Қош бол сүйікті Әліппем

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы
№47 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі
Нұрғалиева Лаура Тілеубекқызы

Тақырыбы: «Қош бол сүйікті Әліппем!»
Мақсаты: Оқушыларға әліппе мен ана тілі пәнінің маңыздылығын түсіндіру. Ата-аналарға балаларының үш-төрт айда қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету. Оқушылардың эстетикалық талғам сезімдерін байыта түсуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
•    Абай, Ыбырай, суреттері, өлеңдері.
•    Оқу-білім туралы мақал-мәтел.
•    Гүл, шарлар, корона (пәндер болып әліппе, ана-тілі, білім,)

Барысы:
Мұғалім:
Құрметті ұстаздар, аяулы да ардақты ата-аналар, құрметті 1 сынып оқушылары! Бүгін егемендігіміз ескеріліп, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта бүгінгі күн сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. Бүгінгі күнде оқушылардың бойында жауапкершілік пайда болып, саналы азаматтық борыштарының алғашқы асуын аман-есен асып, бір жасқа тағы да есейіп отыр. «Әліппеге мың алғыс!» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Жеміске құты тола ма,
Бір-бірлеп теріп алмасаң?
Әп-сәтке шыға қоя ма,
Еккен дәнің ойласаң?
Білім де сондай, қарағым,
Біртіндеп сіңер ойыңа,
Ұғып ал білім боларын
Шам-шырағың жолыңда.
Көлге ойнаған бұлақтың
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том-том болып кітаптың
Басы болар «Әліппең»…-
деп ақын Мұзафар Әлімбаев ағаларымыз жырлағандай, бұл білімнің, ғылымның алғашқы жолы ғана.

1-оқушы:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар!
Әліппемен қоштасу тойымызға.

2-оқушы:
Өтті міне сан сабақ
Бүгінгі үлкен салтанат
Оқулықпен достасаң
Әліппемен қоштасаң
Өсті білім бойымыз
Құтты болсын тойымыз!

3-оқушы:
Армысыздар, аналар!
Бармысыздар, балалар!
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр әніміз!

Мұғалім:
Өсті міне бойларың
Өсті ақыл-ойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың.

Хор:
Шашу, шашу, шашайық,
Ақ сандығымызды ашайық.
Бұл мереке , бұл тойдың,
Бастаңғысын жасайық.

Би: «Шығыс биі»
4-оқушы:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Білімді қарсы алайық,
Бәріміз қол соғайық.

Білім:
Күн нұрындай білімнің
Күнімін мол білімнің,
Құттықтаймын достарым,
Құтты болсын ұлы күн.

5-оқушы:
Кімдер зерек, кім тапқыр,
Таланттарын табайық.
Қайсы күйші, кім биші,
Талабына қарайық.
Іші толған әріпке,
Бар білімнің бастауы
Білімдегі жарық не?

Хормен:
Болашаққа жол бастар,
Ол сүйікті әліппе!

Мұғалім:
Олай болса бәрімізге ең қымбат әліппені ортаға шақырайық.

Хормен:
Әліппе, әліппе, әліппе!

Әліппе:
Армысыздар, жас достар,
Армысыздар ата-ана!
Болашаққа жол ашар
Әліппе келді ортаға
Білім деген ғалымның
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден
Жақсы білім көрімдік
Болсын сізге халайық
Не үйрендік, не білдік
Қане ортаға салайық.

6-оқушы:
Алфавиттің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрадлы қасында
Байқадың ба,
Б тұрады үшінші
Ал осының сыры неде түсінші.

7-оқушы:
А деген ол – аналар ғой ардақты,
Ә деген ол – әкелер ғой салмақты,
Б деген ол – балалар ғой әдемі.
Біздің елде үшеуі де кәделі.

8-оқушы:
Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық, тойладық.

9-оқушы:
Барлық әріп бағалы,
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті
Ардақтайды, қолдайды.

