Қазақ тілі сабағында сын тұрғысынан технологиясын қолдану

Жезқазған қаласының білім, денешынықтыру
және спорт бөлімі. Қалалық әдіс кабинеті.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының тәсілдері
Жезқазған -2012ж

Қазақ тілі сабағында «Сын тұрғысынан ойлау» стратегиясын қолдану.
Құрастырған: №22ОМ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Б.Ш.Булекпасова

Кіріспе. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің алдында тұрған негізгі мақсат – тіл үйрету, мемлекеттік тілді меңгерту, осы тілде дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық ережелер мен сөйлем құрылысын меңгерту. Өзге тілді оқытуда бірден-бір тиімді әдіс – сын тұрғысынан ойлау әдісі деп ойлаймын. СТОдағы мұғалімнің басты міндеті оқу материалын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойылған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру. Әдістемелік құралда СТО технологиясы жайлы сіздермен өз тәжірибеммен алмасам деймін.

– 4 –

Аңдатпа

Автор өз жұмысында СТО жобасының стратегияларын қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында тиімді қолдану жолдарын көрсетіп,дәстүрлі сабақ пен СТО технологиясы бойынша жасалған сабақтардың айырмашылықтарын айқындап көрсетеді.

Аннотация

Автор показывает в своей работе применение стратегии по « Технологии критического мышления через чтения и письмо » на уроках казахского языка и литературы .Ведет сравнение традиционного урока от урока по технологии критического мышления.

The author shows the using of strategy in technology of critical thinking through reading and writing on Kazakh and Kazakh literature lessons. She conducts comparison of traditional lessons and lesson in technology of critical thin ring .

-5-

«Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болу керек. Ол үшін жаңа формацияның педагогы қажет” деген».

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев

Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, оқушының талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Баланы жан-жақты жетілдіруде таным баспалдақтарына жетелер дағды – машықтарды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, меңгеру, біліктілігін арттыру.

Қазақ тілін оқыту – қиын да қызықты жұмыс. Қазіргі кезде қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру, олардың ойлау, көру қабілеттерін жетілдіру, уақытты дұрыс пайдалану, әртүрлі әдістерді қолдану, сабақты мазмұнды да қызықты өткізу, мұғалімнің жеке басының интелектісін дамыту, оқу іс-әрекетін, өтілетін тақырып мазмұнын аша білу. Сонымен жеке тұлғаны дарынды, білімді де білікті етіп шығару мұғалімнің педагогикалық шеберлігі. Яғни оқытудың жаңа инновациялық технологиясын қалыптастыру. Атақты ғалым В.М.Шепель «Технология, бұл – өнер, шеберлік, іскерлік әдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі» дейді.

Оқушының ойлау қабілетін байытуға игі ықпал ететін жаңаша оқытудың бір түрі – оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Сын тұрғысынан ойлау әдісі, оқытуда дамыған технологияға жатады. Бұл иллюстративті-түсіндірмелі, ішінара іздену. проблемалық, пікір-сайыс, ойын, шығармашылық, өзін-өзі дамыта оқыту әдістерінің жиынтығы. Сын тұрғысын оқу-тәрбие үрдісінде басқару мен ұйымдастырудың тиімділігі оқушылардың өз алдына белсенді дамуына негізделеді

-6-

Бұның мақсаты – барлық жастағы балаларды кез келген мазмұнға сын тұрғысынан қарауды үйрету. Кез келген қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін шешуге, әр түрлі жағдайларды сын тұрғысынан қарауға, екі ұйғарым пікірдің біреуін таңдауға, сапалы шешім жасауға үйрету қажеттігі айдан анық болып тұр.

Сын тұрғысында ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра оқыту, оқушылардың жеке топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл стратегия оқушының жекелеген мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға бағытталады. Бұл әдістің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Яғни оқушылардың ауызша және жазбаша тілін, ойлау, есте сақтау қабілетін, әрбір ақпаратқа, сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сыни қарауына, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады.

Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес,шыңдалған ойлау.Бұл технологияның ішкі құрылымында ерекшелік бар.

Бұл құрылым 3 деңгейден тұрады: қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс.

СТО үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт.

1.Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт беру арқылы мүмкіндік жасау

2.Оқушыларға ойлануға рұхсат беру.

3.Оқушылардың әр түрлі идеялары мен пікірлерін тыңдау.

4.Үйренудегі оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.

5.Сенімділік.

Мұғалімнің іс-әрекеті:

– Топқа бөліп ой қозғайды

– Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды

– Шығармадағы ең қажетті, құнды нәтижені анықтауды ұсынады.

-7-

– Шығарманың тілдік ерекшелігі туралы сұрақ тастайды

– Ойларын жазуды ұсынады

– Қорытындылауға бағыттайды

Оқушылар іс-әрекетіндегі өзгерістер

1.Бірлесіп жұмыс істеуге, шешім қабылдауға, өзі білмегенін үйренуге, білгенін ортаға салуға үйретеді.

2.Ұжымдық, жұптық, топтық жұмыс істеу дағдылары қалыптаса бастайды.

3.Білімді өз бетінше іздеуге, салыстыра болжауға, ойын еркін жеткізе білуге дағдыланады.

4.Оқушылар сабақтың басынан-бастап білімді игеруге белсене кіріседі, қызығушылығы артады.

5.Сабаққа енжар қатысып отырған оқушыларда ерекше белсенділік пайда болады.

6.Өзін-өзі бағалауға

7.Саралауға

8.Ғылыми жұмыспен айналысуға

9.Өз пікірін қалыптастыру «мен» деген рөлін көтеру.

«Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын» өз тәжірибемде қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жиі қолданамын. Жаңа сабақты өз бетінше меңгеру немесе мағынаны тану кезінде түртіп алу немесе INSERT стратегиясын пайдаланамын.

Ой қозғау стратегиясында «Бұл туралы не білетін едік, есімізге түсірейікші?» – деп 2-3 минут оқушыларды ойлана білуге бағыттаймын.

Ой-толғанысында оқушылар өтілген мәтіннен не әсер еткенін, қандай ой түйгенін жазуға үйренеді. Алғашқыда оқушылар мәтіннің мазмұнын қысқаша жазып келіп жүрді. Бірте-бірте мәтіндегі өзін толғандырған нәрсені де айта алатындай болды.

«ДЖИКСО» әдісінде мәтінді топқа бөліп оқу оқушылардың жауапкершілігін арттырады. Өз тобына

-8-

келгенде оқығанын айтып беру үшін әлсіз оқушылар да әрбір сөйлемге мән беріп оқитын болды. Мұның өзі жауапкершілік.

«INSERT» стратегиясын мәтінмен жұмыс жүргізгенде қолданамыз.Оқушы ең алдымен тақырыпты өзі оқиды, таныс мәліметтерді белгілейді, өзі білмеген мәліметтерді табады да кестені толтырады, білмегенін мұғалімнен сұрайды, нені білгісі келетінін айтады.

Білемін Білдім Білгім келеді

Әр оқушы кестені толтырып, білмеген сұрақтарын мұғалімге қояды.

Оқушы өзін-өзі дамытуына білімінің жеткіліксіз екенін сезініп, білімнің қажеттілігіне деген қызығушылығы артады.

Мысалы «Кубизм» стратегиясында кубик фигураның атауы емес, оқытудың кезеңдері мен сатыларын, оъектіні танудың тақырыпты ашудың жолкөрсеткішін, алгоритімін бейнелейді.

1-қыр Сипаттаңыз

2-қыр Салыстырыңыз

3-қыр Ассоциация құрыңыз

4-қыр Талдау жасаңыз

5-қыр Ұсынысыңыз

6-қыр Дәлелдеңіз

Мұғалім оқушыларға белгілі бір тақырыпты ашу үшін, мәселені шешуде бірігіп топқа қарай кубиктің әр қырын таңдап алады. Өтілетін тақырып әр қырынан ашылады, жан-жақты сипатталады, қорытындыланады.

«Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының қай әдісін алсақ та оқушының белсенділігін, ойлау қабілетін, шығармашылығын жан-жақты дамытатынын көрудемін. Осы әдістерді үзбей қолдану – жеке оқушылардың

-9-

шығармашылық қабілеттерінің ашылуына жол сілтеді. Сабақтарымда жиі қолданатын «Галлерияны аралауда» суреттерді оқушылардың өздері салатын болды, эссе мен 5 жол өлең жазуда да шығармашылық қабілеттері дами түсті.

СТО стратегиясын қазақ тілі сабақтарында пайдалану – оқушылардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыруға септігін тигізеді, оқушы мынандай нәтижеге қол жеткізеді.

-10-

Сабақтың тақырыбы: Қолөнер

Сабақтың мақсаты:Қолөнер ұғымымен таныстыру, оның түрлерін сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету.

Міндеттері: 1.Сөздік қорларын молайту, тіл байлығын арттыру.

2.Бір-бірінің пікірін құрметтейтін ортаны қамтамасыз ету, қазақ халқының тағы бір салт-дәстүрін құрметтеуге, білуге баулу.

3.Оқушылардың қолөнер туралы білімдерін ұштастыру.

Көрнекіліктер: суреттер, нақыл сөздер,кітаптар,қажетті қағаздар,үнтаспа.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,оқушыларды түгендеу.

2.Тіл дамыту. Жыл мезгілі бойынша әңгімелесу.

1.Ойшақыру. Оқушыларды үш топқа бөлу. «Өнер», «Қолөнер», «Киіз үй». Енді әр топ өз атаулары бойынша теориялық ұғымдарды қорғайды. Мысалы: ӨНЕР- адамның рухани азығы.Қолөнер- қолмен жасалатын өнердің бір түрі. Киіз үй – киіз бен ағаштан тұратын қазақ халқының үйі, баспанасы.

2.Топтастыру әдісі. Оқушылардың қызығушылығын арттыру. Үш топқа бірдей «Қолөнер» тақырыбы беріледі.

а/Алдарына қағаз,маркер беріледі.

б/ «Қолөнер» тақырыбына өз білетіндерін туралы сөз, сөз тіркестерін жазады.

в/Топпен жұмыс жүреді.(тақтаға жазғандарын іледі, әр топтан бір оқушы шығып, өз жазғандарын қорғайды)

3.Көрнекіліктер бойынша шолу жүргізіледі.

4. Тақтада «Қолөнер» сызбасы беріледі, интерактивті тақтада осы сөзге қатысты сөздерді жазамыз.

-11-

ҚОЛӨНЕР

Әйелдер қолөнері Ерлер қолөнері

5.Сөздікпен жұмыс. Сөздерді мәнерлеп оқу, аудару.

6. «Қолөнер», «Киіз басу» мәтіндері бойынша «Аптаның жеті күні» ойынын өткіземін. Ол үшін төмендегідей жұмыстар өткіземіз.

1-күн. Дүйсенбі. «Қазақ халқының қолөнерімен танысу» үшін мынадай тапсырма орындайды.

1.Әйелдердің қолөнерін ата

2.Ерлердің қолөнерін ата

3.Киіз басудың технологиясы қандай?

4.Кілем тоқудың механикаландырылған процесін біліңдір.

2-күн. Сейсенбі – «Тірек сызбамен жұмыс»

3-күн.Сәрсенбі. «Қонаққа бару» Бір топ екінші топқа қонаққа барып, осы мәтіндер бойынша сұрақтар қойып, жауаптарын алады.

4-күн. Бейсенбі. «Өз бетінше жұмыс»

Салалас құрмалас сөйлем құрастыру, жазылған парақтарын мұғалімге тапсырады.Жалғаулықтар беріледі: бірақ, немесе, сондықтан.

5-күн.Жұма. «Сэккуей» (5-жолдан тұратын өлең құрастыру)

КИІЗ

тұрмыстық қазақ

айналысқан жасаған түтіледі

киіз басу процесі толық механикаландырылған

жүн талшықтары

6-күн. Сенбі «Мақал-мәтел» сайысы.

Өнерлі өрге жүзеді Жігітке жетпіс өнер аз.

Қол өнер – кілемде, сөз өнері – өлеңде.

7-күн. «Қорытындылау және бағалау»

Үйге: жаңа сөздер жаттау, 3-тапсырма.

-12-

Cабақтың тақырыбы: Астана

Сабақтың мақсаты: Астана жайлы толық мәлімет беру.

Міндеттері: 1.Өздігінен жұмыс істеуге үйрету.

2.Грамматикалық тапсырмаларды орындату арқылы таным- белсенділіктерін арттыру.

3.Стратегияларды тиімді қолдана білуге дағдыландыру.

Көрнекіліктер: видеофильм, интерактив тақта

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, баяндау, топтастыру

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушыларды түгендеу.

