостандықтары  мен  міндеттеріне  қатысты  шешімдерін  заңдарда  белгіленген  тәртіпте  Әділет  министрлігінің  аумақтық  органдарының  мемлекеттік  тіркеуіне  жатады. Ал,  енді  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  мен  заңдарына  сәйкес  келмейтін  шешімдерін  оның  өзінің  жоюы  не  сот  тәртібімен  жойылуы  мүмкін. Жергілікті  мәслихаттардың шығырған  шешімдері  бірауыздан  қабылданғаннан  соң, ол  баспасөздерде жарияланады. Мысалы, Түркістан  қалалық  мәслихатының  шешімі:

түркістан  қалалық  мәслихатының
шешімі
26/162-.                                             2006 жылғы  17 қаңтар

Қалалық  мәслихаттың  14.01.2003 ж. 26/93-  Түркістан  қаласы  бойынша  жеке  кәсіпкерлердің кәсіпкерлік  қызметтерінің  түрлеріне  байланысты  бір  айлық  тіркелген  жиынтық  салық ставкалары туралы  шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР  12.06.2001 ж. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Кодексінің (салық кодексі) 369, 393, 394-баптарына,  ҚР  23.01.2001 ж.  Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 қазандағы 1001 қаулысына сәйкес және Түркістан қаласы әкімдігінің 12.01.2006 ж. 267 қаулысының негізінде қалалық мәслихат шешті:
1.    Қалалық мәслихаттың 14.01.2003 ж. 26/93- Түркістан қаласы бойынша жеке кәсіпкерлердің кәсіпкерлік қызметтерінің түрлеріне байланысты бір айлық тіркелген жиынтық салық ставкалары туралы шешіміне (Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 12 ақпанда 824 номірімен тіркелген, 2003 жылғы 28 ақпанда 7 Түркістан газетіне жарияланған) қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2.    Осы шешім Түркістан қаласының әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енсін.

М.Құдайбергенов,
қалалық мәслихаттың кезектен тыс жиырма
алтыншы сессиясының төрағасы

ә.өсербай,
қалалық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы.

Бұл шешім Түрікстан қаласының Әділет басқармасында
15.02.2006 жылы тіркелді. Тіркеу 14-4-17.

Үшінші сайланған Түркістан қалалық мәслихаттың сессия төрағасының
шешімі
Түркістан қаласы                                                  10 наурыз, 2006 жыл.

Қалалық мәслихаттың кезекті жиырма жетінші сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 148- Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы  заңының 10 бабына және 18 баптың 4 тармағының 1 тармақшасына сәйкес
шешім етемін:
1.    Түркістан қалалық мәслихаттың кезекті жиырма жетінші сессиясы 2006 жылғы 5 сәуір күні қала әкімдігінің мәжіліс залында сағат 10-00-ге шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне төменде көрсетілген мәселелер ұсынылсын:
1.    Қала құрылысы және құрылыс бөлімінің жерді бөлу, беру және аукционда сату жөнінде атқарған жұмыстарының есебі туралы.
2.    Түркістан халқын электр-энергиясымен қамтамасыз ету жұмыстары туралы.
3.    Қала тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету туралы.
4.    Мәдениет және тілдерді дамыту жұмыстары туралы.
5.    Қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің атқарған жұмыстары туралы.
6.    Ауыл шаруашылығы бөлімінің көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жұмыстары туралы хабарламасы.
7.    Салық ставкілеріне өзгерістер енгізу туралы.
8.    Қала әкімиятының жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізу туралы.
9.    Қаланың жекелеген көшелеріне ат қою және атауларын өзгерту туралы 18.10.2005 ж. Бірлескен мәслихат шешімі мен әкімият қаулысы туралы.
10.     Мәслихат регламентіне өзгерістер мен толықтырулан енгізу туралы.
11.      Қалалық мәслихат депутаттарының 2005 жылы жолдаған депутаттық сауалдарының орындалуы туралы.
12.     Қалалық мәслихаттың 28 сессиясының төрағасын сайлау туралы.

м.құдайбергенов,
қалалық мәслихаттың кезекті жиырма
жетінші сессиясының төрағасы.

Мәслихаттың  өкілеттігін  тоқтату  негіздері. Мәслихат  өкілеттігі  Қазақстан  Республикаының  Конституциясында  белгіленген, оның  өкілеттік  мерзімі  аяқталғанда  тоқтатылады.
Мәслихаттың  өкілеттігін  мынандай  жағдайларда:
1) Қазақстан  Республикасының  Конституциясын, заңдарын  сот  тәртібімен  заңсыз  деп  танылған  шешімдер  қабылдау  түрінде  бірнеше  рет  (екі  және  одан  да  көп)  бұзса;
2) егер  жаңадан  сайланған  мәслихат  бірінші  сессиясы  ашылған  күннен  бастап  отыз  күн  өткенше  өз  құрылымын  белгілемесе  және  тиісті  органдарын  құрмаса;
3)    тиісті  әкімшілік-аумақтық  бөлініс  қайта  ұйымдастырылса  немесе  таратылса;
4) мәслихат  өз  депутаттары  жалпы  санының  кемінде  үштен  екісінің  жасырын  даусымен  өзін-өзі  тарату  шешім  қабылданса;
5)    жергілікті  бюджетті, аумақты  дамытудың  жоспарларын, экономикалық  және  әлеуметтік  бағдарламаларын  екі  рет  бекітпеумен  білдірілген  әкімиятпен  арада  еңсерілмейтін  келіспеушіліктер  болса;
6) әкімшілік-аумақтық  бөліністі  басқару  схемасын  екі  рет  бекітпеумен  білдірілген  әкіммен  арада  еңсерілмейтін  келіспеушіліктер  болса, Қазақстан  Республикасының  Бас  прокурорының  ұсынуы  бойынша  Қазақстан  Республикасының  Сенаты  мерзімінен  бұрын  тоқтатады.
Мәслихаттың  әкімге сенімсіздік  білдіру  өкілеттігі. Мәслихат  өз  депутаттары  жалпы  санының  үштен  екісінің  дауысымен  әкімге  сенімсіздік  білдіруге  және  тиісінше  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  не  жоғары  тұрған  әкімнің  алдына  оны  қызметінен  босату  туралы  мәселе  қоюға  құқылы. Әкім  ұсынған  аумақты  дамытудың  жоспарларын, экономикалық  және  әлеуметтік  бағдарламаларын, жергілікті  бюджеттің  атқарылуы  туралы  есептерді  мәслихаттың  екі  рет  бекітпеуі  мәслихаттың  әкімге  сенімсіздік  білдіруі  туралы  мәселені  қарауы  үшін  негіз  болып  табылады.

-тарау
Жергілікті атқарушы органдар

§1. Жергілікті  атқарушы органдардың  сипаттамасы,
олардың  жүйесі

Тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағындағы мемлекеттік  басқаруды ұйымдастыруда жергілікті өкілді органдармен қатар  атқарушы органдар зор рөл атқарады. Атқарушы органдардың  қызметі 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, 2001 жылғы 23 қаңтардағы 148- Қазақстан  Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңымен, 2001 жылғы  25 сәуірдегі  179-, 2001 жылғы 24 желтоқсандағы  276-, 2002 жылғы  21  мамырдағы  324-, 2004 жылғы  11  мамырдағы 552-, 2004 жылғы 20 желтоқсандағы 13-, 2004 жылғы 21 желтоқсандағы 15-, Заңдарымен енгізілген  өзгерістермен және толықтыруларымен және Қазақстан  Республикасының мемлекеттік қызмет туралы 2002 жылғы 1 қыркүйектегі заңымен, реттеліп, жүзеге асырылады. Конституцияда жергілікті атқарушы  органдар Қазақстан  Республикасы  атқарушы  органдарының  бірыңғай  жүйесіне  кіретін: атқарушы  биліктің  жалпы  мемлекеттік  саясатын  тиісті  аумақтың  мүддесі  мен  дамуы  қажеттілігін  ұштастыра  отырып  жүргізуді  қамтамасыз  ететіні  айқын  белгіленген [23].
Енді бір сәт, Қазақстан Республикасындағы жергілікті атқарушы органдарын (әкімияттарын) әлемнің басқа мемлекттерінің жергілікті атқарушы органдарымен салыстырып көрейік. Әрине, әр мемлекеттің өзіне тән ерекшеліктері де бар. Сондай-ақ атаулары да әр түрлі болып келеді. Мысалы, Жапонияда және Ресей Федерациясында  Губернатор, АҚШ-та Мэр деп аталады. Ал, Қазақстан Республикасында жергілікті атқарушы органдар басшысын Әкім деп атайды. Енді, бұл мемлекеттердегі жергілікті атқарушы органдар басшыларының қызметке тағайындалу тәртібіне тоқталайық. Мысалы, Жапонияда губернаторларды тұрғылықты жердің халқы төрт жыл мерзімге сайлайды. Армения Республикасындағы облыстарға әкімдерді Премьер-министрдің ұсынысы бойынша Президент қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. Әкімдер үкіметтің аумақтық саясатын жүзеге асырады, республикалық атқарушы органдардың аумақтық қызметінің атқарылуын үйлестіреді, және Армения Республикасы заңдарына жергілікті өзінөзі басқару органдары қызметінің сәйкес болуын қадағалайды. Өзбекстанда облыстар мен Ташкент қаласы әкімін қызметке Президент өзі тағайындап, қызметінен босатады, әрі өзіне тиісті халық депутаттары Кеңестері оны бекітеді. Аудандар мен қалалардың әкімдерін өзіне тиісті жоғары тұрған облыстардың әкімдері қызметке тағайындап, қызметінен босатады, әрі өзіне тиісті халық депутаттар Кеңесі бекітеді. Қалалардағы аудан әкімдерін өзіне тиісті жоғары тұрған қала әкімі қызметке тағайындап, орнынан босатады, әрі өзіне тиісті халықтар депутаттары Кеңесі бекітеді. Ал, аудандық маңызға ие қала әкімдерін аудан әкімі халық депутаттары Кеңесінің бекітуімен қызметке тағайындалып, қызметінен босатылады. Молдова Республикасының Конституциясына сәйкес бұл елдің аумағы әкімшілік тұрғыдан аудан, қала ауылдарға, қыстақтарға бөлінеді. Көпшілікті басқару өкіметін аудандық, қалалық, ауылдық кеңестерден тұратын жергілікті автономия жүзеге асырады. Кеңестерді әкім басқарады. Молдова Республикасында аудандық кеңес ауылдық және қалалық кеңестердің аудандық маңызға ие қоғамдық істерін басқаруды үйлестіреді. Аудандық, қалалық және ауылдық кеңестер жергілікті көпшілік биліктердің ара-қатынасын автономия қағидаларына негіздеп шешеді, әрі жалпы мәселелерді шешуде басқа органдармен ынтымақтастық қарым-қатынастарда болады. Заңдарға сәйкес жергілікті кеңестердің әкімдері жеке басқарушы өкімет ретінде әрекет етіп, қалалардағы, аудандардағы, ауылдардағы және қыстақтардағы қоғамдық істерді шешеді. Түркіменстанда әкімдерді Президент қызметке тағайындап, орнынан алады. Сонымен қатар, әкім мемлекет басшысының өкілі ретінде саналып, Президентке есеп беріп отырады. Әкім жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен кеңестерді құрады. Индияда 25 штаттың әр бірі округтарға бөлінеді. Штат губернаторы округтарды басқару үшін комиссар тағайындайды. Олар штат үкіметіне тікелей бағынып, округтердегі жоғары лауазымды адам саналады.
Шетелдердегі жергілікті атқару органдарының міндеттері заң тәртібімен (мысалы, АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Болгария, Молдова Республикасы, Литва, Түркия, Түркіменстан және т.б. бірқатар елдерде) шешіледі. Сондықтан бірқатар шетел мемлекеттерінің заңдары жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігін міндетті және міндетті емес деп екіге бөлетінін айта кеткен артықтық етпес. Мұндағы бірінші топқа жататын мәселелер көбіне, жалпы мемлекеттік маңызға ие болады. Ал, міндетті емес топқа жергілікті атқарушы органдардың өз қараулары бойынша жүзеге асырылатын өкілеттіктері жатады [24].
Жергілікті  атқарушы  органдардың жүйесі. Жергілікті өкілді  және  атқарушы органдар туралы заңға сәйкес жергілікті жерлердегі  атқарушы билік органдарының жүйесін: әкімдер, басқармалар, бөлімдер, комиссиялар мен басқа да бөлімшелер және қызметтер  құрайды. Жоғары да айтылғандай, жергілікті  атқарушы  органдар  Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының біртұтас  жүйесіне кіреді. Оларға облыстардың, аудандардың, қалалардың, қаладағы  аудандардың, поселкелер  мен  ауылдардың  (селолардың)  әкімдері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, бөлімдері, комиссиялары  жатады.
Мынандай  әкімшілік  буындар  құрылады:  1) облыстық, республикалық  маңызы  бар қалалық, астаналық;  2) аудандық  (облыстық  маңызы  бар  қалалардың), республикалық  маңызы  бар  қаладағы  (астанадағы)  аудандық, аудандық  маңызы  бар  қалалық, кенттік, ауылдық  (селолық), ауылдық  (селолық)  округтік  әкімшіліктер  түзілмейді.
Жергілікті  атқарушы  органды  Республика  Президенті  мен  Үкіметінің  өкілі  болып  табылатын  тиісті  әкімшілік-аумақтық  бөліністің  әкімі  басқарады. Ал, әкім дегеніміз — Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігі берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты өкілі.
Әкім  орынбасараларының  саны  бөлімдердің, басқармалар  мен  басқа  да  бөлімшелердің  жүйесі  әкімнің  ұсынуы  бойынша  тиісті  мәслихат  бекітетін  облыс, аудан, қала  схемасына  сәйкес  анықталады. Жергілікті  әкім  және  оның  орынбасарлары, сондай-ақ бөлімдердің, басқармалардың, әкімшіліктің  басқа  да  қызметтерінің  басшылары  кез  келген  деңгейдегі  мәслихаттың  депутаттары  бола  алмайды.

