дене тәрбиесі.
Қызылорда облысы
Байқоныр қаласы
Ю . А.Гагарин атындағы
№ 8 орта мектебі.
Дене шынықтыру пән мұғалімі :
Жанқуат Бақытбек
6 – сыныптар арасында «Күштілер, ептілер, батылдар» атты көңілді сайысы.
Құрметті: мектеп оқушылар мен ұстаздары бүгінігі спорт думанына қош келдіңіздер! Желтоқсан айының 8-18 –і жұлдыздары аралығында мектебімізде дене шынықтыру бірлестігінің «Спортпен достасқаның, күшіңе күш қосқаның» атты он күндігі өтіп жатқанын білесіздер! Бүгін жоспар бойынша он күндіктің 7- ші күні 6-сыныптар арасында «Екі доппен орындалатын эстафеталар» атты спорттық сайыс болғалы тұр.
I Сайыстың мақсаты .
- Өскелең ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілікке, ұқыптылыққа,
шыдамдылыққа, жылдамдыққа, ептілікке, күштілікке тәрбиелеу.
- Спортты жас спортшылар арасында кең тарату, оқушылардың қимыл –
қозғалыс дағдыларын қалыптастыру.
- Оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сайысымыздыңбағдарламасыментаныстырыпөтсек:
І бөлім. «Жүйрік болсаң, озып көр»
- Командалардың аты, девизі, газеттері
- Баскетбол допын екі қолмен кедергі лер арқылы домалатып алып жүру.
- Секіртпемен және эстафеталық таяқшамен жарысу.
- Волейбол добының суретін жылдамдыққа, әдемілікке бояу.
ІІ бөлім. « Ойнайық та ойлайық»
- Тапқыр достар «Денсаулық» сөзінен сөз құрау. ( 30 сек)
- Спорт және денсаулық туралы мақал –мәтелдер және нақыл сөздер жазу. (30 сек)
ІІ бөлім. Ұлтжанды ұрпақ- болашақ.
- Теңге алу.
- Арқан тартысу.
- Капитандар сайысы. (білектесу)
Спорттық ойынымызды бағалап, төрелік айтар қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
1. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері:
Бұл жігіттер мен қыздар – ұлт ажары, ұраны,
Мәңгі маздап сөнбей тұғын шырағы.
Азаматқа сиған бір кеменгер,
Бұл қазақты осал бопты демеңдеңдер- дей келе, сайысымызды бастамас бұрын әнге кезек береміз.
II Өтілетін орыны және уақыты .
- Өтілетін уақыты 14 желтоқсан сағат 12:10
- Өтілетін орыны №8 мектеп спорт залы
III Жарысқа қатысушылар
- Жарысқа 6- сыныптар арасыннан 5 команда қатысады.
- Команда құрамы : 6 оқушы ( 3 ұл, 3 қыз бала қатысады )
- Командалардың біркелкі спорт киімдері болуы тиіс .
ІV Марапаттау
1. Жеңімпаз командалар мақтау қағаздарымен марапатталады .
Дене тәрбиесі пән мұғалімі: Жанқуат Б.
