Г дыбысы

Сабақтың тақырыбы: Г г дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

          1.Оқушыларға Г дыбысын таныту. Г дыбысы бар сөздерді дұрыс оқыту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету.

2.Оқушылардың тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, әдемі, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.

  1. Әсемдікке, сыпайылыққа, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: музыка, дүниетану

Көрнекілігі: кеспе әріптер, әріптер кассасы, сюжетті суреттер, буындар, суретті жұмбақтар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

ІІ.Өткен сабақты қайталау

1.А)Тек дауысты дыбыстарды ата.

Ә)Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

Б)Дыбыстардан не құраймыз?

В)Буындардан не құрауға болады?

  1. Өткен сабақтағы өлеңді жатқа айту («Кім кінәлі?» өлеңі)

3.Өлең мазмұнымен жұмыс.

А)Өлеңдегі балалардың атын ата

Ә)Кінәлі кім? (Елемес)

Б)Елеместің әрекеті дұрыс па?

4.Өткен сабақты қорытындылау

А)Кассамен жұмыс

Ә)Тақтаға сөздер жазу

Б)Буыннан сөз құрау

Үй-рек, үй-лер,үй-еңкі, ү-кі, ү-тік, ү-міт

ІІІ.Жаңа сабақ

1.(Есік қағылып, күнделікті газет-журнал әкелді.) «Ұлан» газетімен таныстыру. Газетте балаларға  арналған өлең, әңгіме, ертегі, сөзжұмбақтар, балалардың өздері жазған шығармалары жарияланған. Сендер де болашақта «Ұлан» газетін жаздырып, сүйіп оқитын боласыңдар.

  1. Газет сөзін буынға бөлу. Га-зет, бірінші бәынды бөлек айтқызу –Га, Г дыбысымен таныстыру, хормен айтқызу, Г дыбысы – дауыссыз дыбыс; өздігінен буын құрай алмайды, Ғ дыбысына ұқсас, Ғ дыбысы жуан, ал Г дыбысы жіңішке естіледі. Г дыбысының артикуляциясы, ұяң дауыссыз дыбыс екендігі айтылады.
  2. Оқулықпен жұмыс:

А)Гүл сөзіне дыбыстық, буындық талдау жасату, сөйлем құрау.

Ә)Бағандағы сөздерді оқыту, мағынасын түсіндіру.

Б)Кеспе әріптерімен жазу

В) «Көгершін» мәтінін оқыту. Мәтінмен жұмыс. Өлеңге А.Жұбанов  ән жазғандығы туралы, көгершін  құсының ерекшелігіне тоқталу. Әнін тыңдатып, музыкамен айту;

Г)Өлең мәтінінен бір буынды, екі буынды, үш буынды сөздерді табу, буынға бөлдіру.

4.Сергіту сәті.

5.Дәптермен жұмыс (Партада дұрыс отыру, жазу ережелерін еске түсіру.)

Әріп таңбасын тақтада жазып көрсету.

Ауада жазу.

IV.Сабақты қорыту.

А)»Буын құра» ойыны

Г-и, г-е, г-і, г-ү, г-у

Қазақ тілінде Г дыбысына тек жіңішке дауысты дыбыстар тіркесіп айтылады.

Ә) «Буыннан сөз құра» ойыны

Гүл-сім, Гүл-ден және т.б

V.Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап, түрлі таңбалармен мадақталады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше