Хабарландыру

Ұстаздар біліктілігі жаңа порталда

zzzhanylМақала авторы:
Бишеева Жаңыл Қаршығақызы.
№202 орта мектеп мұғалімі

11.03.2014 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы орталығындағы №202 орта мектепте «Болашақты бірге жасаймыз»атты республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар болып өтті. Семинарға аудан мектептері мен елді мекен ұстаздары қатысты.

Ұстаздардың кәсіби біліктілігіне арналған бұл семинарда 45minut.kz танымал интернет порталдың редакторы Нағиев Ізгілік Байдрахманұлы пен тілші Берік Саймағанбетов Рахманұлы білім саласындағы бүгінгі жаңашылдықты жаңа әдіс-тәсілдермен жұмыс істей білу тиімділігі туралы ой бөлісті. Білім бөлімімен бірлесе ұйымдастырылған семинар екі кезеңнен тұрды. ІІІ деңгейде біліктілігін арттырып, курстан өткен мұғалімдер ашық сабақтар көрсетіп, баяндамалар оқып өз дәрежесінде жұмыстарын көрсете білді.

Елбасының «Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты Жолдауын қолдау барысында республика көлемінде өткізіліп жатқан бұл семинардың жас ұрпақтың қазіргі өзгерісті дүниежүзілік білім алуына ,жаңа деңгейде сәйкес шығармашыл тұлға болып қалыптасуына бірден-бір әсері мол-деді http://45minut.org порталының бас редакторы І .Нағиев әдістемелік және секциялық бағытта өткен семинарда білікті ұстаздарға арнайы сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Ұстаздардың кәсіби құзіреттілігін арттыру, біліктіліктерін заманауи білім саласында жас ұрпақтың жаңа білім жүйесі деңгейіне сәйкес қалыптастыру мақсатында іске асыру – желілік қауымдастық бірлік тәжірибесінің айғағы.

Осындай ұстаздар білімін, біліктілігін бағалайтын игі істер көбейе берсе екен деймін.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.