Сабақ тақырыбы: Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік Мұзды мұхиттары
Сабақ мақсаты: Мұхиттардың табиғат жағдайы, мұхит суының қалыптасуы, а) білімділік температурасы, тұздылығы су массалары мен беткі ағыстары, олардың қалыптасуы мен таралу ерекшеліктері туралы білім беру. Табиғат ресурстары мен байлықтары, мұхит табиғатын қорғау шаралары туралы экологиялық білім беру. ә) дамытушылық Өздігінен жұмыс жасау дағдыларын, еркін сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту. б) тәрбиелілік География, Физика, биология пәндерінен алған теориялық білімдерін табиғат құбылысының құпиясын танып білуге, өмірмен байланыстыра білуге тәрбиелеу
Сабақ көрнекілігі: Мұхиттар картасы (слайд суреттері) Электрон. оқулық.
Сабақ түрі: Сарамандық жұмыс
Сабақ әдісі: өзіндік жұмыс
Сабақ барысы: 2.Сарамандық жұмыс тапсырмалары:
1. Ұйымдастыру кезеңі Мұхиттар атауларының сыры неде?
Тынық мұхит аталу себебі: (1530 жылы 28 қарашада) Ф.Магеллан Жер шарын айналу саяхатында Тынық мұхитынан жүзгенде бірнеше ай бойы мұхит тыныштық сақтаған, сол себепті аталған.
Атлант мұхиты – Гректер мифологиясының кейіпкері, Аспан әлемін екі иығына көтеріп ұстап тұрған, алып Атланта есіміне берілген дейді. ХҮІ-ғасырдың басында әр түрлі атаулар берілген. Геракл мұнараларының артқы жағында орналасқан теңіз деп, «Атлантик», « Батыс мұхит», деген сияқты көптеген атаулар берген екен. Қазіргі атауы 1507 жылы Вальдземюллер картасында бейнеленеді.
Үнді мұхиты – Үндістан жағаларын шайып жатқандықтан берілсе керек. Бірақ, І-ғасырда Ежелгі Римде Помпоний Мел Үнді теңізі деп атаған екен. Ал Ресейде Индей теңізі деп атаған. Ал, орыс саяхатшысы А.Никитин ХҮ-ғасырларда жоғарыда келтірілген екі атауды да қолданған. ХҮІ ғасырдан бастап, ХІХ ғасырдың ширегіне дейін Индей теңізі деп аталып келген. 1811 жылы Гериссон Максимович картасында да осы атпен бейнеленген. 1823 жылдан бастап, Үнді мұхиты болып аталды.
Солтүстік мұзды мұхиты – ХҮІІ ғасырларда батыс Еуропалықтар картасында Гиперборей мұхиты деп аталды. Бұл атау – Гректердің солтүстік жел құдайы-Борей есімі. Ал, орыс саяхатшылары: «Суық теңіз», «Мұзды теңіз» т.б деп атаған. ХІХ ғасырда қазіргі атауын адмирал Ф.П. Литке Осы Арктиканы зерттегенде қойған екен. Солтүстік деп, географиялық орнына аталса, Ал Мұзды деп, мұхит бетін мұз басып жатқандықтан аталса керек.
Мұхитқа сипаттама беру жоспары:
Мұхит атауы | Геог-қ орныАуданы, Көлемі | Мұхит табанының жер бедері. | Орт. тереңдігі мен ең терең жері | Климаты | Беткі ағыстар | Мұхит ерекшеліктері | Теңіздерімен аралдары | Мұхит байлықтары |
Тынық | ||||||||
Атлант | ||||||||
Солтүстік мұзды мұхит | ||||||||
Үнді |
Қорытындылау. Оқушылар білімін бағалау.
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу мазмұндау. Кескін карта түсіру
kuwti kuwti jazilgan men ozime kerek referat taptm uraaaaaaaaaaaaaaaaaaaa