ШҚО, Семей қаласы, Новобаженово ауылы,
А.Ибраев атындағы жалпы білім беретін
орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі
Сагадиева Гульнара Сапаровна
Сабақтың тақырыбы: Ұлы күйшілер ауылы
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың алған білімдерін тексере отырып, Қ.Сағырбаев және Дина Нұрпейісова туралы толық мәлімет алу, күйді тыңдау арқылы қандай күй екенін ажырата білу, шығу тарихын әңгімелеу.
2. Екі топқа сұрақ-жауап жүргізу арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, еркін сөйлеуге дағдыландыру.
3. Қазақ мәдени мұрасы – күй өнеріне қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, топпен жұмыс,музыка тыңдау т.б.
Сабақтың көрнекілігі: плакат, магнитофон, күйшілердің буклеті, рефераттар, домбыра.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, ҚР мемлекеттік әнұранын орындау
II.- Балалар, бүгінгі сабақ қорытынды сабақ болып табылады. Атамыз Қ.Сағырбаев және апамыз Д.Нұрпейісованың өмірлері мен күйшілік өнері жайлы әңгімелейміз, алған білімдеріңді ортаға саласыңдар.
1-топ «Құрманғазы» ауылы 2-топ «Дина» ауылы
Мұғалім: Домбырам, жүрегіммен үндес едің,
Сенімен сырласымдай тілдесемін
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң
Өнердің не екенін білмес едім, — дей отыра сабағымызды бастаймыз. «Құрманғазы» ауылы — Қ.Сағырбаев туралы әңгімелеп беріңдер. Алдымен өмірбаянынан бастаңдар.
1-оқушы: — Ұлы күйші, дарынды композитор Құрманғазы Атырау обл,Теңіз ауд,Жиделі деген жерде 1823 жылы дүниеге келді. Әкесі Сағырбай бүкіл өмірін байлардың малын бағумен өткізген адам. Құрманғазының анасы Алқа елге сыйлы, еті тірі адам болған. Алқаның ағалары шетінен өнерлі екен. Ол нағашыларына тартып, домбырашылық өнермен айналысады.
2- оқушы: — Бөкей хандығына атағы жайылған «Ұзақ» деген күйші ауыл-ауылды аралап, «кішкентай күйші бала бар» дегенді естіп, Сағырбайдың үйіне келеді. Күйші Құрманғазының домбыра аңғарып, ақ батасын береді.
«Кішкентай» күйі тыңдалады.
-Тыңдап тұрған күйдің шығу тарихын айтып беріңдер.
3-оқушы: — 30-жылдардың аяғында Құрманғазының алғашқы шығармашылық дәуіріне жататын күй – «Кішкентай». Патша үкіметіне қарсы көтеріліске Исатай Құрманғазыны «сен әлі кішкентайсың»деп қасына ертпейді. Сол кезде бұл «кішкене інісінің үлкен ағасы Исатайға арнауы» деп аталған. Күйдің «Кішкентай» деп аталуы себебі осы.Құрманғазы өзінің күй шығармашылығы қадамы осылай басталады.
Мұғалім: — Күй атасы Құрманғазының біздің өмірімізден алатын орны ерекше. Құрманғазы күйлерінен қазақ жерінің тіршілік-тынысын, халқымыздың күш-қуатының сырын ұғамыз. Оның «Балбырауын», «Сарыарқа», «Адай» күйлері музыкалық мәдениетіміздің символына айналып, қазақ халқының Отан деген ұғымын білдіреді.
«Сарыарқа» күйі тыңдалады.
— Осы күйдің шығу тарихын баяндап беріңдер.
4-оқушы: — «Сарырақа» күйін Құрманғазы атамыз өзінің туып-өскен жері, Жайық бойындағы Сарыарқаның табиғатына арнайды. Ұлы күйші қазағының дарқан даласында жақсы – жақа заманды аңсайды. Біз күйден «дарқандық, еркіндік, ұмтылғандық» сарынды көзге елестетеміз.
Мұғалім:- Әлеуметтік теңсіздікке қарсы күресу Құрманғазы шығармашылығының негізгі өзегі болып табылады. Ол айналада болып жатқан өзекті оқиғаларды өз күйлерінде шынайы бейнелейді.
«Адай» күйі тыңдалады.
5- оқушы: 1868-1869 жылдары патшға Маңғыстау жерінде он мыңдай адайлар бірігіп, қарсы көтеріліске шығады. Осы көтеріліс халықтың рухын көтеріп, жарқын болашақты елестетеді.
— Күйдің екпіні қандай?
— Күйдің атасы кім? Қазақтың күйлерін қазіргі заманда ремикс дейміз, яғни эстрада ойналып жүр. Ұлттық музыканың мәдениет тарихында жоғары орынға ие болып отыр.
Мұғалім:
-Қазақтың ән-күйлерін ғасырдан-ғасырға жеткізіп келе жатқан халық арасынан шыққан өнер аддамдары – орындаушылар. «Ел іші — өнер кеніші» дегендей, халқымыз өнерлі жандарға күнде болған емес. Құрманғазы мұрасын жеткізушілердің бірі – Дина Нұрпейісова.
— Дина жайлы кім әңгімелеп береді?
1-оқушы: -Д.Нұрпейісова – халықтың күйші-композиторы, қазақ мәдениетінің өнер қайраткері, қазақтың халық әртісі. Ол 1861 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданында дүниеге келіп, 1955 жылы 31 қаңтарда қайтыс болды. Әкесі белгілі домбырашы болған.
2-оқушы: — Дина 8-9 жасында домбырашылық өнерді жақсы игерген. Оның ұстазы Құрманғазы болған. Құрманғазы Динаның болашағынан үлкен үміт күтеді, ақыл-кеңес беріп, күйлер үйретеді. Дина ұстазының күйлерін үйреніп қана қоймай, оның күйшілік-орындаушылық дәстүүрін жалғастырады. Құрманғазы мектебінен өту Динаның домбырашылық өнерін шыңдай түсті, ол өз жанынан да күй шығара бастады.
Мұғалім: -Қазір мен бір күйді тыңдатамын, сендер қандай күй екенін және тарихын айтасыңдар.
«Әсем қоңыр» күйі тыңдалады.
3-оқушы: 1937 жылдың күзінде Дина Алматыға келеді. Қалада алаңсыз оқып жүрген қазақ қыздарын көріп, немересі Қоңыр есіне түседі, сағыныштан көңілі босап, көзіне жас алады. Осындай бақытты балаларға арнап,
«Әсем қоңыр» атты күй пайда болады.
Мұғалім: -Динаның шығармашылығынан үзінді кім айтады?
4-оқушы: — Динаның 30 шақты күйлері бар. 1937 жылы ол халық өнерпаздарының Республикалық байқауына қатысып, 1-ші жүлдеге ие болады. Ал,1939 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық байқауда 1-ші орын алып, «Домбыраның Жамбылы» атанды. 1944 жылы Дина 83 жасында Ташкенттегі композиторлар сайысының онкүндігіне қатысады.
«Тойбастар» күйі тыңдалады.
5-оқушы: ҚР — ның 30 жыл толуына байланысты шығарылған күй.
Мұғалім: — Балалар, Динаның бір әңгімесінде тұрмысқа шығарда Құрманғазының құдаларға не жайлы айтқанын әңгімелеген болатынмын. Сол әңгіме туралы кім айтады?
6-оқушы: Тұтқыннан босанған Құрманғазы мменің ұзату тойыма келді. Құдалар отырған үйге мені шақырып алып: «Мынау Дина – Кенженің қызы әйел затынан шыққан ақын домбырашы. Мен Динаның өз ттойында өзіне домбыра тартқызайын деп отырмын. Құдалар, сіздер сөкпеңіздер. Сіздерге айтатын бір тілегім, Динаның домбыра тартуына тиым салмаңыздар. Халқымыздың ежелден келе жатқан мәдени мұрасы домбыра мен күйлер. Ол мұраны ұрпақтарымызға тартуды Дина, саған тапсырдым, өз домбырамды саған ұсынамын, -деп домбыррасын берді. Тарт деген күйлерін тарта бердім» — дейді.
Мұғалім: -Дина, Құрманғазы ұстазымен жүрген кездерін ең бақытты кезеңдер деп санады.
«Науаи»тыңдалады.
7-оқушы: «Науаи» күйі 1944 жылы ақпан-наурыз айларында Ташкентте болған жиналыс кезінде сол жерді құрметтеу сезімінен туған күй.
Мұғалім: -Өте жақсы, балалар! Енді 2 ауыл тақтаға күйлерінің аттарын жазасыңдар.
Дина Құрманғазы
«Жеңіс», «Әсемқоңыр», «16 жыл», «Балбырауын», «Адай», «Қайран
«Бұлбұл», «Байжұма» т.б. шешем», «Түрмеден қашқан» т.б.
Мұғалім: 2 ауыл бір-біріне сұрақ қояды.
«Дина» ауылы –Құрманғазы күйлерін кім зерттеді?
— Қазіргі заман күйші-композиторларды атаңдар.
— Дирижерлау тәсілін көрсетіңдер.
«Құрманғазы» ауылы — Қазақтың музыкалық аспаптарын атаңдар.
— ҚР мемлекеттік әнұранының авторлары кім?
— Алматыдағы Құрманғазы атындағы оркестрді кім құрды?
III.Қорытынды
-Балалар, сабақты М.Мақатаевтың «Бабаларым, рахмет сендерге» өлеңін оқып аяқтайық
Бабаларым, рахмет сендерге
Балаларым болмасын деп көр кеуде
Домбыраңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып келгенде.
IV.Бағалау.








