Етістіктің сөйлемдегі қызметі. Ашық сабақ
Қостанай облысы, Рудный қаласы №19 орта мектебінің
қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімі Қалиева Ақжанай Еркінбайқызы
Тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі.
Сабақтың мақсаты: Етістіктің сөйлемдегі қызметі бойынша білім беру. Топпен жұмыс істеу дағдысын дамыту, өз ойын тиянақты жеткізуін қамтамассыз ету, шығармашылыққа баулу, логикалық ойлауын дамыту. Оқушыларды жаттығулар орындату арқылы ізеттілікке,шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс сабақ.
Көрнекілігі: Сатылай кешенді талдаудың сызбасы, ағаш, үлестірмелі қима қағаздар, оқулық, тірек кесте.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Бағалау парағын тарату.
2.Үй жұмысын тексеру.
Үйге берілген тапсырманы орындай отырып, «Етістік ағашын өсіреміз.»Мына үстелдің үстіндегі жапырақтарды ала отырып,артында жазылған сұрақтарға жауап беріп,жапырақты ағашқа ілеміз.Ал ендеше іске сәт!
Сұрақтар:
1.Етістік нені білдіреді?
2.Етістіктің неше шағы бар,атаңыз.
3.Осы шаққа мысал ойлаңыз.
4.Өткен шақтың түрлерін атаңыз.
5.Есімшенің жұрнақтарын атап беріңіз.
6.Көсемшенің жұрнақтары ,атаңыз.
7.Етістіктің райларын атаңыз.
8.Тұйық етістікке бірнеше мысал ойлаңыз.
9.Етістік тұлғасына қарай қалай бөлінеді?
10.Етістіктің мағыналық түрлерін атаңыз.
11.Құранды етістік дегеніміз не?
12.Қалып етістіктерін атап беріңіз.
3.Жаңа сабақ.
Жақсы балалар,етістік жайында жалпы білімдеріңізді көрсете алдыңыздар.Бүгінгі жаңа сабағымызда етістікпен тікелей байланысты.Жаңа сабағымыздың тақырыбы:Етістіктің сөйлемдегі қызметі.Дәптерімізді ашып бүгінгі күн мен сабақтың тақырыбын жазып қояйық.Осы бүгінгі сабағымызға қандай мақсат қояр едіңіздер?(оқушылардың жауабын алу. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді еске түсіре отырып,жаңа сабақты игеру.Сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне дұрыс талдай білуге дағдылану.Өз ойымызды жүйелі жеткізе отырып,танымдылығымызды дамыту)
Мұғалім:Жақсы рахмет.Ал енді тақтадағы сөйлемдерге назар аудара отырып етістіктердің атқарып тұрған синтаксистік қызметін тауып көрелік.(әр топ дәптерлеріне берілген тапсырманы орындайды)
1.Мен биыл мектепті бітіремін.(баяндауыш)
2.Оқу-білім бұлағы.(бастауыш)
3.Білгенге – маржан,білмеске – арзан.(толықтауыш)
4.Ол күлімсіреп қарады.(пысықтауыш)
5.Оқудың шегі жоқ.(анықтауыш)
Мұғалім:Тапсырмаларды орындағандарын тексеремін.Неге бұлай деп ойлайтындарын сұрай отырып,өз түсініктері бойынша ереже қорытқызамын.Оқушы жауабын тыңдағаннан кейін,мұғалімнің толық түсінігі беріледі.
Оқулықпен жұмыс.
Білімімізді әрі шыңдап көрелік,енді оқулықтағы 210-жаттығуға назар аударыңдар.
Тапсырма.Мәтіннен 5 етістікті теріп алып,шақтарын және райларын ажыратқызу.
Тақтамен жұмыс.
Қане екі баланы тақтаға шақырып,осы мәтіннен етістікті таңдатып біріне математикалық,екіншісіне морфологиялық талдау жасатайық.
Мысал:Мұнда келгелі Еламанның аяғы жерге тимеді.
Шығармашылық жұмыс.
Деңгейлік тапсырма:
1.Берілген сызбалар арқылы шағын әңгіме немесе сөйлем құрату.
2.Етістіктер тұрлаулы да,тұрлаусыз да мүше болуы шарт.
1.Бастауыш анықтауыш анықтауыш толықтауыш баяндауыш
2.Баст. тол. Пысық. Баянд.
3.Анық. тол. күрделі баянд.
4.Баст. пысық. Баянд.
5.Баст. анық. Толықт. Баянд.
6.Баст. баянда.
ҰБТ-ға дайындық мақсатында 5 сұрақтан дайындалған тест жұмысын орындайық.Сағат тілімен дәптерлеріңді ауыстырып өздерің достарыңның жұмысын тексеріп бағалайсыңдар.
1.Етістік сөйлемде қандай мүше болып тұр?
Аққу қолға тез үйренеді.
А)Бастауыш.
В)Баяндауыш.
С)Тұрлаусыз мүше.
Д)Толықтауыш.
Е)Пысықтауыш.
2.Анықтауыш қызметіндегі есімшені табыңыз.
А)Баймақан Жомарттың бөлмесіне кірген.
В)Шығармаңыз осы үйден табылады.
С)Ердің атын еңбек шығарады.
Д)Ыстаған сабаның исі мұрынды жарып тұрар.
Е)Батырға таяқ та жарақ.
3.Толықтауыш қызметіндегі етістік қатысқан сөйлемді белгілеңіз.
А)Бала теңіз жаққа ұзақ қарады.
В)Ол бұл жолы сізден жеңілгенін мойындады.
С)Ақырын басып сынаққа кірді.
Д)Қарауыл тауының басынан төңірек түгел көрінді.
Е)Бүгін түске дейін жұмысын тез аяқтады.
4.Пысықтауыш болатын сөзді көрсетіңіз.
Қасқыр Ақбілек отырған қостың аузына келіп қалды.
А)Қасқыр
В)Ақбілек
С)Қостың аузына
Д)Аузына
Е)Келіп қалды
5.Толықтауыш қызметіндегі етістікті анықтаңыз.
А)Мен өтірік айту дегенді білмеймін.
В)Ойы-Дөңқараның бергі түбегіне жету.
С)Мұқата сөйлеген Шұғылдың сөзін Хакімде есітті.
Д)Амалсыз реніштен қиналып отырып шыдапты.
Е)Үй иесі су киімін шешті.
Тапсырма.Сөзжұмбақ шешу.
К ү н д е л і к
Ұ с т а з
С ә у і р
С у
О т а н
К ө м і р
К ө к т е м
1.Оқушыға күнде еріп жүретін не?
2.Шәкіртке жанашыр,
Мейірбан кім жаны асыл?
3.Көктем айы
4.Жылт-жылт етеді,
Жырадан өтеді.
5.Оттан да ыстық не?
6.Аз сөз-алтын,көп сөз- …
7.Жыл мезгілі.
Жаңа сабақты бекіту.
Оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы бекітіледі.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма:Етістіктің сөйлемдегі қызметін түрлендіре отырып шағын ертегі құрастырып келу.