§2. Жергілікті атқарушы органдың құрылу
тәртібі және құрамы

Облыстардың, республикалық  маңызы  бар  қалалар  мен  астананың  әкімдерін  қызметке  Премьер-министрдің  ұсынысы  бойынша  Республика  Президенті  тағайындайды. Өзге  әкімшілік-аумақтық  бөліністердің  әкімдерін  олар  жөніде  жоғары  тұрған  әкімдер  тағайындайды. Облыстар, республикалық  маңызы  бар  қалалар  мен  астана  әкімдерінің  өкілеттігі  республиканың  жаңадан  сайланған  Президенті  қызметке  кіріскен  кезде  тоқтатылады. Республика  Президенті  әкімдерді  өз  қалауы  бойынша  қызметтен  босатуға  құқылы.
Әкімшілік басшыларының орынбасарлары тиісті әкімшілік  басшысы белгілеген міндеттерді бөлуге сәйкес міндеттерді атқарады. Әкімшілік  басшысы  болмаған  немесе  оның  өз  міндеттерін  атқаруы  мүмкін  болмаған  жағдайда  оның  өкілеттігін  бірінші  орынбасары  жүзеге  асырады. Әкімшілік  басшыларының  орынбасарларын  жергілікті  әкімшіліктің  басшылары  тағайындайды  және  қызметтен  босатады [25].
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)  әкімияттарының құрылуы және құрамы. Облыстық (республикалық  маңызы  бар  қаланың, астананың)  әкімият  Қазақстан  Республикасы  атқарушы    органдарының  біртұтас  жүйесіне  кіреді, атқарушы  биліктің  жалпы мемлекеттік  саясатын  тиісті  аумақты  дамыту  мүдделерімен  және  қажеттілігімен  үйлестіре  жүргізуді  қамтамасыз  етеді. Әрбір облыстың ішінде өзінің қаласы, ауданы болады. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында 15 қала, аудан бар. Облыстық  (республикалық  маңызы  бар  қалалық, астаналық)  әкімиятты облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімі басқарады. Әкім облыстық  (республикалық маңызы  бар  қалалық, астаналық)  әкімиятты  әкім  орынбасарларынан, кім  аппаратының  басшысынан, жергілікті  бюджеттен  қаржыландырылатын  атқарушы  органдардың  бірінші  басшыларынан  құрады. Облыс  (республикалық  маңызы  бар  қала, астана)  әкімияттың  отырыстарын  әзірлеу  мен  өткізу, сондай-ақ  олардың  шешім  қабылдау  тәртібі  әкімияттың  регламентінде  белгіленеді. Үлгі  регламентті  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  бекітеді. Әкімияттың  дербес   құрамы  облыстық  (республикалық  маңызы  бар  қалалық, астаналық)  мәслихат  сессиясының  шешімімен  келісіледі. Облыс  (республикалық  маңызы  бар  қала, астана)  әкімиятының  жұмысына  орталық  атқарушы  органдардың  аумақтық  бөлімшелерінің  басшылары  кеңесші  дауыс  құқығымен  қатыса  алады. Облыстық  (республикалық  маңызы  бар  қалалық, астаналық)  әкімият  алқалы  орган, ол  заңды  тұлға  болып  табылмайды.
Облыс  (республикалық  маңызы  бар  қала, астана)  әкімін  қызметке  тағайындау  және  қызметінен  босату  тәртібі. Облыс  (республикалық  маңызы  бар  қаланың, астананың)  әкімін  Премьер-министрдің  ұсынысы  бойынша  Қазақстан  Республикасының  Президенті  қызметке  тағайындайды. Облыс  (республикалық  маңызы  бар  қаланың, астананың) әкімін  Қазақстан  Республикасының  Президенті  қызметінен  босатады. Облыс  (республикалық  маңызы  бар  қала, астана)  әкімінің  өкілеттігі  Қазақстан  Республикасының  жаңадан  сайланған  Президенті  қызметіне  кіріскен  кезде  тоқтатылады. Бұл  ретте  әкім  Қазақстан  Республикасының Президенті  тиісті  әкімді  тағайындағанға  дейін  өз  міндетін  атқаруды  жалғастыра  береді [26].
Аудандық  (облыстық  маңызы  бар  қалалық)  әкімияттардың  құрылуы  және  құрамы. Аудандық  (облыстық  маңызы  бар  қалалық)  әкімият  Қазақстан  Республикасы  атқарушы  органдарының  біртұтас  жүйесіне  кіреді,  атқарушы  биліктің  жалпы мемлекеттік  саясатын  тиісті  аумақты  дамыту  мүдделерімен  және  қажеттілігімен  үйлестіре  жүргізуді  қамтамасыз  етеді. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың)  құрылуы халық санына байланысты шешіледі. Қала құрылуы үшін халық саны кемінде  197 мыңнан  кем  болмауы  тиіс. Ал егерде аудан құрылуы үшін 189 мың халық болса жеткілікті болады. Бұлардың ішінде тағы ауылдық округтер болады. Мысалы, Түркістан қаласында 11 ауылдық округ бар. Ол 11 ауылдық округтің 11 әкімі бар. Аудандық  (облыстық  маңызы  бар  қалалық)  әкімиятты  ауданның  (облыстық  маңызы  бар  қаланың)  әкімі  басқарады. Әкім  аудандық  (облыстық  маңызы  бар  қалалық)  әкімиятты  аудан  (облыстық  маңызы  бар  қала)  әкімінің  орынбасарларынан, әкім  аппаратының  басшысынан, тиісті  атқарушы  органдардың  бірінші  басшыларынан  құрады. Облыстық  бюджеттен  қаржыландырылатын  атқарушы  органдардың  аумақтық  бөлімшелерінің  бірінші  басшылары  да  жоғары  тұрған  тиісті  органдар  басшыларымен  келісім  бойынша  әкімияттың  мүшелері  болуы  мүмкін. Аудандық  (облыстық  маңызы  бар  қалалық)  әкімияттың  отырыстарын  әзірлеу  мен  өткізу, сондай-ақ  олардың  шешім  қабылдау  тәртібі  әкімияттың  регламентінде  белгіленеді. Үлгі  регламентін  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  бекітеді. Әкімияттың  дербес  құрамы  аудандық  (облыстық  маңызы  бар  қалалық)  мәслихат  сессиясының  шешімімен  келісіледі. Аудандық  әкімияттың  жұмысына  орталық  атқарушы органдардың  аумақтық  бөлімшелерінің  басшылары  кеңесші  дауыс  құқығымен  қатыса  алады. Аудандық  (облыстық  маңызы  бар  қалалық)  әкімият – алқалы  орган, ол  заңды  тұлға  болып  табылмайды.
Аудан  (облыстық  маңызы  бар  қала)  әкімін  қызметке  тағайындау  қызметінен  босату  және  өкілеттігін  тоқтату  тәртібі. Аудан  (облыстық  маңызы  бар  қала)  әкімі  Қазақстан  Республикасының  Президенті  белгілейтін  тәртіпте  қызметке  тағайындалады  немесе  сайланады. Аудан  (облыстық  маңызы  бар  қала)  әкімі  Қазақстан  Республикасының  Президенті  белгілеген  тәртіпте  қызметінен  босатылады  және  өз  өкілеттігін  тоқтатады.
Қаладағы  аудан, аудандық  маңызы  бар  қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық)  округ  әкімін  қызметке  тағайындау, қызметінен  босату  және  өкілеттігін  тоқтату  тәртібі. Қаладағы  аудан, аудандық  маңызы  бар  қала, кент, ауыл (село), ауылдық  (селолық)  округ  әкімдері  Қазақстан  Республикасының  Президенті  белгілейтін  тәртіпте  қызметке  тағайындалады  немесе  сайланады. Қаладағы  аудан, аудандық  маңызы  бар  қала, кент, ауыл  (село), ауылдық  (селолық)  округ  әкімдері  Қазақстан  Республикасының  Президенті  белгілейтін  тәртіпте  қызметінен  босатылады  және  өз  өкілеттігін  тоқтатады. Республикалық  маңызы  бар  қаладағы  (астанадағы)  аудандық, аудандық  маңызы  бар  қалалық, кенттік, ауылдық  (селолық), ауылдық  (селолық)  округтік  әкімияттар. Республикалық  маңызы  бар  қаладағы  (астанадағы)  аудандық, аудандық  маңызы  бар  қалалық, кенттік, ауылдық  (селолық), ауылдық  (селолық)  округтік  әкімияттар  құрылмайды [27].
Обылыстық, аудандық, қалалық  мәслихаттар  депутаттарының  жалпы  санының  жасырын  берген  23  көпшілік  даусымен  жергілікті  әкімшілік  органдарының  басшысына  сенімсіздік  білдіруге  және  оны  қызметінен  босату  туралы  тиісті  әкімге  мәселе  қоюға  құқылы, ол  бұл  мәселе  бойынша  дәлелді  шешім  қабылдап, ол  жөнінде  тиісті  мәслихатқа  хабарлайды. Бөлімдер  мен  басқармалар  жергілікті  әкімшіліктің  басқарушы  органдары  болып  табылады. Олар  тиісті  мәслихаттардың, жергілікті  әкімдердің, жоғары  тұрған  органдардың  басқару  салалары  мен  аясындағы  шешімдерін  орындау  жөнінде  қызмет  етеді. Қызмет  аппаратының  бөлімшелерінен  айырмашылығы – бөлімдер  мен  басқармалар  тиісті  мәслихатқа  және  жергілікті  әкімдерге  бағындырылған  тиісті  салалардың  мекемелерін, ұйымдарын, кәсіпорындарын  басқаруды  жүзеге  асырады, өз  құзіреті  шегінде  әкімшілік  қызмет  жүргізеді. Бөлімдер  мен  басқармалар  өкілеттігінің  көпшілігі жергілікті  әкімдер  құзіретінің  іске  асырылуымен  байланысты. Сондықтан  олардың  қызметін  тиісті  жергілікті  әкімнің  басқару  саласындағы  қызметінің  нысаны  ретінде  қарастыруға  болады. Сонымен  бірге жергілікті  мемлекеттік  басқару  органдарының  бір  түрі  болып табылатын  бөлімдер  мен  басқармалар  тиісті  министрліктердің  және  республика  ведмостволарының жүйесіне  кіреді [28].
Жоғары  тұрған  мемлекеттік  басқару  органдары  бөлімдер  мен  басқармалар  жөнінде  ең  алдымен  ұйымдық-әдістемелік  басшылықты, бақылауды  жүзеге  асыруға, олардың  қызметінің  әсіресе  ғылыми-техникалық  прогресс, өнімнің, қызмет  көрсетудің  және  т.б.  стандарттары  мәселелерінде  салалы  дамытудың  жалпы  бағыттары     мен  талаптарына  сәйкес  келуін  қамтамасыз  етуге  тиіс. Бөлімдердің, басқармалардың  ұйымдастырылуы  мен  қызметінің  бірқатар  мәселелерін  жоғары  тұрған  басқару  органдарымен  келісе  отырып, жергілікті  әкім  шешеді  (мысалы, ішкі  істер  бөлімдері  мен  басқармаларының  басшыларын  бекіткен  кезде  мәселе  тиісті  ішкі  істер  органдарының  басшылығымен  және  Қазақстан  Республикасының  ішкі  істер  министрлігімен  келісіледі). Бөлімдердің,  басқармалар  мен  өзге  де  бөлімшелердің  жүйесі  негізінен  жергілікті  өкілді  және  атқарушы  органдары  қызметінің  басты  салалары  мен  аясына  ыңғайлап  құрылады. Облыстық  және  ірі  қалалардағы  жергілікті  атқарушы  органдардың  салалық  басқару  аппараты  мейлінше  сан  саналы  болады. Аудандық, аудандарға  бағынышты  қалалық  атқарушы  органдарының  аппараты  шағын  болады. Қызмет  саласына  қарай  бөлімдерді, басқармалар  мен  өзге  де  бөлімшелерді  мынандай  негізгі  топтарға  бөлуге  болады: өндіріс  саласы  (мысалы, жергілікті  өнеркәсіп, күрделі  құрылыс, сәулет-құрылыс  және  басқа  бөлімдері  мен  басқармалары); халыққа  қызмет  көрсету  (экономика, денсаулық   сақтау, еңбек  және  жұмыспен  қамту, білім  беру, халықты  әлеуметтік  қорғау  және  т.б.  бөлімдері  болады.

§3. Жергілікті  атқарушы  органдардың  құзіреті  және  қабылдайтын  актілері

Жергілікті  атқарушы  органдардың  өздеріне  мемлекет  жүктеген  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін  кең  көлемде  құзірет  берілген. Құзіретінің  негіздері  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  87-бабының  2-тармағында  баянды  етілген, ал  Жергілікті  өкілді  және  атқарушы  огандар  туралы  Заң  мен  басқа  да  нормативтік-құқықтық  актілірде  неғұрлым  егжей-тегжейлі  баяндалады.
Жергілікті  атқарушы  органдардың  қарауына негізінен мыналар  жатады:
1) аумақты  дамытудың  жоспарларын, экономикалық  және  әлеуметтік  бағдарламаларын, жергілікті  бюджетті  әзірлеу  және  олардың  орындалуын  қамтамасыз  ету;
2)   коммуналдық  меншікті  басқару;
3) жергілікті  атқарушы  огандардың  басшыларын  қызметке  тағайындау  және  қызметінен  босату.
4) жергілікті  мемлекеттік  басқару  мүдделері  үшін  республиканың  заңдарында  жергілікті  атқарушы  органдарға  жүктелген  өзге  де  өкілеттіктерді  жүзеге асыру [29].
Жергілікті  өкілді  және  атқарушы  органдар  туралы  Заңда  жергілікті әкімдердің, өзге де облыстық, аудандық, қалалық, поселкелік және селолық әкімшілік органдарының өкілеттігі  неғұрлым егжей-тегжейлі регламенттелген. Заңда  жергілікті  әкімдердің  өкілеттігі  баянды  етілетінін, олардың  өкілеттігін  жүзеге  асыру  саласын  жекелеген  баптарда  бөліп   көрсетілмейтіндігін  атап  өткен  жөн. Ал  жергілікті  әкімшіліктің  өзге  де  органдарына  келгенде, заңның  арнаулы  баптарында  олардың  қызметінің  өздері  заң  жүзінде  құзіретті  болатын  негізгі  бес  саласын  көрсетеді. Оларға  мыналар  жатады: 1) жоспарлау, бюджет, шаруашылық  қызмет, көлік  пен  байланыс  саласындағы  өкілеттік; 2) жерді  пайдалану, табиғатты  қорғау  және  табиғи  ресурстарды  ұтымды  пайдалану  саласындағы  өкілеттік;  3) құрылыс, тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық, тұрмыстық  қызмет  көрсету, сауда, қоғамдық  тамақтандыру  саласындағы  өкілеттік; 4) халыққа  әлеуметтік-мәдени   қызмет  көрсету  саласындағы  өкілеттік; 5) заңдылықты, құқық  тәртібін, азаматтардың  құқықтарын, бостандықтары  мен  мүдделерін  қорғауды  қамтамасыз  ету  саласындағы  өкілеттіктер  жатады.
Жоғарыда  келтірілген  қызмет  салаларында  облыстық, аудандық, қалалық  әкіміияттардың  өте  кең  өкілеттіктері  бар. Мәселен, жоспарлау, бюджет, шаруашылық  қызмет, көлік  пен  байланыс   саласында: облысты, ауданды, қаланы  дамыту  жоспарлары  мен  бағдарламаларының  жобаларын  әзірлейді; әімшілік-аумақтық  бөліністердің  меншігіндегі  кәсіпорындарды, мекемелер  мен ұйымдарды  құрады, қайта  ұйымдастырады  және  таратады; еңбек  ресурстарын  есепке  алуды  қамтамасыз  етіп, олардың  бөлінуін  реттейді; халыққа  кәсіпорындар  мен  ұйымдар  көрсететін  байланыс  қызметінің  сапасын  бақылауды  жүзеге  асырады, оларға  шарт  негізінде  почта, телефон  байланысы  мен  өзге  де  байланысты  және  басқаларын  жақсартуда  көмек  көрсетеді.
Жер  пайдалану, табиғатты  қорғау  және  табиғи  ресурстарды  ұтымды  пайдалану  саласында: табиғатты  қорғау  және  табиғи  ресурстарды  ұтымды  пайдалануға  мемлекеттік  бақылауды  жүзеге  асырады; табиғатты  қорғау, экологиялық  сараптама, қорғау  объектілерін  салу  мен  қайта  құру  жөнінде  бағдарламалар  әзірлеуді  ұйымдастырады; экологиялық  сараптаманың  теріс  қорытындысы  бар  объектілерін  салу  мен  қайта  құруға  тиым  салу  және  басқалар  туралы  қорытындылар  дайындайды.
Құрылыс, тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық, тұрмыстық  қызмет  көрсету, сауда, қоғамдық  тамақтандыру  саласында: сәулет  өнері  және  қала  құрылысы  саласындағы  орталық  мемлекеттік  органмен  міндетті  түрде  келісе  отырып, аумақта  құрылыс  салуды  жүзеге  асырады; әлеуметтік-мәдени  және  өнеркәсіп  объектілерін  салу  жөнінде  тапсырысшы  болуға  құқылы; жоспарлардың  мемлекеттік  сараптамасына, жеке  және  заңды  тұлғалардың  жобалау  мен  құрылыс  салу  қызметіне  мемлекеттік  лицензия  беруге  жәрдемдеседі, республиканың  заңдарына  сәйкес жүзеге  асырылатын  құрылыс  өнімінің  сапасына  сәулет-құрылыс  бақылауын  жүргізуді  қамтамасыз  етеді, елді  мекендер  мен  аумақтардың  әлеуметтік, инженерлік  және  көліктік  инфрақұрылымын  қалыптастыруды  қамтамасыз  етеді, тұрғын  үй  қоры  мен  осы  инфрақұрылымның  әртүрлі  нысандарға  жататын  басқа  да  объктілерді  ұйымдастыру, пайдалану  және  ұстау  ісіне  жәрдемдеседі  және  қатысады.
Халыққа  әлеуметтік-мәдени  қызмет  көрсету  саласында: білім  беру  ісін, балаларға  мектепке  дейін  және  мектептен  тыс  тәрбие  беру  жұмысын  жүргізеді, облыстық, аудандық, қалалық  білім  беру  мекемелерінің  материалдық-техникалық  базасын  нығайтуға  қамқорлық  жасайды; тарих  және  мәдениет  ескерткіштерін  қорғауды  жүзеге  асырып, пайдалануды  ұйымдастырады; денсаулық  сақтау  мекемелеріне  басшылық  етіп, олардың  материалдық-техникалық  базасын  нығайту  мен  халықтың  денсаулығын  сақтау  және  басқалар  жөнінде  шаралар  қолданады.
Заңдылықты  қамтамасыз  ету, құқық  тәртібін, азаматтардың  құқықтарын, бостандықтары  мен  мүдделерін  қорғау  саласында: Қазақстан  Республикасы  Конституциясының, республика  Президенті  мен  Үкіметі  Жарлықтарының, жоғары  тұрған  басқа  да  мемлекеттік  органдары  актілерінің  орындалуын  ұйымдастырады, мәслихат  аумағында  орналасқан  кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдар  мен  азаматтардың  оларды  орындауына  бақылау  жасауды  жүзеге  асырады, құқық  тәртібін, меншіктің  барлық  нысандарын, азаматтардың  құқықтарын, бостандықтарын  және  заңмен  қорғалатын  мүдделерін  қорғауды  қамтамасыз  етеді; заңдарды  түсіндіруді  және  халыққа  заң  көмегін  көрсетуді  ұйымдастырады; азаматтардың  жиналыстарын, митингілер, шерулер, тосқауылдар  және  демонстрациялар  өткізу  тәртібін  қамтамасыз  ету  жөнінде  заңда  көзделген  шараларды  қолданады; сот, прокуратура, полиция, адвакатура, нотариат  және  басқалар  жұмысын  жақсарту  жөнінде  шаралар  қолданады [30].
Облыстық  (Алматының, астананың), аудандық  (облыстық  маңызы  бар  қалалардың)  әкімияттары  Қазақстан  Республикасының  біртұтас  атқарушы органдар  жүйесіне  кіреді. Республикалық  маңызы  бар қаладағы  (астанадағы)  аудандық, аудандық  маңызы  бар  қалалық, кенттік, ауылдық  (селолық), ауылдық  (селолық)  округтік  әкімдіктер  түзілмейтін  болғандықтан, олар  тиісті  атқарушы  органдардың  бір  бөлігі  болып  саналады. Облыстық  (Алматының, астананың), аудандық  (облыстық  маңызы  бар  қалалардың)  әкімшіліктерінің  ортақ  міндеттері  бар: тиісті  аумақтың  мүдделері  мен  даму  қажеттіліктеріне  тіркес  атқарушы  органның  жалпы  мемлекеттік  саясатын  жүргізуді  қамтамасыз  ету. Әрине, әкімшіліктердің  аталған  буындарының  әрқайсысы  бұл  міндетті  өз  құзіретінің  шеңберінде  шешеді. Облыстық  (Алматылық, астаналық)  әкімшілікке әкімі  басшылық  етеді. Облыс  (Алматының, астананың)  әкімі  өзінің  орынбасрларынан, әкім  аппараты  жетекешісінен, атқарушы  органдарының  бірінші  басшыларынан  әкімшілік  қалыптастырады. Облыс  (Алматының, астананың)  әкімшілігінің  дербес  құрамы  тиісті  шешім  қабылдайтын  облыстық  (Алматының, астананың) мәслихаттың  сессиясымен  келісіледі. Облыс  (Алматының, астананың)  әкімдігі отырыстарын  әзірлеу  мен  өткізу, сондай-ақ  олардың  шешім  қабылдау  тәртібі  әкімияттың регламентінде  белгіленеді. Үлгі  регламентін  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  бекітеді. Облыс  (Алматының, астананың)  әкімшілігі  алқалы  орган  болып  табылады. Алқалық  сипатына  орай  заң облыс  (Алматының, астананың)  әкімшілігінің  құзіретін  белгілейді. Облыс  (Алматының, астананың)  әкімшілігі  құзіретінің  төмендегідей  бағыттары  бар: 1) ұйымдық-шаруашылық; 2) басқарушылық; 3) реттеушілік; 4) үйлестірушілік;
6) консультативтік.
Ұйымдық-шаруашылыққа, атап  айтқанда, төмендегі  өкілеттіктер  жатады: олысты  (Алматыны, астананы), облыстық  (Алматының, астананың)  бюджетті  дамыту  жоспарларын, экономикалық  және  әлеуметтік  бағдарламаларын  әзірлеу, облыс  (Алматының, астананың)  амағында  кәсіпкерлік  қызметті, инвестициялық  ахуалды  дамыту  үшін  жағдайлар  жасау,  облыс  (Алматының, астананың) аумағында  су  құбырларын, тазартқыш  құрылыстары, электр  беру  желілерінің, басқа  да  инфрақұрылымдық  объектілердің  құрылысын  ұйымдастыру, қоғамдық  тәртіпті  қорғау  және  қауіпсіздік  сақтауды  қамтамасыз  етуді  ұйымдастыру  және  т.б.
Басқарушылыққа, атап  айтқанда, төмендегі  өкілеттіктерді  жатқызуға  болады: аграрлық  сектордың  ұтымды  және тиімді  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  ету, облыстық  (Алматы, астаналық)  маңызы бар  жолдарды  ұтымды  іске  пайдалану  мен  күтіп  ұстауды  қамтамасыз  ету, мемлекеттік  стандарттарды  сақтауды  қамтамасыз  ету, азаматтардың  кепілдік  берілген  медициналық  қызметке  құқығын  іске  асыруын  қамтамасыз  ету, азаматтардың  тегін  білім  алу  құқығын  іске  асыруын  қамтамысыз  ету, облыстық  (Алматы, астаналық)  коммуналдық меншікті  басқару, оны  қорғау  бойынша  шараларды  жүзеге  асыру, мемлекеттік  кәсіпорындар  мен  мекемелер құру. Заң  бойынша  облыстық  (Алматы, астаналық)  әкімшілік  заңды  тұлға  болып  табылмайды. Бұл, алайда,  әкімшілік  шаруашылық  жүргізуші  субъектілірмен  мүліктік, шаруашылық  қатынастарға  кірмейді  дегенді  білдірмейді. Жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңның  27-бабының  6-тармақшасында  облыстық  (Алматы, астаналық)  әкімшілікке  облыстық  (Алматы, астаналық)  коммуналдық  меншік  объектілері  мен  әлеуметтік-мәдени  мақсаттағы  объектілер  құрылысы  бойынша  тапсырысшы  болады  деп  жазылған. Демек, облыстық  (Алматы, астаналық) әкімшілік  белгілі  бір  жағдайларда  шаруашылық  істермен  шұғылданады, шаруашылық  қатынастар  субъектісі, яғни  заңды  тұлға  ретінде  көрінеді.
Реттеушілікке, заңдарға сәйкес жер  қатынастарын реттеуді жүзеге  асыру  жатады. Бұл жөнінде әкімшілік  нормативтік  қаулылар  қабылдайды.
Үйлестірушілік. Облыстық  (Алматы, астаналық)  әкімшілік  аудандық  әкімшіліктердің  құзіретіне  кіретін  мәселелер  бойынша  олардың  жұмысын  үйлестіреді, халықтың  әлеуметтік  осал  топтарына  қайырымдылық  және  әлеуметтік  көмек  көрсету  бойынша  жұмысты  үйлестіреді.
Консультативтік. Ақырында, облыстық  (Алматы, астаналық)  әкімшілік  консультативтік  жұмысты  жүзеге  асырады, ол  үшін  ведмоствоаралық  сипаттағы  мәселелер  бойынша  консультативтік-кеңесші   органдар  түзіледі.
Облыстың  (Алматының, астананың)  әкімияты мәслихаттың  органы  болып  табылмайды, бірақ  сонда  да  едәуір  дәрежеде  оған  тәуелді. Бұл  туралы  айтылғанға  қосымша  заңның  келесі  ережесін  атап  өту  керек. Облыстың  (Алматының, астананың)  әкімшілігі  облыстық  (Алматының, астананың)  мәслихаттың  алдында  оған  жүктелген  функцияларды  іске  асыру  үшін  жауапкершілік  көтереді. Заңның  бұл  ережесі  өте  демократиялық  болып  табылады. Алқалы  атқарушы  орган  өкілді  органның  алдында  тек  жоспарларды, бағдарламаларды  орындамағаны  үшін  ғана  емес, өзінің  құзіретіне  сәйкес  бүкіл  қызметі  үшін  де  жауапкершілік  көтереді. Алайда  осы  дұрыс  норма  аяғына  дейін  ашылмаған. Алдында  аталғандай, заң  бүкіл  әкімшіліктің  емес, жекелеген  мемлекеттік  қызметкерлердің  жауапкершілік  нысанын  көздейді. Заңда  жалпы  әкімшіліктің  жауапкершілігі туралы  айтылмағандықтан, осындай жауапкершіліктің  нысанын  белгілеу  керек  еді.
Облыс  (республикалық  маңызы  бар  қала, астана)  әкімиятының  құзіреті. Жергілікті  өкілді  және  атқарушы  органдар  туралы  Заңның  27-бабында  облыс  (республикалық  маңызы   бар  қала, астана)  әкімиятының  құзіреті  белгіленген. Облыс  (республикалық  маңызы  бар  қала, астана)  әкімияты  заңдарға  сәйкес:
— облысты  (республикалық  маңызы  бар  қаланы, астананы)  дамытудың  жоспарларын, экономикалық  және  әлеуметтік  бағдарламаларын, облыстық  (республикалық  маңызы  бар  қалалық, астаналық)  бюджетті, сондай-ақ  тиісті  әкімшілік-аумақтық  бөлініс  бюджеттің  атқарылуы  туралы  есепті  әзірлейді  және  мәслихаттың  бекітуіне  ұсынып, олардың  орындалуын  қамтамасыз  етеді;
— облыстық  (республикалық  маңызы  бар  қалалық, астаналық)  коммуналдық  меншікті  басқарады, оны  қорғау  жөніндегі  шараларды  жүзеге  асырады;
— азаматтар  мен  ұйымдардың  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының, заңдардың, Қазақстан  Республикасы  Президенті  мен  Үкіметі  актілерінің, орталық  және  жергілікті  мемлекеттік  органдардың  нормативтік  құқықтық  актілерінің  нормаларын  орындауына  жәрдемдеседі;
— облыстың  (республикалық  маңызы  бар  қаланың, астананың)  аумағында  кәсіпкерлік  қызмет  пен  инвестициялық  ахуалды  дамыту  үшін  жағдай  жасайды;
— Аграрлық  сектордың  ұтымды  және  тиімді  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  етеді;
— Қазақстан  Республикасының   өндіргіш  күштерін  орналастыру  схемасын, облыс  орталығын, республикалық  маңызы  бар   қаланы, астананы  салудың  бас  жоспарларын  әзірлейді, оларды  облыстық  (республикалық  маңызы  бар  қалалық, астаналық)  мәслихаттың  — облыстық  (республикалық  маңызы  бар  қалалық, астаналық)  коммуналдық  меншік  объектілері  мен  облыстық маңызы  бар, республикалық  маңызы  бар  қалалық, астаналық  әлеуметтік-мәдени  мақсаттағы  объектілерді  салу, реконструкциялау  және  жөндеу  бойынша  тапсырысшы  болады, коммуналдық  желелер  мен  құрылыстарды  салуға  рұқсат  береді;
— әкімшілік  аудандардың  аудандық  жоспарлау  схемаларын, аудан  орталықтарын, облыстық  маңызы бар  қалаларды  салудың  бас  жоспарларын  салуды  әзірлейді  және  оларды  облыстық  мәслихатқа  бекіту  үшін  ұсынады;
— Қазақстан  Республикасының  сәулет, қала  құрылысы  және  құрылыс  қызметі  түрлері  заңдарының  сақталуға  мемлекеттік  бақылауды, құрылыс  жобаларының  бекітілген  қала  құрылысы  құжаттамасына  сәйкес  іске  асырылуын, қала  құрылысы  тәртібінің, құрылыс  салудың  аумақтық  ережелерінің  сақталуын  қадағалауды  жүзеге  асырады, салынып  жатқан  (салынуға  жоспарланып  отырған)  объектілерге  мониторинг  және  ведмостволық  бағыныстағы  аумақта  салынып  жатқан  (реконструкцияланған, кеңейтілген, жаңартылып, күрделі  жөндеуден  өткізіліп  жатқан)  объектілердің  және  кешендердің  жүргізілу  барысы  мен  сапасына  мемлекеттік  бақылауды  жүзеге  асырады;
— коммуналдық  меншіктегі  су  құбырларын, тазарту  құрылыстарын, жылу  және  электр  желілерін  және  республикалық  маңызы  бар  қаланың, астананың  басқа  да  көлік  және  инженерлік  инфрақұрылымдар  объектілерін  салу  мен  пайдалануды  ұйымдастырады;
— Қазақстан  Республикасының  жер  заңдарына  сәйкес  жер  қатынастарын  реттеуді  жүзеге  асырады;
— өз  құзіреті  шегінше  қоршаған  ортаны  қорғау  саласында  бақылауды  жүзеге  асырады, мемлекеттік  экологиялық  сараптаманы  ұйымдастырады, табиғатты  қорғау  іс-шараларын  өткізеді, табиғатты  пайдалануды  реттейді  және  қоршаған  ортаның  ластануына  қатысты  белгіленген  лимиттер  шегінде  ластану  квоталарын  белгілейді;
— облыстық  маңызы  бар  жолдарды  салуды, ұтымды  пайдалануды  және  күтіп  ұстауды  қамтамасыз  етеді;
— мемлекеттік  стандарттардың  сақталуын  қамтамасыз  етеді;
— облыстың  (республикалық  маңызы  бар  қаланың, астананың)  аумағында  қоғамдық  тәртіп  пен  қауіпсіздіктің  сақталуын  қамтамасыз  етуді  ұйымдастырады;
— аудандық  (қалааралық)  жолаушылыр  көлігі  қатынасын  ұйымдастырады;
— белгіленген  мемлекеттік  стандарттарды  сақтай  отырып, азаматтардың  тегін  медициналық  көмекетің  кепілдік  берілген  көлеміне  құқықтарының  іске  асырылуын  қамтамасыз  етеді;
— республикалық  бюджеттен  қаржыландырылатын  бағыттарды  қоспағанда, санитарлық-эпидемиялогиялық салауаттылығын  және  денсаулық сақтау саласындағы  басқа да  іс-шараларды қамтамасыз  етеді;
— азаматтардың  тегін  білім  алу  құқығын  іске  асыруды  қамтамасыз  етеді;
— халықты  жұмыспен  қамтуға  жәрдемдесу  және  кедейлікті  азайту  бағдарламаларын  әзірлеп, мәслихаттың  бекітуіне  ұсынады  және  іске  асырады;
— халықтың  әлеуметтік  жағынан  дәрменсіз  топтарына  әлеуметтік  көмеке көрсетуді үйлестіреді;
— тарих  немесе  мәдени  мұраны  сақтау  жөніндегі  жұмысты  ұйымдастырады, халықтың  тарихи, ұлттық  және  мәдени  салт-дәстүрлерін  өркендетуге, дене  шынықтыру  мен  спортты  дамытуға  жәрдемдеседі;
— өздерінің  құзіретіне  кіретін  мәселелер  бойынша  аудандық  (облыстық  маңызы  бар  қалалар)  әкімдіктерінің, қаладағы  аудандар  әкімдерінің  жұмысын  үйлестіреді;
— аудандық  (облыстық  маңызы  бар  қалалық)  бюджеттен  қаржыландырылатын  атқарушы  органдарының  штат  санының  лимитін  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  бекіткен  жергілікті  атқарушы  органдарының  штат  санының  жалпы  лимиті  шегінде  белгілейді  және  оны  аудандық  (облыстық  маңызы  бар  қалалық)  әкімдікке  жеткізеді;
— Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сәйкес  тиісті  мәслихат  қарауына  қарыз  алу  жөнінде  шешімдер  қабылдау  туралы  ұсыныстар  енгізеді;
— ведмоствоаралық  сипаттағы  мәселелер  бойынша  консультациялық-кеңесші  органдар  құрады;
— мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар құрады, облыстық  (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) бюджеттен  қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитін, Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  бекітетін  штат  санының  лимиті шегінде белгілейді.
— Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын  ішкі  істер  органдарының  штат  саны  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сәйкес  белгіленеді;
— Қазақстан  Даму  Банкінің  жарғылық  капиталына  қатысады;
— базарларда  біржолғы  талондар  беру  жөніндегі  жұмысты  ұйымдастырады  және  қамтамасыз  етеді;
— Қазақстан  Республикасының  заңдарында  белгіленген  жағдайлар  мен  тәртіпте  лицензиялауды  жүзеге  асырады;
— салық  төлеушілердің  тіркеу  есебіне  алу  орны  бойынша  салық  органының  облыстық  (республикалық  маңызы  бар  қала, астана)  бюджетке  толық  көлемінде  келіп  түсетін  салықтарды  төлеу  жөніндегі  салық  міндеттемелерін  орындау  мерзімдерін  өзгерту  туралы  шешімдерін  келіседі;
— Қазақстан  Республикасының  табиғи  монополиялар  туралы  заңдарында  белгіленген  шектерде  табиғи  монополия  субъектілері  қызметін  бақылайды  және  реттейді;
— Қазақстан  Республикасының  монополияға  қарсы  заңдарында  белгіленген  шектерде  тауар  рыногындағы  рынок  субъектілерінің  басым  (монополиялық)  жағдайына  бақылау  жасауды  жүзеге  асырады;
— Облыс  (республикалық  маңызы  бар  қаланың, астананың)  әкімияты  өзіне  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  жүктелген  өзге  де  өкілеттіктерді  жүзеге  асырады. Облыс  (республикалық  маңызы  бар  қаланың, астананың)  әкімияты  облыстық  (республикалық  маңызы  бар  қалалық, астаналық)  мәслихаттың  алдында  өзіне  жүктелген  міндеттерді  іске  асыру  үшін  жауап  береді [31].
Астана қаласы әкімиятының ерекше өкілеттіктері: Қазақстан  Республикасының 1998 жылғы 20 мамырдағы Қазақстан  Республикасы  астанасының  мәртебесі  туралы  Заңы  астананың  құқықтық мәртебесін, қызмет етіуінің ұйымдық-саяси және  экономикалық негіздерін белгіледі. Қазақстан Республикасы  астанасы   Астана қаласы (бұрынғы Ақмола қаласы) болып табылады. Заңда астанадағы  жергілікті  мемлекеттік  басқаруды заңдарда  белгіленген тәртіпте  жергілікті  өкілді  және  атқарушы органдар  жүзеге асырады  делінген. Осындай  тәртіпті  2001 жылғы  23 қаңтардағы  Жергілікті  мемлекеттік  басқару туралы  Заң  белгілеген. Астананың мәртебесі  туралы  Заңда  сондай-ақ атқарушы орган (Астана  әкімшілігі) үшін  облыстық, қалалық, аудандық әкімшіліктерге  берілмеген ерекше  өкілеттіктер  белгіледі. Жергілікті  мемлекеттік  басқару туралы  Заң белгіленген өкілеттіктермен  қатар,  астана  қаласының  әкімияты:
1) Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  органдары  шет  мемлекеттердің  дипломатиялық  өкілдіктерінің  мұқтаждары  үшін  үйлер, құрылыстар, ғимараттар  салуға  жер  учаскелерін береді;
2) Қазақстан  Республикасының Үкіметі  бекіткен  тәртіпке  сәйкес  мемлекеттік,  сондай-ақ  мемлекеттік  емес ұйымдар мен  жеке  тұлғалардың  мұқтаждары  үшін  үйлер, құрылыстар мен  ғимараттар  салуға  жер  учаскелерін  береді.
3) Қазақстан  Республикасының  заңдарында  белгіленген  тәртіппен Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  органдары  мен шет  мемлекеттердің  дипломатиялық  өкілдіктеріне  коммуналдық  меншіктегі  үйлерді, құрылыстар, ғимараттарды  береді.
4) Қазақстан  Республикасының заңдарында  белгіленген  тәртіппен  Қазақстан  Республикасының астанасында  жалпы мемлекеттік  және  халықаралық іс-шараларды өткізу  үшін  қажетті жағдайлар жасайды;
5) аумақты дамыту  жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік  бағдарламалары мен жергілікті бюджетті әзірлеп, олардың орындалуын     қамтамасыз  етеді;
6) Қазақстан  Республикасы  астанасының экологиялық  қауіпсіздігін бақылауды  жүзеге асырады және  оны қамтамасыз  ету жөніндегі  шараларды  әзірлейді;
7) Қазақстан  Республикасының  астанасын  басқару схемасын әзірлеп, оны  жергілікті  өкілді  органға  бекітуге  ұсынады [32].
Облыс  (республикалық  маңызы  бар  қала, астана)  әкімінің  құзіреті. Облыс  (республикалық  маңызы  бар  қала, астана)  әкімі  заңдарға  сәйкес:
1) мемлекеттік  органдармен, ұйымдармен  және   азаматтармен  өзара  қарым-қатынастарда  облыс  (республикалық  маңызы  бар  қала, астана)  мүддесін  білдіреді;
2)    орталық  атқарушы  органдар  басшыларына  орталық  атқарушы  органның  аумақтық  бөлімшесінің  заңдарды, Қазақстан  Республикасының  Президенті  мен  Үкіметінің  актілерін, облыс  әкімі  мен  әкімиятының  актілерін  олардың  орындауға  қатысты  бөлігіндегі  қызметі  туралы  ұсыныс  енгізуге  құқылы.
3)    орталық  атқарушы  органның  аумақтық  бөлімшесі  заңдарды, Қазақстан  Республикасының  Президенті  мен  Үкіметі  актілерін  орындауға  қатысты  бөлігінде  жұмыстағы  кемшіліктерін  жоймаған  ретте  облыс  әкімі  Қазақстан  Республикасының  Президенті  мен  Үкіметіне  тиісті  қорытынды  енгізуге  құқылы;
4) тиісті  адамдарды  мемлекеттік  наградалармен  марапаттау, оларға  құрметті  және  өзге  де  атақтар  беру  туралы  Қазақстан  республикасының  Президентіне  ұсыныс  енгізеді;
5) тиісті  мәслихатқа  облыстың  (қаланың)  құрметті  азаматы  атағын  беруге  ұсыныс  енгізеді;
мына  лауазымды  адамдарды:
жоғары  тұрған  уәкілетті  мемлекеттік  органдармен  келісім  бойынша, шекті  санын  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  белгілейтін  облыс  (республикалық  маңызы  бар  қала, астана)  әкімінің  орынбасарларын;
облыс  (республикалық  маңызы  бар  қала, астана)  әкімі  аппаратының  басшысын  және  оның  құрылымдық  бөлімшелерінің  басшыларын;
заңдарда  белгіленген  тәртіпте  нысанды  киім  кию  құқығы  және  әскери  немесе  өзге  де  арнайы  атақ  берілетін  басшыларды  қоспағанда, облыстық  (республикалық  маңызы  бар  қалалық, астаналық)  бюджеттен  қаржыландырылатын  атқарушы  органдар  басшыларын  қызметке  тағайындайды  және  қызметінен  босатады. Жергілікті  бюджеттен  қаржыландырылатын  ішкі  істер  органдары  құрылымдарының  басшыларын  тағайындау  және  қызметінен  босату  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сәйкес  жүзеге  асырылады;
6)    облыстық  (республикалық  маңызы  бар  қалалық, астаналық)  бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларына, сондай-ақ аудандар  (облыстық маңызы бар қалалар, республикалық  маңызы бар қаладағы аудан, астанадағы  аудан)  әкімдеріне  Қазақстан  Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауапкершілік  шараларын қолдану мәселелерін шешеді.
7)    Жергілікті бюджеттен  қаржыландырылатын ішкі істер органдары қызметкерлеріне тәртіптің  жаза қодану   тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес  жүзеге асырылады;
8) аудандық  (облыстық  маңызы  бар  қалалық, республикалық    маңызы  бар  қаладағы  аудандық, астанадағы  аудандық)  әкімияттар мен  әкімдер  жұмысын  үйлестіреді;
9) аудандардың  (облыстық  маңызы бар қалалардың, республикалық  маңызы  бар  қаладағы  ауданның, астанадағы  ауданның)  әкімдері  арқылы  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарымен  өзара  іс-қимыл  жасайды;
10) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті  мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымдары негізінде  қалыптастырылған  әкімшілік-аумақтық  бөліністі  басқару  схемасын  тиісті  мәслихаттардың  бекітуіне  енгізеді;
11) ведмостворалық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесші  органдардың  дербес  құрамын  мәслихатқа  бекітуге  ұсынады;
12) өз  құзіреті шегінде жалпыға бірдей әскери міндеттілік және  әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдару  дайындығы және жұмылдыру мәселелері жөніндегі заңдардың  орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
13) кәсіпорындарды, кен  орындарын  және  мемлекеттік  меншіктің  басқа да  объектілерін  жекешелендіру, жалға  беру, сату  мәселелері  бойынша  Қазақстан  Республикасының  уәкілетті  мемлекеттік   органымен  тең  дережеде  келісімшарттарға  қол  қоюға, сондай-ақ  олардың  орындалуын  бақылауға  қатысады;
14) Облыс  (республикалық  маңызы  бар  қала, астана)  әкімі  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сәйкес  өзге  де  өкілеттіктерді  жүзеге асырады. Облыс  (республикалық  маңызы бар  қала, астана)  әкімі  өзінің жекелеген  өкілеттігін  жүзеге  асыруды  төменгі  тұрған  әкімдерге  беруге  құқылы. Облыс  (республикалық    маңызы бар  қала, астана) әкімі  өз  құзіретіндегі  мәселелері  бойынша  және   облыстық (республикалық  маңызы бар қалалық, астаналық) әкімият  құзіретіне  жатқызылған  мәселелер   бойынша  Қазақстан  Республикасының  Президенті  мен  Үкіметі  алдында  жауап  береді [33].
Облыстың  (Алматының, астананың) әкіміне  бірнеше  түрге  бөлуге  болатын  құзіреттер  берілген. Оны былай топтастыруға болады:
Өкілдік  өкілдіктері. Облыстың  (Алматының, астананың)  әкімі  мемлекеттік  органдармен, ұйымдармен  және  азаматтармен  қарым-қатынастарда  облыстың  (Алматының, астананың)  мүдделеріне  өкілдік  етеді. Әкім  өз  құзіретін  жүзеге  асыру  барысында  Парламент пен сот органдарынан басқа, Үкіметтен бастап орталық  атқарушы  органдардан  төмен  тұрған  атқарушы  органдарға  дейін  барлық органдармен қарым-қатынастарда болады. Әкім  облыс  мүдделеріне  мемлекеттік, сондай-ақ  мемлекеттік  емес  ұйымдармен  қарым-қатынастарда  өкілдік  етеді.
Бақылау  өкілеттіктері. Орталық  атқарушы  органдардың  аумақтық  бөлімшелері  әкімшіліктің  аумағында  орналасады  және  қызмет  істейді. Олардың  қалай  жұмыс  істейтіні, өздерінің  міндеттерін  қалай  атқаратыны, нрмативтік  актілер  талаптарын  орындайтыны  облыс  әкімшілігі  үшін  бәрі  бір  емес. Сондықтан  облыс  (Алматы, астана) әкіміне  орталық  атқарушы  органдардың  басшыларына  олардың  амақтық  бөлімшелерінің  заңдарды, Президент  пен  Үкіметтің  актілерін, облыс  әкімдерінің  өздерінің  және  әкімшіліктерінің  актілерін  орындау бөлігінде  соңғылардың  қызметі  туралы  ұсыныс  енгізу  құқығы  берілген.
Кадрлық  өкілеттіктер. Облыс  әкімі  төмендегі  лауазымды  адамдарды:  жоғары  тұрған  уәкілетті  мемлекеттік  органдармен  келісім  бойынша  облыс  (Алматы, астана)  әкімінің  орынбасарларын;  орынбасралардың  шекті  санын  Үкімет  белгілейді;  облыс  (Алматы, астана) әкімі  аппаратының  басшысын  және  оның  құрылымдық  бөлімшелерінің  басшыларын;  заңдарда  белгіленген  тәртіпте  нысанды  киім  кию  құқығы  және  әскери  немесе  өзге  арнайы  атақ  берілетін  басшыларды  қоспағанда  облыс  бюджетінен  қаржыландырылатын  атқарушы  органдар басшыларын  қызметке  тағайындайды  және  қызметінен  босатады.
Тәртіптік  өкілеттіктер. Облыс  әкімі  облыс  (Алматы, астана)  бюджетінен  қаржыландырылатын  атқарушы органдар  басшыларына, сондай-ақ  аудандар  (облыстық  маңызы  бар қалалар, Алматы  қаласы  мен  Астана  ауданының)  әкімдеріне  заңдарға  сәйкес  тәртіптік  жауапкершілік  шараларын  қолдану  мәселелерін  шешеді.
Үйлестірушілік  өкілеттіктер. Облыс  әкімі  аудандық  (облыстық  маңызы бар қалалардың) әкімияттар  мен  әкімдердің  жұмысын  үйлестіреді. Алматы  астаны  қалаларының  әкімдері  осы  қалалардағы  аудандық  әкімияттар  мен  әкімдерінің  жұмысын  үйлестіреді.
Жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарымен  байланыстар  жөніндегі  өкілеттіктер. Облыс  (Алматы, астана)  әкімі  қала  аудандарының  әкімдері  арқылы  жергілікті  өзін-өзі  басқару органдарымен  өзара  әрекеттеседе. Бұл  облыс  әкімінің  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарымен  тікелей  байланысы  жоқ  екенін  білдіреді. Бірақ  бұл  облыс (Алматы, астана) әкімі  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарының  қызметіне  жәрдемдесе  алмайды  немесе  қолдай  алмайды  дегенді  білдірмейді. Заң  облыс  әкіміне  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарына  қатысты  белгілі  бір өкілеттіктер  бергендіктен  ол  оларды  іске  асыруға  құқылы.
Басқарушылық өкілеттіктер. Облыс әкімі өз  құзіреті шегінде жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери  қызмет, азаматтық  қорғаныс, сондай-ақ  жұмылдыру  дайындығы  және  жұмылдыру мәселелері жөніндегі заңдардың орындалуын  ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; органдармен қатар  кәсіпорындарды, кеніштерді және басқа да уәкілетті мемлекеттік меншік объектілерін  жекешелендіру, жалға беру, сату мәселелері бойынша  келісімшарттарға  қол  қоюға, сондай-ақ  олардың  орындалуын  бақылауға  қатысады; заңдарда  белгіленген  жағдайларда  кәсіпкерлік  қызметті  лицензияландыруды    жүзеге  асырады. Облыс  әкімінің  аталған  өкілеттіктері  түпкілікті  болып  табылмайды. Заң  оған  өзге  де  өкілеттіктер  бере  алады. Облыс  әкімі  заңдарға  сәйкес  өзге  де  өкілеттіктерді  жүзеге  асырады. Ол  жекелеген  өкілеттіктерін  төмен  тұрған  әкімдерге  беруге  құқылы. Бұл  облыс  әкімі  төмен  тұрған  әкімдерге  өкілеттіктерінің  кейбірін  табыстауға  құқылы  дегенді  білдіреді, бұл  ақылға  қонымды  да. Бірақ, облыс  әкімінің  төменгі  тұрған  әкімдерге  қандай  өкілеттіктерін  жолдай  алатынын  заң
нақтылайды [34].
Алматы қаласы әкімиятының құзіреті. Алматы қаласы  әкімиятының құзіретіне арналған бапта оның айрықша, яғни, облыстық әкімшіліктерге берілмеген өкілеттіктері бекітілген. Оларға  төмендегілер  жатады. Алматы  қаласының  әкімшілігі:
1) бюджеттен  тыс  қор  қалыптастырады  және  оны  басқарады;
2) коммуналдық  меншікті  қарауды, пайдалануды  және  оған  билік  етуді  жүзеге  асырады;
3) коммуналдық  заңды  тұлғаларға  бекітіліп  берілмеген  коммуналдық  меншіктің  тізбесін  бекітеді, Үкімет  белгілейтін  заңды  тұлғаларды  қоспағанда, Алматы  қаласының  аумағында  тіркелген  шаруашылық  серіктестіктері  акцияларының  мемлекеттік  пакетіне  иеленуді, пайдалануды  және  билік  етуді  жүзеге  асырады;
4) заңдарда  белгіленген  тәртіппен  коммуналдық  мүлікті  жекешелендіру  туралы  шешім  шығарады;
5) төмендегілердің  қызметін  тоқтатуды  жүзеге  асырады:
— қоғамдық  тамақтандыру  пунктерінің;
— казино, тотализаторлардың  қызметін;
— автомобильге  май  құю  станцияларын  ұстау  мен  пайдалану қызметін;
— туристік;
— жергілікті  лотереялар  ұйымдастыру  мен  өткізу қызметіне;
— өндірістік  және  тұрғын  үй, азаматтық  объектілерді  дезинфекциялау
қызметін;
— медициналық  және  дәрігерлік  практикамен  айналысу қызметін;
— мал  дәрігерлік;
— жолаушылар мен жүктерді автомобиль көмегімен тасу жөніндегі қызметін;
— нақты  мамандықтар  бойынша  дипломдар  беру  құқығы  орта  және      арнаулы орта білім беретін оқу орындары қызметін;
6) Үкімет  белгілейтін  тәртіппен  Алматы  қаласының  әкіміне  өзге  де  қызмет  түрлеріне  өзі  лицензия  беруді  жүзеге  асырады.
Аталған  өкілеттіктері  тізбесі  жабық, яғни  түпкілікті  болып  табылмайды. Заңдар  Алматы  қаласының  әкімдігінің  өзге  де  өкілдіктерін  көздеуі
мүмкін [35].
Аудандық  (облыстық  маңызы  бар  қалалық)  әкімияттың  құзіреті. Аудандық  (облыстық  маңызы  бар  қалалық)  әкімият  заңдарға   сәйкес:
— Ауданды  (облыстық  маңызы  бар  қаланы)  дамытудың  жоспарларын, әкономикалық  және  әлеуметтік  бағдарламаларын, ауданның  (облыстық  маңызы  бар  қаланың) бюджетін, соның  ішіндегі  қаладағы  аудан  (аудандық  маңызы  бар қала), кент, ауыл, (село), ауылдық  (селолық)  округ  әкімдері  іске  асыратын  (әрбір  қаладағы  аудан (аудандық  маңызы  бар  қала), кент, ауыл (село), ауылдық  (селолық)  округ  бойынша  жеке-жеке)  бюджеттік  бағдарламаларды  әзірлеп, олардың  атқарылуын  қамтамасыз  етеді, тиісті  әкімшілік-аумақтық  бөлініс  бюджетінің  атқарылуы  туралы  есептерді  тыңдайды;
— заң  актілеріне   сәйкес  аудандық  (облыстық  маңызы  бар  қалалық)  коммуналдық  меншікті  басқарады, оны  қорғау  жөніндегі  шараларды  жүзеге  асырады;
— азаматтар  мен  ұйымдардың  Қазақстан  Республикасының  Конституциясының, заңдарының, Қазақстан  Республикасының  Президенті  мен  Үкіметі  актілерінің, орталық  және  жергілікті  мемлекеттік  органдардың  нормативтік  құқықтық  актілерінің  нормаларын  орындауына  жәрдемдеседі;
— ауданның  (облыстық  маңызы  бар  қаланың)  аумағында  кәсіпкерлік  қызмет  пен  инвестициялық  ахуалды  дамыту  үшін  жағдай  жасайды;
— аграрлық  сектордың  ұтымды  және  тиімді  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  етеді,
— осы  ауданның  (облыстық  маңызы  бар  қаланың)  аумағындағы  кенттер  мен  ауылдар  құрылысын  салудың  бас  жоспарларын  әзірлейді  және  оларды  аудандық  (облыстық  маңызы  бар қалалық)  мәслихаттың  бекітуіне  ұсынады, аудандық  (облыстық  маңызы  бар қалалық)  коммуналдық    меншік  объектілері  мен  әлеуметтік-мәдени  мақсаттағы  объектілер  салу, реконструкциялау  және  жөндеу  бойынша  тапсырысшы  болады, кентішілік  (қалаішілік)  және  ауданішілік  коммуналдық  желілер  мен  құрылыстарды  салуға  рұқсат  береді,
— аудандық  (облыстық  маңызы  бар қаланың)  су  құбырларын, тазарту  құрылыстарын, жылу  мен   электр  желілерін  және  басқа  да  көліктік  және  инженерлік  инфрақұрылымдар  объектілерінің  құрылысын  салуды  және  пайдалануды  ұйымдастырады;
— әскери  тіркелу  мен  әскери  қызметке  шақыру  жөніндегі, сондай-ақ  азаматтық қорғаныс  мәселелері  жөніндегі  іс-шаралардың  ұйымдастырылуын  қамтамасыз  етеді;
— кентішілік  (қалаішілік)  және  ауданішілік  қоғамдық  жолаушылар  тасымалын  ұйымдастырады;
— өз  құзіреті  шегінде  жер  қатынастарын  реттеуді  жүзеге  асырады, жерлерді  аймақтарға  бөлу  жөніндегі  жұмыстарды  ұйымдастырады;
— аудандық  (облыстық  маңызы бар  қалалық)  маңызы  бар  жолдарды  салуды, пайдалануды  және  күтіп  ұстауды  ұйымдастырады;
— мемлекеттік  коммуналдық  тұрғын  үй  қорының  тұрғын  үй  салуын  және  оны  бөлуін  ұйымдастырады;
— мемлекеттік  тұрғын  үй  қорының  сақталуын  ұйымдастырады;
— тұрғын  үй  қорына  түгендеу  жүргізеді;
— мемлекеттік қажеттіліктері үшін жер учаскелерін алып қоюды, оның  ішінде  сатып  алу  арқылы  алып  қоюды  жүзеге  асырады;
— республиканың  сейсмикалық  қауіпті  аймақтарында орналасқан  тұрғын  үй-жайлардың  сейсмикалық беріктігін орнықтыруға  бағытталған  іс-шараларды  өткізеді;
—  авариялық  және  ескі  үй-жайларды  бұзуды  ұйымдастырады;
—  тұрғын  үй  көмегін  көмектеседі;
— Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың  жекелеген  санаттарын  тұрғын  үймен  қамтамасыз  етеді;
— аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағындағы экологиялық, тарихи, мәдени және ғылыми құндылығы бар табиғат объектілерін  және  өзге  де  объектілерді  табиғаттың, тарих  пен  мәдениеттің  қорғалатын  ескерткіштері  деп  жариялау  туралы  ұсыныс  енгізеді;
— халықты  жұмыспен  қамтуға  жәрдемдесу  және  кедейлікті  азайту  бағдарламаларын  іске  асыруға  қатысады;
— халықты  әлеуметтік  қорғау, ана  мен  баланы    қорғау  мәселерін  шешеді, халықты  әлеуметтік  жағынан  дәрменсіз  топтарына  атаулы  көмек  көрсетеді, оларға  қайырымдылық  көмек  көрсетуді  үйлестіреді;
— қоғамдық  орындарды  абаттандыру  және  сыртқы  безендіру  мәселелерін  шешеді;
— ведмоствоаралық  сипаттағы  мәселелер  бойынша  консультациялық-кеңесші  органдарды  құрады;
— тиісті  аумақта  ветеринариялық  іс-шаралар  жүргізуді, мал  шаруашылығында  пайдаланылатын  арнаулы  көмбелер  (көмінділер)  салуды  және  ұстауды  ұйымдастырады, сондай-ақ  ауру  малдарды  санитарлық  союды  ұйымдастыруды  жүзеге  асырады;
— азаматтардың  тегін орта  білім  алу  құқығының  іске  асырылуын  жүзеге  асырады;
— Қазақстан  Республикасының  заңдарында  белгіленген  тәртіппен  мемлекеттік  мекемелерді  және  мемлекеттік  кәсіпорындарды  құрады, облыстық  атқарушы  орган  белгілеген  штат   санының  шегінде  аудандық  (облыстық  маңызы  бар қалалық)  бюджеттен  қаржыландырылатын  атқарушы  органдардың  штат  санының  лимитін  белгілейді;
— салық төлеушіні тіркеу есебіне алу орны бойынша салық  органының аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджетке  толық көлемде келіп түсетін салықтарды төлеу жөніндегі салық  міндеттемелерін орындау  мерзімдерін  өзгерту  туралы  шешімдерімен  келіседі;
— Қазақстан  Республикасының  заңдарында  белгіленген  жағдайлар  мен  тәртіпте  лицензиялауды  жүзеге  асырады;
— аудандық  (облыстық  маңызы  бар  қалалық)  әкімият  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  өзіне  жүктелген  өзге  де  өкілеттіктерді  жүзеге  асырады. Аудандық  (облыстық  маңызы  бар  қалалық)  әкімият  өзіне  жүктелген  міндеттерді  іске  асыруда  аудандық  (облыстық  маңызы бар  қалалық)  мәслихат  алдында  жауап  береді. Аудандық  (облыстық  маңызы  бар  қалалық), республикалық  маңызы  бар  қаладағы  (астанадағы)  әкімдіктерге  жүктелген  өкілеттіктерді  қалалық  әкімдіктер  жүзеге  асырады.
Аудан  (облыстық  маңызы  бар  қала)  әкімшілігі  алқалы    орган  болып  табылады, демек, мәселелер  оның  мүшелерінің қатысуымен  талқыланады, шешімдер  алқалы  тәртіпте  қабылданады. Әкімшіліктің  отырыстарын  дайындау  және  өткізу  мен  оның  шешімдер  қабылдау  тәртібін  Үкімет бекітетін  тұрпаттық  рәсім  негізінде әкім қабылдайтын рәсіммен реттеледі. Аудан әкімшілігінің  (облыстық  маңызы  бар  қала  әкімиятының)  құзіретін  төмендегідей  түрлерге  бөлуге  болады:  1)  ұйымдық-шаруашылық;
2)  реттеушілік;  3) әлеуметтік  қорғау;  4)  заңдылықты  қамтамасыз  ету.
Ұйымдық-шаруашылықтарға,  төмендегідей  өкілеттіктерді  жатқызуға  болады: ауданды  дамытудың  жоспарларын, әлеуметті  және  экономикалық  бағдарламаларын, аудан  бюджетін  әзірлеп, олардың атқарылуын  қамтамасыз  ету, аудандық  коммуналдық  меншікті  басқару, оны  қорғау  жөніндегі  шараларды  жүзеге  асыру ауданның  (облыстық  маңызы  бар  қаланың)  аумағында  кәсіпкерлік  қызмет  пен  инвестициялық  ахуалды  дамыту  үшін  жағдай  жасау, аграрлық  сектордың  ұтымды  және  тиімді  жұмыстарын  қамтамасыз  ету, кенттер  мен  ауылдарды  салудың бас  құрылыс  жоспарларын  әзірлейді, су  құбырларын, тазарту   құрылыстарын, электр беру, байланыс желілерінің құрылысын және т.б.  ұйымдастыру.
Реттеушілікке  заңдарға  сәйкес  жер қатынастарын  реттеуді  жүзеге  асыру  жатады: бұл жөнінде әкімшілік  нормативтік қаулылар    қабылдайды.
Әлеуметтік  қорғауға  өзінің  қарамағындағы тұрғын  үй  қорын  бөлу, халықты  жұмыспен  қамту  және  кедейлікпен  күресуге  жәрдемдесу  бағдарламаларын  іске  асыруға  қатысу, халықты  әлеуметтік  қорғау, ана  мен  баланы  қорғау  мәселелерін шешу, халықты  әлеуметтік  жағынан  дәрменсіз  топтарына  атаулы  көмек  көрсету, оларға  қайырымдылық  көмек  көрсетуді  үйлестіру  және  т.б.  жатады.
Заңдылықты  қамтамасыз  етуге  азаматтардың, ұйымдардың  Конституцияны, заңдарды, Қазақстан  Республикасының  Президенті  мен  Үкіметінің  актілерін, орталық  және  жергілікті  мемлекеттік  органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын  орындауына жәрдемдесу; әскери  тіркелу мен әскери қызметке  шақыру  жөніндегі  іс-шаралардың  ұйымдастырылуын  қамтамасыз  ету  және  т.б. жатады. Аудандық  (облыстық  маңызы бар  қалалық)  әкімият өзіне  жүктелген  міндеттерді  іске  асыруда  аудандық  мәслихаттың  алдында  жауап  береді. Бұл  маңызды  қағида  мәслихаттың, өкілді  орган  ретінде  жауапкершілігі  мен  беделін  көтеруге  бағытталған.
Аудан  (облыстық  маңызы  бар  қала)  әкімінің  құзіреті. Аудан  (облыстық маңызы  бар  қала)  әкімі  заңдарға  сәйкес:
1) мемлекеттік  органдармен, ұйымдармен  және  азаматтармен  өзара  қарым-қатынастарда  тиісті  әкімшілік-аумақтық  бөліністің  мүдделерін  білдіреді;
2) облыс  әкіміне  орталық  атқарушы  органның  аумақтық  бөлімшесінің  және  облыстық  бюджеттен  қаржыландырылатын  атқарушы  органның  аумақтық  бөлімшесінің  Қазақстан  Республикасының  Конституциясын, заңдарын, Қазақстан  Республикасының  Президенті  мен  Үкіметі  актілерін  олардың  орындауға  қатысты  бөлігіндегі  қызметі  туралы  ұсыныс  енгізуге  құқылы;
3) тиісті  адамдарды  мемлекеттік  наградалармен  марапаттау, оларға  құрметті  және  өзге   де  атақтар  беру  туралы  облыс  әкіміне  ұсыныс  енгізеді;
мынандай  лауазымды  адамдарды:
жоғары  тұрған  уәкілетті  мемлекеттік  органдармен  келісім  бойынша, шекті  санын  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  белгілейтін  аудан  (облыстық  маңызы  бар  қала)  әкімінің  орынбасарларын;
әкім  аппаратының  басшысы  мен  оның  құрылымдық  бөлімшілерінің  басшылырын  қызметке  тағайындайды  және  қызметінен  босатады;
4) азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғау  жөнінде  шаралар  қабылдайды;
5) жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдары  мен  өзара  іс-қимыл  жасайды;
6) мектепке  дейінгі, орта, бастауыш  кәсіби  білім  беру  мекемелеріне, әлеуметтік-мәдени  сала  мекемелеріне  материалдық-техникалық  қамтамасыз  етуде  қолдау  көрсетеді  және  жәрдемдеседі;
7) салық  және  бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдерді  жинауға  жәрдемдеседі;
8) әкімшілік-аумақты  бөліністі  басқарудың  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  бекітетін  жергілікті  мемлекеттік  басқарудың  үлгі  құрылымдары  негізінде  қалыптастырылған  схемасын  тиісті  мәслихаттардың  бекітуіне  енгізеді;
9) ведмоствоаралық  сипаттағы  мәселелер    жөніндегі  консультациялық-кеңесші  органдардың  дербес  құрамын  мәслихаттың  бекітуіне  ұсынады;
10) өз  құзіреті  шегінде  жалпыға  бірдей  әскери  міндеттілік  және  әскери  қызмет, азаматтық  қорғаныс, сондай-ақ  жұмылдыру  дайындығы  мен  жұмылыдыру  туралы  мәселелер  бойынша  заңдардың  орындалуын  ұйымдастырады  және  қамтамасыз  етеді.
11) Аудан  (облыстық  маңызы  бар  қала)  әкімінің  құзырына  Қазақстан  Республикасының  заңдарымен  өзге  де  мәселерді  шешу  жатқызылуы  мүмкін. Аудан  (облыстық  маңызы  бар  қала)  әкімі  өзінің  жекелеген  өкілеттіктерін  жүзеге  асыруды  төменгі  тұрған әкімдерге  беруге  құқылы. Аудан  (облыстық  маңызы  бар қала)  әкімі  өз құзіретіндегі  мәселелер  бойынша және  аудандық  (облыстық  маңызы  бар  қалалық)  әкімияттың  құзіреті  не  жатқызылған  мәселелер  бойынша  Қазақстан Республикасының  Президенті, Үкіметі  және  облыс  әкімі  алдында  жауап  береді [37].                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    Аудан  (облыстық  маңызы  бар  қала)  әкімінің  жоғарыдағы  көрсетілген  өкілеттіктеріне  жататын  құзіретін  былай  топтастырып  бөлуге  болады:
Өкілдік өкілеттіктер.  Әкім  мемлекеттік органдармен, ұйымдармен  және  азаматтармен  қарым-қатынастарда тиісті әкімшілік-аумақтық  бірліктің  мүдделеріне  өкілдік  етеді.
Бақылау  өкілеттіктері. Аудан (облыстық  маңызы  бар  қала) әкімі  орталық  атқарушы  органның   аумақтық  бөлімшесінің,  соның  ішінде  облыс  бюджетінен  қаржыландыратын  орталық атқарушы  органның  аумақтық  бөлімшесінің  қызметі  туралы,  олардың  Конституцияны,  заңдары, Президент  пен  Үкіметтің  актілерін  орындауы  жайлы  ұсыныстар  енгізуге  құқылы.
Құқық  тәртібі  мен  заңдылықты  қамтамасыз  ету  саласындағы  өкілеттіктер. Әкім  азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғау  бойынша  шаралар  қабылдайды, салықтар  мен  бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдерді  жинауға  жәрдемдеседі, жалпыға  бірдей  әскери  міндеттілік  пен  әскери  қызмет, азаматтық  қорғаныс, сондай-ақ  жұмылдыру  дайындығы  және  жұмылдыру  туралы  мәселелер  бойынша  заңдардың  орындалуын  ұйымдастырады  және  қамтамасыз  етеді.
Әлеуметтік  өкілеттіктер. Әкім  мектепке  дейінгі, бастауыш, орта  және  орта  кәсіптік  білім  беру  мекемелерін, әлеуметтік-мәдени  сала  мекемелерін  қолдайды  және  оларды материалдық-техникалық  жағынан  қамтамасыз  етуге  жәрдемдеседі.
Кадрлық  өкілеттіктер. Әкім  мынандай  лауазымды  адамдарды: жоғары  тұрған  уәкілетті мемлекеттік  органдармен  келісім  бойынша, шекті  санын   Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  белгілейтін  аудан  (облыстық  маңызы бар қала)  әкімінің  орынбасарларын; әкім  аппаратының  басшысы  мен  оның  құрылымдық  бөлімшелерінің  басшыларын  қызметке  тағайындайды  және  қызметінен  босатады. Аудан  (облысқа  бағынышты  қала)  әкімінің  аталған  өкілеттіктері  түпкілікті  болып  табылмайды. Заң  әкімнің қарамағына  өзге  де  мәселелердің  шешімін  жатқыза  алады. Әкім  өз  құзіретінің  мәселелері  бойынша  және  аудан  (облыстық  маңызы  бар қала)  әкімдігінің  құзіретіне  жатқызылған  мәселелер  бойынша  Қазақстан   Республикасы  Президенті  мен  Үкіметі  және  облыс  әкімінің  алдында  жауап  береді [38].
Қаладағы  аудан, аудандық  маңызы  бар  қала, кент, ауыл                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                (село), ауылдық  (селолық)  округ  әкімінің  құзіреті. Қаладағы  аудан, аудандық  маңызы  бар  қала, кент, ауыл  (село), ауылдық  (селолық)  округ  әкімі  заңдарға  сәйкес:
— тиісті  әкімшілік-амақтық  бөлініс  аумағында  тиісті  аудандық  (қалалық)  әкімияттың  лауазымды  адамы  болып  табылады  және  мемлекеттік  органдармен, ұйымдармен  және  азаматтармен  өзара  қарым-қатынастарда  оның  атынан  сенімхатсыз  өкілдік  етеді;
— азаматтардың  өтініштерін, арыздарын, шағымдарын  қарайды, азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғау  жөнінде  шаралар  қолданады;
— салық және  бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдерді  жинауға  жәрдемдеседі;
— әкім  аппараты  әкімшісі  болып  табылатын  бюджеттік  бағдарламаларды  әзірлеп, тиісті  мәслихаттың  бекітуі  үшін  жоғары  тұрған  әкімдіктің  қарауына  енгізеді;
— азаматтар  мен  заңда  тұлғалардың  Қазақстан Республикасы  Конституциясның, заңдарының, Қазақстан  Республикасының  Президенті мен  Үкіметі  аткілерінің, орталық  және  жергілікті  мемлекеттік органдар  нормативтік  құқықтық  актілерінің  нормаларын  орындауына жәрдемдеседі;
5) аудандық  маңызы  бар  қаланың, кенттің, ауылдың  (селоның), аылдық  (селолық)  округтің  мемлекеттік  тұрғын  үй  қорының  сақталуын, сондай-ақ  аудандық  маңызы бар  қалаларда, кенттерде, ауылдарда  (селоларда), ауылдық  (селолық)  округтерде  автомобиль  жолдарының  салынуын, қайта  жаңартылуын, жөнделуін  және күтіп  ұсталуын  қамтамасыз  етеді;
— шаруа  (фермер)  қожалықтарын  ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға  жәрдемдеседі;
— өз  құзіреті  шегінде  жалпыға  бірдей  әскери  міндеттілік  және  әскери қызмет, азаматтық  қорғаныс, сондай-ақ  жұмылдыру  дайындығы мен  жұмылдыру  туралы  мәселер  бойынша  заңдардың  орындалуын  ұйымдастырады  және  қамтамасыз  етеді;
— әділет  органдары  жоқ  жерде  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  белгіленген  тәртіппен  нотариаттық  іс-қимылдар  жасауды, азаматтық  хал  актілерін  тіркеуді  ұйымдастырады;
— тарихи  және  мәдени  мұраны  сақтау  жөніндегі  жұмысты  ұйымдастырады;
— табыс  аз  адамдарды  анықтайды, жоғары  тұрған  органдарға  еңбекпен  қамтуды  қамтамасыз  ету, атаулы  әлеуметтік  көмек  көрсету  жөнінде  ұсыныс  енгізеді, жалғызілікті  қарттарға  және  еңбекке  жарамсыз  азаматтарға  үйінде  қызмет  көрсетуді  ұйымдастырады;
— жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;
— қоғамдық  көлік  қозғалысын  ұйымдастырады;
— шұғыл  медициналық  көмек  көрсету  қажет  болған  жағдайда  ауруларды  дәрігерлік  көмек  көрсететін  таяу  жердегі  денсаулық  сақтау  ұйымына  дейін  жеткізіп  салуды  ұйымдастырады;
— жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарымен  өзара  іс-қимыл  жасайды;
— шаруашылықтар  бойынша  статистикалық  есепке  алуды  жүзеге  асырады;
— жергілікті  бюджетті  бекіту  (нақтылау)  кезінде  қала, аудан  (облыстық  маңызы  бар  қала)  мәслихаты  сессияларының  жұмысына  қатысады;
— мектепке  дейінгі  ұйымдарды, мәдениет  мекемелерін  материалдық-техникалық  қамтамасыз  етуде  қолдау  көрсетеді  және  жәрдемдеседі;
— өз  құзіреті  шегінде  елді  мекендерді  сумен  жабдықтауды  ұйымдастырады  және  су  пайдалану  мәселелерін  реттейді;
— елді  мекендерді  абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру  және  санитарлық  тазарту  жөніндегі  жұмыстарды  ұйымдастырады;
— туысы  жоқ  адамдарды  жерлеуді  және  зираттар  мен  өзге  де  жерлеу  орындарын  тиісті  қалпында  күтіп-ұстау  жөніндегі  қоғамдық  жұмыстарды  ұйымдастырады;
— кент, ауыл  (село), ауылдық  (селолық)  округ  әкімінің  құзіретіне  аудан  орталығымен  көлік  қатынасын  ұйымдастыру  жөнінде  аудандық  атқарушы  органға  ұсыныстар  енгізу, сондай-ақ  ауылдық  (селолық)  жерде  оқушыларды  мектепке  дейін  және  және  кейін  қарай  тегін  жеткізіп  салуды
ұйымдастыру.
Облыстық  маңызы  бар  қалада  аудандар  болмаған  жағдайда, олардың  функцияларын  облыстық  маңызы  бар  қаланың  әкімдігі  жүзеге  асырады. Қаладағы  аудан, аудандық  маңызы  бар қала, кент, ауыл  (село), ауылдық  (селолық)  округ  әкімінің  құзырына  Қазақстан  Республикасының  заңдарымен  өзге  де  мәселерді   шешу  жатқызылуы  мүмкін. Қаладағы  аудан, аудандық  маңызы  бар  қала, кет, ауыл  (село), ауылдық  (селолық)  округ  әкімі  өзінің  қүзіретіне  жатқызылған  мәселелер  бойынша  өзіне  жүктелген  міндеттердің  іске  асырылуы  үшін  жоғары  тұрған  әкімнің, аудандық  (облыстық  маңызы  бар қалалық), республикалық маңызы  бар қала, астана  мәслихатының  алдында  жауап  береді. Жергілікті  мемлекеттік  басқару  туралы  Заң  жергілікті  атқарушы  органдардың  соңы  буындарының  мәртебесін  белгілеген. Ондайлар  республикалық  маңызы  бар  қаладағы  (астанадағы), аудан, аудандық  маңызы  бар  қала, кент, ауыл  (село), ауылдық  (селолық)  округ  әкімдері  болып  табылады. Осы  буында  әкімшіліктер  құрылмайды, тек  әкімдер  тағайындалады  немесе  сайланады. Заң  осы  әкімдер  үшін  ортақ  құзірет  көздейді. Олардың: құқық  тәртібі  мен  заңдылықты  қамтамасыз  ету  саласындағы  өкілеттіктері; ұйымдық-шаруашылық  өкілеттіктері; әлеуметтік-мәдени  өкілеттіктері  бар. Олар  өздеріне  жүктелген  өкілеттіктерді  іске  асыру  үшін  жоғары  тұрған  әкімнің, аудандық  (қалалық), республикалық  маңызы  бар  қалалық, астана  мәслихаттары  алдында  жауап  береді. Алдында  айтылғандай,  Жергілікті  мемлекеттік  басқару  туралы  Заңда  әкімдердің  жауапкершілігі  туралы  жалпы  айтылады. Мемлекеттік  қызмет  туралы  Заң  мемлекеттік  қызметшілерді  екі  топқа  бөледі: 1) мемлекеттік  саяси  қызметші; 2) мемлекеттік  әкімшілік  қызметші. Қазақстан  Рспубликасы  Президентінің  1999 жылғы  29 желтоқсандағы  жарлығымен  Саяси  мемлекеттік  қызметкерлер  лауазымдарының  тізімі  бекітілген  болатын. Тізімге  сәйкес  мемлекеттік  саяси  қызметшілірге  облыстардың, астана  мен  республикалық  маңызы  бар  қаланың  әкімдері. Олардың  бірінші  орынбасарлары  мен  орынбасарлары; қалалардың, аудандардың, аудандағы  қалалар  мен  қаладағы  аудандардың, селолардың, селолық  округтердің, кенттердің, ауылдардың  әкімдері  жатады. Осы  Жарлықпен  мемлекеттік  саяси  қызметшілерге  тәртіптік  жаза  қолдану  тәртібі  туралы  ережелер  бекітілген.
Әкімнің актілері. Әкімият  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы, заңдары, Қазақстан  Республикасының  Президенті  мен  Үкіметінің  актілері, өзге  де  нормативтік  құқықтық  актілер  негізінде  және  оларды  орындау  орайында  қаулылар  шығарады. Әкімият  қаулысына  әкім  қол  қояды. Әкім  нормативтік-құқықтық  сипаттағы  шешімдер  және  әкімшілік-басқарушылық, жедел  және  дербес  сипаттағы  мәселелер  бойынша  өкімдер  шығарады. Әкімияттың  немесе  әкімнің  өз  құзіреті  шегінде  қабылданған  актілерінің  тиісті  әкімшілік-аумақтық  бөліністің  бүкіл  аумағында  міндетті  күші  болады. Әкімият  немесе  әкім  актілерінің  қолданылуын  тиісті  прокурордың  тоқтата  тұруы  мүмкін. Әкімияттың  немесе  әкімнің  азаматтардың  құқықтарына, бостандықтары  мен  міндеттеріне  қатысты  актілері  (Қазақстан  Республикасының  мемлеттік  құпияларды  және  заңмен  қорғалатын  өзге  де  құпиялары  бар  актілерден  басқа)  міндетті  ресми  жариялауға  жатады. Әкімияттың  немесе  әкімнің  жалпыға  міндетті  маңызы  бар, ведмоствоаралық  сипаттағы  немесе  азаматтардың  құқықтарына, бостандықтары  мен  міндеттеріне  қатысты  актілері  заңдарда  белгіленген  тіртіпте  Қазақстан  Республикасы  Әділет  министрлігінің  аумақтық  органдарының  мемлекеттік  тіркеуіне  жатады. Қазақстан  Республикасының  Президенті, Үкіметі, жоғары  тұрған  әкімият  және  әкім, әкімиятының  және  әкімнің  өзі, сондай-ақ  соттың шешімі  әкімият  және  әкім  актілері  қолданылуын  жоюы  не  толық  немесе  ішінара  тоқтата  тұруы  мүмкін

түркістан қаласы әкімдігінің
қаулысы

21.01.2006 ж.                                             625

Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын Түркістан қаласының атқарушы органдар қызметкерлерінің штат санының лимиттері туралы

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Қазақстан Республикасы заңына және Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдар штат санының 2006 жылға арналған лимиттері туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің  14.01.2006 жылғы  28 қаулысына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі  қаулы етеді:
1.    Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын Түркістан қаласының атқарушы органдар қызметкерлерінің штат санының лимиттері  1 қосымшасына сай бекітілсін.
2.    Түркістан қаласының ауылдық округ әкімі аппараты қызметкерлерінің штат санының лимиттері  2 қосымшасына сай белгіленсін.
3.    Түркістан қаласы әкімиятының 06.01.2006 жылғы  3 Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын Түркістан қаласының атқарушы органдар қызметкерлерінің штат санының лимиттері туралы қаулысының күші жойылсын.
4.    Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Ж.Ибрагимовқа жүктелсін.

Қала әкімі                                                        М.Әлиев

Түркістан қаласының әкімі

өкім

20.02.2006                                       368

Ж.Ибрагимов туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы  10 наурыздағы  357  Жарлығымен бекітілген  Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы Ережесінің 32-тармағына сәйкес:

Ж.Ибарагимов  2006 жылғы  20 қаңтардан бастап Түркістан қаласы әкімияты аппаратының басшысы  болып тағайындалсын.

