Қош келдің, Жаңа жыл

Қош келдің,  Жаңа жыл!

     Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!Ұлдарымыз ержүрек,қыздарымыз инабатты  болсын.

Жаңа жыл тек қана жаңа табыс, береке, бірлік әкелсін. 2-ші сыныптардың Жаңа жылдық мерекесіне қош келдіңіздер!

Осы жаңа жылдық ертеңгілікке арнайы келіп жиналған қауымды жаңа жыл мерекесімен құттықтауға мектебіміздің  директоры Ұлан ағай келіп отыр екен,құттықтау сөз кезегі  өзіңізде.

Жүргізуші:

Жаңа жылым жаңа бақыт сыйласын,

Көгімде бейбіт құсы самғасын.

Төгілтіңдер жаңа жылдың жақсы әнін,

Қуанышпен арайлансын ақ таңың!

Жүргізуші:

Ақ көңілім айналды аппақ қарға,

Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.

Қыс қызығы басылмай ұласады,

Қуанышы көп болсын Жаңа жылға,- деп бүгінгі Жаңа жылдық кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші:

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй,-деп Абай атамыз айтқандай өнерлерімізді көрсетейік.

Жүргізуші:Кәне, балалар, қазір бәріміз қосылып хормен «Жаңа жыл» әнін айтайық.

Хор: «Жаңа жыл»

Жүргізуші:Енді ,балалар, Аяз ата мен Ақшақар көрінбейді ғой, кәне,

ортамызға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Хормен:  Аяз ата келіңіз, шыршамызды көріңіз.

Жүргізуші:

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келеді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Жүргізуші:

Келеді Аяз атамыз,

Қасында Ақшақары бар.

Қызыққа әбден батамыз,

Қарсы аламыз баршамыз.

– Қош келдіңіз, Аяз ата!

-Амансыз ба, Ақшақар!

Аяз ата:Амансыңдар ма,балалар!

Ажарларың атқан таңдай,

Киімдерің  қандай әсем,

Жұрт тыныш,көңілдерің шат екен.

Ақша қар:Ал,балалар,балалар,

Құлақ қойып тыңдаңыздар.

Мектептің үлкен залында

Жасыл шырша жанында

Жаңа жылды қарсы алып,

Би  билейік,ән салып.

-Енді,балалар, Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерімізді көрсетейік.

Ән: «Қош келдің,Жаңа жыл!» Төлегенова Айым
1-оқушы: Азат

Жаңа жыл! Жаңа жыл!

Жаңалық ізде сен.

Жаңа ән, Жаңа жыр,

Жазып бер бізге сен.

2-оқушы: Нұртілеу

Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз той жылда бір.

Жарқын, жарқын ән салып,

Жалғасады жырға жыр.

3-оқушы: Еркеназ

Көңілді көп қуаныш,

Әр көңілде жақсы үміт.

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылық.

4-оқушы: Әнуар

Ескі жылға ризамыз,

Өсе түсті бойымыз.

Қандық талай сырға біз,

Шарықтады ойымыз.

5-оқушы:Бекжан

Жаңа жылдық кеште,

Көтереміз көңіл біз.

Түсіреміз біз іске,

Ертегілер елін біз.

6-оқушы: Жанарыс

Төрле, төрле Жаңа жыл!

Айтамын тебірене жаңа жыр.

Төрле, төрле құтты жыл,

Халыққа жүрші әркез төгіп нұр.

7-оқушы: Аружан

Қуаныш пен шаттыққа кенелейік,

Жадырап ән шырқап, тербелейік.

Төрле, төрле халқымнан құтты жылы,

Бәріміз дөңгелене би билейік.

8-оқушы: Бек

Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі,

Жаңа жыл – ақ арманның өрленуі.

Жаңа жыл – партадағы лүпілдеген,

Кішкентай шәкірттердің ержетуі.

Айымның  орындауында Испан биі

Жүргізуші:Балалар шыршаға қараңыздаршы,не жетіспей тұр?

-Шам,олай болса  Аяз ата, сиқырлы таяғыңыздың көмегімен шыршаның шамдарын жарқырата жағыңызшы.

Аяз ата: Әрине!Әрине!

Шырша, шырша жағылшы,

Әсем моншақ тағылшы!

Ән:Бала тілегі (Аружан)

Би:Ча-Ча-ча ( Айым мен Алтынай)

Ән: Ертегілер елінде (Алмагүл)

Сыныбымыздың бишілерін шақырайық,

Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.

Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,

Қол соғып, биік шыңға самғатайық.

Би: Қаражорға (Ер балалар)

 Көрініс:Әке мен бала,Анасы мен баласы

Ән: Нысана (Мереке)

Жастар биі: (Айым,Аружан,Алмагүл,Еркеназ)

Ән: Қызыл гүлдер(Саламат)

Өзбек биі :(Алмагүл)

Сән үлгісін көрсету.(ер балалар)

1 –номердегі Раушангүлді қошеметпен ортаға шақырайық.

2-номердегі  Інжугүлді ортаға шақырайық.

3-номердегі  Райқангүлді ортаға шақырайық.

4- номердегі Мейрамгүлді  шақырайық.

5-номердегі  Майрагүлді ортаға шақырайық.

6- номердегі  Аймангүлді қол соғып ортаға шақырайық.

7- номердегі  Шынаргүлді шақырайық.

8-номердегі Анаргүлді қошеметпен ортаға шақырайық.

 Жүргізуші:

Мың бұралған ақ қайыңдай,

Бишілер шықсын ортаға.

Ал, ендеше, қол соғайық,

Қошеметпен қарсы алайық.

Би: Ақшақар

Жүргізуші:

Қандай жақсы біздің Аяз атамыз,

Қабыл болсын ақ ниетті батаңыз.

Қош айтысып кетсеңіз де асығып,

Кешімізді жалғастырып жатамыз.

Келесі Жаңа жылда жүздескенше,

Қош бол, ару Ақшақар, кездескенше.

Жыл сайын келіңіздер  сіздер бізге.

Аяз ата: Қуанышым көңілдің хоштығында,

Жетістігі адамзат көшті қырға.

Сәулетім мен дәулетім үйлесіп тұр

Жер шары мен елімнің достығында.

 

 

Ақша қар: Бәсеке мен нарықтың олжасына,

Жаңа іліктік молшылық жол басына.

Он бес жылда дүниені дүр сілкінткен

Алғыс айтам той күні Елбасына,-деп, еліміздің еңсесі биік болсын. Өздерің тойды әрі қарай жалғастыра беріңдер. Біздің баратын жеріміз көп. Келесі кездескенше сау болыңдар, балалар!

Хормен: Қош сау болыңыздар,  Аяз ата, Ақшақар!

2-жүргізуші:

Өтсін жақсы жаңа өмірдің күндері,

Шарпымасын жүректерді мұң лебі.

Жарқылдасын жаңа жылдың оттары,

Таусыдмасын жаңа жылдың дүрмегі.

1-жүргізуші:

Жаңа жылда жақсылық болсын, Әр үйге құт, береке қонсын!

2-жүргізуші:

Бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз.

Хормен: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Ән:Шоқ қыздар (Мереке)

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше