«Кім тапқыр?» интеллектуалды ойыны

Қостанай облысы, Рудный қаласы, № 19 орта мектептің
жарты күндік шағын орталық тобының тәрбиешісі
Бугенбаева Тажида Асанбайқызы

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларында білім негізін қалыптастыру, теория мен практиканы ұштастыра отырып,  пәндерге  деген қызығушылығын ояту, сөздік қорын дамыту,ауызша логикалық ойлауға баулу.

Өту барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды 2  топқа бөлу. («Ақжелкен», «Балдырған»)

Мұғалім :

Жақсы болу өзіңнен,
Жаман болу өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
«мен қандаймын?» деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
«мен қандаймын?» деп ойла, – дей отырып, бүгінгі «Тапқыр достар» сайысына қош келдіңіздер.

ІІ. Екі топтың өздерін таныстыру.

І кезең. «Кім көп біледі?» (әр топқа сұрақтар қою)

І – топқа

1.      Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар, ақпан).

2.      Сөз таптарын ата. (зат есім, сын есім, етістік, т.б.).

3.      Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары қандай?

4.      Көкжиектің неше тұсы бар? (төрт).

5.      Ы.Алтынсарин кім? (Қазақ мектебін  ашқан).

6.      Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғасы тең).

7.      Тірі табиғатқа не жатады? (адам).

ІІ – топқа

1.      Көктем айларын ата. (наурыз, сәуір, мамыр).

2.      Сөйлем мүшелерін ата. (тұрлаулы, тұрлаусыз).

3.      Сын есім дегеніміз не?

4.      Өлі табиғатқа не жатады? (тау, тас, т.б.).

5.      Абай Құнанбаев кім? (ақын).

6.      Табиғат деген не? (айналаны қоршап тұрған дүние).

7.      Түбір дегеніміз не? (сөздің одан әрі бөлшектеуге келмейтін бөлігі).

ІІ – кезең.«Кім жылдам?». Әріптер таратылады. Сол әріптерге

байланысты сұрақтарға жауап беру қажет.

І – топқа.

1.      Ертегі оқисың ба?

2.      Сумкаңда не бар?

3.      Бөлме қандай?

4.      Досың кім?

5.      Анаңа еркелейсің бе?

6.      Сабағың жақсы ма?

7.      Аспанда не бар?

ІІ – топқа.

1.      Жасың нешеде?

2.      Алма берсе жейсің бе?

3.      Нені жақсы көресің?

4.      Түнде түс көрдің бе?

5.      Кімге сәлем жолдайсың?

6.      Күн түнде бола ма?

7.      Әріп пен дыбыс бір ме?

ІІІ – кезең. Сөз құрау. «оқушылар» сөзінен бірнеше сөз құрау.

1V – кезең.Үй жұмысы. Үйден дайындап келген сұрақтары бойынша

білімдерін байқау. Бір-біріне сұрақтар қою. (сұрақтар, жұмбақтар).

V  – кезең. «Кім тапқыр?» (сурет арқылы көңіл –күйді   табу , салу).

VІ – кезең. «Қолқа салу» жеңген топ жеңілген топқа қолқа салады. (ән, би, өлең, т.б.)

Қорытынды
Арғымаққа міндім деп,

Артқы топтан адаспа.

Күнінде өзім болдым деп,

Кең пейілге таласпа.

Артық үшін айтысып,

Достарыңмен  санаспа.

Ғылым  жұрттан асты деп,

Кеңессіз сөзді бастама.

Жеңемін деп біреуді,

Өтірік сөзбен  қостама.

«Тапқыр достар» сайысы аяқталды,

Сөз кезегі әділқазы алқасына.

«Ақжелкен» тобы            ұпай.

«Балдырған» тобы              ұпай.

№19 орта мектебі

Интеллектуалды  ойын «кім тапқыр?»

Сынып жетекші:Бугенбаева Тажида Асанбаевна
2011-2012 о.ж.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше