Математика пәні бойынша факультативтік сабақтарды ұйымдастыру. 1 – 4 класс (Авторлық бағдарлама)
Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Білім беру бөлімі
Бастауыш сынып мұғалімі, әдіскер Кисекова Толқын Кушенқызы
Біле бер қанша білсең-тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле,біле. Ж.Баласағұн
Математика пәні бойынша факультативтік
сабақтарды ұйымдастыру. 1 – 4 класс (Авторлық бағдарлама)
Қазіргі таңда қоғамды дамыту үшін мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі-оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып,толыққанды қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашылық қабілетті жеке тұлға қалыптастыру.Сондықтан математиканы оқытуда оқушыларға оқу материалын еске сақтау емес,осы материалды шығармашылықпен қолдау шеберлігін қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.
Математикалық есептерді шығару үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеті жеке тұлға қасиеттері қалыптасады.Есеп шығару шеберлігі арқылы оқушының математикалық танымының дамуын және оның ой әрекетінің белгілі бір сапасын анықтап, дамытуға болады.
Факультатив сабақтар дегеніміз – оқушылардың білімін кеңейту және тереңдету,олардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру,ойлау қабілетін дамыту мақсатында жүргізілетін сабақтар.
Жеткіншек ұрпаққа сапалы да тиянақты білім беріп,адамгершілікке,ізгілікке, имандылыққа,инабаттылыққа тәрбиелеу және оларды белгілі бір пән саласына икемдеу қазіргі таңдағы ұстаздар қауымының маңызды міндеттерінің бірі.
Белгілі бір пән саласына икемдеу дегеніміз не?
Бұл оқушының жекелеген пәнді игерудегі жетістіктерін одан әрі тереңдетіп,сол пәнге деген танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттырып қана қоймай,олардың дүниетанымын кеңейтуге,есте сақтау қабілетін нығайтуға,тіл мәдениетінің дұрыс қалыптасуына,ойлау үрдісінің дамуына да септігін тигізеді.
Математика пәні бойынша факультативтік сабақтарды ұйымдастыру арқылы қабілетті(дарынды) оқушылармен жұмысты жандандыруға болады.Өз тәжірибемде түрлі тақырыптарда «Жас математик», «Жүзден жүйрік…», «Бастауыш көшбасшысы», «Жұлдызды сәт», «Миллион кімге бұйырады?» білім сайыстарынмен Математикалық олимпиадаға,Мемлекеттік аралық бақылауға дайындық есептерін жиі өткіземін. Сонымен қатар дидактикалық ойындар,(ұлттық ойындар)математикалық ребустарды,математикалық фокус,жаңылтпаштар,мақал-мәтел, сөзжұмбақтарды шешу,қызықты әзіл есептерді шығару,математикалық ертегілер,логикалық жаттығуларды орындау оқушының ақыл –ойын, қиялын, интеллектуалдық ой-өрісінің ұшқырлығын дамытудың бірден-бір ұтымды тәсілі.
Қорыта айтқанда,факультативтік сабақтарды ұйымдастыру барысында келесідей нәтижелерге қол жетеіздім,олар:
*Оқушының ой-өрісі дамиды.
*Ойлау іскерлігі қалыптасады.
*Ақыл- ойы жетіледі.
*Есте сақтау қабілеті артады.
*Қызығушылық қабілеті оянады.
*Тіл, сөйлеу мәдениеті қалыптасады.
*Оқушы өз бетімен жұмыс жүргізуге дағдыланады.
*Шығармашылықпен жұмыстанады.
*Даму мониторингі айқын көрінеді
Матиматика пәнінен жасаған авторлық бағдарламамды әріптестеріме ұсынып отырмын.
1 – класс. Ғажайып математика
р/с Сабақтың тақырыбы Сағат саны
1. Заттарды санау,салыстыру.
