Жануарлардың сан алуандығы

Тақырыбы:Жануарлардың сан алуандығы

Мақсаты:1.Оқушылардың  білімін  арттыра  отырып,жануарлардың көп   түрлілігі  туралы түсінік  қалыптастыру.

2.Жануарлардың топтарға  бөліну ерекшеліктерін  түсіндіре отырып,білімдерін тереңдету .Логикалық ой-өрісін  дамыту.

  1. Табиғатты,  жан-жануарларды  қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,ойын ,интерактивті тақта,деректі фильм  көрсету.

Сабақтың  типі: Жаңа сабақ

Көрнекілігі:Ойын, интерактивті тақта,мултьфильм

Сабақтың  барысы:

І.Танысу тренингі

ІІ.  Үй  тапсырмасы «Өсімдіктердің  сан  алуандығы»

1-слайд   Тест

1.Біздің  елде  өсімдіктердің  қанша  түрі  өседі?

а) 4000   в)5000     с)6000

2.Қарағай қандай  өсімдік  тобына  жатады?

а)қылқан жапырақты  в)бұталар  тобына   с)шөптесін  өсімдіктерге

3.Ағаш  қандай  ағзаға  жатады?

а)өлі      в)  жасанды               с) тірі

4.Құрғақшылыққа  төзімді  өсімдік

а)жантақ,сүттіген  в)қызғалдақ   с) қоңырбас

5.Бидай ,сұлы,  арпа мынылардың  қайсысына  жатады?

а)суыққа  төзімді   в)жылу  сүйгіш  с) жарық  сүйгіш

6.Өсімдіктер  нешеге  бөлінеді?

а)1        в)2               с)3

  1. Ең ұзақ жыл  өмір  сүретін ағаш?

а)қайың       в) бетеге  с)  емен

  1. «Қызыл  кітапқа» қандай  өсімдіктер  енеді?

а)барлық  өсімдіктер  в)көп  өсімдіктер  с)азайып  бара  жатқан өсімдіктер

9.Өсімдік  тіршілігі үшін қандай  жағдайлар  қажет?

а)жылу,су,мұз,жер в) жарық, су, жер  с)жылу,жарық, су,ауа,қорек

10.Өсімдік  топтары  нешеу?

а)  2           в) 3                  с) 4

(Тақтадан тест  жауабы  көрсетіліп,оқушылар өзін-өзі  тексереді.)

2-слайд.Өсімдіктерге   қажетті  заттар.Сызба  арқылы үй  тапсырмасын бекіту.

 

 

3-слайд. Сөзжұмбақты  шешу  арқылы жаңа сабақтың  тақырыбын  ашу.

Жаңа  сабақ

 

Кіріспе

Өсімдіктер сияқты  жануарлар  да алуан  түрлі  болып  келеді.Жер  бетінде жануарлардың түрлері  өте  көп.Ғалымдардың  зерттеуі  бойынша олардың  2 млн-дай түрі белгілі  болды. «Жануар» сөзі парсының  «джан-джанвар» деген сөздің екінші  бөлігінен  алынған. «Джан-джанвар»  қазақша  жануар  әлемі,яғни дүние

жүзіндегі тірі мақұлықтар  дегенді  білдіреді.

4-слайд.

Жануарлар мынадай топқа  бөлінеді:

 

Әр  топқа  жеке-жеке  слайдтар көрсетіліп,ерекшеліктерін түсіндіру

5-слайд.Құстардың  8600 түрі  бар. айырмашылығы  ұшады.

       

6-слайд. Балықтар.

Балықтардың  20000 түрі  бар.Олардың  айырмашылығы  жүзеді.

 

7-слайд.Қосмекенділер.

Қосмекенділердің  -4000 түрі  бар.Олардың  айырмашылығы  құрлықта  да,суда  да тіршілік етеді.

 

8-слайд.Сүтқоректілер.

Сүтқоректілердің -5000  түрі  бар. Олардың айырмашылығы  балаларын  өз  сүтімен  асырайды.

9-слайд.Жорғалаушылар.

Жорғалаушылырдың -8000  түрі  бар.Олардың  айырмашылығы

бауырымен  жорғалайды.

 

10-слайд. Бунақденелілер.

Жануарлардың  топтарының  ішінде ең  көп  тараған бунақденелілер.Олардың -700000  түрі  бар.

Құстар  мен  балықтар  туралы  деректі  фильм  көрсету.

Оқулықпен  жұмыс

Мәтінді  оқытып, сұрақ –жауап  арқылы  талдау  жасау.

Дәптермен жұмыс.

Дәптерге  жануарлардың  топтарын  жазғызамын.

Жаңа  сабақты қорытындылау.

11-слайд Ойын: «Жануарларды  өз  үйіне  орналастыр»

Оқушылардың  қонақтарға айтар  жақсы  тілектері.

Ризашылық әні

                Сөзі мен әнін  жазған: Луиза  Хей

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз бүгінге!

Ризамыз бүгінге

Ризамын қазірге!

Ризамын,ризамын, ризамын бүгінге!

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!

Үйге  тапсырма

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше