Хабарлы сөйлем

Батыс Қазақстан облысы,  Жәнібек ауданы,  Ғ.Абдуллин атындағы
орта жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып
мұғалімі Сандуғаш Қажипова

Қазақ тілі. 2-сынып. Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем.
Сабақтың мақсаты: Сөйлем ұғымын қайталау. Хабарлы сөйлемді түсіндіру. Жаттығулар орындау арқылы білімді толық меңгерту. Оқушылардың ой-өрісін, тілін дамыту. Өз ойын тез әрі  жүйелі жеткізуге дағдыландыру. Ұйымшылдыққа, шығармашылыққа, оқу құралдарын күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сыни тұрғыдан ойлау.
Сабақтың көрнекілігі: қосымша тапсырмалары сурет, конверттегі сұрақтар.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі.
-Оқушылардың сабаққа әзірлігін және құрал-жабдықтарының түгел болуын қадағалау.
II.    Психологиялық дайындық.
«5» болсын алар бағамыз.
Білімнен бақыт табамыз.
Қазақ тілін меңгертіп,
Сауатты боп шығамыз.
III.    Көркем жазу.
Жұмбақ.
Түйе өркешіне қарайық
Ұқсайды оған қай әріп
(М)
Дәптерімізді ашайық.
Салақтықтан қашайық.
Қолға қалам алайық
Көркем етіп жазайық

IV.    Ой қозғау.
-Балалар, қазақ тілі сабағында нені оқимыз?
-Дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем, мәтін.
-Сөйлем дегеніміз не?
-Әріптерден сөз құрау және сол сөзді қатыстырып сөйлем құрау.
І, к, а, т, п,                 д, ә, п, е, т, р,
V.    Жаңа сабақ.
-Буындарды, орын-орнына қойып, жаңа сабақтын тақырыбын шығару.
Бар, лы, ха, лем, сөй,
Схема бойынша сөйлем құрау.

.

.

-Ережені түсіндіру

VI.    Оқулықпен жұмыс.
181-жаттығу. Мәтінді оқу, Өзін үйде не істейтінің туралы әңгімеле.
182-жаттығу. Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жазу. Мәтінге ат
қою.
183-жаттығу. Берілген сөздерден сөйлем құрау.

Сергіту сәті.
«Орамал тастамақ» ойыны. Мен бір буынды айтып орамалды кімге лақтырсам, сол бала буынды аяқтап орамалды маған кері лақтырады.

V.    Қосымша тапсырмалар.
1.    Кім шапшаң?
Мақсаты: берілген буынға әріп қоса отырып жаңа сөз ойлап табу. Сөздік қорын молайту.
М                                                                                  қ
Т                                                                                   с
С                             ай                        Та                     у
Л                                                                                   л
Ш                                                                                  ң

Бір-бір сөзге дыбыстық талдау жасау.
Сөйлем құрау.
2.    «Сөйлемді аяқта!»
1.    мен жайлауға….
2.    Сауысқан …қонды.
3.    Тігінші сәукеле…
4.    Мен …ұя жасадым.
«М» әріпінен басталатын сөздерді жазып, сөз жұмбақты шешу.
М

М

М

М

Сол сөздерді қатыстырып хабарлы сөйлем құрау.
Бекіту (Ой толғаныс.)
«Хан талапай» ойыны.
Асықтарды шашамын. 5 оқушы шығып асық таңдап алады. Асықтағы нөмірі бойынша сұраққа жауап береді.
1.    Мәтін дегеніміз не?
2.    Сөйлем дегеніміз не?
3.    Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
4.    Мәтіннің түрлері және бөлімдері.
VI. Бағалау.
Өз-өздерін бағалау
Ракета- «5»
Ұшақ- «4»
Машина- «3»
VII. Үйге тапсырма.
184-жаттығу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше