« Математика және Физика » апталығындағы « Нақты ғылымдар еліне саяхат » атты кештің үлгісі
Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы
М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін
мектеп- балабақшаның математика және физика
пәнінің мұғалімі Жапалакова Сакыпжамал Айдархановна
І санатты мұғалім
« Математика және Физика » апталығындағы
« Нақты ғылымдар еліне саяхат » атты кештің үлгісі.
Оқушылардың нақты пәндер бойынша білімдерінің сапасын арттыру, логикалық ойлану дамыту пәнге қызығушылығын арттыру үшін түрлі сайыстар, ойындар өткізіп тұру тиімді 10-11 сыныптар аралығында 4-топ қатысып, өз білімдерін сынады.
Оқушылардың қызығушылығы жоғары болды. Кеш соңында би кеші ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.
Кеш тақырыбы: «Нақты ғылымдар еліне саяхат»
Мақсаты: Білімділік: « Нақты ғалымдардан алған білімдерін тереңдету »
Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу нақты ғылымдарға
қызықтыру, оқушының жеке басын тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлы математиктер мен физиктердің портреттері, қанатты сөздер,
қабырға газеттері, формулалар.
Ұйымдастыру кезеңі
1-жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар
Естігенін еске тұтып
Оқығанын миға тоқушылар
2-жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар! Айтар ойын түспалдар
Сіз оқытқан оқушылардың
Сәті келді сыналар
1-жүргізуші:
Есепті түрлі-түрлі шығарамыз
Арасында ойын ойнап жарысамыз
Ойламды сұрақ, қиын сұрақ бәрі де бар
Әзіл есепке де отырамыз.
2-жүргізуші:
Олай болса бұл не тұрыс
Кешімізді біз бастайық
Әділ бағаға қалтасы толы
Әділқазыларды шақырамыз
1-жүргізуші:
Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін бұрыс бағалау үшін әділ – қазылар алқасын сайлап алайық.
2-жүргізуші.
Шын жүйрік шабысынан танылады
Нақты білім, терең ой сыналады
Баға берер әділқазы отырамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
1-жүргізуші:
Біреудің жүрегінің түгі бар
Біреудің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар
Біреудің күмбірлеген күйі бар
Енді біріуінің қатты істейтін миы бар.
ӘР КОМАНДАНЫ ОРТАҒА ШАҚЫРАМЫЗ
2-жүргізуші
Үлгілі тәртіп,жақсы оқу
Алға қойған мақсатты
Әрқашанда мектепте
Шығып жүрген жақсы аты
Ортаға «ДАНАЛАР»тобын шақырамыз.
1-жүргізуші:
Жиылған ылғи дарындар
Жүректе от,көздерінде жалын бар
Тапқырлар тобын халайық
Қол соғып қарсы алайық
Ортаға «ТАПҚЫРЛАР» тобын шақырамыз.
2-жүргіуші:
Көңілді тапқыштыр,білгіштер
Бар өнерін алдарына салады
Кім біледі,көп оқыған болса егер Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Ортаға «АЛҒЫРЛАР» тобын шақырамыз.
1-жүргізуші: Есептен сайысады командалар
Алға озар ең мықтысы осы жолда
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ
Сұрайық шығуларын жұрт алдында.
Ортаға «Ойшылдар » тобын шақырамыз.
1.«Сәлемдесу сайысы»
Әр топ өздерін таныстырады (аты, ұраны)
1-ші топ «Тапқырлар»
Ұраны: Қандай сынақ болсадағы беріспе
Әрқашан да үміткерміз жеңіске
2-ші топ «Даналар»
Ұраны: Тартысайық сайыста күш жігермен
Айрылысайық қимас бір дос көңілімен.
3-ші топ «Алғырлар»
Ұраны: Жарыс десе жанымыз
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
4-ші топ «Ойшылдар»
Ұраны: Оқығаныңды айтпа
Тоқығаныңды айт.
2. Білім сайысы.
Әр топқа физика, математика пәндері бойынша тест тапсырмалары беріледі. Уақыт белгіленеді, тапсырмалары дұрыс орындауларды байланысты ұпай беріледі.( 1 дұрыс жауапқа 1 балл )
«Ойшылдар » тобына:
1.Ток күші қандай шама?