2. Заттың ұзындығын өлшеу. 1
3. Заттар тобын салыстыру. 1
4. Заттарды ретімен санау. Нешінші ? 1
5. Сандарды оқу,жазу. 1
6. Сандарды салыстыру.Математикалық тақпақтар 1
7. Тең. Артық. Кем. 1
8. Өрнек және оның мәні. 1
9. Геометриялық фигуралар. 1
10. Сандар қатары. Санамақ. 1
11. 10 саны.Ұзындықтың өлшем бірлігі(дм) 1
12. Математикалық жұмбақтар. 1
13. Кестелік қосу және азайту. 1
14. Тақырыпқа берілген есептер. 1
15. Өрнек пен сан. 1
16. Тест жұмысы. 1
17. Математикалық суретжұмбақтар. 1
18. Теңдеу шешу. 1
19. Есептер шығару. 1
20. Математикалық санамақтар. 1
21. 1-класқа арн.олимпиада есептерін шығару. 1
22. Тіктөртбұрыштың периметрін табу. 1
23. Ұзындық өлшем бірліктері. 1
24. Математикалық жаңылташтар. 1
25. Уақыт өлшем бірліктері. 1
26. Тест жұмысы. 1
27. Математикалық қызықты есептер. 1
28. Геометриялық фигуралармен жұмыстар. 1
29. Геометриялық материалдарға берілген ойындар. Эстафета, «Қай топ алда?» 1
30. Әріптік өрнек. 1
31. Олимпиада есептерін шығару. 1
32. «Ойлан, тап!», «Кім жылдам?» Математикалық ойындар 1
33. «Жас математиктер» сайысы 1
34 Тест жұмысы. Қорытындылау.
2 – класс. Математика әлемі
р/с Сабақтың тақырыбы Сағат саны
1. 0- ден 10- ға дейінгі сандар. 1
2. Толық ондықтар. 1
3. Теңдіктер,теңсіздіктер,теңдеулер. 1
4. Логикалық есептер. 1
5. 11 – ден 20 – ға дейінгі сандардың құрылуы,жазылуы,оқылуы. 1
6. Сандардың ондық құрамы негізінде қосу және азайту. 1
7. Фигураларды белгілеу. 1
8. Белгісіз азайғышты табуға берілген есептер. 1
9. Жақшалы өрнектер. 1
10. Математикалық санамақ,жұмбақ,жаңылтпаш. 1
11. Сыйымдылық.Литр. 1
12. Бағасы.Құны. Теңге. 1
13. 21 – ден 100 – ге дейінгі сандар. 1
14. Ұзындық өлшем бірліктері. 1
15. Бұрыштардың түрлері. 1
16. Шаршы,тіктөртбұрыштың қасиеті. 1
17. Олимпиада есептерін шығару. 1
18. Құрама есептер. 1
19. Қосудың терімділік қасиеті. 1
20. Қосындыдан санды азайту тәсілі. 1
21. Тәулік.Апта.Ай. 1
22. Күрделі құрылымды теңдеуді шешу. 1
23. Кері есептер шығару. 1
24. Үшінші белгісіз қосылғышты табу. 1
25. Үш таңбалы сандар нумерациясы. 1
26. Масса бірліктері – тонна,центнер. 1
27. Танымдық тапсырмалар. 1
28. Математикалық олимпиадаға даярлауға арналған есептер. 1
29. Геометриялық фигуралар. 1
30. Тест тапсырмалары. Ойлан, тап! 1
31. Үш таңбалы санды есептеудің жазбаша тәсілдері. 1
32. Математикалық сөзжұмбақ, ребустар шешу. 1
33. «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар»математикалык байқау 1
34. Тест жұмысы. Қорытындылау. 1
3 – класс. Сиқырлы математика
р/с Сабақтың тақырыбы Сағат саны
1. «Ойлан, тап!»Қызықты тапсырмалар («+»,«-») 1
2. Теңдеу шешу. 1
3. Теңдіктер,теңсіздіктер құрастыру. 1
4. Қызықты жаттығулар. 1
5. Көбейтуге берілген есептер. 1
6. Математикалық әзіл,жұмбақ,өлең есептер. 1
7. Бөлуге берілген есептер. 1
8. Логикалық жаттығулар. 1
9. Математикалық фокус «Сан ойла»,«Ойлаған санды табу» 1
10. «Сиқырлы шаршылар» 1
11. Көбейту мен бөлудің дербес жағдайлары. 1
12. Өрнектердегі амалдар тәртібі. 1
13. «Кім жылдам?»,«Тез ойла» математикалық ойындар. 1
14. Мазмұнды есептер 1
15. Математикалық мақал – мәтелдер,ребустар,сөзжұмбақ 1
16. Қызықты есептер 1
17. Көлемді фигуралар. 1
18. Олимпиаданың дайындық есептері. 1
19. Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту. 1
20. Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту.(ауызша) 1
21. Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту.(жазбаша) 1
22. Математикалық ертегілер 1
23. Көлемді фигураның көлемін табу.(текше,параллелепиед) 1
24. Логикалық есептер. 1
25. Есеп бойынша теңдеу құру. 1
26. Есіңде болсын әрдайым.(математикалық ережелер) 1
27. Халық өлшемдері 1
28. Тест тапсырмалары 1
29. Математикалық олимпиадаға даярлауға арналған есептер. 1
30. Геометриялық бастырғы.Бірден сызып шық. 1
31. «Кім қырағы?»,« Ойлан да тап!» математикалық ойындар. 1
32. Логикалық есептер. 1
33. Математикалық кеш. «Жұлдызды сәт» 1
34. Тест жұмысы. Қорытындылау.
4 – класс. Қызықты математика
р/с Сабақтың тақырыбы Сағат саны
1. Арифметикалық амалдар. 1
2. Логикалық есептер. 1
3. Көп таңбалы сандарды санау,салыстыру. 1
4. Көп таңбалы санды көбейту,бөлу. 1
5. Танымдық есептер. 1
6. Жәй және жанама есептер. 1
7. Уақыт өлшем бірліктері. 1
8. Теңдеу.Күрделі теңдеулер. 1
9. Теңге күніне орай «Миллион кімге бұйырады?»сайыс 1
10. Сандарды 10,100,1000-ға көбейту. 1
11. Қалдықты табу. 1
12. Құрама есептер шығару. 1
13. Төменгі сынып оқушыларын математикалық олимпиадасына даярлау 1
14. Ауданды табу. 1
15. Жылдамдық.Уақыт.Қашықтық. 1
16. Бағасы. Құны. Саны. 1
17. Жанама есептер шығару. 1
18. Мемлекеттік аралық бақылауға даярлық, тест тапсырмалары 1
19. Көлемді табу. 1
20. Санды, әріпті өрнектер. 1
21. Мазмұнды есептер шығару. 1
22. Олимпиаданың дайындық есептері. 1
23. Арифметикалық ребустар. 1
24. Комбинаторика элементтеріне берілген есептер. 1
25. Фигураларды бөлуге және құрастыруға берілген есептер 1
26. Мәтіндік есептер. 1
27. Санжұмбақ шешу. 1
28. Математикалық викториналар. 1
29. Санның үлесін табу. 1
30. Экологиялық мазмұнды есептер 1
31. Тапқырлықты талап ететін логикалық есептер 1
32. Микрокалькуляторды пайдаланып,есептеулер жүргізу. 1
33. «Бастауыш көшбасшысы» білім байқауы 1
34. Тест жұмысы. Қорытындылау. 1
Пайдаланған әдебиеттер
1.Бастауыш кластарда математикадан жүргізілетін кластан тыс жұмыстар.
Алматы «Мектеп»1985ж.
2.Математика.1-4 сыныптар.Алматы «Атамұра»,1997-2004ж/ж.
Т.Қ.Оспанов,Ш.Х.Құрманалина,Ж.Т.Қайыңбаев,Б.М.Қосанов,К.Ә.Ерешева.
3.Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар. 1-4 сыныптар. Б.М.Қосанов.Р.Қ.Өміртаева Алматы «Атамұра»,1998ж.
4.ҚР бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты,Алматы 1998ж.
5.ҚР Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары.Жалпы бастауыш білім.АлматыРОНД,2002.
6.Бастауыш мектеп №12,2009ж. №4,2010ж. т.б.
7.Бастауыш сынып оқушыларын математикалық олимпиадаға даярлау. Ж.Бейсеков,АЖақсыбаева,Ж.Қамбаров. Шымкент 2008ж.
8. «Математиканы оқыту әдістемесі»Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сынып мұғалімдеріне арналған.
Т.Қ.Оспанов,Ш.Х.Құрманалина,Ж.Т.Қайыңбаев,Б.М.Қосанов,К.Ә.Ерешева. 1999 ж.
Телефон/факс: 8-711-35-21-3-64.
Батыс Қазақстан облысы
Жәнібек ауданы
Аудандық білім беру бөлімі
Математика пәні бойынша факультативтік сабақтарды ұйымдастыру
(Авторлық бағдарлама)
Бастауыш класс мұғалімі, әдіскер
Кисекова Толқын Кушеновна

маган үиретіндерш жалынам математика
қызықты математика факультатив сабағына неге сабақ жоспарлары ашылмайды?