Без рубрики

Оразева Раушан Бастауыш класс мұғалімі Қорғантұз орта мектебі

Ақтөбе облысы
Шалқар ауданы
Байқадам аулы
Қорғантұз орта мектебі
Оразева Раушан Еділқызы
3- сынып. Ана тілі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Мәтін мазмұнымен таныстыра отырып,
негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
бүркіттің «жеті» қазынаның біріне
бағаланатынын айту.
Дамытушылық: Танымдық тапсырмалар арқылы
өз ойларын тұжырымдап, жеке, топта
еркін айта білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, табиғаттың әр
бөлшегіне үлкен мейіріммен
қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың әдісі: ассоциация, түсіндіру, топпен жұмыс, проблемалық
сұрақ, эссе, талдау
Қолданылатын технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау
Көрнекілігі: интерактивті тақтада мәтін желісі бойынша слайдтар,
құс салу көрінісінен бейнеролик
Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ Үй тапсырмасын тексеру

Проблемалық сұрақтар:

ІІІ. Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту
Сөзжұмбақ «Бүркіт»

Бұл- өте жүйрік аң. Кеуделі, аяқтары сидам, жіңішке және мықты болады. Тұмсығы дөңес, танау тесіктері кең, жүгіргенде танауы делдиіп, еркін тыныс алады. Олар суатқа таң сәріде келіп, күн ысығанда жайылады, Кешкі салқынмен қараңғы түскенше тағы жайылады Шөлдің шөбі қурағанда, шөбі мол жерленге кетеді. Қай аң бұл?
1. Айлакер, қу ?
2. Сәуір айында күн салқындап, табиғат тосын мінез танытады. Бұл уақыт халық арасында қандай төлдің атымен байланысты?
3. Үлкен балық суда жүзген,
Таба алмас тұрақ жерден.?
4. Аңдар үйі?
5. «Ақсақ киік» өлеңінде оқиға қай жерде өрбіді?
Қандай сөз пайда болды балалар?
— Бүркіт туралы не білеміз?

Олай болса, біз қазір осы бүркіт турасында мәтін оқитын боламыз
а) І бөлімді оқу.
ә) Іштей оқу
Сөздік жұмыс .
Көмескі- білінер – білінбес, жай
б) Сұрақтар қою
1. Қазақ ауылына кімдер келді?
2. Аңшыларды кімдер қарсы алды?
3. Осы бөлімде қыран қандай әрекеттер жасады? Санамалап айт?

в) ІІ бөлімді оқу.
Сұрақтар қою
1. Құстың тарихын баяндап отырған кім?
2. Бала бүркітті асыраған жас аңшы?
3. Жұқпалы ауру басқа ауылдарға қалай тарады?
4. Ауылды қоршап тұрған солдаттардың әрекеті ?
5. Бүркіттің әрекеті қандай болды?
6. Жауыз адамдар қыранға қандай қастандық жасады?
7. Суретпен жұмыс

Топпен жұмыс. Талда, қарсы шық:
І топ. Осы мәтінде кімдерге қарсы шығар едің?
ІІ топ. Мәтіндегі жауыз адамдардың әрекетін санамалап айтып көр?
І топ. Солдаттарды тек қана мейірімсіз деп айта аласың ба?
ІІ топ. Суретте. Бүркітті сипатта?
І топ. І бөлімге қандай ат қояр едің?
ІІ топ. ІІ бөлімге ше?

ІІІ. Жаңа сабақты қорыту.

Ой толғаныс. ІІ топқа тапсырма
Рефлексия. Эссе жазу.
1. Бүркіттің әрекетін ерлікке балар ма едің? Тағы қандай аты аңызға айналған , олар үшін мүсін орнатылған үй жануарлары мен аң- құстарды білесің?
— «Хатико» киносындағы иесін 8 жыл күткен ит нағыз достықтың үлгісі іспеттес. Жапонияда бұл итке тастан ескерткіш орнатылған.

Үй тапсырмасы.
Мазмұны

І топқа: Еліктеп әңгіме жаз.
ІІ топқа: Оқиға желісін өзгертіп аяқта.

Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.