Қысым, әр түрлі ортада берілуі. Физика 7 сынып
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үңгіртас ауылы,
Үңгіртас орта мектебі Физика пәнінің мұғалімі Азат Сейылқан
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қысым туралы негізгі түсінік, ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысымның қандай шамаларға тәуелді екенін анықтау, себебін түсіндіру, формуласын қорытып шығару.
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу дағдысын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақ типі: Жаңа білім игеру және оны алғашқы бекіту сабағы
Көрнекіліктер: 7 – сыныпқа арналған электронды оқулық, анимациялық және видео материалдар, суреттер, физикалық приборлар (зертханалық манометр, автокөлік манометрі, химиялық колба, шыны түтік, резинка түтік, тығын, насос, ағаш білеуше, губка).
Сабақтың кезеңдері:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын қайталау
1. Дәптер тексеру
2. Деңгейлік есептер
3. Тест
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық
Берілген суреттер бойынша ой қозғау
ІV. Жаңа білімді түсіндіру
1. Қысым туралы түсінік және оған анықтама
2. Қысымның өлшем бірлігі және оны өлшеуге арналған құрал – жабдықтар
3. Қысымның қатты, сұйық және газдарда берілуі
V. Жаңа білімді бекіту
Деңгейлік есептер шығару арқылы формуланы қолдана білуге дағдыландыру.
VI. Қорытындылау
Оқушыларға есептер шығарту, өзін – өзі тексеру сұрақтарына жауап іздеу және 14 – тапсырма №2.
VII. үйге тапсырма
1. Берілген тақырып бойынша қайталау
2. 20 – жаттығу есептері
3. 14 – тапсырма №1
