Зат есім

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы
№47 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі
Нұрғалиева Лаура Тілеубекқызы

Сабақтың тақырыбы: « Зат есім »
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Елестету арқылы шығармашылық ойлау қабілетін, грамматикалық тапсырмалар арқылы сөздік қорын, тілін дамыту. 2.Дамытушылық: Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. 3.Тәрбиелік: Зат есімі туралы білімдерін толықтыру, тиянақтау. Өз бетінше жұмыс жасауға баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.
Әдістемелік- тәсіл: қызығушылықты ояту, ойын, сұрақ-жауап, көрнекілік, талдау, ажырату, жинақтау.
Көрнекі құралдар: плакаттар, сызбалар, суреттер (алма, адам, құс,…т.б.)
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
– Сәлеметсіңдер ме, балалар?
– Отырыңдар. Қане, бәріміз сымбатты да, әрі әдемі болып өсу үшін, отырған орындықтарыңды алдыға қарай тартып, арқамызды тік ұстап, қолымызды алға қойып, бүгінгі сабағымызды мұқият тыңдайық.
– Бүгін сыныпта кім кезекші?
– Сыныпта барлығы түгел ме?
– Жақсы, отырағой.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
– Үйге мен сендерге 285- жаттығуды бердім. Түгеліміз орындадық па?
– Жақсы, барлық оқушылардың дәптерлерін жинаймын да, №2 дәптерлерін таратамын.
III. Жаңа сабақ.
– Балалар, менің қолымдағы мына бір бейненің жартысы көрінбей тұр. Бұл не болды екен? Қане, кім табады.Сурет көрсетіледі.
Көз алдымызға елестетіп ойлансақ, осы бейнені жалғастырып, көп нәрсе жасауға болатын сияқты.Қане, ойланайық,не жасауға болады? (Оқушыларға көмек ретінде жұмбақтап айтуға да болады.)
Ой – жұмбақ шешу. Ол аспанда да, жерде де болады, шөлейт жерлерде де жүреді, партаның үстінде де жатуы мүмкін, оны жеуге де болады, ол барлық адамда да болады.
– Пайда болған заттардың атын тақтаға жазам: бұлт, құрт, түйе, көзілдірік, құс, алма, жүрек т.б. Осы сөздерге қандай сұрақ қоямыз? – Не?
– Парталар, орындықтар, дәптерлер, кітаптар деген сөздерге қандай сұрақ қоямыз? – Нелер?
– Ал осы заттарды пайдаланатын адамдарға қандай сұрақ қоямыз? – Кім?          – Кімдер?
– Олай болса кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді қандай сөз табы дейміз? – Зат есім.
– Сонымен зат есім дегеніміз не? Ойымызды жинақтайық.                          ——— Заттың атын білдіретін сөзді зат есім дейміз.
Ассоциация құру (сызбаға түсіру).
Зат есім
сұрақтары          түрлері

Кім?                         Не?         Жалпы  Жалқы  Жекеше   Көпше  Негізгі  Туынды
Кімдер?              Нелер?
Оқулық пен жұмыс.
286- жаттығу.Жұмбақтар жасырам: 1)Екі айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты.
Ұшқырлардың жүйрігі.     (Қарлығаш).
– Дұрыс.
– Қарлығаш шапшаң ұшатын құс. Ол сағатына 110 км ұша алады екен.
2)Секектеп бір тұрмайды.
Сөреден құрт ұрлайды.            (Сауысқан).
– Сауысқан сайраса, қонақ келеді.
3) 100 жыл жасайтын құс?           (Қарға).
Суреттерін тақтаға ілемін.Олардың аттарын ататқыздырам.Сұрақ қойдырам, не?
– Бір сөзбен не дейміз?
– Құстар.Сұрақ қояйықшы? –Нелер?
– Құстарды қатыстырып сөйлем құрату.
IV. Сергіту сәті.
Қарлығашқа ұқсайық,
Қане қанат жазайық.
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Келесі 287- жаттығуға назар аударайық. Бір оқушы оқиды, сөйлем құрату.Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді тауып астын сыздыру.
288-жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті зат есімдерді қойып, көшіріп жаз.Әр қатардан 3 оқушыны тақтаға шығарту.
289- жаттығу.ауызша, өлеңді мәнерлеп оқытып, жалқы есімдерді тапқызу.Кісінің аты-жөні, жер-су аттары, жан-жануарға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады.
291-жаттығу. Дина Нұрпейісова.Мәтінді оқып, бас әріппен жазылған сөздерді тап және бас әріппен жазылу себебін түсіндір.
V. Бекіту сұрақтары.
– Зат есім дегеніміз не?
– Сұрақтары қандай?
– Түрлерін ата?
VI. Бағалау.
Оқушылардың білімін бағалау.
VII. Үй тапсырмасын беру.
289- жаттығу.Шығармашылық тапсырма.
VIII. Қорытынды.
Осымен сабағымыз аяқталды,
– Сау болыңдар!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше