Ага тілім – арым бұл … 7-сынып
Сынып: 7. /Тіл мерекесіне арналған сабақ/
Күні: 22.09.2012.
Сабақтың тақырыбы: Ана тілім – арым бұл…
Сабақтың мақсаты: 1. тілдің қоғамдағы қызметі, қазақ тілінің
қазіргі жағдайы туралы білу.
2.ой-пікірлерін дәл жеткізе білуге,ұтымды
жауап беруге дағдыландыру
3.ана тілімізді таза сақтап,таза сөйлей
білуге шақыру.
Түрі: жаңа білімді игеру сабағы
Әдісі: түсіндіру,сұрақ – жауап, талдау Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі парақша,аудиожазба
Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
/оқушыларға сұрақтар қою/
-Халық бар жерде тіл бар.Тіл бар жерде өнер бар.Өнер бар жерде жан-
күйер бар. Әр халықтың ана тілі-оның бақыты,оның қуанышы.
-Туған тілін мақтан ету,оны таза сақтау,оның өрлеп,өсе түсуіне еңбек
сіңіру- әрбір қазақ отбасының жүрегі.
-Халықтың қуаты-тілдің қуаты.Біз ана тілімізді ең айтқыш,ең білгір
ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек.
Жаңа тақырыппен жұмыс:
1.Қазақ тіліне арналған аудиожазбадан қазақ тілі туралы,оның мерейі туралы
тыңдау.
/Мәтінді талдау.Бүгінгі сабақпен байланыстылығы./
2.Қазақстан Республикасының заңдарына тоқталу.
3.Алдын-ала оқушыларды екі топқа бөлу.
– Берілген тапсырмалар бойынша Тіл туралы баяндау.
/Пікірсайыс./
4.Қазақ зиялыларының тіл туралы даналық сөздеріне тоқталу.
Оқу,талдау.
Тақтамен жұмыс
Қанатты сөздерге синтаксистік,морфологиялық талдау.
1.Тіл жүректің айтқанына көнсе – жалған шықпайды./Абай./
2.Білімді жұрттардың тілі бай болады. /Х.Досмұхамедұлы./
3.Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады. /А.Байтұрсынұлы./
4.Тіл – қай халықтың болсын басты белгісі. /Ш.Уалиханов./
Үлестірмелі парақшамен жұмыс.
/Жекелеген оқушыларға тапсырмалар беру./
Тақтадан тіл туралы Елбасымыз Нұрсүлтан Назарбаевтың сөзін оқу.
Түсінік беру.Морфологиялық талдау.
/Біздің мақсатымыз – мемлекеттік тілді Қазақстанның барлық азамат-
тарының меңгеруіне қол жеткізу./
7-сыныпқа арналған электронды оқулықпен жұмыс жүргізу.
«Ана тілі» тақырыбы бойынша мәтінмен жұмыс жүргізу,сұрақтарға
жауап беру,талдаулар жасау.
Интерактивті тақтамен жұмыс./Таблицадағы тапсырмаларды орындау./
Бес тармақты өлең стратегиясы.
1.Зат есім. Тіл.
2.Сын есім. Өткір,шешен.
3.Етістік. Сөйлейді,айтады,жүйелейді.
4.Сөйлем. Туған тілім – өз тілім.
5.Синоним. Сөз.
Сабақты бекіту. /Екі топтың оқушыларына тіл туралы мақал-мәтелден
сайыс өткізу./
Қорытынды сөз: -Тілдің ертеңі үшін алаңдайтын , тілдің мәртебесін
көтеретін- біздер.Қазақстанның болашағы – жастар
бай да құнарлы тілімізді көркейту үшін бар күш-қайратымызды жұмсауымыз керек.Ана тілі – ата-бабамыздың бүгінгі ұрпаққа қалдырған аманаты.
Үйге тапсырма. «Менің тілім »тақырыбына шығарма
жазып келу.
