Әліппе-білім бастауы
Қадірменді қонақтар! Қымбатты ұстаздар, аяулы ата-аналар!
Біз бүгін 1 а сынып оқушыларының сүйікті Әліппелерімен қоштасқалы отыр. Сонымен «Әліппе – білім бастауы» атты ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер!
Ертеңгі жарқын күнге құт дарыған баспалдақ – ол алтын ұя мектебің! Арманымызға қанат бітірер де өмір өткелі де дәл осы алтын орда.
Мектеп – бейне бір тәтті жеміске егілер дән секілді. Ал, ол құнарлы дән – әрине білім, тәрбие, ой-сана, оқу. Табалдырығында бақ, береке өрістеген мектептей ұлы діңгектің жас буынға, берер азығы сан жетпес.
І бөлім «Мектебім – алтын ұям»
1-оқушы: Мереке
Күмбір,күмбір қоңырау,
Соғылған ай қыркүйек.
Қалам ұстап қолыма,
Жазылған ай қыркүйек.
2-оқушы: Саламат
Бізді алдан тосады,
Арман биік ұшады.
Күндей ыстық қашанда,
Мектеп ана құшағы.
3-оқушы: Ұлан
Алғаш рет өзіңнен,
Білім алды балалар.
Оқу сырын өзіңмен,
Біліп алды балалар.
4-оқушы: Әнуар
Мен оқушы баламын,
Оқып білім аламын.
Мектеп ұям өзіңе,
Арналады бұл әнім.
Хор: Мектебім
Би: Мектеп вальсі
Алғаш қолына Әліппе алып, білім есігіне аяқ басқан әрбір оқушы ертеңгі халықтың қамын ойлар ел азаматы. Сол себепті де білімнің бастауы, ертеңгі білікті маманның нық қаламы саналар бар кітапқа бас болған алтын жолымызға қандай құрмет көрсетпек те аздық етпесі сөзсіз.
ІІ бөлім «Әліппемен аштым өмір есігін»
1-оқушы:Айым
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы
2-оқушы:Алмагүл
Бұрқыраған білімнің,
Қайнар көзің көріп пе ең?
Том-том қалың кітаптың,
Басы болған әліппе
3-оқушы:Бекжан
Әліппем, менің әліппем!
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
4-оқушы:Жанарыс
Әліппе деген – алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа
Хор: Әліппе
Испан биі
Ең алғаш қолға ұстаған кітабымыз әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе!
Әліппе:
Армысыңдар, жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын,
Бүлдіршіндер, балғындар!
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп, не білдік,
Қане, ортаға салайық.
Ұстаз дегенде алтын уақытын аямаған, өзгенің бағытын аялаған, шәкіртіне білгенін үйретуден жалықпаған, еңбекқор жан есімі есіңе еріксіз оралады. Ұстаз зердесі – елдің таусылмас қазынасы. Адамның адамшылығы ұстаздан басталады-, деп дана Абай атамыз бекерге айтпаса керек.
ІІІ бөлім «Алдыңызда бас иеміз, ерекше бір құрметпен»
1-оқушы:Азат
Алдыңа келіп ұстазым,
Тұңғыш қалам ұстадым.
Күлімдеген көзіңнен,
Мейірімің сезілген.
2-оқушы:Мереке
Жүзің жылы, құшағың кең,
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен,
Биіктерге ұшамын мен.
3-оқушы:Алтынай
Келгенімде алдыңа,
Қызыл-арай гүл алып.
Жақын тарттың жаныңа,
Шәкіртім деп қуанып.
4-оқушы:Нұртілеу
Әліппе даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты.
Әліппе сырын ұқтырған,
Рахмет, ұстаз алғашқы.
Хор: Жарқын жүзді ұстазым
Ән: ұстазым
Ән Ертегілер елінде
ІV бөлім «Әріптер сыры»
1-оқушы:Алмагүл А
Абай атам өлеңін,
Апама оқып беремін.
2-оқушы:Азат Ә
Әуезов Мұхтар атаның,
Әлем білді атағын.
3-оқушы:Мереке Б
Білгір ғалым ақын,
Байтұрсынов Ахмет
4-оқушы:Жанарыс Ғ
Ғабиден, Ғабит еңбегі,
Ғұмырлық байлық елдегі.
5-оқушы:Саламат Д
Дәуірден тұр тіл қатып,
Дулат ұлы Міржақып.
6-оқушы:Мереке Ж
Жүсіпбек Аймауытов ұлы дарын,
Жұртына берсем деген білім нәрін.
7-оқушы:Айым З
Зерек болсаң замана бәрін берер,
Зейін Шашкин – жазушы әрі дәрігер
8-оқушы:Ұлан И
Иірімі өлеңінің ғажап еді,
Исаны ұмытпайды қазақ елі.
9-оқушы:Бекжан К
Кенен ата-ақын еді көшелі,
Кейінгі ұрпақ жырын жаттап өседі.
10-оқушы:Әнуар Қ
Қажымұқандай алыпты,
Қалмақан ата жазыпты.
11-оқушы:Ақылбек М
Мағжан – дәуір перзенті,
Мағжан – елдің келбеті.
12-оқушы:Нұртілеу Н
Нұр сүйген кең маңдайын,
Нұрпейіс ата Байғанин
13-оқушы:Алтынай О
Орны бөлек алыптың,
Олжас-ұлы өалықтың
14-оқушы:Аружан С
Сындарлы елдің сұңқары,
Сәкеннің біз ұрпағы
15-оқушы:Бек
Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсе үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Толқындатып сөйлеттің.
16-оқушы:Мереке
Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті Әліппем.
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,
Сауатты адам санатына енгенім.
Әліппе: Қош, сау болыңдар, кішкентай шәкірттер!
Хормен: Қош сүйікті Әліппем!
Ән: Жаса Қазақстан
1-оқушы: Айым
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілді аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Тойымызға бүгінгі
Ақ тілегін арқалап,
Келді ата-анамыз,
Кезек беріп соларға,
Сөзіне құлақ саламыз.
Сөз кезегін ата-аналарға берейік.
Ата-ана ————
Ендігі сөз кезегі мектебіміздің басшысы Әкімжан ағайға береміз.
Бастайыш сыныптың оқу-тәрбие жұмысының орынбасары Гүлнар апайға сөз кезегін берейік.
(Дипломдар табыс ету)
Осымен « Әліппе – білім бастауы» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар!