2.Тіл дамыту: Жыл мезгілі, ауа-райы – жайлы әңгімелесу.

Жаңа сабақ: Қызығушылықты ояту. Ой қозғау.

Астана жайлы білетіндерін бірінші қағазға түсіреді.Әр топтан бір оқушы шығып өз жазғандарына толық түсініктеме береді.

2.Мағынаны тану.интерактивті тақтамен жұмыс.Мұғалім Астана жайлы мәлімет береді.

INSERT – стратегиясы бойынша жұмыс жүргіземіз.Оқушылар мәтінді оқи отырып, түсінбеген сөздердің қасына +, -, ? белгілері бойынша белгілейді.

Сөздікпен жұмыс.

тұрғын-житель қасиетті – священный

орталық – центр танымастай – неузнаеваемо

ғимарат – здание ұлт өкілдері – представители наций

бой көтерді – выстроились болашақ – будущее

3.Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.

4.Сөз тіркестерімен сөйлем құраңдар.

Қаланың ортасында, дәріхананың қасында, театрдың алдында.

-13-

5.Менің қалам – тәуелде.

6. Семантикалық карта толтырамыз. «Менің қалам».

Өзің тұратын қала Тұратын ұлт өкілдері Қаланың көрікті жерлері Оқу орын

дары Атақты

адамдар Ескерткіштер мұражайлар

Сабақты бекіту: Бес жолды өлең стратегиясыбойынша.

Астана

Бас, тәуелсіз

Орналасқан, өзгерді, көтерді

Астана болашағы үлкен қала.

Қала.

Бағалау.

Үйге: мазмұндау, тапсырма.

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің шырайлары.

Сабақтың мақсаты: Сын есім шырайлары және олардың жасалу жолдарын меңгерту. Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларға сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға үйрету. Өз бетімен, топпен жұмыс істеуге, ізденуге үйрету.

Тәрбиелік мәні: Оқушыларды ұйымшылдыққа, өзара қарым қатынас жасай білуге, кішіпейілділікке тәрбиелеу. өз пікірін айта білуге баулу.

Сабақтың турі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Ой-қозғау, сұрақ қою, салыстыру кестесі.

-14-

Пән байланыс: Орыс тілі, тарих, ұлттық педагогика.

Көрнекілік: Таблица, карточка, суреттер, кубиктер, домбыра, киіз үй, магнитофон.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Тіл дамыту: Жыл мезгілі, ауа райы, кезекші-жайлы әңгімелесу.

Өткен сабақты қайталау:

Үйге берілген тапсырма – Ә.Молдағұлова мен М.Маметованың өміріне байланысты Вендиаграмма жазып келу.

Ортақ белгі: Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ батыр қыздары, жас қайтты.

Тағы да қандай жас батырлар білесіңдер?

Әлия, Маншук жайлы кім өлең, тақпақ біледі?

Енді, С.Байтерековтің «Әлия» әнін Р.Рымбаеваның орындауында үнтаспадан тыңдайық.

-15-

Бізде Әлия, Мәншүк сияқты туған жерімізді, Отанымызды қорғауға, қызмет етуге дайынбыз.

Сабағымызды әрі қарай жалғастыру үшін мына криптограмманы шешуіміз керек.

8 18 38 14 25 38 19 18 1 18 37 25 2 25 25 38,

10 1 16 15 1 26 7 37 19 10 1 18 37 25 2 25 25 38.

Шешімі: «Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті»

1. Тәтті – деген сөз нені білдіреді?

2. Қандай сұраққа жауап береді?

3. Қай сөз табының сұрағы?

4. Сын есім дегеніміз не? Сұрактарын ата? Мысал келтір. Осы мақал не жайлы? Бізді неге шақырады?

Жаңа сабақ: Сын есімнің шырайлары.

Сөздікпен жұмыс. Шырай-степень , жай шырай-простая степень, Салыстырмалы шырай-сравнительная степень,

Күшейтпелі шырай-превосходная степень,

Асырмалы шырай-усилительно-увеличительная степень.

Таблица бойынша тусіндіру.

Белгілі бір заттың сынының әркелкі дәрежеде болуын-шырай дейміз. Шырайдың 4 турі бар.

Жай шырай – заттың жай белгісін , түрін , түсін , сапасын , көлемін ,салмағын, иісін , дәмін көрсететін белгіні айтамыз.

Мысалы: қара , ашы , қызыл , үлкен.

Салыстырмалы шырай – біркелкі сынның , сапаның бір-бірінен артық не кем екенін көрсететін сын есімнің түрін айтамыз.

Салыстырмалы шырай жұрнақтар арқылы жасалады

-16-

-ырақ-ірек,-рақ-рек,-лау-леу, дау-деу, тау-теу, ғыл-ғылт, шыл-шіл,-шылтым,-ақ,-қай.

Күшейтпелі шырай – заттың басқы жай белгісін күшейте түсетін түрін айтамыз.

Күшейткіш буындар арқылы жасалады: –қап,-сап,-ап,-үп,-жап,қоп.

Мысалы: қап-қара, сап-сары, жап-жасыл.

Асырмалы шырай – заттың сындық белгісін я тіпті асыра, я тіпті төмендете көрсететін белгіні айтамыз.

Мысалы: тым улкен,ең әдемі.

Жасалу формасын орыс тілінде салыстыра түсіндіру.

Сурет,көрнекі кұралдар бойынша ауызша шырай формаларын жасау.

Мысалы: Мынау не?-аю. Аюдың түсі қандай?

Қоңыр-қоңырлау, -қоп-қоныр,тым қоңыр.

Ақ сандығым ашылды, ішінен асықтар шашылды.Мынау қандай асық?-Қызыл асық.

1-топқа қызыл асық, 2-топқа көк асық, 3-топқа жасыл асық, 4-топқа сарғыш асық, 5-топқа қоныр асық.

4 топ берілген карточкалар бойынша жұмыс істейді, ал 5-топ жеке мәтіндер бойынша жұмыс істеді.Әр топтың өз басшысы бар, істеген карточкаларын ең алдымен мұғалімге көрсетеді, сосын келесі оқушыға тапсырады, сол топтың басшысы есеп қағазына белгілеп отырады.

1. Әр топ жұмысын бітірген соң, қорытынды жасау керек.

2.Жеке топ – мәтінді мәнерлеп оқиды, ішінен сын есімді теріп жазады, сын есімнің барлық формаларын жасайды.

-17-

3. Мәтін бойынша 5 жолды өлеңдерін тексеру.

Зат есім

Сын есім

Етістік

Сөз тіркесі

Синоним.

4. Кубиктер бойынша сын есімнің шырай формаларын жасау.

Ащы-ащы-лау,-ап-ащы,-тым-ащы.

үлкен-үлкен-ірек,үп-үлкен, тым үлкен.

Сабақты бекіту: «Әрі ойын,әрі оқу» – ойыны бойынша.

Тапсырма: Берілген нүктелерді қосу керек, ол үшін бір нүктеден екінші нүкте арасына шырайларды жаза отырып, бір заттың суретін шығаруларыңыз керек.

1-қатар – жай шырай.

2-қатар – салыстырмалы шырай.

3-қатар – асырмалы шырай.

Ал қонақтар – күшейтпелі шырай.

Сонда киіз үй, домбыра, торсық, қобыздың суреті шығады.

Киіз үй – неден тұрады?

Торсық – не үшін қолданылады?

Домбыра , қобыз – бұл не?

Қорытынды: Рефлексия жүргізу

Үйге: ереже жаттау, тапсырма 1-4

Оқушыларды бағалау.

-18-

Қорыта айтқанда, сабақта тиімді әдіс –тәсілдерді, жұмыс түрлерін қолдану мұғалімнің біліктілігі мен әдістемелік шеберлігіне байланысты. Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті үштұғырлы тілін дамытуда, қазақ тілінің мәртебесін көтеруде, өз ойын, пікірін ауызша және жазбаша тілде көркем де анық, нақты етіп бере білу жолында «СТО» стратегияларын дамыту жұмыстары көмегін көптеп тигізері анық. Бүгінгі өмірін бала оқытып, білім беруге бел байлаған әр ұстаздың жандүниесі сенім ен тілектің шуағымен нұрлана түспек деп ойлаймын.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Қазақстан Ресрубликасының «Білім туралы» заңы Астана-2007ж

2.Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері Алматы-2006ж

3. «Дауыс және көрініс» журналы Алматы-2009ж

4. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 2009ж

5. «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау туралы» ұлттық журналы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше