Без рубрики

Хандық биліктің жойылуы

Алматы облысы. Талдықорған қаласы

Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы

Тарих пәнінің мұғалімі Мендиярова Айман Ықсанқызы

Сабақтың тақырыбы: Хандық биліктің жойылуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Хандық биліктің жойылуы туралы түсінік беру.1822 жылғы Сібір қазақтары туралы Жарғының нәтижесіндегі өзгерістердің мәнін түсіндіру;

Дамытушылық:Қосымша материалдарды,әдебиеттерді пайдалана отырып,оқушылардың ой-өрісін дамыту;

Тәрбиелік:Елді ,жерді ,Отанды қастерлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «ХІХғ.1-жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы»картасы,тірек –сызбалар; қосымша материалдар,т.б.

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақтың  әдісі:Топпен жұмыс,  өзара оқыту,тірек сызбасын қолдану.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеп,оқушылардың зейінін  сабаққа аудару.Оқу құралдарының ұқыпты орналасуын қадағалау.

Жаңа сабақты меңгерту.

Жаңа сабақтың тақырыбымен ,мақсаты және жаңа сабақтың жүргізілу жоспарымен таныстыру.

1.Слайдпен жұмыс.

Хандық биліктің жойылуының алғышарттары.

ХІХғ. –жартысында Қазақстанның шаруашылық,саяси және қоғамдық дамуындағы өзегерістердің тереңдей түскенін,өлкеде өндіргіш күштердің әрқилы және қоғамдық өмірдегі жаңа бағыттардың қалыптаса бастағанын  түсіндіру.

Өзара оқыту сабағы.Жұптық жұмыс «Мұғалім-оқушы» ойыны.

Тапсырма: Мәтінді оқып танысу,түсініп меңгеру негізгі ұғымды айқындау.

Жұптық тапсырма беріледі.Оқушы өз түсінігін,меңгергенін,дәптердегі орындаған тапсырмасын серігіне айтып береді, «мұғалім»рөлінде болады;ал «оқушы»оны орындайды,тыңдайды.Ал содан кейін «оқушы»өз меңгергенін тірек-сызба арқылы түсіндіреді, «мұғалім »рөлінде болады;ал «оқушы» оны тыңдайды.

2.Слайдпен жұмыс.

«Сібір қазақтарының жарғысы» бойынша  слайдта  берілген сызбалар бойынша  оқушылар топпен жұмыс жасай отырып сұрақтарды бір-біріне қояды.

Кіші жүздегі реформа барысы .Хандық  билікті сақтап қалуға  кіші жүз сұлтаны Арынғазы Әбілғазыұлы талпынғанын айту.1822 жылы Орынбор губернаторы П.К. Эссен дайындаған Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі Жарғыда Кіші жүз жерінде үш хан тағайындау жоспарланады,бірақ  ол жүзеге аспады.Жарғының да бекітілмеуі осыған байланысты болды.1824 жылы Орынбор губернаторы Кіші жүз ханы Шерғазыны Орынбор қаласына шақырып, Шекаралық комиссияға лауазымды шенеуніктік қызметке тағайындады.Кіші  жүздегі хандық билік осылай жойылды.Тек Еділ мен Жайық арасындағы Бөкей хандығы 1801жылғы құрылған 1845 жылға дейін сақталды.

Сабақты бекіту:

Слайдпен жұмыс.Қорытындылау 1822 «Жарғы»Қазақстанның әлеуметтік-эконмикалық дамуына үлкен ықпалетті.Реформаның өлке тарихындағы орны екі тұрғыда бағаланды:

-Қазақстанды басқаруды жеңілдетіп,рулық қырқыстарға біршама тыйым салды,бай өлкені басқаруға алғышарт жасады;

-Патшалы Ресейдің отаршыл саясатын кеңейте түсті.

Оқушылардың білімін бағалау.

Үйге тапсырма:

Осы тақырыпқа байланысты қосымша әдебиеттерді оқу.Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.