Хабарландыру

«Бейнеу балабақшасы» МКҚК бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды

«Бейнеу балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды.

  1. Ән-саз жетекшісі – 1 орын
  2. Орыс тілі маманы – 1 орын
  3. Дене тәрбиесі маманы – 1 орын
  4. Хореограф – 1 орын

Осы конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Ән-саз жетекшісі, дене тәрбиесі маманы, орыс тілі маманы, міндетті түрде өз қызметтеріне сай жоғары немесе арнаулы орта білімді болуы, біліктілік талаптарға сай болуы, мүмкіндігіне қарай еңбек өтілінің, санатының және тәжірибесінің болуы. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Балалар құқығы» туралы заңды және «Балалармен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптарын», физиология және гигенаны, педагогика, психология негіздерін білуі тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін мына құжаттар тіркелуі қажет:

  1. Өтініш;

  2. Түйіндеме;

  3. Жеке басын куәландыратын куәлігінің көшірмесі;

  4. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (тұрақты мекен-жайы мен байланыс телефоны міндетті түрде);

  5. Білімі жөніндегі іс-қағаздары (өтініш тапсырған қызметіне байланысты нотариуспен куәландырылған)

  6. Еңбек кітапшасының көшірмесі;

  7. Денсаулық жағдайы туралы анықтама (0-86 У үлгісіндегі анықтама)

көрсетілген құжаттары түгел болмаған жағдайда құжаттары қайтарылып беріледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдіргендер үшін, жеке тұлғалардан қабылдау http://www.45minut.kz БАҚ-да хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күн ішінде мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Азан Балов көшесі «Бейнеу балабақшасы» МКҚК ғимараты. Анықтама телефоны: 50 7 46

Конкурстық комиссия

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.