Табиғатты күтейік

Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, ЖББ
А. Оразбаева атындағы негізгі мектебі, Бастауыш класс мұғалімі
Нигметова Тұрсын Сұлтанқызы

Сабақтың тақырыбы: Табиғатты күтейік
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: қоршаған ортаның біртұтастығы жайында оқушылар ұғымының қалыптасуына жағдай жасау.
Дамытушылығы: табиғатқа бақылау жүргізу негізінде оқушылардың логикалық ой-өрісін дамыту, өз ойларын толық жеткізе білуге жетелеу.
Тәрбиелілігі: табиғатты сүюге, оны көзінің қарашығындай қорғауға тәрбиелеу
Әдісі: ой қозғау, топтастыру, сұрақ-жауап, жаңа ақпараттар технологиясы
Көрнекілігі: тақырып мазмұнына сәйкес бейнелі картиналар, слайд
Пәнаралық байланыс: ана тілі, география, бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Психологиялық дайындық
Ей, қазақтың ұланы,
Болғайсың дала қыраны.
Жер-суын қорғау бабаңның
Өлмейтін мәңгі ұраны.

Қызығушылықты ояту. Мына суреттерге назар аударайық
(балалар суреттерді атап айтады)

–    Балалар, осының бәрін бір сөзбен не деп атаймыз?
–    ТАБИҒАТ
–    Дұрыс.

Ендеше, бүгінгі сабағымыз табиғатты күту туралы болмақ.
ІІІ. Оқулықпен жұмыс. Мәтінмен таныстырамын

Қосымша материал:
1. Сен білесің бе? Үлкен құмырсқа илеуіндегі жирен орман құмырсқалары бір жаз ішінде 10 млн. Зиянды жәндіктерді жояды екен.
2. Ғалымдар бидайда 128,  қара бидайда 70, сұлыда 42 жәндіктің түрі тіршілік етіп, зиянын тигізетінін анықтады.

Сонымен, біз табиғатты қорғап, күтуіміз керек екен. Қалай күтеміз деп ойлайсыздар?

Ағаштарды сындырма!

Гүлдерді жұлма!

Табиғатты ластама!

–    Ендеше, балалар, табиғаттың бүлінуіне кім себеп болады?
–    әрине, адамдар
–    Біз табиғат аясында өзімізді қалай ұстауымыз керек?
–    Қоршаған табиғатқа үлкен қамқорлықпен қарауымыз керек
–    Табиғат ережелерін қатаң сақтауымыз керек.

ІҮ. Дәптермен жұмыс.

Ойымызды қорыта келіп, мына өлең жолдарын дәптерімізге жазалық.

Таза болса табиғат,
Аман болар адамзат.

Ү. Үйге тапсырма.
Мәтінді оқу, эссе жазу «Мен табиғатты сүйемін»

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше