Без рубрики

Білім саласындағы кеңес

   Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы

 білім бөлімінің білім дамыту секторының

  бас маманы Мария Төрешова

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының аудандық кеңесін ұйымдастыру жолы мен барысы туралы

Кез келген істі атқару үшін жоспар жасау сияқты аудандық кеңестің  жылдық іс-шара жоспары бойынша аудандық барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басын біріктіріп, өзара іс-тәжірибеде алмастырып, шығармашылық байланысын арттырып, алға жылжу мониторингін бағалап, даму өсу бағытына бағыттау үшін, аудандық кеңес өткізу біздің дәстүрлі жоспарымыз.

 

Жылдық кеңесті өткізу үшін дайындық іс-шарасы

үлгі 1

 

р/с Мазмұны /түрі уақыты орындаушы
1 Жылдық жоспарын, іс-шарасын жасап бекіттіру қыркүйек Білім бөлімінің бас маманы
2 Кеңес мүшелерін бекітіп, бұйрық шығару қыркүйек Білім бөлімінің бастығы
3 Кеңесті өткізу Уақытында, жылына 4 рет Білім бөлімі, кеңес мүшелері, балабақша меңгерушілері
4 Кеңес қорытындысы бойынша шыққан бұйрықтарды тарату Әр кеңестен кейін Білім бөлімінің бас маманы
5 Хаттамаларын жүргізіп отыру Әр кеңесте Кеңес хатшысы

 

              Аудандық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының №2 кеңесін өткізу

үлгі 2

 

р/с Тақырыбы түрі орындаушы
1 Балабақшалар бойынша жалпылама атқарылған жұмыстар туралы анықтама Білім бөлімінің бас маманы
2 1.№16 «Перизат», №13 «Балбөбек» балабақшаларының мектепке дейінгі білім берудің жаңа стандартының бес білім беру саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы

2.Кеңес мүшелерінің пікірі, қорытындыЗерделеу жұмысына анықтама

 

 

 

Зерделеу жұмысына пікірБілім бөлімінің бас маманы

 

 

 

 

Кеңес мүшелері

31.№17 «Алақай» санаториялық ясли балабақшасының,             №8 «Қызғалдақ » балабақшаларының ата-аналармен атқарылып жатқан жұмыстары жайлыШығармашылық есеп, көрмеБалабақша меңгерушілері4Ағымдағы мәселелер

1.жылу беру мәселелері

2.демалыс кезіндегі қауіпсіздікті ұйымдастыруҰсыныс-пікір, сұрақ-жауапқатысушылар

 

Кеңес өткізілетін жер интерактивті тақтамен, көрме қоятын орынмен, мінбемен /трибуна/,  қатысушылар орынымен, кеңес мүшелерінің орынымен қамтылады. Кеңестің 10 мүшесі түгел шақырылып, қатыстырылған жиынға аудандық 19 балабақша  МКҚК, 2 мемлекеттік балабақша,1 жеке балабақша, 1 шағын орталық басшыларының түгел қатысуымен кеңес өткізіледі. Бір кеңесте жоспарлы іс шараға сәйкес әр түрлі тақырып бойынша екі балабақша атқарылып жатқан жұмыстары барысынан шығармашылық есеп көрсетеді. Мысалы, №17 «Алақай » мемлекеттік санаторлық балабақшасының білім берудің бес саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарының  жан-жақты презентация арқылы таныстырып, баяндама жасап көрсетеді. Жұмыс барысында қолданылған материалдармен қатар, жаңашыл көрнекі заттарымен көрме ұйымдастырып қояды. Ал, №16 «Перизат» балабақшасының ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарыда толық көрсетіліп, көрмесі  ұйымдастырылады. Екі баяндамашы да қатысушылармен кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп, пікірін тыңдайды. Бұл жерде әр балабақша ерекше жұмысты көрсетуге ұмтылады, өздерінің педагогикалық  шығармашылық шеберліктерін ашық көрсете алады. Шабытты жұмыстың арқасында әр балабақшаның жұмыс істеу стилі бір-бірінен асып түспесе кеміген емес. Ал көрсетілген қаншама жақсы істерден үйреніп, үлгіге алып , шығармашылық шабытпен ұжымына барып, іске асыруға асыға қайтатын  әр мекеме басшысының өз ұжымында алға баса жұмыс жасайтыны белгілі. Әр кеңес әр түрлі жақсы жаңалығымен, педагогикалық технологиялық инновациямен ерекшеленетіні сияқты, жалпы ұжымда серпіліс пайда болады. Ал әр түрлі бағыт бойынша екі балабақшаның   жұмыстарына жасалған зерделеу жұмыстарының анықтамасын оқимын. Мұнда мысалы, №13 «Балбөбек» балабақшасының жаңа стандарттың бес білім беру саласы бойынша атқарып жатқан жұмыстарын зерделеп келгенмін. Онда барлық жұмыстардың атқарылғанын айта келе, жіберілген кемшін тұстарын қалыпқа келтіруге өз ұсыныстарымды ұжымға айтып кеткенім бойынша, анықтама соңында, сол ұжым меңгерушісі ұсыныстарды іске асыруға іс-шара жасап келеді. Меңгеруші кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп, іс-шарасы таныстырылып, жұмысы бағаланады. Күн тәртібінің келесі мәселелері бойынша кеңес төрағасының пікірі , тапсырмалары тыңдалып, жекелеген сұрақ-жауаптар кезеңі де болады. Әр шақырылған кеңес –әр балабақшаның асыға күтетін дәстүрлі отырысы. Мұнда кемшілікте, сында бар.

Біріне айтылған сын-ұсыныстан бірі нәтиже шығаруға ұмтылса, жеткен шығармашылық жетістігіне марқайып шабыттанып қайтады. Бұл  жерде кеңесте қаралатын тақырыптар негізгі, күнделікті жұмыс барысын, күн тәртібін, оқу бағдарламаларын қамтитын басты тақырып болуы шарт. Кеңесте көтерілген мәселенің маңыздылығы нәтижеге нақты бағытталуы сіздің іскерлігіңізге байланысты. Осындай бағытта кеңесті уақытылы өткізіп отыру аудандағы барлық балабақшалардың  оқу-тәрбие жұмыстарының алақандағыдай айқын көрініп тұруын  қамтамасыз етеді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.