балабақша

 Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

ІІІ Интернационал аулы

№ 9 «Достық» балабақшасының тәрбиешісі

Айтбаева Айнұр

 Б.б.с: Таным

Ұ.о.әрекеті: Экология

Тақырыбы: Құстар алаңында.

Мақсаты:Балалардың үй құстары туралы түсініктерін кеңейту, білімдерін

тиянақтау. Таным үрдістерін (қабылдау, зейін, ес, ойлау,

сөйлеу), ұсақ моториканы дамыту. Өз ойын дәлелдей білуге

дағдыландыру. Үй құстарына сүйіспеншілік, қамқорлық сезімін

тәрбиелеу.

Алдын-ала жұмыстар: Үй құстары туралы түсініктерін кеңейту, сулы

бояумен сурет салу, мүсіндеу.

Билингвалдық компоненттер:Балапан-цыпленок, Қаз-гусь, Үйрек-утка.

Көрнекіліктер:Жұмыртқа, үй құстарының суреттері, бейнелеуге және мүсіндеуге қажетті құралдар.

 

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық қозғаушы күш 

 

 

 

Іздену ұйымдастырушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті коррекциялау.

          «Тілек шеңбері» 

 

 

 

 

                       «Ғажайып сәт»

«Ұядағы жұмыртқаны көреді.»

 

 

                   Сұрақ-жауап:

Бұл не?

Геометриялық пішіні қандай?

Жұмыртқаның түсі қандай?

Ішнде не бар?

«Психологиялық жаттығу»

-Ендеше, жұмыртқаның ішіндегі балапанға жылы лебіздерімізді білдірейік.Жұмыртқаны қолына алып тілек айтады)Денің сау болсын!

Балалар қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын ал сендер жауабын табыңдар:

 

Жұмбақтар:

Басында айдары,

Иекте сақалы бар

(Әтеш)

Табаны бейне алақан,

Мынау қандай балапан?

(Үйрек)

Ақ сарайын талқандап

Шықты біреу талтаңдап.

(Балапан)

Балалар олай болса қазір біз «Үй құстары» жайлы білетін боламыз.

 

                                Сұрақ-жауап:

-Балалар сендер қандай үй құстарын

білесіңдер?

-Қандай құстарды көріп тұрсыңдар?

-Неліктен біз оларды үй құстары деп атаймыз?

 

-Үй құстарының адамға қандай пайдасы бар?

 

-Қалай қөректенеді?

 

-Қандай құстар суда жүзеді?

-Құстардың балапандары қандай түсті болады?

-Балапандарды неден қорғау керек?

Ал балалар, енді осы үй құстарының

дауысын салып көрейікші:

Жарайсыңдар балалар.

 

 

                  Сергіту сәті:

Қарлығаш болып ұшайық

Торғай болып қонайық

Сауысқан болып секіріп

Тоқылдақ болып шоқиық

Қане қанат жазайық

Ұшып-ұшып алайық

Орнымызға қонайық

 

 

Үй құстарынан басқа қандай құстарды білесіңдер?

-Дала құстарына қандай қамқорлық жасау керек?

Балалар енді осы дала құстарына арнап ұя жасайықшы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Жарайсыңдар балалар. Сендер өте әдемі жасадыңдар.

Қазір қызықты ойын ойнаймыз

 

Дидактикалық ойын: «Үй құстары»:

Ойын шарты: Тақтаға құстардың суреттерін іліп бір баланың көзін жұмамыз да бір суретті алып тастаймыз. Қай сурет жоқ екенін бала табуы керек.

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне жақсы қатысып, сұрақтарға белсене жауап берген балаларды мадақтап қорытындылау.

Шуақты күн шықтыҚуанатын күн келді.

Қайырлы таң!

Қайырлы таң!

Сәлеметсіздер ме, қонақтар.

 

 

Ұядағы жұмыртқаны көріп таң қалады, қызығушылық білдіреді.

 

 

-Жұмыртқа

-Сопақша

-Ақ

-Балапан

 

Жұмыртқаның ішіндегі балапанға жылы лебіздерін айтып береді:

Меруерт: Үлкен болып өс!

Адиля: Жолың болсын!

Артем: Тентектікті жасама

Диас: Аман-есен жарыққа шық!

Мадина: Қанатың мықты болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жұмбақтың шешуін табады.

 

 

-Тауық, қаз, үйрек, әтеш

 

-Үй құстары!

-Олар үй шаруасында күтіліп өсіріледі.

-Оның еті, сорпасы, жұмыртқасы адам ағзасына пайдалы.

-Біздің ата-аналарымыз бидай, жем, су, тары береді.

-Үйректер мен қаздар

-Қара, сары.

-Суықтан, судан, мысықтан, иттен.

Қаз: Қаңқ-қаңқ.

Үйрек: Быт,быт, быт

Тауық: Қыт, қыт, қыт

Әтеш: Ку-ка-ре-ку

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Дала құстары: Аққу, қарға, торғай т.б

-Құстардың ұясын бұзуға болмайды, дән шашу керек.

 

Балалар ақ қағаз бен түрлі-түсті қағаздан құстарға ұя жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойын ережесін мұқият тыңдайды және орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

                                                  

                                      Күтілетін нәтиже.

Жаңғыртады:  Үй құстары туралы түсінік беру.

Түсінеді: Үй құстары мен дала құстарын ажырата алады.

Қолданады: Өз беттерінше жұмысты өрбітіп, өз еңбегін бағалай біледі.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше