Бастауыш сынып

Абай. Жазғытұры. І. Жансүгіров. Жазғытұрым

Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, ЖББ
А. Оразбаева атындағы негізгі мектебі, Бастауыш класс мұғалімі
Нигметова Тұрсын Сұлтанқызы

Сабақтың тақырыбы: Абай. Жазғытұры. І. Жансүгіров. Жазғытұрым
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі: Оқушылардың көмек ерекшеліктері туралы түсініктерін қалыптастыру, көктем туралы білімдерін одан әрі толықтыру.
2. Дамытушылығы: Сөздік қорын, тіл байлығын, есте сақтауын дамыту.
3. Тәрбиелігі: Табиғатты сүюге оны қорғап аялауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жазғытұры бейнесі, суреттер
Техникалық құрал:  Электрондық оқулық.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, топтастыру, ой-қозғау.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, дүниетану, қазақ тілімен.

Типі: жаңа білімді меңгеру

Түрі: аралас сабақ, шығармашылық.

Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Жақсы тілектер айту.
2. Үй тапсырмасын тексеру
Бөлімді қайталау, сұрақ-жауап
1. Ы.Алтынсарин қандай өлеңімен таныстың? (Өзен)
2. «Қайрымдылық» әңгімесінде не туралы айтылған? (Күшік)
3. «… Қасқырлар ауыздарын арандай ашып, киіктерге тап берісті. Дүр етіп үріккен киіктер қызыл бұйратқа беттеп, жосып жөнелді. Бір ақсақ теке олардан дараландап, судың шығыс жағына қарай бөліне қашты…»
Үзінді қай мәтіннен алынған?
Мәтінде не туралы айтылады?
( «Киіктің айласы»киік)
4.- «кел!»
— «Күнбезіме шық!»
— « Көкке төбеңді тигізейін!»
—  « Күнге бетіңнен сүйгізейін!» — тіркестері қай мәтіннен алынған? Не туралы? ( «Көкшенің көрнісі», Көкше)
5. …Сұлудай торғын киген бұлт жамылып, Арқаға әлденеше қарады (Алтай)
— Қай сөз аталмай тұр?
6. Қыраным-ай! Сен бұл күйге қалай ұшырадың?-деді үзіндідегі «қыраным-ай» сөзін қай сөзбен алмастыруға болады? (бүркіт)
7. «Қамқорлық» мәтінінде не туралы айтылған? (балапан торғай)
8.- «Ата, ата, мынау ненің мүйізі?» деген Қошанның сұрағына атасы не деп жауап берді?
(«Арқардың мүйізі»)
Әрбір сұрақтын жауабы тақтаға жаздыру
Бәрін хормен не жеке оқушыға оқыту арқылы ой қозғау.
Осы сөздерді оқи отырып, көз алдымызға нені елестетуге болады (табиғат)
Мұғалімнің табиғат туралы қорытынды – кіріспе әңгімесі.
Табиғаттағы өзгерістер, жыл мезгілдерінің ауысуы туралы әңгіме.

3. жаңа сабақ
а) Абай «Жазғытұры»
ә) Ілияс Жансүгіров «Жазғытұрым»

1. Авторлар туралы түсінік беру

Шын атты
Ибраһим
Әжесі Зерде                                Туған жері Семей
облысы
Ұлы
ақын                        Абай                Әкесі Құнанбай

1845 жылы                                    Шешесі Ұлжан
дүниеге келген

1904 жылы
дүниеден кетті

Өлендері
Жаз                                        Жазғытұры

Күз                    Қыс

Қазақтың аса
көрнекті ақыны

1894 жылы дүниеге                    Ілияс                1938 жылы жала
келген        жабылып, жазықсыз
мерт болды

Алматы облысы, Ақсу
ауданы

2. Өлең тақрыптарының мағнасын ашу
3. Абайдың табиғат лирикасы оқушылардан білетін өлендерін сұрау:
«Жаз»,            «Күз»,              «Қыс»
4. Өлеңді мәнерлеп оқып беру, мазмұнын түсіндіру, оқушыларға іштей оқыту.
5. Сұрақтарға жауап беру (оқушылар)

Масатыдай құлпырар жердің жүзі

Масатыдай

Жанға жайлы             Құлпыраған            Көңілге жағымды

6. Ен туралы шағын мәтінді оқыту, түсіндіру.
(болса, құлаққа салынған еннің суретін көрсету)

а) тілік ен        ә) жүрекше ен    б) қиықша ен        в) ойық ен           г) сырға ен

Ендерді қазақы ырыммен байланыстыру.
7. «Жазғытұрым» өлеңін мәнерлеп оқып беру, мазмұнын ашу.
8. Оқушыларға іштей оқыту
9. Сұрақтарға жауап беру:
а) Көктем шықты (1-шумақ)
ә) Ауыл жайлауға көшті (2-шумақ)
10. Екі өленді салыстыру.

Жазғы тұры                        Жазғытұрым

Қар еріп біткен,                        Жылғаулардан
Жерге көк шыққан,            Жыл            Су ақты, қаз
Күн шуағы төккен            мезгілі            келді, жер қарайды
Мал төлдеген                            жаз келді, ауыл
Гүл мен ағаш                            жауылуға көшті
бүр жарған                            құс ұя салды
егін салды

11. Мақалмен жұмыс.
Сәуір болмай, тәуір болмас.
5 жолды өлең құрастыру.
көктемде
жеткенде
аламыз
саламыз
қаламыз

Қорытынды: суреттер бойынша.
Балалар көктемнің бір көрінісін бейнелейді.

Үйге тапсырма. Өлендерді жаттау

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.