«Жабайы аңдар»
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы “№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі” ММ
мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі Капасова Кумысай Жумкенова
Мектепалды даярлық сыныпта оқу іс-әрекетін ұйымдастыру
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бағдарлама тарауы: «Қазақ тілі»
Тақырыбы: «Жабайы аңдар»
Cабақтың презентациясын жүктеп алу: «Жабайы аңдар» (PDF)
Мақсаты: Жабайы аңдардың аттарын ажыратып атауға, сол арқылы сөздік қорын байыту. Қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Құрал–жабдық: Жабайы аңдардың күшіктерімен суреттері.
Сөздік жұмыс: аюдың күшігі қонжық, түлкінің күшігі – жаутаң, қояның күшігі –көжек, қасқырдың күшігі бөлтірік.
Әрекет кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық-қызығушылық
/Кіріспе бөлім/ Балалармен амандасып, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің тақырыбымен таныстырады.
Жылулық шеңбері.
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, жер ана!
Амансың ба,достарым!
Фонетикалық жаттығу.
Ме-ме-мектеп
Ой-ой-ойнаймын
Жү-жү-жүгір
Се-се-секір Мұғаліммен амандасады
Қимылмен көрсетіп, қайталайды.
Балалар сөздерді қайталайды.
Іздену-ұйымдастыру-
шылық
/Негізгі бөлім/ Тіл дамыту сұрақтарын ұйымдастыру.
– Қазір жылдың қай мезгілі?
– Қазір қай ай?
– Бүгін ауа райы қандай?
– Бүгін аптаның қай күні?
Өткен сабақты қайталау
«Мен мектепке барамын» ойынын ұйымдастырады. Балаларға білетін оқу құралдарын қазақ тілінде атап, сөмкеге салуды ұсынады.
Мұғалім слайдтарды көрсете отырып, жаңа сөздермен таныстырады.
-Мынау – аю
– Мынау – аюдың күшігі -қонжық.
-Мынау-түлкі
– Мынау – түлкінің күшігі – жаутаң,
-Мынау -қоян
– Мынау – қояның күшігі –көжек,
-Мынау -қасқыр
– Мынау – қасқырдың күшігі бөлтірік
Сергіту сәтін ұйымдастырады.
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен,
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
«Кім көп айтады?» ойынын ұйымдастырады. Балаларға тақырыпқа байланысты сөздерді атауды ұсынады. Әр сөз айтқан сайын балаларға асық береді.
Ойын соңында асықты санап, ең көп жинаған баланы женімпаз деп санайды
Сұрақтарға жауап береді.
– Қазір қыс мезгілі.
– Қазір қантар айы.
– Бүгін күн аяз.
– Бүгін жұма.
Балалар кезекпен оқу құралдарын қазақ тілінде атап, сөмкеге салады.
-Мынау – бояу
-Мынау – кітап
-Мынау – өшіргіш
-Мынау – қалам
-Мынау – дәптер.
Балалар сөздерді қайталайды.
-Мынау-аю
-аюдың күшігі -қонжық,
-Мынау-түлкі
– түлкінің күшігі – жаутаң,
-Мынау -қоян
– қояның күшігі –көжек,
-Мынау -қасқыр
-қасқырдың күшігі бөлтірік
Сергіту сәтін жасайды.
Қимылмен көрсетіп, қайталайды.
Балалар тақырыпқа байланысты сөздерді атайды. Әр сөз айтқан сайын балалар асық алады.
– Мынау – аюдың күшігі қонжық,
– Мынау – түлкінің күшігі – жаутаң,
– Мынау – қояның күшігі –көжек,
– Мынау – қасқырдың күшігі бөлтірік
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Рефлексивті-коррекциялаушы
/Қорытынды/ -Балалар бүгін не туралы әңгімелестік?
Жабайы аңдарға не істеу керек? – Жабайы аңдар туралы әңгімелестік.
– Жабайы аңдарға қамқорлық көрсету керек.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту.
Қалыптасқан түсніктер: Мұғалімнің тапсырмасын түсініп, орындау.
Меңгеруі керек: Сұрақтарға түсініп, жауап бере білу.
