Бақытты сәт

Рудный қаласы, №19 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Дадыбаева Фатима Бекназарқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті апталығында 3–сыныпта
өткізілген сыныптан тыс іс-шара

Тақырыбы: “Бақытты сәт” қазақ тілінен интеллектуалдық ойын
Мақсаты: 1. Қазақ тілі пәнінен алған білімдерін кеңейту, тереңдету, жетілдіру, қалыптастыру.
2. Алған білімдерін практика жүзінде қолдана білулерін дамыту.
Білімге деген құштарлығын, қызығушылығын арттыру.
3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа,
ауызбіршілікке баулу.
Көрнекілік: плакаттар, ребустар,жұмбақтар.

Ойын барысы
1. Қазақ тілі туралы мұғалімнің кіріспе сөзі.
Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі- тіл. Еліміздің Ата заңы- Конституцияның 7- бабында “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл- қазақ тілі” деп көрсетілген.
Мемлекеттік тіл деп белгілі бір елдегі оның негізін құрайтын көпшілік халықтың тілі есептеледі. Қазақстан жерін байырғы заманнан бері қонысталып келе жатқан- қазақтар. Олар өз Отанында тұрады және республика халқының негізін құрайды. Біздің еліміз- Қазақ елі немесе Қазақстан деп аталуы да содан. Олай болса Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі болуы тарихи заңдылық.
Тәуелсіз мемлекет құрылғаннан кейін тіл жөніндегі теңсіздікті жою мәселесі мықтап қолға алынды. 1997 жылдың 11 шілдесінде Қазақстан Республикасының Парламенті “Тіл туралы” жаңа Заң қабылдады. Онда мемлекеттік мекемелердің іс қағаздарды жүргізуді қазақ тіліне кезең-кезеңмен көшіру көзделген. Мемлекеттік тілде берілетін радио және телехабардың уақытын көбейту жолдары қарастырылған. Мемлекеттік тілді үйрету шаралары да назардан тыс қалмаған. Ондай болса бүгінгі біздің интеллектуалдық ойынымыздың да мақсаты қазақ тілін дамытуға арналған. Сендер Қазақстанда туып, өсіп келесіңдер. Сондықтан қазақ тілін жетік білулерің және сөз сырын терең түсінулерің керек.
оқушы. Туған тілім-бабам тілі- өз тілім!
Туған тілім- анам тілі-өз тілім!
Туған тілім- далам тілі- өз тілім!
Туған тілім- адам тілі- өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
(Дихан Әбілев)
2. Таныстыру.
“Бақытты сәт” атты интеллектуалдық ойынымызды бастайық. Ойында екі команда қатысады.
Капитандардан өз командаларымен таныстыруын өтінеміз. Бір команда екінші команданың қалай аталатынын шешеді.
1-ші капитан: Біз заттың атын білдіреміз Кім? Кімдер? Не? Нелер? деген сұраққа жауап береміз.
(“Зат есім”)
2-ші капитан: Біз заттың сынын, сапасын, дәмін, түсін, пішінін білдіреміз. Қай?Қандай? деген сұраққа жауап береміз. (”Сын есім”)
3. “Бақытты сәт” ойыны
1 тур “Сен-маған, мен саған”.
Зат есім командасы зат есімдер айтады, ал сын есім командасы оған қатысты сын есімді тауып айтады.
Әр оқушы бір- бір сөзден айтады.
Мысалы: бор- ақ
ақылды- балалар
2 тур “Алға, алға, алға”
(Мұғалім әр командаға қазақ тілі пәнінен сұрақ қояды, қай команда сұрақтардың көбіне жауап береді, сол жеңіске жетеді. Әр командаға 15 сұрақ)
Сұрақтар: Зат есім командасына
1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі? (Түбір)
2. Жуық мәндес сөздер…(Синоним)
3. Сын есімнің сұрақтары…(Қай? Қандай?)
4. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (жуан, жіңішке)
5. Ң жазылатын бір сөз ата. (жаңбыр)
6. Оңнан солға қарай оқысаң да, солдан оңға қарай оқысаң да сол сөз шығатын сөзді ата… (қызық, қазақ, қалақ)
7. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (көркем)
8. Сұраулы сөйлемнің аяғында не қойылады? (сұрақ белгісі)
9. Заттың қимылын, іс- әрекетін білдіретін сөздер…(Етістік)
10. Жалқы есімдер қалай жазылады?
11. Жаман деген сөзге қарсы мағыналы сөз… (Жақсы)
12. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша?(Жұрнақ)
13. Туынды сын есімді айт. (өнерпаз тб)
14. Сан есімнің сұрақтары…(Неше? Нешінші? Қанша?)
15. Тайға таңба басқандай тіркесінің мағынасы не?
Сын есім командасы
1. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша… (жалғау)
2. Қарсы мәндес сөздер… (антоним)
3. Жалпы есімдер қалай жазылады?
4. Заттың санын, ретін білдіретін сөздер… (сан есім)
5. Етістіктің сұрақтары… (не істеді? Не қылды? Қайтті?)
6. Батыр сөзіне жуық мәндес сөз… (мықты, шымыр)
7. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөз… (биік)
8. Ф әрпі жазылатын сөздер… (футбол тб)
9. Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздер… (сын есім)
10. Хабарлы сөйлемнің аяғына қойылатын таңба… (нүкте)
11. Туынды сын есім қалай жасалады? (түбірге жұрнақ жалғау)
12. Туынды сын есімге мысал келтір… (оқушы тб)
13. Қас қаққанша тіркесінің мағынасы не?
14. Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?(3)
15. Қ,к,ш,с, т,ф, қандай дыбыстар? (қатаң)
3тур “Сиқырлы сандық”
Әр қатысушы сандықтан қағазға жазылған жұмбақ алады.(16 жұмбақ)
Шешуін айтады.

1. Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (Аяз)
2. Мүлгіп тұрған бақ тыныш,
Ораныпты ақ күміс. (Қырау)
3. Суда қалқиды,
Жылыда балқиды. (Мұз)
4. Туған жердің белбеуі,
Шұбатылып қалыпты.
Керемет-ау кернеуі,
Тасты тесіп, жарыпты (Өзен)
5. Бұйра тұлымы,
Желмен ойнайды.
Қызыл мұрыны,
Жерге бойлайды (Сәбіз)
6. Тігіп алып көк шатыр,
Қызыл күрең доп жатыр. (Қызылша)
7. Басына өскен тарбиып,
Жапырақсыз бұтағы.
Алады одан қан құйып
Емге шипа бұл дағы. (Бұғы)
8. Ұшымен қазық,
Тор көзді жазық.
Үстіне өттім,
Асыл сөз жазып (Дәптер)
9. Қабы- сояу,
Діні- бояу (Қарындаш)
10. Ойларыңды аңсаған,
Асыл сөзді алаңға,
Түсіруден шаршаған,
Мен емеспін әмәндә. (Қалам)
11. Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады (Қоңырау)
12. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі (Сызғыш)
13. Оқу- білім аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесі де бірнешеу,
Тиегі бар ашпалы (Сөмке)
14. Көкқұтанша ақ айдында,
Бір аяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда
Шыр айналып шығады. (циркуль)
15. Бірін- бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос- жаран. (42 әріп)
16. Білім менен тәлім
Парақты ашқанда
Беттерінен мәлім (Күнделік)

4 тур (Қара тұлпар)
Әр команда ребус шешеді.
“Қызықты грамматика” Қандай сөздер жазылған?

қ қ
қ қ
қ қ
қ қ
қ к
к к
к к
к к

Жауабы:қызық, қазақ, қалақ, кесек, қырық, кезек, кебек, керек, көбек
5 тур “Ойлан, тап”
Әр командаға орны ауыстырылып берілген сөйлем берілген. Сөздерді орын орнына қойғанда он сөзден құралған сөйлем келіп шығады.
Әділ қазы мүшелері қорытынды жасап, командаларды марапаттайды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше