Нукусова Бақытгүл Қуандыққызы
Информатика пәнінің II-санатты мұғалімі
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын селосы
Қ.Жұбанов атындағы орта мектебі
Пәні: Информатика
Класс: 8
Сабақтың тақырыбы: « Мәтіндік құжатты форматтау »
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға MICROSOFT WORD мәтіндік процессорын үйрете отырып, мәтін енгізу командаларын сауатты пайдалануға баулу, құжатты форматтау батырмаларын үйрету, дұрыс қолдануға баулу.
Дамытушылық:
Форматтау параметрлерін практикалық жұмыстарда сауатты пайдалануға үйрету. Компьютерлік білімдерін өмірде пайдалануға баулу.
Тәрбиелік:
Оқушылардың электрондық есептеуіш машинасын сауатты пайдалана отырып, жинақылыққа, ұқыптылыққа, топппен жұмыс істеу, дұрыс шешім қабылдау қасиеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Ойын элементтерін тиімді пайдалану.
Сабақта пайдаланылатын көрнекі құралдар мен қосымша материалдар:
Оқулық, интерактивті тақта, компьютер, тапсырмалар жинағы, «Информатика негіздері» журналы.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
І-гейм. « Бой сергіту » (үй тапсырмасын тексеру)
1. Редакциялау дегеніміз қандай әрекет ?
2. Backspace пернесінің қызметі ?
3. Delete пернесінің қызметі ?
ІІ-гейм. « Бас қатырғы пернелер » (форматтау командалары)
Мәтінді форматтау дегеніміз – мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою.
Көрінуін өзгерту
• Астын сызу
• Астын екі рет сызу
• Жоғары индекс
• Төменгі индекс
• Көлеңкемен
• Контур
• Көтерілген
• Батырылған
• Кіші бас әріппен
• Барлығы бас әріппен
• Жасырылған
ІІІ-гейм. « Көрме » (тапсырмалар орындау)
« Балдырғанның бал тілі » ойыны.
- Жималау, жаймалау, жабу батырмалары.
- Үш отау ауылдың шетінде орналасқан, олар сол ауылды басқарады.
- Бірінші отаудың есігін қақсаң, ауыл түгел оранып жатып алады.
- Екінші отаудың есігін қақсаң, жайылып қалпына келеді.
- Үшінші отаудың есігін қақсаң, есіктерін тіпті тас қылып жауып алады.
- Принтер құрылғысы.
- Оның үш түрі бар.
- Оның кейбіреулері инемен жұмыс істегенді ұнатады.
- Оның істеген жұмысының нәтижесін тек қағаздан ғана көруге болады.
ІV-гейм. « Топтастыру » ойыны.
V-гейм. « Ақпараттық диктант »
1. Мәтіндік редактор. (MICROSOFT WORD)
2. Экранда жоқ саймандар тақтасын орнату іс-әрекеті.
(Вид-панель инструментов)
3. Мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою. (Форматтау)
4. Түстер гаммасы. (Палитра)
5. Windows операциясын ойлап тапқан фирманың аты. (MICROSOFT)
Қорытынды.
Үйге тапсырма: 7.4-тақырып, 7.4-тапсырма, бақылау сұрақтары, 79 бет.