Без рубрики

zhanat

«Ана тілім ажарым-асыл мұрам»

Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы,
А.Жанпейісов атындағы №105 орта
мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Нұрханова Жанат
Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: «Ана тілім ажарым-асыл мұрам»
Мақсаты:
1.Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп,өз ана тілінің көркемдігін сезініп,сөз құдіретін түсініп,оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету;
2.Тіл әуезділігін,көркемдігін,байлығын,шешендігін көрсететін нақыл сөздер,мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын,ой-өрісін дамыту;
3.Тіл тазалығын сақтау,ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру,мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру;
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, , «Ана тілі – рухани даму негізі» кітап көрмесі, мадақтау қағаздары, безендірілген презентация.
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Негізгі бөлім
Әдеби монтаж
ІІІ.Мәнерлеп оқу сайысы
ІҮ.Марапаттау
Ү.Қорытынды
І.Ұйымдастыру кезеңі
Қайырлы күн,құрметті Ана тіліміздің мерекесіне жиналған қауым.Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған «Ана тілім ажарым-асыл мұрам» атты 1-4 сыныптар аралығында өткелі отырған мәнерлеп оқу мерекелік сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
ІІ.Негізгі бөлім
Бұл мерекеміз елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «22 қыркүйек Тіл мерекесі күні» болып атап өтілсін деген бастауын қолдап,мерекеге жиналып отырсыздар. Яғни 1997жылы 22 қыркүйек күні қабылданған Қазақстанның тіл туралы Заңында Республика халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқығының негізі бекітілген. Балалар, қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде.
1989 жылы,22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы қабылданды. заңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген.
Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасіретемес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік.
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.
С.Торайғыров.
Келесі кезекті оқушыларымыздың тақпақтарына берейік.
1-оқушы:
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер балаң,байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
2-оқушы:
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің,теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышы елімнің.
3-оқушы:
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
4-оқушы:
Қазақ тілім өз тілім,ана тілім
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым ,бақытым дара тілім.
5-оқушы:
Ана тілім-елдігім
Ана тілім-ерлігім.
Тілді биік құрметтеп
Тойлап жатыр ел бүгін
6-оқушы:
Ана тілім-тірегім
Ана тілім-жүрегім
Қасиеті елімнің
Тек өзің деп білемін
7-оқушы:
Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған.
8-оқушы:
Ақыл-ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілі ардақты
Ақ сүтіндей ананың.
ІІІ. «Ана тілім ажарым-асыл мұрам» атты мәнерлеп оқу сайысымызды бастаймыз. Ендеше ортаға қошеметпен қатысушыларымызды шақырайық.
Әділ-қазы алқасын сайлау.
1-сынып оқушылары: Ерғазыұлы Ернұр,Мырзалиева Аружан
2-сынып оқушылары: Мирамбекова Алданыш,Асылбекова Әмина, Алпанова Нұрай
Сергіту сәті:
Балалар сендер тілге байланысты мақал-мәтел білесіңдерме?
Қане кім айтады?
Сөз асылы-мақал.
Өнер алды-қызыл тіл.
Шешеннің тілі артық.
Шебердің қолы артық.
Тіл тас жарады-
Тас жармаса бас жарады.
3-сынып оқушылары: Кенжебекова Аружан, Қожабаева Аружан,Шакмаранова Нұрила, Жақсыбаева Нұрай, Оразымбетова Гүлнұр,Нұркеева Ақерке
4-сынып оқушылары:Қаратаева Мөлдір, Ерғалиева Балшекер,Мирамбеков Сүйеніш,Нұрымжан Нәбиев, Жұмабекова Әмина,Өтемұратов Рахат
ІҮ.Марапаттау
Сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.
Ү.Қорытынды бөлім
Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.
«Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат.
Ана тіл – арым, иманым,
Аманат, саған, аманат.» ,-деген М. Әлімбаев сөзімен аяқтағым келіп отыр.
Назар аударғандарыңызға рахмет!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.