"Жаңа білім - Жаңа ғасыр" Республикалық конкурс

Конкурс туралы түсіндірмелік ақпарат

Құрметті Ұстаздар. Өткен оқу жылында Республика бойынша өткізілген семинар оқулардың қорытындысы  «Жаңа білім Жаңа ғасыр» республикалық сайыс конкурсына ұласып отыр. Конкурстың ұйымдастыру жұмыстары екі бөлім бойынша жасалады.

  1. Алғашқы таныстырылым сайыс конкурсы.
  2. Республикалық конкурстың іріктеу сайыстары және қорытындысы

1. Алғашқы таныстырылым сайыс конкурсына сайтта тіркелу басталды және қазыр қатысушыларды іріктеу және материалдарды әзірлеу жүргізіліп жатыр. Конкурсқа тікелей және қашықтан қатысуға болады.

Таныстырылым сайысқа қатысатындар бес номинация бойынша шығармашылық жоба әзірлейді. Жобаларын презентация түрінде, видеоролик түрінде, өнер көрсету т. б кез-келген шығармашылық бағытта көрсетуге болады. Шығармашылыққа шектеу қойылмайды.

Таныстырылым конкурстың нәтижесі сайыс өткізілген күні шығарылады.

Номинациялар:

  1. Топты таныстыру. «Өзіңді таныстыр, өзгені таны»
  2. Оқушы шығармашылығы. «Арманы асқақ оқушы»
  3. Ұстаз шығармашылығы. «Мектептегі бір мезет»
  4. Ата-ана шығармашылығы. «Отбасылық тәрбие»
  5. Өскен өңір таныстырылымы. «Өнегелі мекенім»

Ескерту: Конкурсқа жеке қатысушылар да, топпен қатысушылар да барлығы осы бес номинация бойынша әзірленуі керек. Бес номинация бойынша арқайсысына жеке жүлделі орындар бар.

Қашықтан қатысушылар осы бес номинация бойынша материалдарын әзірлеп ұйымдастырушыларға жеткізуі керек. Ұйымдастырушылар тарапынан конкурс кезінде көрсетіледі.

2. Екінші бөлім бойынша жұмыстар және конкурстың іріктеу туры қыркүйек айынан басталады. Барлық облыстар бойынша әр облыстағы жауапты тілшілер арқылы жүргізіледі. Қараша айынан бастап облыстарда іріктеу турлары өткізіліп бастайды. Қорытындысы мамыр маусым айында өткізіледі.

Конкурс туралы түсіндірмелік ақпарат: 2 комментария

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.