Без рубрики

балабақша

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы
Төретам кенті №4 Күн -Нұры
балабақша тәрбиешісі
Рахманова Ақзибаш Қыстаубайқызы

Тақырыбы: Қуыршақтар -біздің досымыз.
Мақсаты:
А) білімділік: Балалардың ойыншықтар туралы түсінігін молайту, ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттау.
Ә) дамытушылық: Ой-өрісін, сөздік қорын молайту. Қалай ойнау керек жолдарын түсіндіру.
Б) тәрбиелік: Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу. Ойыншықты ұқыпты ұстауға дағдыландыру.
Оқу іс-әрекетте қолданылатын әдіс- тәсілдер: сөздік қорларын дамыту , көрсете отырып түсіндіру.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,

Қуанайық, достарым

Арайлап атқан күнге Өзін көрсетеді
Жанындағы досын көрсетеді
Бір-бірінің қолынан ұстайды
Қолдарын жоғары көтереді
Ұйымдастыру кезеңі Топқа жүгіре Бала роботты жектектеп аю келеді.
-Ау аю, қош келдіңіз мұнда кімнен қашып келесіз?
-Ой мен Машадан қашып келе жатып, мына есіктің алдында жүрген роботты көріп екеуміз осында келіп қалдық.
-Ал робот сен мұнда не істеп жүрсің?
-Мен осы топта «Қуыршақтар » туралы оқу іс-әрекет өтіп жатқанын естіп, өз планетамнан ұшып келдім. Ойыншықтар туралы тапсырмалар алып келдім.
Осы кезде топқа Маша келеді.
— Алақай мен балабақшаға келдім, мен, балабақшаға келдім.
Маша таңырқап: -О, аю сен мұнда қайдан жүрсің? Ал мен сені осында ертіп әкелейін деп іздеп жүрсем.
Сіздер дұрыс келдіңіздер біз қазір қатынас саласы бойынша «Қуыршақтар бізде қонақта» тақырыбында атты оқу іс-әрекетін өтіп жатырмыз. Қонағымыз болыңыздар.
Робот бала сен біздің ойыншықтар туралы білесің бе?
— Жоқ сол туралы мен балалардан сұрағым келіп тұр. Менің сұрақтарым:
1. Мына доп неден жасалған, онымен қандай ойындар ойнаймыз?
2. Мына машина неден жасалған және мұның түсі қандай?
3.Мына қонжық неден жасалған?
Аю: -Онда біз де Маша екеуміз балаларды екі топқа бөліп, балалардың ойыншықтар туралы білімін тексеріп көрейікші.
Аюдың тапсырмасы:
Сурет бойынша әңгіме құрау.
1.Ойыншықтарды жуындырып жатқан қыз.
2. Тату тәтті ойнап жатқан балалар.
Аю:- жарайсыңдар балалар сендер жақсы әңгіме құрай біледі екенсіңдер. Маша екеуміз жүгіреміз деп аздап шаршап қалыппыз.
— Қане балалар Маша,аю және роботқа шаршағанымызды қалай басатынымызды көрсетейікші.
Сергіту сәті
Жуынбайды жуынсақ,
Бұл не деген қуыршақ?
Ұйықтамайды ұйықтасақ
Бұл не деген қуыршақ?
Қолыма оны аламын
Ойнатып ән-күй саламын.
Маша:
-Енді балалар сендер ойыншықтар туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Жақсы балалар сендер көп тақпақтар біледі екенсіңдер.
Менің қуыршағымның ұйқысы келді балалар сендер оны ұйықтатуға көмектесесіңдер ме?

«Қуыршағым»
Көп жүрдік далада, Ойнамай бола ма?
Аяқ бастың тәй-тәй,
Алға бастың тәй-тәй.
Шаршадың ғой қуыршағым,
Тойдырдың бөкпенге,
Үйрендің төкпеуге.
Төсек дайын бөпем,
Дем ал енді, көкем.
Ұйықтай қойшы қуыршағым. Балалар назары аю мен роботқа бөлінеді.
Балалар қонақтармен амандасады.

 

 

 

 

 

 

 
Балалар топқа қуана кірген Машаға қарайды.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар роботтың сұрақтарына жауап береді.
Ол доп резинадан жасалған, онымен футбол және басқа ойындар ойнаймыз.
Машина пластмассадан жасалған. Оның түсі сары.
Қонжық матадан жасалған біз оны жұмсақ ойыншық дейміз. оның түсі қоңыр.

 

Балалар суретке қарап әңгіме құрайды

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жаттығуды іс-қимылмен көрсетеді.

 

Балалар Машаға тақпақтарын айтып береді.
«Қуыршағым» әнін айтып береді.
Рефлексивті коррекциялау Балалар сендер бүгін өздеріңнің сөйлеу мәнерлеріңнің, тіл байлықтарыңның жақсы жетілгенін көрсете білдіңдер. Екі топқа мен Маша мен аю суретін сыйлаймын.
Күтілетін нәтиже
Білуі Ойыншықтар туралы тақпақ, өлеңдер айтып, сурет бойынша әңгіме құру
Меңгеруі Ойыншықтарды ұқыпты, таза ұстау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.