Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, ЖББ
А. Оразбаева атындағы негізгі мектебі, Бастауыш класс мұғалімі
Нигметова Тұрсын Сұлтанқызы
Мақсаты: Оқушыларға биылғы жыл Тәуелсіздіктің 20 жылдығы екендігін түсіндіру. Егеменді еліміздің жетістігі туралы таныстыру. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан ұл-қыздардың ерліктері жайлы түсініктер беру. Өз отанына, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Өз ана тілін, әдеп-ғұрыпын, салт дәстүрін сақтауды оқушылардың бойына дарыту.
Көрнекілігі: Ел рәміздерінің суреттері, слайд, буклет.
ЖОСПАРЫ.
1. Ұйым бөлімі.
2. Әнұран орындалады.
Бүгінгі күнгі алғашқы тәрбие сағатымыз Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналады.
Ендеше біз алдымен дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі Желтоқсанға қатысқан жастар жайлы әнгімелемекпіз. Балалар, 1986 жылы 17 желтоқсанда Брежнив атындағы алаңға жастар және студенттер не үшін жиналып еді?
— Үкімет басына Колбинның келуіне байланысты; Өз тәуелсіздігін алу үшін.
— Колбинге неге қарсы шықты?
— Қазақстанда қазақ мектептері мен бала бақшаклары азая бастады қазақтар өз ана тілін де ұмыта бастады.
— Колбин қайдан келген?
— Колбин Ресейден келген .
— Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіндер?
— Ол өз алдына дербес, еркін мемлекет, ешкімге тәуелді, бағынышты болмау.
1986 ж. 17 желтоқсанда Алматы қаласында мындаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар «Қазақ еліне өз көсемі сайлансын!» деген тілек білдірді. Бұл оқиға ата-баба қанының ашулы бұрқанысы.
Буклетпен жұмыс
Қайрат Ләззат Ербол
Рысқұлбеков Асанова Сыпатаев
Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінін тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.
Қазақстан республикасы Призидентінің «Қазақстандағы 1986 жылдың
17 – 18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылған азаматтарды ақтау туралы» Жарлығының негізінде Желтоқсан көтерілісіне қатысып, сотталған азаматтар 1991 жылдың 12 желтоқсаннан бастап айыпталған заң баптары бойынша ақталды.
Тәуелсіздік деген — әр халықтың, әр мемлекеттің ең зор бақыты мен асыл арманы.
Тәуелсіздік деген – қазақтын қолындағы жолбастар, жолын ашар шамшырағы.Қазақтын болашағы мен қуанышы. Барлығыда осы тәуелсіздік пен елдікте жатыр.
1991 жылы 16 желтоқсанда мемлекеттің тәуелсіздігі жарияланды.
СЛАЙД КӨРСЕТІЛЕДІ.
(Тәуелсіздік жылдары)
Бүгінгі танда Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет. Біздін өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар.
Егеменді Қазақстан деп аталамыз. Сендер отанымыздың болашақ ұрпағысындар. Жақсы оқып, тәртіпті болып, өз елінді, жерінді көркейтіп, Қазақстанның намысын қорғайтын, келешегі, тірегі атанындар.
Желтоқсан жалауы.
Желтоқсанның ызғарына қарамай,
Бас алаңда жастар жүрді тарамай.
Кеуделерін намыс оты кернеді,
Азаттықты қолдарына алалмай.
Қалың әскер қаумалады жаналай,
Тыныштықтың шырқын бұзды танадай.
Кінәсі жоқ жастарменен санаспай,
Ұрып – соқты түгел бәрін аямай,
Тәуелсіздік енді көптің қалауы,
Желтоқсанның жалындады алауы.
Ағалар мен апалардың ерлігі,
Еркіндіктің желбіреген жалауы.
Тәуелсіздік
Мен қазақпын, қиындықты көп көрген,
Бастан талай зобаланды өткерген.
Барша жұртқа қонақжайлық танытып,
Ілік іздеп көрмегенім жоқ жерден.
Сондықтан да көтерінкі көңілім,
Гүлге орнап құлпырады өңірім.
Елін сүйер ерлеріміз көп болып,
Тәуелсіздік ұзақ болсын өмірің.
Қазақстаным
Биік болсын шаңырағын күмбезді,
Дарытпасын Алла саған тіл-көзді.
Қазақстан — азат елім, айбынды,
Татулықтын тасын өрге жүргізді.
Береке мен бірлік болған ұраның,
Мен осындай азат елде тұрамын.
Бақыттымын деп санаймын өзімді,
Арналады азат елге жыр — әнім.
Осы тақпақтармен тәрбие сағаты аяқталды.