Мен және менің достарым
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті
Б.Жұмалиев атындағы орта мектеп, Бастауыш сынып мұғалімі
Қамысбаева Роза Дауылқызы
Сабақтың тақырыбы: Мен және менің достарым
Сабақтың мақсаты: 1) өзін-өзі тани білудің негізгі шарттарымен таныстыру
2) қарым-қатынас түрлерін дамыту
3) топтың бірігуіне әсер ету
Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, қарлы кесек макеті, PowerPoint программасында дайындалған слайттар.
Сабақ жүрісі: I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Негізгі бөлім
– Сәлеметсіздер ме, әріптестер!
– Біз бүгінгі сабағымызда жаңа бір білім аламыз, ол жаңалық өздерің туралы, бәріміз туралы.
Мен кіммін? Осы сұрақты адамдар үнемі қойып келеді. Біз оған: Мен – адаммын деп жауап береміз.
– Ал, әрбір адамда онсыз өмір сүре алмайтын не бар?
– Есімсіз, атсыз.
– Мен сендердің есімдеріңмен жақынырақ танысқым келеді.
– Ол үшін, міне қыс мезгілінің алғашқы күндерінде басталып кетті. Қыстың сәні қар. Біз қазір қарлы кесек лақтыру арқылы «Танысу жаттығуын» орындаймыз.
Жүрісі: Мұғалім бір оқушыға қарлы кесек лақтырады. Оқушы оны қағып алып, мұғалімге қарап тұрып өзінің есімін айтады., мұғалім жауап береді: «Өте қуаныштымын». «Танысқаныма қуаныштымын», «Есіміңіз әдемі екен» т.б.
– әрі қарай сабағымызды жалғастырамыз.
Данышпан философ Фалес айтқандай
Дүниедегі ең үлкен нәрсе – Кеңістік.
Бәрінен жүйрік – Ой.
Бәрінен дана – Уақыт
Бәрінен жеңілі – Басқаға ақыл айту.
Бәрінен қиыны – Өзіңді – өзің тану.
– Қазір, сабағымызды «Іскерлік ойын» бір-бірімізге жылы сөз, жақсы сөз айтудан бастаймыз. (парталарды түгелдей айналып тұрады)
– Айман, сен бүгін қандай көріктісің?
– Әнел, көркіңе ақылың сай
(т.б. сол сияқты бір-біріңе жылы сөздер айту соңғы оқушыға дейін жалғасады).
– Рахмет, әріптестер! Әрбір жүректен шыққан жақсы сөз біз үшін жайлы орта қалыптастырады.
– Қазір, сендер мына тұрған фигураларға назар аударып, әркім өзіне ұнаған фигураны алады.
– Таңдаған лидерлік қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін ,
басқарушылық қабілеті басым жандар
– Таңдаған өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі
аяғына дейін жеткізетін жандар
– Таңдағандар, жаңа идеяларға жақын, білуге құмар, ізденгіш жандар
– Осы 5 фигураның ішіндегі өте мейірімді, басқаның қайғысын
қуанышын да бөлуге даяр тұратын жандар
– Таңдағандар, шығармашылық қабілеті басым, үнемі ізденіс үстінде
жүретін жандар
«Жинақтаушы қол шапалақтау» жаттығуы.
Жүргізуші: Әріптестер, сендердің бүгінгі жұмыстарың үшін рахмет. Маған сендермен өте қызық болды. Бір-бірімізге жинақтаушы қол шапалақтау жаттығуы арқылы алғыс білдірейік. Мен сенің жаныңа келемін де саған қол шапалақтаймын. (Гүлжан), бұл саған арналған. Келесі кімге барамыз, өзім таңдаймын. Осылайша барлық қатысушылардың жанына барамыз. Ең соңында біз барлық қатысушыларға бізбен бірге болғаны үшін алғыс айтамыз. Бәріміз бірге қол шапалақтаймыз.
Қоштасу, қорыту.