10-оқушы:
«Әліппем», менің «Әліппем»
Сені қолға алып мен,
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
11-оқушы:
Сөйледі ол тіл бітіп,
Небір қызық сырларды
Тыңдай бердім мен жұтып
Тіл біткен тақпақ жырларды.

12-оқушы:
Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі
Соғылған сомдар алтыннан
«Әліппе» – білім бесігі!

13-оқушы:
Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес, ауыр жол,
Тырмысып бақ намысқа.

14-оқушы:
Қош бол, құтты «Әліппем!»,
Сені қолға алып мен,
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.

Хор: «Әліппе»

Әліппе:
–    Балалар биылғы жылы тәуелсіздігіміздің неше жылдығын тойладық?
–    20 жылдығын.

Хор: «Отан»

1-оқушы:
Отан – тарих, Отан – тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Отан – өлең, Отан – жыр,
Көтерген көкке ел даңқын…

2-оқушы:
Отан сенің ата-анаң,
Отан – досың, бауырың.
Отан – өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың.

3-оқушы:
Отан – жерім, Отан – суым,
Отан қуат, нәр береді.
Отан – ұран, Отан – туым,
Отан мәңгі гүлденеді!

4-оқушы:
Халқымыздың анасы,
Атасы ол данасы.
Көз жетпеске көрінген
Қазақтың даласы.

Хор: «Отан»

–    Ең алғаш әліппені кім жазды ?
–    Ыбырай Алтынсарин.
–    «Ұстаздақ еткен жалықпас, үйретуден балаға», – деп Абай атамыз айтқандай, келесі кезекті ұстаздарымызға өлең жолдарын тарту етейік.

1-оқушы:
Ұстаздың тұңғышы да , зоры да сен
Халықтың кітап  берген қолына сен
Қазақтың қара түнек аспанынан
Ақ жұлдыз – ағып өткен жолың әсем.

2-оқушы:
Айтпайсың дәл қазіргі еліңе өкпе
Болашақ етеді аңыз сені көпке
Ыбырай Алтынсарин – деген шақта
Бар мектеп көтереді қолын көкке.

3-оқушы:
Сол кезде шың биікке шығып шырқап
Алдыңа ашып қойып ұлы кітап
Бәріңе сен оқытып тұрғандайсың
Қаптаған

4-оқушы:
Ең алғаш алғанымда әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма едің?
Ұстазым оның кілтін алып берді.

5-оқушы:
Арналды ұстаздарға
Құрмет деген төр деген
Біздің елде адам бар ма
Ұстаз алдын кермеген?

6-оқушы:
Келгенімде алдыңа
Қызыл арай гүл алып,
Жақын тарттың жаңына,
Шәкіртім деп қуанып.
Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім.

Хор: «Ұстазым»
Көрініс: «Алдар көсе мен бай баласы»
Би: « Испан биі»

Әліппе:
–    Балалар, мен сендерге ризамын. Болашақта да осылай оқыңдар. Білім жолында жолдарың болсын. Сау болыңдар!

Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне, балаңыз.

Хор:
Болашаққа жол ашар,
Ол сүйікті әліппе.
Қош бол әліппе,
Қош бол әліппе.

Құрметті, ата-аналар, енді балалар «Әліппеден басқа да қызықты кітаптарды оқитын болады. Балалар ортаға кітапханашы Ғалия апайымызды ортаға шықарамыз.

Ана тілі:
Балалар, енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп қызықты кітаптар таратып беремін.

Мұғалім:
–    Сендердің «Әліппені» жақсы меңгеріп, сауатты оқуларыңа ата-аналарың, әжелерің де қосқан үлесі мол.Бәріміз рахмет айтайық.
Оқушылар хормен:
Бақытты балалық шағымыз үшін рахмет, ата-аналар.
Мұғалім:
Қымбатты, балалар! Мектептегі алғашқы жеткен жемістеріңмен құттықтаймын. «Әліппе» сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір-біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті  оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!

Ән: «Жаса, Қазақстан!»

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше