Дарабоз
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы
№47 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі
Нұрғалиева Лаура Тілеубекқызы
Сабақтың тақырыбы: Дарабоз
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Жаңа сабақты таныстыру. «Дарабоз» сөзінің мағынасын ашу. Балаларды сауатты оқуға, өзінің ойын қорыта айта білу. ә) Дамытушылық: Балалардың тіл байлықтарын дамыта отырып сөйлей білуге дағдыландыру б) Тәрбиелі: Өз ұлтының салт-дәстүрін сүюге, білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, плакаттар, техникалық құралдар,с лайд.
Сабақтың жоспары:
І.Ұйымдастыру.
а) амандасу, түгендеу.
ә) сабаққа даярлығын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе әңгіме.
2. Мәтінмен таныстыру.
3. Түсінгендерін тексеру.
4. Бөлімдерге бөлу, оқыту.
5. Мәтінді талдау.
6. Мәтінді қайта оқыту.
ІV.Бекіту.
1. Бекіту сұрақтарын қою.
2. Бағалау
V. Үй тапсырмасын беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. а) амандасу,түгендеу.
ә) Сабаққа даярлығын тексеру
-Ана тілі сабағына бәріміз дайнбымыз ба? Кітап- дәптерімізді алып, бері қарайық..
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге қандай тапсырма берілді кім айтады?
Үй тапсырмасын: сұрақ қою арқылы сұраймын.
1. Кімдер қазақ жеріне шапқыншылық жасады?
2. Жоңғарлар бұған дейін қай елді жаулап алды?
3. Елдің кегін қайтару үшін елдің кегін кім қайтарады?
4. Сол заманның ақылгөй жырауы кім?
5. Қабанбай халқына неліктен сыйлы, қадірлі болды?
Қарт Бұқар жырау Қабанбайдың сипатын қалай жырлап еді?
Балаларға жырды айтқызамын.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Балалар Қабанбай атамыз батыр болған екен, өз елі, өз жері үшін жанын алға қойған.Сол сияқты біз де өз елімізді қорғайтын азаматтар мен азаматшалар боламыз ба? Қабанбай атамыз жайында ақындар, жазушылар, жыраулар жырлаған екен, сол Қабдеш
Қ.Жұмаділов туралы қысқыша өмірбаянын түсіндіріп беремін.
-Балалар айтыншы Қабанбай атамыздың неше аты болған екен?
-Дұрыс айтасыңдар 4 аты болған екен. Енді 3 топқа бөлініп, сол Қабанбайдың аттарын талдайық.
Балаларды 3 топқа бөлемін.
Бірінші топ «Нар балалық» шағын оқып шығады.
Екінші топ «Қабан батыр» атануын оқып шығады.
Үшінші топ «Дарабоз» атауын талдайды,оқиды.
Әр топ балалары бір-біріне сұрақ қою арқылы тақырыпьың мағынасын ашады.
Көрнекілік құрал ретінде слайдтағы суреттерді рет-ретімен қойып отырамын.
Дәптермен жұмыс.
Балалардың мәтін арасындағы түсінбеген сөздерін дәптерлеріне жазғызып қою.
Жақ-садақ
Байлам-шешім, тоқтам
Неғайбыл-күмәнді
Масайраған-қуанған
ІV. Бекіту.
Балалардан сұрақ қою арқылы қаншалықты түсінгендерін тексеру.
V.Үй тапсырмасын беру.
Балалар үйде қара күш,асау дөнен-бестілер, желі басы соғыс өнері, адырнасын аңыртып, ақбоз ат ойсырата жеңу, алтын сөйлем құрастырып келіңдер.Және мәтінді мәнерлеп оқып,мазмұндап келеміз.
Сау болыңдар!