А) Векторлық Б) Скалярлық
2.Изобаралық процесте не тұрақты?
А) Қысым Б) Көлем
3.Магнит өтімділігі бірден кіші заттар қалай аталады?
А) Диамагнеттиктер Б) Парамагнеттиктер
4.Лоренц қай елдің физигі?
А) Неміс Б) Голландия
5. 1 гегаватта қанша ватт бар?
А) 10-ның 12 дәрежесі Б ) 10-ның 9 дәрежесі
6.Қысым айырылымын өлшейтін құрал?
А ) Монометр Б) Борометр
7. Бірінші ғарыштық жылдамдық неге тең?
А) 7,9 км/с Б) 11,2 км/с
8.Жай механизмді ата ?
А) Штатив Б) Иіндік
9.Электрон грек тілінде қай сөзден шыққан?
А) Янтарь Б) Эбонит
10.Физикада қозғалысты геометриялық тұрғыдан қарастыратын бөлім?
А) Динамаика Б) Статика
11.Ламинарлық- латын сөзі қандай ұғымды білдіреді?
А) Қабат Б) Көлем
12 Орбита кімнің сөзі
А) Латын Б) Неміс
1.Есептеңіз: 13/4 – 111/17 ∙ 51/56
А) 2 В) 0,25 С) 0,5 D ) 1 Е) 4
2.Теңдеулер жүйесін шешіңдер:
{█(3x-2y=9@6x+2y=36)┤
А) (5;3) В) (1;3) С) ( 3;2 ) D) (5;4) E) (5;2)
Трапеция табандары 4 және 12 оның 6-ға тең болатын бүйер қабырғасы үлкен табанымен 30˚ бұрыш жасайды. Трапеция ауданын табыңдар.
А)12 В) 24 С) 16 D) 48 Е) 36
«Тапқырлар» тобына:
1.Паралель жарық шоқтары қандай линзадан өткеннен кейін фокусқа жинақталады?
А) Дөңес В) ойыс
2.Магнит ағынының өлшем бірлігі?
А) Тесла В) Вебер
3.Ядролық реакторда нейтрондаы жақсы тұтатын зат?
А) Бор В) Берилий
4.Бойль-Мариотт заңында не тұрақты?
А) Қысым В) Температура
5.Жарық жылдамдығын алғаш есептеген кім?
А) Ремер В) Физо
6.Призмадан ақ жарық өткенде ең аз ауытқитын түс?
А) Көк В) Қызыл
7.Кедергінің өлшем бірлігі?
А) Ом В) Ампер
8.Жол қандай шама?
А) Векторлық В) Скалярлық
9.Акселерометр арқылы нені өлшейді?
А) Массаны В) Үдеуді
10.Ең кішкентай заряд?
А Нейтрон В Электрон
11.Электроскоп қай тілден келген?
А) Грек В) Неміс
12.Конденсация латын сөзі қандай ұғымды білдіреді
А) Қойылту В) Сұйылту
Математика:
1.Есептеңіз 6/35 : ( 4,8-3 ( 3)/7 )
А) 0,4 В) 0,3 С) 1/8 Д) 11/3 Е) 21/5
2.Теңдеуді шешіңіз: Х2+2х+10
А) -1 В) 2 С) (-2:3) Д) 4,5 Е) 6;0
3.Тік төрбұрыштың периметрі 30 см, ұзындығы 11 см, ені неге тең?
А) 3 В) 4 С) 6 Д) 8 Е) 7
«Алғырлар» тобына:
1.Күш қандай шама ?
А) Векторлық В) скалярлық
2.Изохоралық процесте не тұрақты?
А) Қысым В) Көлем
3.Магнит өтімділігі бірден үлкен заттар қалай аталады?
А) Дтамагнеттиктер В) Парамагнеттиктер
4.Эрстед қай елдің физигі?
А) Дат В) Голланд
5.36 км/сек неше метр/сек бар?
А) 100 м/с В) 36000 м/с
6.Екінші ғарыштық жылдамдық неге тең?
А) 11,2 км/с В) 16,7 км/с
7.Жақыннан әсер ету принципі кімнің негізделген?
А) Кулон В) Фарадай
8.Потенциял қай тілден келген?
А) Латын В) Грек
9.Барометр қай тілден келген?
А ) Неміс В) Грек
10.Ұшақтың ұшу биіктігін анықтайтын құрал?
А) Манаметр В) Альтиметр
11.Спидометр нені өлшейді?
А) Ауаның көлемін В) Қозғалыс жылдамдығын
12.Атым құрылысын ашқан кім?
А) Резерфорт В) Эйнштейн
1. Есептеңіз: 3,5 ∙ ( 2 1/7 – 11/5 )
А) 1 В) 3,3 С) 5,1 Д) 51/4 Е) 61/8
Теңдеуді шешіңіз:
Х2+12х – 640
А) (1; 2 ) В) (4; 7) С) (3; 3) Д) (2; 2 ) Е) (-16; 4)
3. Паралелограмның бір қабырғасы 2 см, екіншісі одан 4 см артық. Переметрі неге тең
А) 12 см В) 16 см С) 6 см Д) 20 см Е) 14 см
«Даналар» тобына:
1.Гей- Люссак заңында не тұрақты?
А) Көлем В) Қысым
2.Алыстан көргіштікті жою үшін қандай линза тағу керек?
А) жинағыш В) шашыртқыш
3.Призмадан ақ жарық өткенде ең көп ауытқитын түс?
А) Көгілдір В) Көк
4.Кімді Максвелл электрдің Ньютоны деп атаған?
А) Ампер В) Ом
5.Альфа бөлшек дегеніміз не?
А) Электрон В) гелий ядросы
6.Резерфорт қай елдің физигі?
А) Ағылшын В) Америка
7.Кернеудің өлшем бірлігі?
А) Вольт В) Кулон
8.Кедергі өлшем бірлігі?
А) Ом В) А
9.Пробирка – қай тілдің сөзінен шыққан?
А) Латын В) Орыс
10. Гепотеза қай тілдің сөзінен шыққан?
А) Латын В) Грек
11.Ракета қай тілдің сөзінен шыққан?
А) Неміс В) Ағылшын
12.Инергия қай тілдің сөзінен шыққан?
А) Латын В)Орыс
Есептеңіз; (31/3 + 2,5) ∙ 3/7
А) 2,35 В) 2,5 С) 3,5 Д) 55/6 Е) 1,5
Теңдеулер жүйесі шешіңіз:
{█(xy= -10@x+y=3)┤
А) (-5; 2) В) (-2; 5) С) (2; 5) Д) (-5; -2) Е) (10; -1)
АВ қабырғасы 17 см-ге тең ал, ВD диагоналы 30 см-ге тең болатын АВСD ромбының АС диаганалын табыңыз
А) 8 см В) 16 см С) 17 см Д) 14 см Е) 20 см
Топ мүшелері тестімен айналасқан кезде жан күйерлерге сұрақтар қойылады.
1.Екі саяхатшы өзен жағасында бір уақытта келді, бірақ жағада бір кісілік қайық бар, олар жүзе білмейді, дегенмен екеуі де екінші жағаға өтіп, өз жолымен кетті. Бұл қалай?
(Саяхатшылар екі жағада)
2. Ойды аяқтаңдар.
Т. Сойер: «Біздің алдымызға өзі қоятын есептерде емтихан алушы – ……»
(Табиғат)
К. Маркс: «……… математиканы пайдаланғанда жетіледі»
(Ғылым)
Н Любачевсий: «Математика –барлық ……….ғалымдар сөйлейтін тіл»
(Дәл)
М.В.Ломоносов: «Химия –физиканың оң қолы ……….. – оның көзі»
(Математика)
3.Дүниедегі ең жүйрік не?
(ой қиял)
4.Қай кезде аспан жерден төмен тұрады?
(судан сәулеленіп көрінгенде)
5.Дайындауға болады бірақ жеуге болмайды ?
(сабақ)
6.Жерден көтеру оңай ал лақтыру қиын?
(Мамық)
Математика термендері орыс тілінде айтылады, қазақша баламасын табыныз?
7.Биссектриса – жарма
Вертикаль – тік
Аксиома –ақиқат
Горизонт –көкжиек
Квадрат- шаршы
Дискриминант – айқындауыш
Конус – шошақ
Куб – текше
Цилиндр – айналма
8. «Ноль» қай елдің сөзі?
(Ноль ұғымы 5-ғасырда Үндістанда шықты Ноль –жоқ)
9. 1 мен 10 цифрларына қандай амал қолданғанда бір шығады?
( 1101)
Басқа кейсең бөрік, сәнді сұлу көрік?
(Конус)
11.Миллион деген сөзді қазақ арасына қай ағартушы жеткізді?
( Ы.Алтынсарин)
12.Кім алгебра оқулығын қазақ тілінде жазып, бірақ баспаға басқан жоқ?
(Қ.Сәтбаев)
3.сайыс Ғалым физиктерді білесіздер ме?
Әр топқа сұрақтар кезекпен қойылады
Бұл қай ғалым?
1.А) ғылыми еңбектері механикаға, оптикаға, астраномияға, математикаға арналған.
Б) Механиканың үш заңын ашқан
В) Бүкіл әлемдік тарылыс заңын ашқан ( Ньютон)
2.А) 5-ғасырда өмір сүрген
Б) Александр Македонскийдің шәкірті
В) Философия, астраномия, механика, оптика, ғылымына еңбегі сіңген (Аристотель)
3. А) 1643 ж тәжірибені бірінші рет шәкірті Вивиани жасаған
Б) Ауаның салмағын есептеген
В) Атмасфералық қысымды есептеген
(Торричели)
А) Дәлелдеген формасы бар
Б) Математик астраном
В) Өзінің табысына шаттанып қуанғанда ,,Таптым! Таптым! деп айқалаған. (Архимед)
4.А)Энергияның сақтау заңын тәжірибе жүзінде дәлелдеген
Б) Газ малекулаларының қозғалыс жылдамдығын есептеген
В) Электр тогыныңжылдамдық әсерін анықтаған
(Джоуль)
5. А) Лондон корольдік ғылым академиясының құрметті мүшесі
Б) Атом құрлысын анықтаған
В) Радиактивті процестерді зерттеген
( Резерфорд )
6.Итальян ғалымы
Интерференцияны ашыпты
Оны білген балалар
Залда жүгіруден қашыпты
Кім болды екен бұл ғалым? ( Г.Галелей )
7. Жылдамдығын жарықтың
Өлшеген дат ғалымы
Астраном болса да
Физомен шамалас алынды (Ремер)
8. Физик, математик, химик және әдебиетші орыс ғалымы? (М.В.Ломоносов)
4. сайыс.Оқушылар жалығып кетпес үшін арасында көрініс қойылды. (топтарға осы көріністерден математика мен физикаға байланысты сөйлемдер құрастыру тапсырылады)
Музыка ойнайды.
1-көрініс. Ежелгі Греция
Сұрақ: Көрініске көңіл аударыңыздар
Ежелгі Грецияның киімін киген қыз отыр. Қолына әдемі құмыраны ұстаған қара құл кірді.
Қыз: « Құмыраны трапидзионға қой » деді.
1-жүргізуші: Құрметті ойыншылар!
Трапедзион деген сөздің мағынасы және математикаға қатысы қандай?
Топ мүшелері сұраққа жауап береді.
2-жүргізуші: Дұрыс жауап: «Трапедзион» деп Ежелгі Грецияда үстелді атаған және осы сөзден Трапеция деген сөз шыққан.
2-көрініс« Функция» биі.
Формулалар сайысы
Үш минут уақыт ішінде физикамен математикадан білетін формулаларын жазады.
3-көрініс
Шығыс киімін киген ұстаз бен шәкірттері малдас құрып отыр. Ұстаз
көне музыкалық аспапта ойнап отырады. Шәкірттері кітап оқиды.
Сұрақ : Алдарыңызда математик, дәрігер, ақын, музыкант, ғалым кім?
Дұрыс жауап: Шығыс Аристотелі атанған тіл туралы логика, мате-
матика, оптика, астрономия, медицина, музыка,
физика, табиғат ғылымдары, статистика, механика,
дін, заң ғылымдары туралы энциклопедия, трак-
таттар жазған Әбу- Насыр әл- Фараби.
Топ жетекшілер сайысы:
1-минутта қойылған сұрақтарға жауап беру.
Кім жылдам
1-топ
1. Пифагор теоремасы.
2. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы.
3. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер.
4. Квадраттық функцияның графигі.
5. Үшбұрыштың түрлері.
6. 12+ (-5)
7. 10∙ (-2)
8. (–6) ∙ ( -5)
9. Геометрияның негізгі ұғымдары.
10.Конус көлемі формуласы.
2-топ
Жазықтық фигураларын зерттейтін геометрия бөлімі.
Жазықтықтағы қиылыспайтын түзулер.
Басталатын нүктесі бар сызық.
Сызықтық функцияның графигі.
Бұрыштың түрлері.
Параллелограмм ауданы.
13+ (-70)
18∙ (-3)
(–15) ∙ (-6)
Трапецияның орта сызығы.
3-топ
1. Геометрияның кеңістікті зерттейтін бөлімі.
2. Тригонометриялық функциялардың графиктері.
3. Айналу денелері.
4. Үшбұрыштың ауданы.
5. Цилиндр көлемі.
6. Тік төртбұрыштың ауданы.
7. а2 – в2
8. Ньютон – Лейбниц формуласы.
9. Призма көлемі.
ух функциясының графигі.
4-топ
1. Стереометрия нені зерттейді?
2. у k/x функциясының графигі.
3. Көпжақтар.
4. Сфераның теңдеуі.
5. Герон формуласы.
6. Пирамида көлемі.
7. (а – в)2
8. Конус көлемі.
9. уах қандай функция?
10.Шеңбердің теңдеуі.
Сайыс. Бір команда екінші командаға тәжірибе көрсетіп түсіндіріп беруі сұралады.
Жуаны алып, оған мыс және темір сымдарды кіргізіп, өткізгіш сыммен жалғастырып, гальвонометр жалғаған. Гальвонометр тілшесі ауытқиды.Не себепті? (себебі көкіністі минералды тұздармен металдар әрекеттесіп, ток туғызады )
Суы бар стаканға мұздың кішкене кесегін тастап, жіп және бір шымшым тұз арқылы мұзды судан шығарып алу керек. Іске қалай кірісуге болады?
( Жіпті мұздың үстіне қойып, тұз себу керек, салқындатқыш қоспа пайда болады да, жіп мұзға жабысып қатып қалады. Шамалы уақыттан соң, жіпті көтеру керек, сонда жіппен, бірге мұз да көтеріледі)
Қырлы 250 грамдық стаканның үстіне жұқа фанерь қойып, оның үстіне 10 кг-дық жүкті қойып, жүкті балғамен қатты ұрамыз. Стакан не себепті сынбайды?( Балға соққысы жүкке беріледі. Бұл дененің импульсінің өзгеруі елеусіз болады. Бұдан балға қозғалысының стаканға әсері аз, стакан сол себепті сынбайды)
Қағазды жағып бөтелкенің ішіне саламыз алақанмен аузын басқанда, бөтелке алақанмен бірге көтеріледі. Неге?(Қағаз жанғанда ауа қызады, қысым ұлғаяды да ауаның жарты бөлігі сыртқа шығады. Шөлмекті алақанмен жапқанда ауа суиды да, шөлмек алақанға атмосфералық қысым әсерінен ұсталып тұрады)
Барлық турларды қортындылап жеңімпаз топты анықтау үшін
әділқазылар алқасына сөз беріледі.
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақыл шың
Қиындықтан өткізер – деп сайысымызды қорытындылаймыз.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Математика және физика журналы
№ 2, №3,2003
№4,№5,№6,2004
№2,№3,№4,№5,2005
2. Л.А.Горев. Занимательные опыты по физике.
