Без рубрики

Физика

Байқоныр қаласы

Ю.А. Гагарин атындағы орта жалпы

білім беретін №8  мектеп

Физика пәні мұғалімі

Ибайдуллаева Орынкүл

 

Сабақтың тақырыбы  Табиғаттағы жылулық құбылыстар

Сабақтың мақсаты

Білімділік.Оқушыларды  табиғаттағы жылулық құбылыстардың мағынасын аша білуге үйрету. «Ішкі энергия», «Жылусыйымдылық», «Жылу мөлшері» тақырыптары бойынша білімдерін пысықтап, практикалық шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік Оқушыларды  достыққа, ынтымақтастыққа, татулыққа тәрбиелей отырып, тапқырлыққа баулу.

Дамытушылық Оқушылардың ойлау  қабілетін дамыту, олардың пәнге деген ынтасын арттыру.

Сабақтың түрі жарыс сабақ.

Құралдар Термометр, қағаздан жасалған қорапша, термос, спиртшам, жіп, темір және шыны таяқша, мензурка, киіз, мата, таразы, суы бар ыдыс,калориметр, сіріңке, жылу қабылдағыш, рычаг, манометр.

Демонстрация

1.Суды қағаз қорабында қайнату

2.Жіппен жасалатын тәжірибе

3.Жылу қабылдағышпен жасалған тәжірибе.

Сабақтың барысы  1. Ұйымдастыру кезеңі 2-мин.

Қымбатты балалар!  Бүгін біз сендермен «Табиғаттағы жылулық құбылыстар» атты пысықтау сабағын өткіземіз. Бүгін сабақта сендердің «Ішкі энергия», «Жылусыйымдылық», «Жылу мөлшері» тақырыптары бойынша алған білімдеріңді күнделікті өмірде қалай қолдана алатындықтарыңа көмектесеміз.

Әділ қазылар алқасы

1.Әділ қазылар алқасының төрағасы;

  1. Теоретик  физик;
  2. Экспериментатор

Жарысуға 2 топ сайланады. Әр топта 6 ойыншыдан, қалғандары өзі қалаған топтың жанкүйерлері болады. Жарыста сендердің білімдерің, іскерліктерің, жылдамдықтарың, ептіліктерің, шеберліктерің сыналады.Іске сәт, жас достар!

I-сайыс. «Сәлемдесу» Әр топ өзін таныстырып қарсылас топқа сәлемдеме жолдайды. Өздерінің аттары, эмблемалары, ұрандарымен таныстырады.

 II-сайыс. «Ептілер мен білгірлер» үшін  немесе «Алдар Көсе  бізде қонақта»

1. Бір күні аты әлемге әйгілі Алдар Көсе Шықбермес Шығайбайдың үйіне қонаққа келеді. Олар келгенде бұл үйдегі апай сыртта бауырсақ пісіріп жатады.  Алдар Көсе  әңгіме айтып көп отырып қалады, бай оны шайға шақырады. Шайға байдың қызы Бикеш темірден өріліп жасалған ыдысқа бауырсақты салып әкеліп, дастарханға қойып жатып былай дейді:

  • Бауырсақты ыстық кезінде жеген дәмді, сондықтан бауырсақ тез суып қалмас үшін мына темірден өріліп жасалған ыдысқа әдейі салып әкелдім.

Сонда көп білетін Алдар былай дейді:

  • Жоқ қателесесіз: одан да бауырсақты ағаштан жасалған ыдысқа салған дұрыс.

Сұрақ: Алдардың берген кеңесі дұрыс па?

Жауабы: Дұрыс. Ағаштан жасалған ыдыста бауырсақ баяу суиды, өйткені ағаштың жылу өткізгіштігі металл, темірден аз.

2. Алдар шайға қанып алып, орнынан тұрып кетуге ыңғайланады.Үй иесі есікті ашқаны сол еді, үйге бір мысық кірді. Алдардың көзі үйге кірген мысыққа түсті, мысыққа қарап тұрып:

-Құлақшынымды кие шығайын, далада күн суық екен,- деді.

Сұрақ:Далада күннің суық екенін Алдар қайдан білді?

Жауабы: Үйге кірген мысықтың жүніне қарап біледі.  Күн суықта мысықтың жүні үрпиіп, торсия түседі, өйткені ол өзінің жүндерінің арасында көбірек ауа болатындай етіп жүнін үрпитеді, ал ауа жылуды нашар өткізетіндіктен, мысық осы күйінде далада ұзақ бола алады.

3. Алдар Көсе тағыда Шықбермес Шығайбайдың үйіне қонаққа келеді. Алдардан оңайлықпен құтылмайтынын білген бай бәйбішесіне шай әкелуін бұйырады. Дастарханға шай да келеді.Бай мен Алдар көсе әңгімелесіп отырып шайға көшеді. Бәйбіше екеуіне де ыстық шай ұсынады. Бай әңгімелесіп отыра береді де, Алдар алдына келген шайға бірден бір ас қасық шекер салып, әңгімесін жалғастыра береді. Бай Алдардың аузына қарап, біраз уақыт өткеннен кейін ғана ыдысқа шекер салады.

Сұрақ: Сонда қайсысының шайы тез суиды: байдың ба, әлде Алдардың ба?

Жауабы: Алдардың шайы тез суиды, өйткені шекерді ыстық шайға бірден салса, шайдың температурасы  бірден төмендейді.Ал  шайға шекерді кейінірек салса, шайдың температурасы ауаның температурасынан сәл ғана өзгеше болады да, шай баяу суиды.

4. Неге сай жерлерде бау — бақша өсірілмейді?

Бұны немен түсіндіруге болады?

  • Салқын ауа ауыр болғандықтан төменге, сайға жиналады да онда  көбіне үсік жүруі мүмкін.

5. Қыстыгүні қай үй жылы болады, ағаштан соғылғаны ма,әлде кірпіштен салынғаны ма? Неге?

  • Қыстыгүні ағаштан жасалған үй жылы болады, өйткені ағаштың жылу өткізгіштігі кірпіштікінен аз.

6. Термосты тоңазытқыш ретінде уақытша қолдануға бола ма?

  • Болады. Суық су ұзақ уақыт суымайды, өйткені ауасыз бос кеңістік, жылтыр қабат энергияның шағылып, сәуле шығару арқылы кедергі жасайды.

7. Желдеткіштен шыққан ауаның қатты ағыны суық болады.Осы ағында балмұздақты ерітпей сақтауға бола ма?

  • Болмайды.Өзін қоршап тұрған ауаның энергиясын бойына сіңіретіндіктен (жұтатындықтан)  балмұздақ ериді. Балмұздақ төңірегіндегі ауа  салқындайды: ал салқын ауа ауыр болғандықтан, ол төмен түседі, оның орнына жылы ауа келеді.Сөйтіп жылы ауа жоғары, салқын ауа төмен орын ауыстырып, конвекциялық ағын пайда болады. Неғұрлым конвекциялық ағын тез жүрсе, соғұрлым балмұздақ тез еритін болады, яғни ауаның алмасуы балмұздақтың еруін тездетеді. Сондықтан ауаның алмасуын тездетіп, желдеткіш балмұздақтың еруін тек қана жеңілдетеді.

8. Қыстыгүні қандай аяқ киімнен аяқ тез тоңады:кең аяқ киімнен бе,әлде тар аяқ киімнен бе? Неліктен?

  • Тар аяқ киімнен аяқ тез тоңады. Кең аяқ киімде ауа жылуды сыртқа нашар бөліп, суықты нашар өткізеді.

III- сайыс. «Формуласын дұрыс тап» «Жылу» шыршасын безендіру.

Мақсаты: Оқушыларды жылу құбылыстары тақырыбындағы негізгі физикалық шамалардың: ішкі энергиясын, жылу мөлшерін, меншікті жылу сыйымдылығын,  меншікті жану жылуының физикалық мағынасын аша білуге үйрету.

IV-сайыс. «Құралдар сайысы»

I-топ:                                                            II- топ:

Манометр                                                            Калориметр

Мензурка                                                            Термометр

Рычаг                                                                   Таразы

Жылу қабылдағыш                                             Термос

  1. Манометр- атмосфералық қысымнан кем немесе үлкен қысымды өлшейтін құрал. Сұйықтық манометр U тәріздес түтікше, ішіне сұйықтық құйылады. Сұйықтық деңгейінің  екі бағаны да бірдей, өйткені онда қысым бірдей.
  • Мензурка- сұйықтың, газдың, қатты денелердің көлемін өлшейтін құрал, өлшеуіш цилиндр.

  • Рычаг-өз-өзінен, өз осімен еркін айнала алатын дене, осьтен түсірілген күшке дейінгі арақашықтық күш иіні деп аталады. Күштен ұтыс алу үшін қолданылады, күштен неше есе ұтсақ, жолдан сонша есе ұтыламыз, бірақ бірде бір механизм жұмыстан ұтыс бермейді.

