«Тәуелсіздік Туы – білімді ұрпақ қолында»
Батыс Қазақстан обл, Жәнібек ауданы, Т.Жароков атындағы ЖББОМ-тің
жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Кисекова Толқын Кушенқызы
Мақсаты: оқушылардың білімін дамытып,пәнге қызығушылығын ояту,шығармашылық ізденістерін ұштау. Дарынды оқушыны табу,олардың қабілеттерін ашу,алған білімдерін өмірде қолдана білу шеберліктерін аттыру. Ұйымшылдыққа, бірлікке,ізденімпаздыққа тәрбиелей отырып,озық, ұтқыр ойға,ұтымды жауап беруге баулу.
Әдісі: топпен жұмыс Көрнекілігі: Логикалық тапсырмалар,ребустар,математикалық жұмбақтар,мақал-мәтелдер, сөзжұмбақ,жаңылтпаштар,сиқырлы шаршылар, геометриялық фигуралар,көрініс көрсетуге цифрларды суретпен бейнелеу,нақыл сөздер.
Нақыл сөздер: «Арифметика – математиканың,ал математика – ғалымдардың патшасы»
(К.Гаусс)
«Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін – математика,сондықтан оны оқу керек»
(М.Ломоносов)
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық
– Оқушылар, желтоқсанда қандай мереке атап өтіледі?
16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. 2011 жылы 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл. Қазақстан егемендік ел екенін бүкіл әлем таныды.
Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына орай «Тәуелсіздік Туы – білімді ұрпақ қолында»тақырыбында математикалық танымдық білім байқауына қош келдіңіздер!
ХХІ ғасыр – білім ғасыры.Еліміздің болашағы сендердей білімді ұрпақ қолында.
– Ендеше, сендер қандай оқушы болуларыңыз керек?
– Ізденгіш, ойшыл, тапқыр, ақылды, ұйымшыл т.б
Ойын : «Күннің жылуын алайық»
Күн кімнің досы? (Бәріңе ортақпын)
Кімнің шуағысың? (Бәріңе ортақпын)
– Оқушылар, математика сөзін оқығанда көз алдарыңызға не елестеп, қандай ой келеді? Оқушылар өз ойларын ортаға салады. «Математика» сөзіне ассоциация құру
сандар цифрлар есеп
геометриялық
фигуралар қосу,азайту
көбейту,бөлу кестесі амал, таңбалар
теңдеу
Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.
Ұраны:
Бірінші топ – «Тапқырлар» Біз тапқырлар ұйымшыл
Сөз айтамыз шыншыл
Екінші топ – «Білгірлер» Біз білгірлер боламыз
Оқып білім аламыз
Үшінші топ – «Ойшылдар» Біз ойшылдар боламыз
Жарыста да озамыз
Байқаудың өту барысы:
І. Тапқырлықты талап ететін логикалық есептер(3топқа тапсырма)
1. 1 мен 10 сандарының қосындысы нешеге тең? (55)
2. 3 жұмыртқа 3 минутта піседі.Бір жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек?(3мин)
3. Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнайды.Әрқайсысы неше сағаттан ойнады?(2сағ)
4.Қосарланып жегілген ат-арбамен Жандос 25(км)шақырым жол жүреді.Оның әр аты неше(км) шақырым жүрді?(25км)
5. 4 және 5 сандарымен жазылатын барлық 2 таңбалы сандарды жаз:45,55,54,44
__________________________________________________________________________________
6. Дүниенің төрт бұрышын ата:(Батыс,шығыс.оң түстік,сол түстік)
__________________________________________________________________________________
7.Бес асыл іс-….__талап,еңбек тереңой,қанағат,рақым
_____________________________________________________________________
Бес дұшпан-….өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ
8. Әр бөліктегі цифрлардың қосындысы 13 болатындай етіп, сағат бетін 6 бөлікке бөл.
12
ІІ « Сиқырлы шаршы» (3топқа тапсырма)
Шарты: 3, 7, 9, 11, 13, 15, 17, 19 сандарын қолданып, сиқырлы шаршыны толтыр. (Бір сан екі рет қайталанбайды ). Мысалы:9+19+5=33. Жауабы: 33 болу керек.
9
11
13
ІІІ. Құрастыру ойыны. Әр топқа геометриялық фигуралар беріледі. Оқушылар әр түрлі бейнелер жасайды. Мысалы: үй, кеме, көлік түрлері, шыршат.б
ІV. Топ басшыларына сұрақтар:
1.Ең үлкен үш таңбалы сан?(999)
2. 1кг темір ауыр ма,1 кг мақта ауыр ма?(тең)
3.1 жылда неше ай бар?(12 ай)
4.1 ғасырда неше жыл бар? (100жыл) 5. 1аптада неше күн бар? (7күн)
6. 1минутта неше секунд бар? (60 сек)
7.Бес бірліктен 100 санын жаз: (111-11=100)
8.Тәуліктің төрттен бір бөлігі? (6)
9.Ең кіші натурал сан? (1)
10.Ұзындықтың өлшем бірлігі? (мм,см,дм,метр т.б)
V. Ойынды жалғастыр (математикалық сандарға байланысты жұмбақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаш, сөзжұмбақтар)
Ойымды жалғастыр
Бесік баласы
(бес)… түлейді.
(Жеті)… рет піш,
Бір рет кес .
Жүзден біреу –шешен,
(Мыңнан)…біреу – көсем.
Жүз сом ақшаң болғанша,
(Жүз)…досың болсын.
Жаңылтпаштар
1.Жоғалды бес шыбыш.
Жоқ әлі еш сыбыс,
Жоқ әлі еш сыбыс,
Жоғалды бес шыбыш.
Математикалық жұмбақтар
Алпыс төрт бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар:
Ақ, қара қып бөлгенде
Бірін – бірі қуғандар
Хан үшін де,жан үшін де
Бермейді олар намысын (Дойбы)
Бір ағаштың он екі бұтағы бар,
Әр бұтағында отыздан жапырағы бар,
Жапырақтың бір жағы ақ,
Бір жағы қара (Жыл,ай,тәулік,күн мен түн.)
Бір,екі,бес,он,
Жиырма,елу.
Жүз,екі жүз,мыңы бар,
Әр қайысысының құны бар. (теңге)
Білімі жетсе,шамасы,
Алатын алар аласы.
Бір мен бестің арасы (баға.)
Ағайынды жетеуінің,
Бесеуінің жұмысы бар.
Жұмысы жоқ екеуінің (апта күндері)
Он екіге жетіп,жүргені кері кетіп. (сағат)
Үш жүз алпыс бес,
Үш жүз алпыс алты,
Әр жылдағы қалпы. (1жыл.күндер)
Бір аяқ, Алты аяқты,
Тұр аяп. Төрт қанатты.
(Саңырауқұлақ) Аң да емес,
Құс та емес,
Бір елес.
Апалы-сіңілі келеді,
Біріне- бірі ереді. (Маса)
(Екі аяқ)
Төрт аяғы болғанмен, Екі ана,
Жүре алмаймын өзімше. Екі анада – он бала
(Үстел) Есімі біреу бәрінің
(Саусақтар)
Ағайынды бес бала, Төрт тіспен шөп жейді,
Үйде жалаң жүреді. Ол затты не дейді?
Қыста шықса далаға
Бір-бір шекпен киеді. (Айыр)
(Бес саусақ)
VІ. «Ребус шешу» (Ребус әр топқа таратылады)
Ойын: «Туған елге туыңды тік». Әр топтан бір оқушы шығады. Көзін орамалмен байлап, өз туған жеріне ьормен ту салу.
Әділқазылар 6 кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздарды анықтап, шешімін тапқанша математикалық ертегіден,сандар айтысынан көрініс көрсету
І-топтан
Сандар және цифрлар
Автор:-Алдияр
Сандар:-Айнара
Цифрлар:- Дана
10 оқушы цифрларды бейнелейді: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 0.
Әлемде үлкен бір ел болыпты. Бұл елдің тұрғындары сандар екен. Олармен қатар бұл елде цифрлар да өмір сүріпті. Сандардың көптігі соншама, санасаң да сан жетпейді екен. Ал цифрлар бар болғаны он: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 0.
Сандар мен цифрлар тату – тәтті өмір сүріп жатады. Мысалы, біреу «он бес» десе, 15 саны жетіп келеді, егер оны жазу керек болса 1 және 5 цифрлары қатар тұра қалып, 15 деген санды жаза қояды екен.
Күндер өтіп жатады. Не болғаны белгісіз бір күні сандар цифрларға келіп:
– Біз көппіз, ал сендер бар болғаны онсыңдар. Сондықтан біз сендерден мықтымыз,- дейді.
Цифрлар сандарға ренжіп қалады. Сонда 0 цифры басқа цифрларға:
– Мақтаншақтары жоқ басқа елге кетейік. Сандар өздері қалсын. Көрейік, не істейтіндерін? – дейді.
Күндердің күнінде сандар өздеріне жаңа үйлер салады. Енді әркім өз үйінің есігіне нөмірін жазайын десе, жаза алмайды.Сандар өз аттарын айтып қанша айқайласа да, ештеңе шықпайды. Өйткені олардың қасында цифрлар жоқ қой. Сонда ғана сандар өз қателіктерін түсінеді. Сандар қаншама көп болса да, цифрларсыз өмір сүре алмайды екен. Сандар енді цифрларды іздеп шығады. Ақырында оларды тауып алып, кешірім сұрап, елднріне цифрларды қайта алып келеді.
Содан бері сандар мен цифрлар тату – тәтті, достықта өмір сүріп жатыр екен.
ІІ-топтан
Цифрлар сиқы
Ермек Өтетілеуұлы
(10 оқушы цифрларды бейнелейді,кезектесіп айтып шығады)
Санау үшін заттарды: Жазу үшін сандарды,
Қалам,дәптер,хаттарды … Білу керек таңбаны.
Тану үшін сағатты, Түрлі түрі,сиқы бар,
Болу үшін сауатты,- Ол таңбалар – цифрлар.
Білу керек сандарды. Цифрмен жаз сандарды.
1 6
«Бір» дегенім – баған ғой, Жатып та,тұрып та,
Басына құс қонған ғой. «Алты» ұқсар құлыпқа.
2 7
«Екі»- қаз бұл шалқиған, «Жеті» – көсеу баяғы,
Құйрық мойны қайқиған. Жалғыз оның аяғы.
3 8
Екі ілгешек бірікті, Қос жүзік, қос жүзік,
«Үш» боп шықты білікті Базарға кел өткізіп.
4 9
Орындықты төңкердік, «Тоғыз» – цифр акробаты:
Оны «бестен» кем көрдік Бірде-тоғыз,бірде – алты.
5 10
«Бес» – мойыны иілген, Бір мен нөлдің қоспасы,
Орақ дерсің бүгілген. Кет кен мәңгі достасып.
ІІІ-топтан Сандар айтысы
Байқауға қатысқан жеңімпаз оқушылар диплом,номинациялармен марапатталады
