Көп пайдаланатын сайтымыз 45minut.org болып кетті ме, 45minut.kz қайда кетті…
Құрметті Ұстаздар! Тақырыпта жазулы тұрған осы сұрақты қолданушылар көп сұрайтын болды. Бізді іздеушілеріміз және сұраушыларымыздың болғаны қуантады, дегенмен осы мәселенің нақты жағдайын жазып, Ұстаздарымызды қуандыратын жаңалықты жазайын…
- Күнделікті сайтты қолданушылар саны 40 мыңға жеткен соң серверіміз жұмысында қиындық туындады. Бұрыңғы серверіміз ондай жүкті көтере алмады және мәселенің жаңа шешімін табу қажеттілігі туындады. Техник мамандармен ақылдасып, сайтымызды Халықаралық сайттарды қолдаушы WordPress.Com мекемесінің серверіне орналастырып, қалыпты жұмысын реттестірдік. Қазақстан Республикасының KZ домендік атауының заңдылықтарына сәйкес kz домендік сайттар Қазақстанда орналасуы керек, ал халықаралық серверде орналасуы үшін 45minut.org сайтын іске қостық. Ал, 45minut.kz сайты Қазақстанда серверде орналасуда және 45minut.org сайтына переадресация жасалды.
- Халықаралық серверге орналасудың ерекшеліктері, сайттың қалыпты жұмыс істеуіне Халықаралық сайттарды қолдаушы WordPress.Com мекемесі жауапты болады. Және сайтқа материал салуда шектеу болмайды. Сурет, Презентация барлығын салуға мүмкіндік бар.
- Республикалық 45minut.kz басылымы редакциясы атауы бұрыңғыдай сақталды, көпшілік өсектер хабарлағанындай жабылып қалған жоқпыз. (Өсекші, өтірікшілерге және жамандық ойлайтындарға ерекше алғыс білдіреміз, Сіздердің “қолдауларыңызбен” біздің жобамыз дамитын болады…) Қайта жаңа мүмкіндіктермен, жаңа қарқынмен, жаңа сапада жұмыстар жалғасуда.
- Республикалық 45minut.kz басылымы редакциясы 2014 жылға тілшілерге арналған талаптар жариялады. Бізбен бірге жұмыс істеңіздер, бірге дамимыз. Тілші болыңыздар. Және тілшілер тізімі жарияланды, сондықтан Редакция тек қана тізімдегі тілшілердің жұмысына жауапты, тізімде жоқ тілшілердің жұмысына жауап бермейміз. Тілшілер тізімі тұрақты түрде жаңартылуда.
Тілші-2014 тізімі адресі: Бақ өкілі – 2014 жыл - Metodist.KZ және New-edu.kz сайттары да Халықаралық 45minut.org сайты ішінен орнын алды. Олар үшін арнайы рубрика ашылып, материалдары сол жерге жарияланады.
- Сайтымызда тегін хабарландыру, құттықтау рубрикасы ашылды. Мүмкіндігін пайдаланыңыздар. Адресі: Хабарландыру бөлімі
- Редакцияға материал қабылдаудың шарттары нақтыланды. Материалды қалай жіберу керек туралы оқып, таныс болыңыздар.
Адресі: Материал қабылдау - Жаңа білім жаңа ғасыр Республикалық конкурсы жұмысы да жалғасуда. Жақында конкурс бойынша жағымды жаңалықтармен қуантамыз.
