Хабарландыру

Қызылорда облысында ұйымдастырылып жатқан ғылыми практикалық семинарлар

«Болашақты бірге жасаймыз»
ғылыми-практикалық семинар

БАҒДАРЛАМА

Семинар туралы ақпарат: Педагогикалық білім – Қазақстанның интеллектуалдық
және инновациялық ресурсы

2014 жылдың наурыз айында Қызылорда облысы бойынша білім беру мекемелерінде «Болашақты бірге жасаймыз» тақырыбында ғылыми практикалық семинар өткізу жоспарланған.
06.03.2014 ж – Қызылорда қаласы, № 43 мектеп
11.03.2014 ж – Жалағаш ауданы
27.03.2014 ж – Қазалы ауданы
28.03.2014 ж – Тереңөзек ауданы
29.03.2014 ж – Арал ауданы

Қазіргі таңда дүниежүзілік білім жүйесі деңгейіне сәйкес келетін, сапалы білім беруге жағдай жасайтын, жастардың үйлесімді дамуына бағытталған білім беру көзделіп отыр. Осы орайда Қызылорда облысының жалпы орта білім беретін мектептерінде «Қазақстандық жол — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын қолдау барысында Республикалық 45minut.kz басылымымен бірлескен «Болашақты бірге жасаймыз» тақырыбында ғылыми практикалық семинар өткізу ұсынылады.

Семинар мақсаты: Педагогикалық кадрлар біліктілігін көтерудегі 7 модулдік бағдарламаның негізгі идеясын жүзеге асырып, мұғалімдердің кәсіби тәжірибесіне енгізу. Семинар барысында ІІ — ІІІ – деңгейлік курстардан өткен мұғалімдер мен біліктілігін арттырудың негізгі тұғырына байланысты тақырыптарында шебер кластарын ұйымдастыру.
Педагогикалық іс- тәжірибені насихаттау, педагогтың әдістемесін және шығармашылық байланысын кеңейту. Осы мақсатты жүзеге асыруда, белгілі бір білім көзін меңгерген тұлға ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі жетілдіруге, таратуға, дамытуға, қолдана білуге қабілетті шәкіртті тәрбиелеу – бүгінгі күннің қағидасы. Ал мұндай тұлғаны тәрбиелеу үшін мұғалім құзыретті болу керек. Педагогтың кәсіби құзыреттілік ұғымы тұлғаның біртұтас құрылымындағы теориялық және практикалық дайындығының бірлігі, кәсібилігі арқылы жүзеге асыру және тәжірибесін ортаға салу.

Семинар жұмысы пленарлық және секциялық бөлімдер бойынша өткізіледі.

http://www.45minut.kz арқылы онлайн түрде басқа да облыстардан қатысушылар қатысуға мүмкіндік жасалған.
Семинар бағдарламасы аясында білім мекемелерінің көрмесі ұйымдастырылып, семинар қатысушылары және онлайн түрде http://www.45minut.kz (Күнделікті 40 мыңнан астам қолданушы) Республика ұстаздарына ұсынылады.

І. Пленарлық мәжіліс.
Пленарлық мәжіліс білім мекемесінің акт залында өткізіледі.

Пленарлық бөлім бағдарламасы
1. Алғыс сөз. Құттықтау. Таныстыру. Білім бөлімі өкілі
2. Республикалық 45minut.kz басылымы қызметі туралы және Ұстаздарға арналған Интернетпен жұмыс істеу ережелері. Баяндама. Тақырыбы: Жаңа білім – Жаңа ғасыр.
Баяндамашы: Редактор Ізгілік Байдрахманұлы Нағиев

І. Секциялық мәжіліс. Ашық сабақтар шеруі
Секциялық мәжіліс сыныптарда өткізіледі. Аудандық білім бөлімі ұсынуымен тақырып аясында, семинар ұйымдастырылған аудан көлеміндегі ұстаздарға ашық сабақ түрінде қатысушылар үшін мастер сынып өткізуге мүмкіндік беріледі. Ашық сабақ өткізушілер саны келісіледі.

Шебер сынып.
Шебер сынып білім мекемесінің акт залында өткізіледі. Базалық деңгей курс оқығандар және тыңдаушылары қатысушыларға шебер сынып өткізеді.
Шебер сыныпты аудандық білім бөлімі ұсынуымен ұстаздар және тәжірибе алмасу үшін келген қонақтар өткізеді.

Қызылорда облысынан: Құрбанова Эльмира. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, № 48 Ә.Қоңыратбаев атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі, І базалық деңгей курс тыңдаушысы, сертификатталған.
Мананбай Гаухар. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, № 48 Ә.Қоңыратбаев атындағы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, І базалық деңгей курс тыңдаушысы.
Кулымбетова Гулназ Куанышбаевна Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, №44 орта мектеп, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, І базалық деңгей курс тыңдаушысы, сертификатталған.

Атырау облысынан: Бекбауов Нұрбек Сембайұлы. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, № 9 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, жоғары санатты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, «Жас ұрпаққа тәрбие берудегі жаңа инновациялық әдіс-тәсілдер» атты әдістемелік көмекші құралдың авторы. ІІІ базалық деңгей курс тыңдаушысы, сертификатталған. Республикалық 45minut.kz басылымының Атырау облысы бойынша меншікті тілшісі

Ақтөбе облысынан: Қайралапова Қуаныш Байдрахманқызы. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы № 1 орта мектептің физика-информатика пәнінің оқытушысы. Бірінші (озық) деңгей мұғалімі, сертификатталған

Қорытындылау, ұсыныс-пікірлер. Марапаттау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.