Ізтілеуова Айғаным
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы.
Ә.Жангелдин атындағы орта мектептің оқу жөніндегі орынбасары,
География, биология пәні мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы: Тамақ өнеркәсібі.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға тамақ өнеркәсібі туралы білім беру, негізгі ойларын түйіндеп, қорытынды ой ойлауға үйрету.
А)Білімділігі: оқушыларды тамақ өнеркәсібі салаларымен таныстыру, сабақтың мазмұнын меңгерудегі дайындығын қамтамасыз ету
Ә)Тәрбиелігі: әр оқушының ұйымшылдық қабілетін ояту, туған өлке табиғаты мен өнеркәсіпті сүюуге, қадірлеуге тәрбиелеу;
Б)Дамытушылығы: ақпараттық материалдармен, тірек сызбалармен, картамен жұмыс істету арқылы білім пен білік дағдысын арттыра отырып дүниетанымын дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Оқыту әдісі: сұрақ – жауап, түсіндірмелі, баяндау.
Пән аралық байланыс: биология, әдебиет, экономика, экология.
Көрнекілігі: тірек сызбалар, карта, тамақ өнеркәсібі салаларының суреттері, ұлы тұлғалардың қанатты сөздері, билеттер, бейнетаспа т.б.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру:
Жиһанкездер, жиналыңыздар, саяхатқа
шығатын уақытымыз жақындап қалды. Ол үшін сыныптағы бір оқушыны «диспечер» етіп тағайындап аламыз. Ол автобустың қандай аялдамаға келгенін және қашан жүретінін хабарлап отырады.
Біздер бүгін «Білім әлеміне» саяхат
жасайтын боламыз. Саяхатқа сәт – сапар тілеуге, ақ батасын беріп шығарып салу үшін қызыр баба келіп тұр:
Аман болсын елбасы,
Халқы болсын ортасы,
Жайқалсын қазақ даласы,
Малға толсын қорасы.
Сендерге айтар тілегім,
Шашпаңдар жер байлығын,
Сақтаңдар салтын халқымның.
Бестік болсын сабағың,
Сәтті болсын сапарың!
Әумин!
Диспечер (1 аялдама):
— №2010 автобусы «Мал өсірсең – көл
көсір» аялдамасына келіп тоқтады. №1 кассадан билет алуды ұмытпаңыздар!
Билет орнына оқушылар сұрақ алады.
№1 билет:
Мал шаруашылығының басты салалары. Құс өсіру, омарта, жібек құрты туралы баянда.
№2 билет:
Қазақы жылқы тұқымдарының түрлерін ата.
№3 билет:
Түйе шаруашылығы қай облыстарда маманданған?
№4 билет:
Жылқы шаруашылығымен қай аудандар айналысады?
№5 билет:
Қой шаруашылығына сипаттама жаса.
№6 билет:
Қаракөл елтірісі қай шаруашылықтарда шоғырланған?
№7 билет:
Асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал түрлері.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы тексеру.
«Сәйкестіктерін қой» тапсырмасы (барлық
оқушының дәптері тексеріледі).
Диспечер (2 аялдама):
№2010 автобусы «Жыр» аялдамасына келіп тоқтады. Сақ болыңыздар!
Актуалдау.
Пай, пай киелі неткен жер,
Бабалар дүрілдеп өткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
М.Мақатаев
Біздің туған жерімізде қандай өнеркәсіп
орындары жұмыс жасайды?
Жаңа сабақ «Тамақ өнеркәсібі»
Диспечер (3 аялдама):
№2010 автобусы «Ас – адамның арқауы» аялдамасына келіп тоқтады.
Тірек схемасы арқылы сабақ түсіндірілді.
Дамыту:
Диспечер (4 аялдама):
— №2010 автобусы «Абай» аялдамасына келіп тоқтады.
Абайды дұрыс оқыған адам оның көзқарастары күні бүгінгі нарық экономикасымен де тікелей үндес екенін айқын аңғарар еді. Абайша айтсақ: «Әуелі мал тап, — дейді, — әйтпесе, қарыны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын?». «Мал тапса, қарын тояды. Онан соң білім, өнер керек екен». Еліміз тәуелсіз мемлекет құру жолында елбасымыз Н.Ә.Назарбаев : «Әуелі экономика, сонан соң саясат» бағытын ұстанғанда хакім Абайдың әлеуметтік – экономикалық көзқарастарын негізге алса керек.
Кескін картамен жұмыс.
Диспечер: (5 аялдама):
— №2010 автобусы «Өзіңді өзің тексер!» аялдамасына
Бекіту:
Диспечер: (6 аялдама):
- №2010автобусы «Арман» аялдамасына келіп тоқтады.
-
Балалар, бәріміздің осы өмірде үлкен арманымыз бар. Армансыз адам болмайды. Қане, қазір басқаша армандап көрейікші. Табиғатта тамақ өнеркәсібінің қайсысына ұқсағыларың келеді?
-
Мен қантқа, балыққа, сүтке, етке …
-
Өте тамаша, осы отырған бәріміз тек әдемімілікті, сұлулықты таңдадық. Ешқайсың да сүреңсіз тасқа ұқсағыларың келмейді. Ол өте орынды. Бірақ ойлап қарасақ, осы бір тастарда қаншама сыр жатыр десеңші. Сондықтан, туған өлкемізде өзімізге қажетті тамақ өнеркәсібінің мол болуы үшін біздер де қызмет етуіміз қажет.
«Маған ұят», «Мен мақтанамын» тақырыптарында пікірталас.
Қорытындылау.
Диспетчер (7 аялдама):
- №2010 автобусы «Туған жер!» аялдамасына келіп тоқтады. Сақ болыңыздар!
Шалқар минералды суы – Шалқар қаласының маңында жоғарғы палеоген сулы қабатынан алынатын шипалы су. 1961 ж. Барланып, 1962 ж. пайдаланып келеді. Тереңдігі 60-100 м., қалыңдығы 35-150 м. Суы арынды , ұңғымадан 2-8 м. атқылайды. Минералдығы 2,3 г/л, құрамы гидро-карбонатты хлорлы натрийлі. Су құрамы (мг/л) : кремний қышқылы – 32,3, барий – 2, бром – 15, фтор – 1, бор қыщқылы -6,6, бұдан басқа еріген газда азот, күкіртсутек, көмір қышқылы, аргон бар. Шипалық қасиеті жағынан Арменияның Арзни курортының суына ұқсас. Шипалығы жағынан ас қорыту, зат алмасуды қалпына келтіру үшін қолданылады.
Бейнетаспадан Шалқар наубайханасы көрсетілді.
«Әлем бойынша азық – түлік өнімдеріне сұраныстың артуына байланысты агроөндірістік кешенді дамыту – елімізді азық – түлікпен қамтамасыз етудің кепілі. Сондықтан Үкімет экспорттық бағдарға ие өндіріске барынша жағдай жасайды, бұл Орталық Азия аймағындағы азық – түлікпен қамтамасыз етуде жетекші бағыт ұстануды қамтамасыз етеді. Еліміздің азық – түлік өніміне бағаның төмендеуіне мүмкіндік туғызғаныц дағдырыстың өсуіне негіз болуда. Ауыл шаруашылық саласын дамыту өз кезегінде ауылдарды жұмыспен қамтуға және әліміздің өңірлерін дамытуға ықпал етеді.
/Қ.Р. президенті Н.Ә.Назарбаевтың
2009 жылғы жолдауы/
№2010 автобусымен саяхатымыз алдағы уақытта да жалғасын табады. Табалдырығымыздан аттап, төрімізге енген жана жылдың иесі батыл да қайсар барыс жылы 2010 жыл жақсы жаңалықтарға, табыстарға толы болсын!
Үйге тапсырма: №15
- Кескін картаға тамақ өнеркәсібі салалары орналасқан аудандарды түсіру.
-
Статистикалық мәліметтерге сүйеніп, соңғы он жылдағы тамақ өнеркәсібі салаларының даму динамикасын салыстыру.
Бағалау.