Қала әкімі                                                       Ә.Бектаев

Көшірме дұрыс:

Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу жөніндегі өкілеттіктері. Облыстық өкілді және атқарушы органдардың өкілеттіктері.
Облыстық өкілді және атқарушы органдар бірлескен шешіммен:
1)    Қазақстан Республикасының Үкіметіне облыстың шекарасын өзгерту туралы, облыс аудандарын құру және тарату, олардың әкімшілік орталықтарын белгілеу және көшіру туралы, елді мекендерді республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың категорияларына жатқызу туралы ұсыныстар енгізеді;
2)    Үкіметпен келісім бойынша облыс аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың шекараларын белгілейді және өзгертеді; сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық (селолық) округтердің шекараларын белгілейді және өзгертеді; поселкелерді, ауылдарды (селоларды) бір ауданнан екінші ауданға немесе қалалық өкімет органдарының әкімшілік бағынысына беру туралы мәселелерді шешеді;
3)    жергілікті өкілді және атқарушы органдардың пікірін есекере отырып, қала емес елді мекендерді осы Заңмен басқа елді мекендердің категорияларына жатқызады; ауылдық (селолық) округтерді, поселкелерді, ауылдарды (селоларды) құрады, таратады, және қайта құрады, сондай-ақ олардың бағыныстылығын өзгертеді;
4)    Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Ономастика комиссиясымен келісім бойынша, тиісті аумақ халықтың пікірін ескере отырып және жергілікті өкілді және атқарушы органдардың бірлескен ұсынысы бойынша ауылдық (селолық) округтерге, поселкелерге, ауылдарға, селоларға ат қою және олардың атын өзгерту, сондай-ақ бұлардың атаулары транскрипциясын өзгерту туралы мәселелерді шешеді.
Облыстық атқарушы органдар аудандық және қалалық атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстардың шекараларындағы қазіргі және жаңадан құрылатын әкімшілік-аумақтық бірліктер мен жекелеген елді мекендерді есепке алады және тіркейді, сондай-ақ оларды есепті деректерден шығарады.
Аудандық өкілді және атқарушы органдар бірлескен шешіммен:
1)    облыстық өкілді және атқарушы органдарына елді мекендерді аудандық маңызы бар қалалардың категорияларына жатқызу туралы ұсыныстар енгізеді;
2)     облыстық өкілді және тақарушы органдарға елді мекендерді поселкелер немесе ауылдар (селолар) категорияларына жатқызу туралы; поселкелерді немесе ауылдарды (селоларды) құру немесе қайта құру, олардың бағыныстылығын өзгерту, оларды есепке алу және тіркеу туралы ұсыныстар енгізеді;
3)    поселкелер мен аылдардың (селолардың) басқару органдарының пікірін есекере отырып, осы елді мекендердің шекараларын белгілейді және өзгертеді;
4)    облыстық өкілді және атқарушы органдарға аудандардың ауылдық (селолық) округтердің шекараларын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
5)    тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, облыстық өкілді және атқарушы органдарға поселкелерге, ауылдық (селолық) округтерге, ауылдарға (селоларға) ат қою және олардың атын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
6)    осы Заңда көделген өзге де мәселелерді шешеді.
Қалалық өкілді және атқарушы органдар бірлескен шешіммен:
1)    облыстық өкілді және атқарушы органдарға қалаларды республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар категорияларға жатқызу туралы ұсыныстар енгізеді;
2)    облыстық өкілді және атқарушы органдарына, ал республикалық маңызы бар қалалардың өкілді және атқарушы органдары Қазақстан республикасының Үкіметіне қалалар шекараларын өзгерту жөнінде, соның ішінде олардың құрамына жеке елді мекендерді енгізу туралы ұсыныстар енгізеді;
3)    қаладағы аудандарды құрады және таратады, олардың шекараларын белгілейді және өзгертеді;
4)    тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, қаладағы аудандарға, алаңдарға, даңғылдарға, бульварларға, көшелерге, ормандарға, парктерге, скверлерге, көпірлерге және қаланың басқа да құрамдас бөліктеріне ат қою және олардың атын өзгерту, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы мәселелерді шешеді.
Поселке, село әкімінің өкілеттіктері.
Поселке , село әкімі:
1)    аудандық өкілді және атқарушы органдарға осы елді мекендерді поселкелер, ауылдар немесе селолар категорияларына жатқызу туралы, оларды тарату және қайта құру туралы ұсыныстар енгізеді;
2)    тиісті елді мекен халқының пікірін ескере отырып, аудандық өкілді және тақарушы органдарға поселкелерге, ауылдық (селолық) округтерге, ауылдарға (селоларға) ат қою және олардың атын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
3)    аудандық өкілді және атқарушы органдарға поселкелердің, ауылдық (селолық) округтердің, ауылдардың (селолардың) шекараларын белгілеу және өзгерту туралы ұсыныстар енгізедітиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, осы елді мекендердің құрамдас бөліктеріне ат қою және олардың атын өзгерту мәселелерін шешеді.
Қорытынды

Жергілікті  мемлекетттік  басқаруды  тиісті  аумақтағы  істің  жайы  үшін  жауапты  жергілікті  өкілді  және  атқарушы  органдар  жүзеге  асыратыны  Конституцияда  анық  көрсетілген. Жергілікті  өкілді  органдар  (мәслихаттар) – тиісті  әкімшілік-аумақтық  бөліністегі  халықтың  еркін  білдіреді  және  жалпы  мемлекеттік  мүдделерді  есепке  ала  отырып, оны  іске  асыру  үшін  қажетті  шараларды  белгілейді, олардың  жүзеге  асырылуын  бақылайды. Сонымен  бірге, мәслихаттар  Парламентпен  бір  реттегі  жүйені  құрады, тиісті   әкімшілік-аумақтық  құрылымдардың  өмірінде  маңызды  рол  атқарады, бюджет  мәселелерін  шешеді  және  олардың  орындалуы  туралы  есептерді  қарайды, жергілікті  жерлердегі  жекелеген  қоғамдық  қатынастарды  заң  шеңберінде  реттейді.
Ал, жергілікті  атқарушы  органдар  (әкімияттар) — Қазақстан  Республикасының  бірыңғай  атқарушы  органдар  жүйесіне  кіретін, атқарушы  биліктің  жалпы  мемлекеттік  саясатын  тиісті  аумақтың  мүддесі  мен  даму  қажеттілігін  ұштастыра  отырып  жүргізуді  қамтамасыз  етеді.
Жоғарыда  аталаған мәселелердің  барлығы  Қазақстан  Республикасының 1995 жылғы  30 тамыздағы  Конституциясымен, Қазақстан  Республикасының  2001 жылғы  23 қаңтардағы  148-  Қазақатан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік  басқару  туралы Заңымен, 2001 жылғы  25 сәуірдегі 179-, 2001 жылғы 24 желтоқсандағы 276-, 2002 жылғы 21 мамырдағы 324-, 2004 жылғы  11 мамырдағы 552-, 2004 жылғы 20 желтоқсандағы 13-, 2004 жылғы 21 желтоқсандағы 15- Заңдарымен  енгізілген  өзгерістер  және  толықтыруларымен, 2002 жылғы 1 қыркүйектегі  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  қызмет  туралы Заңымен, Қазақстан  Республикасындағы  сайлау  туралы Қазақстан  Республикасының  Конституциялық  заңына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы  Қазақстан  Республикасының  2005 жылғы  15 сәуірдегі  44-  Конституциялық  Заңдарымен  реттеліп,  жүзеге  асырылады. Осы заңдардың көп өзгерістерге ұшырауына қарап, мемлекетіміздегі жергілікті мемлекеттік басқару органдарының басқа шет мемлекеттердің жергілікті мемлекеттік басқару органдары сияқты даму үстінде екендігін байқауға болады. Дәл қазіргі сәттегі жергілікті мемлекеттік басқару органдарын реформалау кезінде әлемнің басқа мемлекеттерінен үлгі алуымызға болады. Әсіресе, жақын шетелдер тәжірибиесін зерттеу өте маңызды. Сондықтанда мен бұл елдердің арасынан Ресей Федерациясының тәжірибиесін ерекше бөліп көрсеткенді жөн көрдім. Ресей мемлекетінің заңдары жергілікті мемлекеттік басқаруды дамытуға айрықша көңіл бөледі. Сол себепті де, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына кең өкілеттіктер берілген. Олар жергілікті маңызы бар кез келген мәселелерді өздері шеше беруге құқылы. Жергілікті мемлекеттік басқаруды азаматтар референдум, сайлау, тағы басқа да тікелей еріктерін білдіру жолдарымен, сондай-ақ сайланбалы және жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады. Жергілікті өзін-өзі басқару қалаларда, ауылдық мекен-жайлар мен тағы басқа да аумақтарда өздерінің тарихи және жергілікті дәстүрлерін негізге ала отырып жүзеге асырады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құрылымын жергілікті жердің тұрғындары өздері анықтайды. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары жергілікті бюджетті құрып, бекітіп әрі орындайды, жергілікті салықтар мен салымдарды белгілейді, қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асырады, сондай-ақ жергілікті маңызы бар басқа да мәселелерді шешеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына материалдық және қаржылық қорларды қалыптастыру үшін кейбір заңды өкілеттіктер берілуі мүмкін. Әдетте, мұндай берілген өкілеттіктердің өмірге ендірілуін мемлекет қадағалап отырады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сот тарапынан қорғалуға, мемлекеттік өкімет органдары тарапынан қабылданған шешімдері нәтижесінде туындаған шығындардың өтелуіне мемлекет тарапынан қосымша құқық беріледі. Сондай-ақ Ресей Федерациясының Конституциясы мен федеральдық заңдарда бекітілген жергілікті өзін-өзі басқару құқықтарын шектеуге де тиым салынады.
Тұрғындардың санына байланысты жергілікті өзін-өзі басқарудың әкімін тұрғындардың өздері сайлауы, не болмаса, жоғары тұрған әкім (мысалы, федеральдық маңызға ие қалаларда, т.б.) тағайындауы мүмкін.
Елбасымыз Қазақстан–2030 бағдарламысында жергілікті билік органдарын реформалауға қатысты мәселелер көтерген болатын. Елбасымыз сонды былай деген,–Қазір жергілікті мемлекеттік билікті қайта ұйымдастыру мен жетілдіру қолға алынды, алайда бұл пароцеске неғұрлым қуатты қарқын беру қажет. Менің биылғы жылдың басынан бері үкіметіміз бен оның дербес құрамын түбегейлі реформалау стратегиясын іске асыруға кірісуім де сондықтан. Үкімет, орталық және жергілікті деңгейлерде қысқартыла бастады, және бұл жалғаса береді. Бүгінгі күні қоғамның және экономиканың күрделі жүйелік қайта жаңғыруларын жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінің өзін жүйелі ету мәселесі күн тәртібіне өткір қойылып отыр. Әрине, бұған біртіндеп, соның өзінде мемлекеттің функцияларын ұзақ мерзімді реформалаудың үйлестірілген, дәйекті жоспарларын алдын-ала жоспарлаған жағдайда ғана жетуге болады. Биылдың өзінен бстап Президенттің, Үкіметтің, Парламенттің, жергілікті билік органдарының қызметі өзіміздің стратегиямызды іске асыруға бағындырылады, деген болатын [32].
Президентіміз  өзінің  2005 жылғы  жолдауында  кең ауқымды  біраз  мәселелерді  қамтыған. Сол  мәселелердің  бірі  жергілікті  өкілді  органдарға  қатысты. Елбасымыз  жергілікті  өкілді  органдарға  қатысты  бөлігінде  былай  деген, болатын: Көптеген  мәселелермен  бірге  жергілікті  жерлердегі  мәслихаттардың  бақылау  өкілеттіктерін  кеңейтуді  қарастыру  қажет. Бұл  мемлекеттік  билік  жүйесін  орталықсыздандыру, жергілікті  мемлекеттік  басқару  жүйесінің  рөлін  арттыру  жолындағы  маңызды  қадам  болады–
деді [33].
Жергілікті өкілді органдардың негізгі ерекшеліктерінің бірі, олардың жергілікті жердегі  биліктің өкілді  органдары ретінде ғана емес, жергілікті халықтың  тікелей  құрған  органы  және  халықтың мемлекетті  басқаруға  қатысуының  формасы  болып  табылады. Мен, осы жерде азда болса бір ұсыныстар жасағым келіп отыр. Жергілікті  өкілді  органдар  жергілікті  халықтың сайлайтын  органы  болғандықтан, олар  халық  алдында  жылына  бір  рет,  жыл  ішінде  депутаттардың  қандай  қызметтер  және  қандай  істер  атқарғаны  жөнінде  есеп  берсе. Есепті сол жергілікті жердегі мәслихаттың Хатшысы бұхаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тікелей эфир арқылы жүзеге асырса. Сонда халық осы тіклей эфирді пайдалана отырып, депутаттарға немесе мәслихат хатшысына сұрақтар қоюға жағдай жасалар еді. Маңызды  мәселелер  бойынша  мәслихаттардың  шешімінің  жобасын  талқылауға  жергілікті  халықтар да  қатысса. Бұл жердегі менің айтып отырған халықтардың шешім қабылдауға қатысуы дегенім, ол–дауысқа салу. Мәслихат маңызды мәселелер бойынша шешім шығаратын кезде халықтық дауысқа салса деген ұсыныс жасағым келіп отыр. Сода, еліміздің нағыз демократиялық мемлекет болатынын көретін едік. Олар  өздерінің  жергілікті  мемлекеттік  билік  қызметін  жергілікті  жердегі  халық  арасында, өкілетті  өкілдері  арқылы  жүзеге  асырса.
Елбасымыздың биылғы жолдауын негізге алатын болсақ, жолдаудың 8-бөлігінде былай деген, болатын — ”Жергілікті өкілді органдарды дамыту мынандай бағыттар бойынша жүргізіледі: Біз мәслихаттарды күшейтеміз, олардың қолына қосымша өкілеттіктер беретін боламыз. Мәслихаттардың тексеру комиссияларын нығайтамыз. Уақыт өте келе аудандық мәслихаттарды жергілікті өзін-өзі басқарудың негізіне айналдыруымыз қажет“- деді [34].
Осы  жолдауға  қатысты  келесі  мәселе,  жергілікті  атқарушы  билік  реформасы. Бұл  жолдауда  елбасымыз  былай  деген, болатын: Қолымыз  жеткен  жағдайда, дамудың  алдағы  келешегін  ескере  келе:
—   билікті  одан  әрі  орталықсыздандыру;
—  мемлекеттік  басқару  жүйесін  реттеу  мен  оның  тиімділігін  арттыруға  бағытталған  атқарушы  билікті  реформалауды  одан  әрі  жүргізу  қажет  деп, білемін — деген  болатын. Сонымен қатар, елбасымыз биылғы жолдауында былай деді: “Біз мемлекеттік басқарудың кооперативтік басқару, нәтижелік, анықтық және қоғам алдындағы есептілігі қағидаттарын арқау ететін сапалық жаңа үлгісін түзудеміз.
Біздің мақсатымыз—Үкіметті және оның жергілікті жердегі басқару органдары (әкімшілік), жоғарғы кәсіби мемлекеттік қызмет пен тиімді басқару жүйесін жақсарту. Осы міндеттерді шешудің тікелей жауапкершілігін толығымен Үкіметке жүктеймін”- деген, болатын [35].
Біз  жергілікті  атқарушы билік  жүйесін  орталықсыздандыру  бағытында  белгілі  бір  қадамдар  жасадық, әкімдердің  құрылу  тәртібін  сайлану  арқылы  жүзеге  асыруға  қажетті  жағдай  туғызылды. Мысалы, 2005 жылдың  тамыз  айында  облыстардағы, Астана  және  Алматы  қалаларындағы  аудандар  әкімдерін  сынақ  түрінде  сайлау  арқылы  тағайындалған  болатын. Сонан  соң  кезең-кезеңімен  ауылдық  округтер, ауылдар, кенттер  әкімдерін  сайлауды  қолға  алып, бұл  бағдарлама  2007 жылы  аяқталуы  тиіс. Осы жерде мен мынадай ұсыныстар жасағым келіп отыр: Сонымен, бұл  бағдарламаны  іс  жүзіне  асыру  үшін, Үкімет жергілікті  атқарушы  органдар  жүйесін  белгілейтін  мемлекеттік  басқару  деңгейлері  арасындағы  өкілеттіктерді  шектеу  процесін  айқындайтын заң  жобаларын  әзірлеп, Парламенттің  қарауына  енгізсе. Бұған  қоса  Үкімет  Қазақстандағы  жергілікті  басқарудың  дамуын  қолдау  жөнінде  мемлекеттік  бағдарлама  әзірлеуі  тиіс. Сонан  соң, атқарушы  билік  қызметінің  ашықтығы  ережеге  айналуы  керек. Қазір  жергілікті  атқарушы  билік  халықпен  кездесіп, есеп  беруде. Бұл,  әрине, халық  үшін  дұрыс  пікір сияқты. Мен  оған  өз  басым  қосыламын. Себебі: олар  халықтың  елімізде  жүргізіліп  жатқан  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  реформалардан  хабардар  болуына, пікір  алмасулар  мен  ұсыныстар  жасауға  мүмкіндік  туғызады. Бұл  атқарушы  органдардың  халықтың  алдындағы  жауапкершілігі  мен  есептілігін  арттыруға  қол  жетікізудің, халықты  мемлекеттік  басқару  процесіне  кеңінен  тартудың  әдісі  болмақ. Мұндай  кездесулер  қоғамдық-саяси  өмірдің  бұлжымас  ережесіне  айналса  дұрыс  болар  еді. Бұрынғы  ескірген  және  ырыққа  көне  бермейтін  мемлекеттік  тетікті  үздік  әлемдік  тәжірибиеге  сүйене  отырып, азаматтарымыздың  мүддесі  үшін  осы  заманғы, қоғамдық-саяси  процестерді  серпінді  басқаруға  қабілетті  тетікке айналдыру  ісін  тоқтатуымыз  қажет  сияқты. Осы  заманғы  басқарушылардан  тұратын  пәрменді  әрі  ең  бастысы  құрамы  жағынан  аз  да  болса  саз  болсын  дегендей, оңтайлы     мемлекеттік  орган  қалыптастыруымыз  қажет.
Мемлекеттік  органдар  тарапынан  азаматтар  мен  ұйымдарға  көрсетілетін  қызметтердің  сапасын  жақсарту  мен  мерзімін  қысқарту  үшін  электронды  үкімет қалыптастыруды  жеделдету  қажет  деп  білемін. Мемлекеттік  қызметті  жетілдіру  жөніндегі  шаралар  кешенін  іске  асыру – жергілікті  атқарушы  билікті  реформалаудың  кілті  болмақ.
Бұл  үшін:
– мемлекеттің  әкімшілік  қызметтер  көрсетуін  жетілдіру;
– басқарудың  бюрократтануын  бәсеңдету;
– мемлекеттік  аппараттың  кәсіби  деңгейін  оңтайландыру  қажет.
Оған  негіз  бар. Қазақстанда  қазірдің  өзінде  мемлекеттік  қызмет  туралы Заң  қабылданып  қойған. Мемлекеттік  қызметке  қабылдау  конкурстық  негізде  кампьютерлік  тестілеу  арқылы  жүзеге  асырылады. Жылына  мың  жарымнан  астам  адам  білім  алатын  Мемлекеттік  қызмет  академиясы құрылған. Осы  жерде  бір  айта  кетер  нәрсе   әкімшіліктің  ішкі  қызметшілерімен  қоса, әкімдердің  өздерінде  кемінде  жылына  екі  рет  жоғарыдан  біліктілігін  тексеретін   комиссия  құрылып, білімдерін  тексерсе  дұрыс  болар  еді, — деген  ұсыныс  жасағым  келеді. Оған   белгілі  бір  білім  дәрежесін  көрсететін  бал  немесе  баға  белгіленсе. Білім  дәрежесі  төмен  және  бал немесе  бағасы  жетпеген  мемлекеттік  қызметкерлер  қызметінен  босатылса  немесе  арнайы  оқуға  жіберілсе. Басшы  болғаннан  соң  әлбетте,  білімді  әрі  іскер  болуға  міндетті. Яғни, ол  жергілікті  жердегі  халықтың  сенімді  өкілі болғандықтан, халықтың  сенімін  ақтауы  тиіс. Білімсіз, іскер  емес  басшы  ешбір  қоғамға  да, мемлекетке  де  керегі  жоқ.
Әкімдердің  тағайындалу  тәртібіне  келетін  болсақ, әкімдердің  барлығын  жергілікті  жерге  қатысты  сол  жердің  халқы  белгілі  бір  мерзімге  сайласа деген, ұсыныс жасағым келеді. Менің бұл сөзім әкімдерді қызметке жергілікті жердің мәслихаты сайлау арқылы тағайындалуына қарсымын деген, пікірді білдірмейді. Дегенмен, менің өз ұсынысым әкімдерді қызметке тағайындауды сол жердің жергілікті халқы ашық дауыс беру арқылы, белгілі бір қызметке сайласа, демократиялық мемлекет екендігімізді ашып көрсететін негіз болар еді деген, ұсыныс жасағым келеді.
Ең бастысы әкімдерді сайлауға қатысты заң жобаларын жан-жақты, терең  жетілдіріп  алмайынша,  асығыс  шешімге,  шалажансар қадамдарға  барудың  абырой әпермесі анық. Жеті рет өлшеп бір рет кес,- дегендей. Дұрыс, билікті орталықсыздандыру қажет. Бірақ  бізде  әлі  бұған  байланысты заң  жобалары  толық дайын  емес. Әкім  ойына келгенімен  емес, белгілі  бір  заң  шеңберінде  басқарғаны  дұрыс  емес  пе? Сондықтан  барлық  детальдардың  бүге-шүгесіне  дейін  сараланғаны  абзал. Ең бастысы заңдар қабылданып, жарық көрсе бұл
істердің қайнар көзі болар еді деп,–ойлаймын.
Саяси жаңғырулардың біз көздейтін басты мақсаты:
— биліктің қоғам мен мемлекетті басқарудың барынша ұтымды жүйесін, нағыз демократиялық екендігімізді сомдайтын, сонымен бір мезгілде еліміздегі саяси тұрақтылықты сақтау мен азаматтарымыздың барлық конституциялық құқықтарын қамтамасыз ететін осы заманғы демократиялық нысанына қарай жылжу деп, -ойлаймын.
Қуатты мемлекеттік билік пен демократия- бір-бірін қолдаушы күш. Демократия тек заңдылықтар және қағидалар қатаң сақталған елдерде ғана тұрақты түрде дамиды.
Демократиялық және өркениетті мемлекет орнатудың ортақ заңдылықтарын, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік билік жүйесі мен құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталған ауқымды реформалауды жалғасыра беруді қажет деп, өз диссертациямды қорытындылаймын.

Сілтемелер

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 ж. 30 тамыз. Алматы., ”Дәнекер“, 2000. 45 бет.
2. Қопабаев О.Қ. Шетелдердің Конституциялық құқығы. Алматы., “Жеті жарғы”, 1998. 139-141 беттер.
3. Уманский Я.Н. Советское государственное прова. М.: Высшая школа. 1970. 108-109 беттер.
4. Мицкевич А.В. Прова, Политика, Самоупровление. М.: Юрид. Литер., 1989.
67-68 беттер.
5. Денисов А.И., Кириченко М.Г. Советское государственное прова. М., 1980.
97-98 беттер.
6. Лазарев Б.И. Компетенция органов управления. М.: 1972. 63-65 беттер.
7. Авакьян С.А., Барабашев Г.В., Васильев Р.Ф. Советское государственное прова. ИЗД. ”Юридическая литература“, 1985. 409-412 беттер.
8. “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңы. 2001 ж. 23 қаңтар. Алматы., ”Юрист“, 2002. 18 бет.
9. “Қазақстан Республикасының Президент, Парламент, Үкімет, Референдум, Сайлау туралы” Конституциялық заңдары. 2004 ж. 14 сәуір. Алматы., ”Юрист“, 2005. 117-120 беттер.
10. “Қазақстан Республикасының Конституциясы, Президент, Парламент және оның депутаттарының мәртебесі, Үкімет, Республикалық референдум, Сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары. Алматы., ”Жеті жарғы“, 1999. 199-203 беттер.
11. Мухамеджанов Э.Б. Избирательное прова Республики Казахстан. Алматы., “Жеті жарғы”, 2001. 146-148 беттер.
12. ”Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы“ Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 ж. 15 сәуірдегі №44-III Конституциялық заңы. Алматы., “Юрист”, 2005.
13. Дулатбеков Н., Амандықова С., Турлаев А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы., ”Фолиант“, 2001. 37-38 беттер.
14. “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңы. 2001 ж. 23 қаңтар. Алматы., ”Юрист“, 2002. 15-16 беттер.
15. Дулатбеков Н.О. Мемлекет және құқық негіздері курсы бойынша қосымша материалдар. Қарағанды., Қар МУ, 1995. 35 бет.
16. “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңы. 2001 ж. 23 қаңтар. Алматы., ”жеті жарғы“, 2001. 12-13 беттер.
17. Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Алматы., “Жеті жарғы”, 2003. 34-36 беттер.
18. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Алматы., ”Жеті жарғы“, 1998. 306-310 беттер.
19. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы., “Атамұра”, 2003. 73-75 беттер.

20. Зиманов С.З. Конституция и Парламент Казахстана. Алматы., ”Жеті жарғы“, 1996. 93-95 беттер.
21. Парламент и законодательная власть Казахстана. Отв. Ред. Таранов А.А. Алматы., ”Жеті жарғы“, 1995. 56-57 беттер.
22. “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізулер туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы №13-III, 2004 жылғы 21 желтоқсандағы №15-III Конституциялық заңы. Алматы., ”Юрист“, 2005. 12-13 беттер.
23. “Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы” Қазақстан Республикасының Заңы. 10.12.1993 ж., 02.05.1995 ж., 20.11.1998 ж., 05.04.1999 ж., 20.07.1999 ж., 16.11.1999 ж. енгізілген өзгерістері мен толықтырулары. Алматы., ”Юрист“, 1999. 19-20 беттер.
24. “Қазақстан Республикасы Астанасының мәртебесі туралы” Заңы. 1998 ж. 20 мамыр. Алматы., ”Жеті жарғы“, 1999. 18-19 беттер.
25. “Қазақстан Республикасы Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы” Заңы. 1998 ж. 1 шілде. Алмата., “Жеті жарғы”, 1999. 15-16 беттер.
26. Қопабаев О.Қ. Шетелдердің Конституциялық құқығы. Алматы., ”Жеті жарғы“, 1998. 109-110 беттер.
27. Жоламан Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәукеев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы., “Жеті жарғы”, 2003. 39 бет.
28. сагиндиков А.Н. Конституционное прова Республики Казахстан. Алматы., ”Ьілім“, 1999. 186 бет.
29. ”Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер туралы“ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. Алматы., ”Жеті жарғы”, 1999 ж. 20 желтоқсан. 2000.
5 бет.
30. ”Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы“ Заңы. Алматы., ”Юрист“, 2002 ж. 1 қыркүйек. 2002. 10 бет.
31. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл. Алматы., “Жеті жарғы”, 2001. 63 бет.
32. Қазақстан-2030. Алматы., “Білім” 2001. 25-28 беттер.
33. ”Егемен Қазақстан“. 19 ақпан, 2005 ж, №32-33 (23991) 1-6 беттер.
34. ”Егемен Қазақстан“. 2 наурыз. 2006 ж. №43 (24001)  1-8 беттер.
35. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың  Қазақстан халқына жолдауы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан”. Астана“., ЖШС “Мирас”, 2007 ж. 28 ақпан. 2007. 18-21 беттер.

Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімі

Нормативтік құқықтық актілер

1.    Қазақстан  Республикасының  Конституциясы. 1995 ж. 30 тамыз. Алматы., Дәнекер,  2000.
2.    Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 10.12.1993 ж., 02.05.1995 ж., 20.11.1998 ж., 05.04.1999 ж., 20.07.1999 ж., 16.11.1999 ж. енгізілген өзгерістері мен толықтырулары. Алматы., Юрист, 1999 ж.
3.    Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізулер туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы 13-, 2004 жылғы 21 желтоқсандағы 15- Конституциялық заңы. Алматы., Юрист, 2005.
4.    Қазақстан Республикасының Конституциясы, Президент, Парламент және оның депутаттарының мәртебесі, Үкімет, республикалық референдум, сайлау туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары. Алматы., Жеті жарғы, 1999.
5.    Қазақстан Республикасының Президент, Парламент, Үкімет, Референдум, Сайлау туралы Конституциялық заңдары. Алматы., Юрист, 2005.
6.    Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңы. 2001 ж. 23 қаңтар.  Алматы., Юрист, 2003.
7.    Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы Заңы. Алматы., Юрист, 2002 жыл 1 қыркүйек.
8.    Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 1999 ж. 29 желтоқсан. Алматы., Жеті жарғы, 2000.
9.    Қазақстан Республикасы Астанасының мәртебесі туралы Заңы. 1998 ж. 20 мамыр.  Алматы., Жеті жарғы, 1999.
10.    Қазақстан Республикасы Алматы қаласының мәртебесі туралы Заңы. 1998 ж. 1 шілде. Алматы., Жеті жарғы, 1999.
11.    Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 ж. 15 сәуірдегі 44- Конституциялық заңы. Алматы., Юрист, 2005.

Әдебиеттер

1.    Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Алматы., Жеті жарғы, 1998.
2.    Ашитов О., Ашитов Б.З. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы., Жеті жарғы, 2003.
3.    Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы., Жеті жарғы, 2003.
4.    Авакьян С.А., Барабашев Г.А., Васильев Р.Ф. Советское государственное прова. ИЗД. ”Юридическая литература“, 1985.
5.    Алексеев С.С. Теория прова. М.: БЕК, 1993.
6.    Байшев Ж. конституционное прова Республики Казахстан. Алматы., “Жеті жарғы”, 2001.
7.    Барабашев Г.В. Местное управление. М.: МГУ, 1996.
8.    Баянов Е. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы., Жеті жарғы, 2003.
9.    Баянов Е. Әкімшілік құқықтың анықтамалары бойынша схемалары. Алматы., Атамұра, 2002.
10.    Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы., Жеті жарғы, 2001.
11.    Венгерев А.Б. Теория государства и прова. М.: БЕК, 1994.
12.    Дулатбеков Н., Амандықова  С., Турлаев А. Мемлекет және құқық теорииясы. Алматы., Фолиант, 2001.
13.    Жоламан Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәукеев А.Н. Мемлекет және құқ теориясы. Алматы., Қаз баспа орталығы, 1999.
14.    Мухамеджанов Э.Б. Избирательное прова Республики Казахстан. Алматы., ”Жеті жарғы“, 1996.
15.    Мицкевич А.В. Прова, политика, самоуправление. М.: Юрид. Литература., 1989.
16.    Назарбаев Н. Қазақстан–2030. Алматы., Білім, 2001.
17.    Сапарғалиев Ғ. Қазақстан  мемлекеті  мен  құқығының  негіздері. Алматы., Атамұра, 2003.
18.    Спиридинов Л.И. Теория государства и прова. М.: 1996.
19.    Сагиндиков А.Н. Конституционное прова Республики Казахстан. Алматы., “Білім”, 2001.
20.    Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Алматы., Жеті жарғы, 2004.
21.    Мемлекет және құқық негіздері. Алматы., Жеті жарғы, 2001.
22.    Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Алматы., Жеті жарғы, 2003.
23.    Таранов А.Л. парламент и зоконодательная власть Казахстана: Монография. Алматы., ”Жеті жарғы“, 1996.
24.    Таранов А.А. Административное прова Республики Казахстан. Алматы., ”Білім“, 2000.
25.    Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл. Алматы., Жеті жарғы, 2001.
26.    Сапарғалиев Ғ., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы., Жеті жарғы, 1997.
27.    Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі. Алматы., Жеті жарғы, 1997.
28.    Қопабаев О.Қ. Шетелдердің Конституциялық құқығы. Алматы., Жеті жарғы, 1998.
29.    Егемен Қазақстан. 19 ақпан, 2005 ж. 32-33 (23991)
30.    Егемен Қазақстан. 2 наурыз, 2006 ж. 43 (24001)
31.    Зиманов С.З. Конституция и Парламент Республика Казахстан. Алматы., Жеті жарғы, 1996.
32.      Парламент и законодательная власть Казахстана. Отв. Редактор.
33.    Лазарев Б.И. Компетенция органов управления. М.: 1972.
34.    Овсянко Д.М. Административное прова.М.: Юрист, 1996.
35.    Уманский Я.Н. Советское государственное прова. М.: Высшая школа. 1970.
36.    Хропанюк В.Н. Теория государства и прова. М., БЕК, 1996.
37.    Администартивное прова Республики Казахстан. Часть особенная. Алматы., Жеті жарғы, 2000.
38.    Государственное управление. М.: 2001.
39.    Административное прова Республики Казахстан. Часть особенная. Алматы., Жеті жарғы, 1998.
Мазмұны

Кіріспе…………………………………………..……………………… 6

Бірінші тарау.  Жергілікті өкілді органдар…………………………. 11
§1.1  Жергілікті өкілді органдардың
сипаттамасы, жүйесі, құрылу тәртібі және құрамы…..… 11
§1.2  Жергілікті өкілді органдардың
жұмысын ұйымдастыру…………………………………… 25
§1.3  Жергілікті өкілді органдардың құзіреті
және қабылдайтын актілері………………….……..……… 37

Екінші тарау   Жергілікті атқарушы органдар……………………. 45
§1.1  Жергілікті атқарушы органдардың
сипаттамасы, олардың жүйесі……….…………………….. 45
§1.2  Жергілікті атқарушы органдардың
құрылу тәртібі мен құрамы…………………..…….…..… 48
§1.3  Жергілікті атқарушы органдардың
құзіреті және қабылдайтын актілері……………………… 51

Қорытынды…………………………………………………………… 83
Сілтемелер……………………………………………………………… 88
Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімі……………..…… 90

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше