Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы
Ақай ауылы 99 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Кулмурзаева Газиза Касымовна
ТӨЛЕГЕН АЙБЕРГЕНОВТІҢ «АНА» ӨЛЕҢІ
Сабақтың мақсаты: білімділік — ақын өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беру, өлеңді оқыта отырып, идеялық мазмұнын ұғындыру;
тәрбиелік — өлең арқылы аналарын сүюге, құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу;
дамытушылық — өлеңді мәнерлеп оқып, талдау дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: білім мен іскерлік дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: «Сөзжұмбақ», сұрақ- жауап, топтастыру, бейнетаспа, үнтаспа, күй тыңдату, оқулықпен жұмыс, ойтолғау, сатылай кешенді талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасы. .( «Сөзжұмбақ» арқылы өткен тақырыптарды пысықтау).
А | д | ы | р | ||||||||||||
Б | а | й | т | а | с | ||||||||||
б | а | л | д | ы | р | ғ | а | н | |||||||
Т | ө | л | е | у | т | а | й | ||||||||
Қ | а | р | а | с | а | з | |||||||||
К | ү | р | г | е | й | т | а | с | |||||||
С | ү | л | е | й | м | е | н | о | в | ||||||
а | қ | п | а | н | |||||||||||
ж | о | л | б | а | р | ы | с | ||||||||
М | а | қ | а | т | а | е | в |
1.«Нұр» өлеңінің авторы.
2.«Қаздар қайтып барады» әңгімесінің кейіпкері.
3.Қадыр еңбек жолын бастаған журнал аты.
4.Байтас қарттың немересі.
5.Мұқағали туған ауыл.
6.«Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі жер атауы.
7.Семей полигонын жабуға үлес қосқан ақын.
8.Мұқағали туған ай аты.
9.«Махамбетке» өлеңінде ақынды неге теңейді?
10.«Аққулар ұйықтағанда» поэмасының авторы.
ІІІ. Жаңа сабақ. Интерактивті тақта арқылы Төлеген Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру.
1. Ақын боп өмір кешіру, оңай деймісің, қарағым,
Аузында болу бұл өзі, сыздаған барлық жараның.
Көкірегіңе құйып ап, әлемнің асқақ бар әнін.
Қосудың арпалысы бұл тоғыспас жолдар торабын.
Ақынның өлеңінің осы шумағын оқи отырып, сабағымыздың мақсатын айтып, ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы түсінік беру.
- Тірек сызба арқылы ақынның өмір жолына тоқталамыз.
Төлеген Айбергенов-асқақ үнді ақын, біртума талант.
Өмірдерек
- 1937 жылы 8- наурызда Қарақалпақ еліндегі Қоңырат деген жерде дүниеге келді.
-
1959 жылы Ташкенттегі Низами атындағы педагогикалық институттың қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітіріп, туған ауылында мұғалім болды.
-
Алғашқы өлеңдері «Жас дәурен» атты жинақта басылып шықты.
-
Қазақстан Жазушылар Одағында жұмыс істеді.
-
Кітап болып шыққан шығармалары:
«Арман сапары», «Өмірге саяхат», «Мен саған ғашық едім», «Аманат».
- 1974 жылы «Құмдағы мұнаралар» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді.(ақын қайтыс болғаннан кейін).
1967 жылы Төлеген Айбергенов өмірден өтті.
Жарық дүниенің отыз-ақ жыл сәулесін көрген ақын бізге отты жыр, өлмес өлең қалдырды.
- Ал, енді, балалар, Төлеген жайлы естеліктер не дейді?
Бейнетаспадан «Бәрі есімде» хабарынан ақын туралы естеліктерден үзінді көрсетіледі.
- Ақын аналарын сыйламайтындарға не балаларын тірі жетім етуге қарсы қуатты үн көтерді: «Нәзіктік атаулының жиынтығы- ананың алақаны, сондықтан ол- сәби үшін жылы ұя». Әлемде өзгермейтін үш-ақ зат бар: ол- ананың ақ сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі.
Ана, ана, ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді! Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөзде қаншама ұлы сезім жатыр десеңші!
А) «Ана» өлеңін үнтаспадан тыңдау, талдау. (Оқушылар пікірін тыңдай отырып, өлең мазмұнын, идеясын ашу).
Ә) Оқушыларға өлеңді тізбектей оқытып шығу арқылы ой толғау барысында:
-Ақынның анаға деген махаббатына қандай үн қосар едің? ( Осы кезде үнтаспадан Құрманғазының «Аман бол, шешем, аман бол» күйін тыңдай отырып, ойтолғау жазу).
ІҮ.Сабақты бекіту. «Ана» өлеңіне сатылай кешенді талдау.
Авторы
Аты
Өлеңнің тақырыбы
Өлеңнің идеясы
Шумақ
Тармақ
Бунақ
Буын
Ұйқас
Бейнелі сөздер
Ү. Сабақты қорытындылау.
— Ал, енді, балалар, әрқайсымыз өз аналарымызға деген шын ризашылығымызды білдірейік!
— Ана, мен саған ризамын, мені …
Ана – барлық адамның және бүкіл дүниенің символы. Ана көрегендігінің теңдесі жоқ. Ана мен баланың арасын тылсым күш жалғап тұрады. Баласының көңіліндегі мұң ана жүрегіне жетеді, олай болса анасын сыйламағандар қайтіп өмір сүреді?!.
Төлеген Айбергенов аз жасаған өмірінде ана махаббатын осылай жоғары ұстаған ақын.
ҮІ. Үйге тапсырма. 1. Т. Айбергеновтің «Ана» өлеңін мәнерлеп оқып келу.
2.Ана туралы өлең шығару, мақал-мәтелдер жазып келу.
- «Бәрі есімде» хабарынан бейне таспадан үзінді көрсету.
Ақын туралы оқушылар не дейді? (Естеліктер оқиды).
«Ана» өлеңін үнтаспадан тыңдату.
- Өлеңнен нені түсіндік, нені білдік? (Оқушылар пікірін тыңдай отырып, өлең мазмұнын, идеясын ашу).
- Оқулықпен жұмыс:
( Оқушыларға өлеңді тізбектей оқыту).
- Ақынның анаға деген махаббатына қандай үн қосар едің?
-Құрманғазының «Аман бол, шешем, аман бол» күйін тыңдап отырып, ойтолғау жазу.
7.Өлеңге сатылай кешенді талдау жасату.
Ү. Сабақты бекіту:
Анаға деген ризашылығымызды білдірейік!
«Ана, мен саған ризамын, мені …
ҮІ. Үйге тапсырма беру. Т.Айбергеновтың «Ана» өлеңін мәнерлеп оқу.
ҮІІ. Бағалау.
ҮІІІ. Қорытынды.