  • Жылу қабылдағыш- металл қорапша, ішінде ауа бар, бір жағы жылтыр ақ бет, екінші жағы қара бет, жылуды қабылдайды.

  • Калориметр- лабораториялық жұмыстарда қолданады, жылуды сақтайтын құрал, 2 ыдыстан  тұрады, бірі үлкен, кішісі үлкенінің ішіне салынады да, арасында бос кеңістік болады, онда ауа  бар.

    1. Термометр- дененің температурасын өлшейтін құрал.
    1. Таразы- дененің массасын өлшейтін құрал. Қосарланған 2 ыдыстан тұрады.

    2. Термос – жылуды  ұзақ сақтайтын  ыдыс.

    V-сайыс. Жанкүйерлер сайысы. «Физикалық жұмбақтар»

    1. Өзі затты құрайды,

    Теңесуге таразыны сұрайды.

    (Масса)

    1. Тіршіліктің қамы үшін,

    Жоқшылықты түзейді.

    Егер іскер жан үшін,

    Жоқшылықты тежейді

    (Жұмыс)

    1. Жоғалмайды ешқашан,

    Түрлендірсең егерде.

    Басқа күйге ауысса,

    Жұмыс істейді әрқашан

    (Энергия)

    4.Қозғалысқа келтіріп,

    Жылдамдығын береді.

    Өлшемдерін қарасаң,

    Ньютонға ол келеді.

    (Күш)

    5.Үстінде шөлдің,

    Шалқыған көлмін.

    (Сағым)

    1. Аспандағы алып доп,

    Жарқырайды жарық боп.

    (Күн)

    VI-сайыс. «Физиктер сайысы» төрелігін айтыңыз.

    Факт: Егер қыстыгүні ағаш есіктің темір тұтқасын ұстаса, есіктің темір тұтқасы ағаштан суығырақ болып көрінеді.

    1-физик: Адам қолын есіктің темір тұтқасына тигізгенде, оның температурасын шамамен анықтай алады. Егер есіктің темір тұтқасы ағаштан гөрі мұздай болып көрінсе, онда темір тұтқаның температурасы ағаштың температурасынан төмен болғаны.

    2-физик: Менің досымның айтқаны дұрыс па, білмеймін. Меніңше температурасын өлшеу керек. Мүмкін темір тұтқаның температурасы шынымен-ақ ағаш тұтқаның температурасынан кем шығар. Онда менің алдыңғы айтқан доысымның жауабы дұрыс болады.

    3-физик: Ал мен, достарым басқаша ойлаймын. Менің ойымызша біз қолымызбен темір тұтқаны ұстағанда, жылу біздің денемізден темір тұтқаның бойына тез таралады, сондықтан темір тұтқа бізге сукығырақ болып көрінеді. Ал ағашты ұстағанда да біздің денемізден жылу ағаш тұтқаға да өтеді, бірақ бұл жылу берілу өте баяу жүреді, өйткені ағаш жылу өткізгіштері темірдікінен нашар.

    Ал шын мәнінде, егер темір тұтқа мен ағаш бір-біріне жақын тұрса, темір ағаштың температуралары бірдей болады.

    VII-сайыс. «Физика мақал-мәтелдерде» Қазақтың мақал-мәтелдерінің мағынасын ашу.

    1. Отты үрлеген жағады.

    Шындықты іздеген табады.

    • Отты үрлеген кезде, отқа жаңа таза ауа келеді, от жақсы жанады. Өтірік айтпау керек. Әр уақытта шыншыл, әділ болу керек, әр уақытта шындық жеңеді, шындықты қажымай іздеу керек.
    1. Теректің жануында мін жоқ.

    Бірақ жылуында мән жоқ

    • Терек жақсы жанады, оның меншікті жану жылуы аз болғандықтан тез жанып кетедіде, жылуды аз береді.
    1. Азықсыз адам алысқа бармайды.
    • Адам әр уақытта энергияны астан алады, егер тамақтанбаса, адамның әл-ауқаты да болмайды, сондықтан күнделікті дұрыс тамақтану қажет.
    1. Тонның жылуы терісінен емес-жүнінен.
    • Тонды әдетте қойдың, түйенің терісінен илейді, ал жүннің арасында ауа болады. Ауаның жылу өткізгіштігі  нашар, сондықтан тон адамның жылуын сыртқа, ал сыртқы суықты адам денесіне нашар өткізеді.
    1. Нан піскенше күлше күйеді.
    • Неғұрлым қыздырылған дененің массасы аз болса, оған соғұрлым аз жылу керек. Таба нан салғанда, нан жұқа болса, әрі кіші болса, ол күйіп кетпеу үшін отты аз қалау керек.
    1. Түндіксіз үйден түтін түзу шықпайды.
    • Ертеде біздің ата-бабаларымыз көшіп-қонып жүргенде, киіз үйлерде тұрған, киіз үйдің төбесінде уығы болған, оны киізбен жапқан. Күндіз киізді ашып, жоғары жақтан салқын, таза ауа кіргізгенде, оны түндік деп атаған.

    VIII-сайыс. «Кім жүйрік»

    I-топқа:

    1. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі…                                   Джоуль
  • Отын жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерін  есептеуге арналған формула…                                                                                                       Q = mq

  • Термометр нені өлшейтін құрал…                                    температура

  • Меншікті жылу сыйымдылығының өлшем бірлігі…       Дж/кг*0 С

  • 1 килоджоульде неше джоуль бар…                                 1000 Дж

  • Дененің массасы неғұрлым көп болса, оны қыздыруға кететін жылу мөлшері соғұрлым…                                                                                    көп болады

  • Энергияның газдың немесе сұйықтың ағыны арқылы тасымалдануы…

  • конвекция

    1. Ішкі энергияны өткізудің тәсілдері…                жұмыс істеу, жылу берілу
  • Денелердің қозғалыс энергиясы…                                    кинетикалық

  • Күннен жылу жылу жылу берілудің қай тәсілімен беріледі…

  • сәуле шығару

    II-топқа:

    1. Массаның негізгі өлшем бірлігі…                                     килограмм
  • Жылу мөлшерінің формуласы…                                       Q = cm(t2 – t1)

  • Денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысы…   жылулық қозғалыс

  • Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу энергиясы…                                                                                   Ішкі энергия

  • Жұмыстың өлшем бірлігі…                                               Джоуль

  • Энергияның дененің көбірек қызған бөлігінен азырақ қызған бөлігіне қарай берілуі…                                                                               жылу өткізгіштік

  • Меншікті жану жылуының өлшем бірлігі…                     Дж/кг

  • Массаның формуласы…                                                    m = ρV

  • m = Q/c (t2 – t1)

    m = Q/q

    1. Жылуды ұзақ уақыт сақтайтын құрал…                           термос
  • Судың меншікті жылу сыймдылығы…                           4200Дж/кг*0С

  • Сабақтың қорытындысы: 2 топтың ұпайларын жинап, жеңіске жеткен топты анықтау. Оқушылардың білімін бағалау.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Күні 26.02.2013ж

    Класс 10 «А,Б,В»

    Орны 210 каб.

    Уақыты 1500

    Сабақтың тақырыбы  Табиғаттағы жылулық құбылыстар

    Сабақтың мақсаты

    Білімділік.Оқушыларды  табиғаттағы жылулық құбылыстардың мағынасын аша білуге үйрету. «Ішкі энергия», «Жылусыйымдылық», «Жылу мөлшері» тақырыптары бойынша білімдерін пысықтап, практикалық шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыру.

    Тәрбиелік Оқушыларды  достыққа, ынтымақтастыққа, татулыққа тәрбиелей отырып, тапқырлыққа баулу.

    Дамытушылық Оқушылардың ойлау  қабілетін дамыту, олардың пәнге деген ынтасын арттыру.

    Сабақтың түрі жарыс сабақ.

    Көрнекілігі Термометр, қағаздан жасалған қорапша, термос, спиртшам, жіп, темір және шыны таяқша, мензурка, киіз, мата, таразы, суы бар ыдыс,калориметр, сіріңке, жылу қабылдағыш, рычаг, манометр.

    Сабақтың барысы

    1.Ұйымдастыру 1-2 мин

    2.Сәлемдесу

    1. «Ептілер мен білгірлер», «Алдар Көсе бізде қонақта»

    2. «Формуласын дұрыс тап»

    3. «Құралдар сайысы»

    4. «Физикалық жұмбақтар»

    5. «Физиктер сайысы»

    6. «Физика мақал- мәтелдерде»

    7. «Кім жүйрік»

    8. Қорытындылау.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.