Қанша артық? Қанша кем?
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы
№47 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі
Нұрғалиева Лаура Тілеубекқызы
Сабақтың тақырыбы: Қанша артық? Қанша кем?
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Оқушыларға қагша артық? қанша кем? атауларына түсінік беру. Математикалық компоненттерді амалдарын қолдана отырып, олардың мән-мағынасын түсіндіруді тереңдете түсу.Бір таңбалы сандар,олардың шығарылып алыну әдістері жайындағы білімді бекіту; математикалық терминология мен символиканы қолдану,салыстыруды орындау,салыстырылатын объектілердің ортақ және ерекше белгілерін (қасиеттерін) айқындау.
2. Дамытушылық. Санның цифрмен белгіленуін, оның кітапта және дәптерде жазылуымен таныстыру, әдемі жазуға қалыптастыру, біліктерін дамыту.
3. Тәрбиелік. Оқушыларға бірін-бірі сыйлай білуге қамқоршылыққа, әдептілікке , оқу – құралдарын ұқыпты ұстауға, тәртіптілікке, орындарына дұрыс отыруын, денелерін тік ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ..
Әдістемелік тәсіл:сұрақ-жауап,әңгімелесу, түсіндіру, тест.
Пән аралық байланыс: дүниетану, ана тілі.
Көрнекілік құралдар: Плакаттар (қосу мен азайту компоненттеріне байланысты), жемістер, аңдар суреттері, Венн диаграммасы.
Сабақтың жоспары:
І.Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.(ойын арқылы)
ІІІ .Жаңа сабақ.(Венн диаграммасы бойынша)
ІV.Оқулықпен жұмыс.
V . Дәптермен жұмыс.
VI. «Парашут» ойыны.(бекіту сұрақтары).
VІ. Қорытынды.
VІІ. Үй тапсырмасы. (Тест бойынша жұмыс)
VІІІ.Оқушалардың білімін бағалау (жемістер жинау арқылы).
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
– Балалар күздің қай мезгілі?
– Балалар қазір күз мезгілінде адамдар көп еңбек етеді. Біз де өз еңбегімізге оқу арқылы ат салысайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.(ойын арқылы)
– Ендеше, балалар тақтадағы тиінді көріп тұрмыз ба?
– Тиінге саңырауқұлақ теруге көмектесеміз. Тиіннің үш кәрзеңкесі цифрмен белгіленген. Сондықтан саңырауқұлақтағы өрнектерді шығару арқылы кәрзеңкеге саламыз.
ІІІ .Жаңа сабақ.(Венн диаграммасы бойынша)
– Балалар, бүгінгі жаңа тақырыбымыз қосу мен азайту амалдарындағы сандардың атаулары. Тақтадағы Венн диаграммасына назар аударамыз. Қосу мен азайту өзара кері амал.
а) 2 + 1 = 3. Бұл – теңдік. 2 – қосылғыш, 1 – қосылғыш, 3 – қосындының мәні болып есептеледі.
б) 3 -1 = 2. Бұл – теңдік. 3 – азайғыш, 1 – азайтқыш, 2 – айырманың мәні болып есептеледі. Тақтадағы компоненттерді қайталаймыз.
ІV.Оқулықпен жұмыс. (Тапсырмалар мұғалімнің түсіндірмесіне ұқсас қарастырылып, оқушылар әрқайсысына сәйкес амалдарды атайды.)
– Балалар, оқулықтағы компоненттерді атаймыз.
Дәптермен жұмыс.
а) 0123 цифрларын торкөздерге сандарды жазады.
ә)Сандарды өзара салыстырамыз.
б)Оқушылардың білімін тиянақтау мақсатымен дидактикалық материалдардан Т-1-1—4 орындауды ұсынуға болады. 2-тапсырмада берілген кесінділердің ұзындықтарын өлшеп, салыстыра келе, олардың бірдей екенін анықтайды.
7. Сергіту сәті
Бала, бала, балақан,
Қане, қайсы алақан
Саусақтарың әйбәт,
Былай – былай ойнат.
Топ – топ – топ басайық,
Жалаудан күн жасайық,
Жаса , жаса алтын күн,
Жаса, жаса жарқын күн.
VI. «Парашут» ойыны.(бекіту сұрақтары).
Парашуттағы адамдарды құтқару арқылы, өрнек амалдарын шығару, компоненттерін атату.
1. Қосындыны есепте: 2 +1
2. 1+1 өрнегінің компоненттерін ата?
3. Өрнек жаз?
4. Айырманы есепте: 2-1
VІ. Қорытынды.
– Балалар, тақтадағы қосу мен азайту амалдарындағы сандардың атауларын атаймыз.(қайталау)
VІІІ.Үй тапсырмасы. (Тест бойынша жұмыс)
Тест.
1. + барлығы қанша көлік?
а) 2
ә) 1
б) 3
2. қанша гүл?
а) 1
ә) 2
б) 0
3. қанша доп қалды?
а) 3
ә) 2
б) 1
4.
неше үшбұрыш бар?
а) 0
ә) 2
б) 3
VІІ.Оқушалардың білімін бағалау (жемістер жинау арқылы).
Сабаққа оқушылардың жемістер жинау арқылы бағалау.
