МЫҢЖАСАРОВА СВЕТЛАНА КЕНБАЙҚЫЗЫ
Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: §10. Операциялық жүйелер топтамасы.
Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушыларды операциялық жүйелердің түрлерімен таныстыру және оларды салыстыру;
дамытушылық: операциялық жүйелерді автоматты жүктеу дағдысын қалыптастыру, танымдық ойлау қабілетін дамыту;
тәрбиелік: жаңашылдыққа,ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: түсіндірмелі – пікірталас.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, ВЕНН диаграммасы.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: оқулық, ДК, слайдтар, тест.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық даярлық.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа материалдды түсіндіру (слайдтар арқылы).
Операциялық жүйелер топтамасы
Операциялық жүйе компьютердің аппаратық құралдарын пайдаланушының қолданбалы программаларынан ажыратылады. Пайдаланушы мен оның программасы компьютермен операциялық жүйенің интерфейсі арқылы байланысады.
Компьютердің жұмыс істеуі үшін қатқыл дискіде операциялық жүйе орнатылуы тиіс. Компьютер қосылғанда ол диск жадынан оқылып, ОЗУ-да орын алады. Бұл процесс операциялық жүйені жүктеу деп аталады.
Операциялық жүйелер компьютер ресурстарын басқару алгоритмі және оның қолданылу аймағы арқылы ерекшеленеді.
Сонымен басқару алгоритмі бойынша операциялық жүйелер мынадай топтарға бөлінеді:
- біртапсырмалы және көптапсырмалы;
- бірпайдаланушы және көппайдаланушы;
- бірпроцессорлық және көппроцессорлық жүйелер;
- Жергілікті және желілік.
Орындалатын есептер санына байланысты операциялық жүйелер мынадай екі топқа бөлінеді:
- біртапсырмалы (MS DOS);
- көптапсырмалы (Unix, Windows).
Көптапсырмалы операциялық жүйелер қолданылу аймағына қарай үш түрге бөлінеді:
- жинақтық өңдеу жүйесі (ОЖ ЕЖ);
- уақыт бөлу жүйесі (Unix, Linux, Windows);
- шынайы уақыт жүйесі (RT11).
Жинақтық өңдеу жүйесі тез нәтиже алу міндетті емес есептерді шешуге арналған жүйе. Негізгімақсаты – максимал өткізушілік қабілеттілігі немесе бірлік уақытта есептердің максимал санын шешу. Бұл жүйе көлемді ақпараттарды өңдеуде жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді, бірақ пайдаланушы жұмысының интерактивті режімдегі тиімділігін төмендетеді.
Уақытты бөлу жүйесінде әрбір есепке қандай да бір уақыт белгіленеді және ешқандай есеп процессорда ұзақ шешілмейді. Егер бұл уақыт аралығының минимал түрі таңдалса, онда бірнеше есептерді бірден орындауға болады. Бұл жүйелер төменгі өткізгіштік қасиетке ие, бірақ пайдаланушы интерактивті режімдегі жұмысының тиімділігін жоғарылатады.
Шынайы уақыт жүйесі технологиялық процесті басқару немесе техникалық объектілер, мысалы, ұшқыш объектілерін, т.б. реттеуде қолданылады.
Компьютер топтамасының негізгі ерекшелігі – оның жергілікті және желілік болып бөлінуі.
Жергілікті операциялық жүйелер автономдық ДК немесе компьютерлік желілерде тұтынушы қызметіндегі ДК пайдаланылады.
Желілік операциялық жүйелер ДК ресурстарын басқаруда қолданылады. Олар ақпараттар аймағына рұқсатсыз еніп, пайдалануды шектейді.
4. Тест тапсырмалары
1. Операциялық жүйе дегеніміз не?
а) мәліметтер қорын басқаруды қамтитын программа;
ә) вирусқа қарсы программа;
б) компьютер жұмысын басқарушы программа;
в) программалау жүйесі;
г) қосымша программа.
2. Windows графикалық интерфейсінің иерархиялық жүйесіндегі жоғарғы сатысы не?
а) жұмыс үстелі;
ә) дискінің түбір каталогы;
б) менің компьютерім;
в) желілік қоршау;
г) менің құжаттарым.
3. Драйвер дегеніміз не?
а) компьютер құрылғысы;
ә) компьютер жұмысын қамтамасыз етуші программа;
б) вирус;
в) вирусқа қарсы программа;
г) интерфейс.
4. Жүктейтін диск не үшін қажет?
а) операциялық жүйені жүктеу;
ә) мұрағаттық файлдарды сақтау;
б) файлдарды жүйелеу;
в) компьютерді вирустардан тазалау;
г) мәліметтер базасын басқару.
5. Операциялық жүйені жүктеу кезіндегі процесті көрсетіңіздер.
а) операциялық жүйедегі файлдарды иілгіш дискіден қатқыл дискіге көшіру;
ә) операциялық жүйедегі файлдарды CD-ROM-нан қатқыл дискіге көшіру;
б) операциялық жүйедегі файлдарды жедел жадқа жүктеу;
в) жедел жадтағы мазмұнды DVD қатқыл дискіге көшіру;
г) жедел жадтағы мазмұнды CD-ROM-ға көшіру.
6. Компьютердің программалық басқару жұмысының принципі не?
а) компьютердегі мәліметтерді екілік кодалау;
ә) компьютерді басқару кезінде адам қызметінің ақпараттарын модельдеу;
б) аппараттық құралдардың жұмысына қажетті операциялық жүйелерді қолдану мүмкіндігі;
в) бұйрықтар жиынын сыртқы әсерсіз орындау;
г) компьютерде бұйрықтарды іске асыру үшін есептеу формулаларын қолдану.
7. ЭЕМ құрылғыларына қызмет ететін программаларды көрсетіңіздер.
а) жүктеушілер;
ә) драйверлер;
б) хабарлағыштар;
в) комптляторлар;
г) интерпретаторлар.
8. Операциялық жүйелер ненің құрамына кіреді?
а) қолданбалы программалық құралдар;
ә) жүйелік программалық құралдар;
б) мәліметтер базасын басқару жүйесі;
в) программалау жүйесі;
г) ерекше программалық құралдар.
9. Интерпретатор дегеніміз не?
а) пайдаланушының ДК-мен байланысы нәтижесінде әрбір пайдаланушының сұрауына сәйкес жауап береді;
ә) программа бұйрығының орындалуын қамтамасыз ететін жоғары деңгейлі тілдегі хабарлаушы;
б) программаның бастапқы мәтінін объектілік кодалайтын жоғары деңгейлі тілдегі хабарлаушы;
в) енгізілетін мәліметтерге арифметикалық және логикалық амалдар қолданатын ДК-дің құрылғысы;
г) программалау тіліндегі өрнектер.
10. Бірнеше бірфункционалды программалар байланысын енгізуші программалық жинақтаушы дегеніміз не?
а) интеллектуалды жүйе;
ә) интерфейс;
б) интегрирленген жүйе;
в) интерпретатор;
г) операциялық жүйе.
5. Сабақты бекіту. ВЕНН диаграммасы.
Жинақтық өңдеу жүйесі |
Уақыт бөлу жүйесі |
Шынайы уақыт жүйесі |
|
|
|
Ортақ қасиеті |
6. Үйге тапсырма. §10. Операциялық жүйелер топтамасы.
7. Бағалау.